[:kz]
Оралдағы автобуста жолаушы мен кондуктор жаға жыртысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 19 қаңтарда кешкі сағат 5-те болған көрінеді. Екі азаматтың төбелесі түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Куәгерлердің сөзінше, жаға жыртыс Оралдың 22-бағытындағы автобустың ішінде орын алған.
Бейнежазбада кондуктордың жолаушыны бірнеше рет соғып-соғып жібергені байқалады.
«Кондуктор мен автобус жүргізушісі жолаушының тыйым салынған жерге тоқтауды талап еткендігі жайлы айтты. Тексеріс амалдары жүргізілуде», — деді ПД қызметкерлері.
22-бағыттағы автобус қарайтын «Батыс Қазақстан автобустар автопаркі» ЖШС басшыларының мәліметінше, жүргізуші мен кондукторға қатаң сөгіс жарияланыпты. Аталған іс бойынша ешкім шағым түсірмеген.
[:]