АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Отандық медицина жағдайы жоқтар өле берсін деген принциппен жұмыс істейді» – Сәуле Әбілдаханқызы

[:kz]

 

Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы Алексей Цой басқаратын денсаулық саласын сынап тағы бір пост жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда денсаулық саласы үлкен бизнеске айналып кеткен. Яғни халықтың трагедиясын пайдаланып, ақша тауып отыр. 

«Жергілікті емханаға анализдер тапсыру үшін учаскелік дәрігерің направление беру керек. Ал учаскелік дәрігеріңнің қабылдауына кіру үшін талон алуың керек. Ал ол талоны жақын күндерге жоқ. 4-5-6 күннен кейінге жазыласың. Ол саған анализдерге направление берген соң, келесі күні таң азанмен, ашқарынға барып, анализдерді тапсыруға кірісесің. Олардың кейбірі 5-6 күнде дайын болады… 

Сонда бар болғаны, анализ үшін оншақты күн жүресің… 

Оған көбінесе уақыт жар бермейді де, амал жоқ, ақылы емхананың қызметіне жүгінесің. Шамамен оншақты анализге 20 мың шамасында ақшаңды қағып алады… Ары қарай дәрі-дәрмегің бар, емің бар… Қысқасы, жағдайы жоқтар өле берсін деген принцип…» — деп атап өткен ол өзінің facebook парақшасында.

Сондай-ақ ол жауапты мекемелердің бұл саланы әдейі қолдан ақсатып отыр дегенді айтқан. Өйткені, Халық трагедиясынан жасап отырған бизнестері жүріп тұрса болды оларға.

«Ақылы емханалардың пайдасы үшін үкімет жергілікті емханалардың жұмысын жақсартпай, халықты осындай әбігерге әдейі салып қоя ма деген сұрақ туындайды. Жергілікті емханаларда дәрігер маман жетіспеушілігі туралы айта-айта шаршадық.

Жергілікті емханалардың жұмысын қадағалап, реттейтін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, министр А.Цой бұл саланы реттейтін реформалар жасауға бейіл емес… Олар тек ақша жасаудың механизмдерін жақсы біледі…

Қазақстан медицинасының осыншалықты сорлы халде екенін, құрған жүйелері арқылы халыққа қастандық жасап отырғандарын үкімет те, билік те беске біледі. Білсе де, түзетейік демейді. Халық трагедиясынан жасап отырған бизнестері жүріп тұрса болды оларға. Халықтың денсаулығына түкіргендері бар…», — деп атап өткен жазба авторы. 
 

[:]