АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Оралда жас жігіттің әжейді ұрып-соқан сәті камераға түсіп қалды (видео)[:]

[:kz]

Оралда белгісіз ер адам тапа тал түсте егде жастағы әйелді ұрып кетті. Бұл сәт камераға түсіп қалды.

Оқиға Орал қаласында аулада болды, деп жазады Лада. Шабуыл бейнебақылау камерасынан көрінді.

Кадрдан байқағанымыздай, жігіт сәкіде отырған әжейдің қасына келіп жайғасты. Әлдене туралы әңгімелесті. Әжей орнына тұрып кете бергенде жігіт одан әлдене талап етеді. Қарсылық танытқанда ұрып-соға бастайды. Әжейдің құлап қалғанына қарамастан, бетінен, денесінен жұдырықтайды. Әжейдің телефоны тартып алып, жөнімен кете барды.

Жігіт белгісіз бағытқа кетіп, жасырынып қалды. Видеодан оның асықпа, жай жүріспен кетіп бара жатқанын көруге болады.

Источник: Stan.kz

[:]