АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ОТЫРАР АУДАНДЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ[:]

[:kz]

Бүгін Отырарда аудандық партия филиалының жанынан құрылған сайлауалды штабтың алғашқы отырысы өтті. Штаб басшысы А.Құрманның төрағалығымен өткен жиында штаб мүшелеріне алдағы саяси науқандағы негізгі жұмыстардың бағыттары жан-жақты түсіндірілді.

Сондай-ақ партияның 7 бағыттан тұратын аймақтық сайлауалды бағдарламасын елге насихаттау, түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы айтылып, елдегі болып жатқан пандемиялық жағдайға байланысты барынша сақтық шараларын ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу керектігі ескертілді.

Аумақтық сайлауалды штабының басшысы жиынды қорытындылай келе партияның «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» ұраны аясында штаб мүшелерінің белсенді жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

[:]