АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Өз күнін өзі көріп жүр»: Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады[:]

[:kz]

Тәуекел Мүсілім келіншегінің айналысатын жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz «Папарацци» бағдарламасына сілтеме жасап.

Ол жайында актер «Дәл қазір дәрігер мамандығында 5-курста оқып жатыр. Одан кейін тағы екі жылын грант болып, түсіп жатса оқимын дейді. Одан бөлек қосымша нэйл стилист дейді, тырнақпен айналысады. Жалпы маған ешқандай бір салмақ түсіргісі келмейді», — деп сыр бөлісті.

Жұмыс істемей-ақ, сабағыңды оқы, ақшалай қаражатты өзім беремін дегеніне келіншегі келіспейтін көрінеді. Керісінше, өз күнін өзі көріп, ақша тауып жүргенін айтады Тәуекел. Актердің өзі адамды ешнәрседен шектемеген дұрыс деп есептейді.

Оның пікірінше, дамып, жан-жақты болған жөн. Сондықтан келіншегінің кез келген жоспарын, ойын қолдаймын деседі. Ал серінің Махаббатын болашақта өнер әлемінен де көріп қалуларыңыз мүмкін. Себебі, бағдарламаға берген сұхбатында ол бейнебаянға түсуге ұсыныстар түсіп жатқанын жеткізді. 

[:]