АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Оралдағы дәмханалардың бірінде болған жаппай уланудың себепкері анықталды[:]

[:kz]

998858Салмонеллезбен ауыратын ер адам осы дерттің қоздырғышы бар бургерлер дайындап, 29 адамның ауруханадан бір-ақ шығуына себепкер болған.Бұл туралы КТК хабарлайды.

Аспаздың өзі осыдан біраз бұрын салмонеллезден емделген екен. Қазіргі таңда уланған адамдардың барлығы жазылып шықты. Енді олар дәмхана иесін сотқа бермек. Қазір осы іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Ал дәмхана иесі әзірге ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылыпты. Естеріңізге сала кетейік, Оралдағы дәмханалардың бірінде 29 адам гамбургерден уланып, ауруханаға түскен болатын.

-Клиникалық тұрғыдан ауру белгілері анықталмағанның өзінде де , лабораториялық зерттеуге алынған нәтижелер бойынша оң нәтиже көрсетті. Сол бойынша қазіргі таңда бұл адам инфекция көзінің ошағы екені  анықталып отыр, дейді Орал қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бөлім басшысы Гаухар Досығалиева.

kaz.caravan.kz

[:]