АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Өскеменнің әкімі ең мықты». Желіде тараған видео пиар ма?[:]

[:kz]

 

«Видеоны көрдік. Менің білуімше, осындай Африкадан «ерекше» құттықтауларды істейтін арнайы ұйымдастырушылар бар…».

Әлеуметтік желіде Өскемен қаласының әкімін мақтаған видео тарады, деп хабарлайды ЭК ға сілтеме жасаған

Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Видеода 9 қаранәсілді ер адам «Жақсылық Омар — ең күшті әкім» деп айтады да, билей бастайды. Кейін біреуі әкімнің суретін ұстап тұрып, сүйіп те алады.

Осыған қатысты қала әкімінің Қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетовпен хабарласқан едік.

«Видеоны көрдік. Менің білуімше, осындай Африкадан «ерекше» құттықтауларды істейтін арнайы ұйымдастырушылар бар. Кез-келген адам өзінің досына, туысына осындай видео жолдай алады. Біздің әкім қалада өте танымал. Сондықтан басқа адамдар оның образын пайдаланып, өзіне жарнама жасағысы келген», — деді кеңесші.

 Skifnews.kz ақпараттық порталы.

[:]