АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Өмір бойы бас бостандығынан айыру»: Балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен қылмыскерлердің жазасы қатаңдатылмақ[:]

[:kz]

 

Балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен қылмыскерлердің жазасы қатаңдатылатын болады. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Ахметжанов Марат Мұратұлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бұл қылмыс аса ауыр қылмыстардың санатына жатады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру және жазасын аса ауыр режимде өтейтін заң жобасы дайындалып жатыр. Парламентке ұсынамыз. Қолдауға ие болса, заң жобасы күшіне енеді», — дейді Марат Ахметжанов.

 

Сонымен қатар, биыл балаларға зорлық-зомбылық көрсету мәселесі 8 пайызға өскен. Оның сөзінше, зорлықты жасырғандар да жауапқа тартылатын болады. 

«Биыл балаларға зорлық-зомбылық көрсету 8 пайызға өскен. Кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін бір адамға 60 қылмыстық іс қозғалған. Жабық интернаттар мен балалар үйінде осындай жыныстық қатынасты жасырғандардың үстінен де қылмыстық іс қозғалуда. Бірақ жәбірленушілердің саны өскен жоқ», — дейді прокурордың орынбасары. 

Ескере кетейік, Интерпол пандемия кезінде балаларға жасалатын зорлық-зомбылықтар саны артқанын айтқан. 

[:]