[:kz]
Өскемен тұрғындарын қанға боялған жылы аялдама шошытты. Куәгерлер оның суретін әлеуметтік желілерде таратты, деп хабарлады paryz.kz, yk-news.kz-ке сілтеме жасап.
Суретте жылы аялдамадағы еденде және орындықтарда қанның іздері көрінеді. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.
«27 желтоқсанда 54 жастағы қала тұрғыны медициналық мекемеге дене жарақатымен жүгінді. Аялдаманың жабық павильонында ол танысымен жанжалдасып, дене жарақатын алғаны анықталды», — деді ПД баспасөз қызметі.
Күдікті анықталып, тергеу-тексеру жұмыстары басталып кетті.
[:]