АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Отбасыны қатын сабау үшін ғана құратындары несі?[:]

[:kz]

Тұрмысқа шыққаныма бір жылдай боп қалған. Жатақханада тұрамыз. Бір секцияда төрт бөлме. Екеуінде жалғызілікті әйелдер тұрды. Бізге іргелес бөлмеде пәтер жалдаушылар тұрды. Бізден сәл үлкендігі бар әртістердің отбасы. Жарасымды жұп. Күйеуі үнемі тамада болып, кеш келеді. Әйелінің шашы тобығына түсетін. Сұлу. Екі ұлдары бар. Күйеуі кеш келген күні ұрыс-керіс, төбелес басталатын. Әйелін ана қабырғаға да, мына қабырғаға да алып ұратын. Арамыздағы қабырға фанер ғана. Не істеріңді білмейсің. Не араласа алмайсың. Сұмдық көрінетін маған. Төбедегі бөлмеде милиционер тұратын. Ол ішіп ала ма, шегіп ала ма түсініксіз, ол да қатынын сабаудан алдына жан салмайтын. Соның баласының төбелес көргеннен ес-ақылы дұрыс дамымай қалғандай көрінетін. Қорқақ па, жалтақ па, аянышты… Сөйтіп жүріп үшіншісін туды. Онысы ДЦП болды. 

Қазіргі үйде де көзің іліне бергенде төбелесе кететін жастар тұрады. Қай үйде тұратынын түсіне алмаймын. Бірақ бала-шаға жылап, анасына араша түседі. Бала да жас, ана да жас. Отбасыны қатын сабау үшін ғана құратындары несі? Әйелге деген көзқарас қай кезден бастап қанға сіңеді? 

Күйеуінен таяқ жейтін әйелдер болса, маған хабарлассыншы…

 

 facebook.com парақшасынан 

 Alashainasy.kz 

[:]