АЛТЫНОРДА
Ақорда жаңалықтары

[:kz]«Өлім мен соғысты тоқтату үшін бір елдің президентінің аяғын сүйген қай мұсылманды көрдіңдер?» — Айгүл Орынбек[:]

[:kz]

 

Рим Папасын мазаққа айналдырып отырғандарды оқып, біз өркениетті елдердің қатарына жақын күндері кірмейтінімізге көзіп жетті. Ауылдағы күйбең тіршілікпен жүргендер жазып жатса мейлі ғой, ел алдында әжептеуір абыройы бар жігіттер күндеп отырғаны жарамады. Қай мұсылманды көрдіңдер өлімді, соғысты тоқтату үшін осылай бір басшысының келіп аяғын сүйген?! 

Бейбітшілік символына айналған Римдік әкейді осы үшін қатты құрметтеймін. Жәй ғана үш төрт күн болған қаңтар оқиғасында қырылып кете жаздадық. Ал он жыл бойы Судандағы Азаматтық соғыс 100 мыңнан астам бейбіт адамдардың өмірін қиды. Рим әкей 2019 жылы арнайы Суданға келіп, Сальва Кираның аяғын соғысты тоқтатшы деп сүйгенін көп жастар біле бермейді.

Қайта бұндай жиындардың мақсатын жастарға түсіндіріп отыруымыз керек!

Жан-жанғамыз соғыс отына тұтанып, іргелес көршілеріміз қырғи қабақ соғысып жатқанда біздікі не тәлпіштік жігіттер?!
Қайта қуанбаймыз ба?
Біздің ел бүкіл дін өкілдерінің басын қосып бейбітшілікке шақырып жатқанына мақтанбаймыз ба? 

Соғыс- бұл үлкен қасырет!

Өзге елде жан сауғалап қашып жүрген Украиндық тар бізге қызғана қарайды. 
“Бейбіт елде, сендер сияқты өз үйімізде,өз жерімізде тұрғанға не жетсін?!”,- деп жылап отыр. 
Бейбітшіліктің қадірін білейік жігіттер!
Бір күндік әзіл қалжыңмен Отан қорғалмайды!

Кез келген дүниені тереңірек ойланатын уақыт келді!

Белгілі заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан     

 
 
 
sn.kz  ақпараттық порталы 

[:]