АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Оның өмірі күреске толы»: Тоқаев Елбасының вирус жұқтыруына қатысты пікір білдірді [:]

[:kz]

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тез сауығып кетуін тіледі. Бүгін Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткені белгілі болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

 

Мемлекет басшысы өзінің Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялап, Назарбаевтың бұл сынақты жеңіл еңсеретініне сенім білдірді. «Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін» , — деп жазды Тоқаев. 

https://kaz.nur.kz/1861005-ony-miri-kreske-toly-tokaev-elbasyny-virus-zktyruyna-katysty-pikir-bildirdi.html

[:]