[:kz]
Белгілі журналист Мақсат Толықбай халықпен бірігіп, мүмкіндігі шектеулі такси жүргізушісіне су жаңа көлік сыйлады. БАҚ өкілі қордың көмегімен ақша жинап, мұқтаж жанның арманын орындаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Мақсат Толықбай Instagram парақшасында бөлісті. Қуанышы қойнына сыймаған журналист сүйінші хабарды бірден оқырмандарына жеткізген
. «Сүйінші! Алты алаштың атынан Ақарысқа темір тұлпар мінгіздік. Мүгедектігіне механика машақат болған таксишінің автомат алсам деген арманын орындадық. Кia k5 маркалы машина клиентке де, таксиге де қолайлы. Кореядан келген күйі осы. Ақырыс Қазақстандағы бірінші қожайыны. Құтты болсын, игілігіңізге мініңіз», — деп жазды ол. Журналист Ақарыспен такси шақырғанда танысқан. Мақсат Толықбай мүмкіндігі шектеулі жүргізушінің жағдайын сұрап, оған көмектесуге бекінген. «Осыған бірнеше күн бұрын яндекс таксиге отырдым. Қарасам, жүргізушінің оң қолы жоқ. Расында механика ыңғайсыз, коробка автомат алу керек қой дедім. «Оған жағдай қайда, арманым да сол» дейді. Қолым жоқ демей, күндіз-түні жолаушы тасып, бала-шағасын асырап, адал нәпақа тауып жүрген азамат. Ақарысқа коробка автомат көлік сыйлап қуантсақ қайтеді» деп ұсыныс тастаған едім, желідегі ағайын қолдай кетті. Сол үшін қара ормандай қалың қолдаушы оқырманға мың алғыс», — деп жазды тележүргізуші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сонымен қатар журналист көмек қолын созған әрбір жанға өз алғысын білдірді.
[:]