АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Орыс ұлтшылдарының зары: «Солтүстік Қазақстан ДНР кебін киеді»[:]

[:kz]

 

Елбасының президенттік қызметтен кетуі орыс ұлтшылдарына «Қазақстан Украина жолын қайталай ма?» дегізіп түрлі жорамал жасауына түрткі болуда. Мәселен РФ «Век» электронды газетіне эксклюзивті түсініктеме берген ресей жазушысы, ғалым әрі саяси сарапшы Константин Щемелинин «Солтүстік Қазақстан ДНР кебін киеді» деген байлам жасады.

Назарбаевтан кейінгі қазақ елі турасында барлығы да бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай ұлтшылдық үрдістің күш алып, орыс ықпалының азаюын айтып зарлауға кірісті.

Жаңа Қазақстан бұрынғыдай дәйім дерлік Ресей ығына жығылмай, жалпақ шешейлікке сирек баратын болатынын мойындап, біздегі орыстар арасында ұлттық идея жоқтығын алға тартады. Тек еліміздің орыстар ошарыла қоныстанған өңірлерінде ұлттық идея бой көрсетсе, кей жерлер бізге өз еркімен қосылады деп есекдәме жасауда.

Қазақтың басында еркіндік жоқ бәрін Мәскеу, Вашингтон және Бежің шешеді дейді Константин Щемелинин. Осылайша солтүстіктегі көршіміздің мысық тілеу саясаткерлері сырттай тон пішуге көшті.

 

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz 

[:]