АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Өмірсіз қалып кетпе!..»: түркістандық сақалды тұрғын мұғалімге «басын кесіп алатынын» ескертті (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Оның қасындағы полиция қызметкері: «Әлімжан, сабыр сақта!» — деп жекіген болады. Одан артық ештеңе істей алмай тұр.

Заңгер Айгүл Орынбек бүгін facebook парақшасына Түркістан облысында әлдебір сақалды жігіттің мектеп ішінде мұғалімге ашықтан-ашық қоқан-лоққы жасап тұрған видеосын жариялады. Полиция қызметкерінің көзінше айқайлап, аузына келген балағат сөздерін айтқан ол ештеңеден тайсалар емес, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүкіл мектепті қопарамын» деп тұр, ертең елді қопаруы әбден мүмкін! Діни теріс ағымдағылар жайлы жазсам, маған ренжитін едіңіздер! Міне, шынайы бейнелері! Бұлардың қолына билік тисе, күл-талқан етеді!

Түркістан облысы, Жетісай қаласында мектептегі қызын сабаққа әкелу бойынша түсіндірме жұмыстарын әкесіне жүргізіп жатыр. Бірақ, бұлар сөзге түсінбейді, заңға бағынғылары келмейді! Тепсе темір үзетін азаматтардың милары уланып жүргендері мынау!» деп жазды Айгүл Орынбек.

Видеода мектеп мұғаліміне саусақ шошайтқан сабаз: «Басыңды кесіп аламын бір күні! Өмірсіз қалып кетпе! Мен отыра саламын! Бірақ, сенің басыңды кесіп алып отырамын! Бүкіл мектепті қопарам! Көресің…» — деп қоқаңдауда. Оның қасындағы полиция қызметкері: «Әлімжан, сабыр сақта!» — деп жекіген болады. Одан артық ештеңе істей алмай тұр.

Жазбаны оқып, видеоны көрген Жанар Әлімханова деген желі қолданушы: «Не масқара мынау?! Соттап жіберу керек. «Бүкіл мектепті жарып жіберем, басыңды кесіп тастаймын». Мынау адам өміріне қастандық қой. Бүкіл мектепті жарса, қаншама баланың, ұстаздардың өміріне қауіп төнеді. Бүйткен мұсылмандықтарыңның, көркем мінездеріңнің сендердің… Салафизм – біздің ел үшін қауіпті ағым. Осыны елге әкеліп, таратқан жандардың атасына лағнет! «Төрт аяқты», «жамбастан тепкіштер» билікте отырғасын, биттері семірген ғой», — деп ашынды.

Ал журналист Жазира Бегалы: «Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ішкі істер министрі, Бас прокурор, мынау еркектің мұғалімнің басын кесіп, мектепті қопарамын деп айбаттанып тұрғаны, қаншама адам өміріне қауіп төндіріп тұрғаны даусыз», — деп жауапты органдарға үміт артты.

Замира Тұрсынбай есімді оқырман да: «Мынау біреудің өміріне қауіп төндіруді мақсат етіп тұр ғой (угроза на жизнь). Бұндайға статья бар емес пе? Неге үстінен арыз жазып, ұстатып жібермейді? Еще боқтық сөздер айтып, қорлап тұр. Бұл да статья емес пе?» — деп заңды алға тартса, тағы бір әріптесіміз Халима Тәжіқұл: «Сириясына жібере салу керек, билетті қолына ұстатып», — деп төтесінен бір-ақ тартты.

Өзге желі қолданушылар да «Зомби», «Ана полиция неге қолын қайырып алып кетпейді? Тікелей қауіп төндіріп тұр ғой!», «Соттау керек! Даже қасында тұрған заңда жұмыс істейтіндердің шамасы жетпей, «қой, қой» деп ауыздарын әрең ашып тұр, қорқып», «Қамаққа алып, қылмыстық іс қозғауға дайын материал. Сөз кезегі – Ішкі істер министрлігінде» деп жан-жақтан үн қатуда.

Осылайша, 6 сағат ішінде 250-ден астам пікір жазылып, 70-ке жуық адам өз парақшаларында бөліскен жазбаның әлі де талқылана берері сөзсіз. Өйткені, бұл жердегі басты мәселе, теріс ағымды ұстанушылардың бұзық пиғылдарын полицияның алдында ашық аңғарта бастағанында болып тұр.

 

[:]