АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Өзбекәлі Жәнібеков Алла Пугачеваны қазақ жеріне неге келтірмеді?[:]

[:kz]

 

1980-ші жылдары Өзбекәлі Жәнібеков ҚазКСР Мәдениет министрігін басқарып тұрғанда «Арлекино» әнімен әлемге аты шыққан Алла Пугачеваның Алматыдағы Ленин атындағы сарайда (қазіргі Республика сарайы) екі концерті бір күнде өтеді.

Екінші концерттің соңына таман көрермендердің қошаметі шаршатқан Алла Пугачеваның сахна сыртындағы акустикалық микрофонның қосулы тұрғанын аңдамай: «Оһ, как надоели мне эти бараны!» деген сөзі естіледі.

Залдың алдыңғы жағы гу етіп барып, бір басылады. Бірақ грузин мен армянға қарағанда «толерантты» қазақ концертті соңына дейін тыңдап қайтады.

Ертеңінде бір «баран» Пугачиханың ол сөзін министрлікке жеткізеді. Өзағаң ҚазТВ-дан (әлде Қазрадиодан) концерттің жазбасын алдырып, Алланың айтқан сөзінен құлағдар болады.
Міне, сол күннен бастап, Алланың Қазақстанға концертпен келу жолы жабылады. Ертеңінде КСРО Мәдениет Министрлігі мен КПСС Орталық Комитетінің мәдениет бөлімі бұл жағдайдан хабардар болады.

Содан 1991-ші жылға дейін Өзбекәлі Жәнібеков ЦК-ның хатшылығынан пенсияға кеткенге дейін, Алла Қазақстанға аттап баса алмады. «Союзконцерт» бірлестігінің Қазақстанға гастрольдік бағдарламасынан Пугачева сызылып тасталып отырды. Сызып тастауды қызметтен кеткенінше талап еткен  Өзбекәлі Жәнібеков. Мәне нағыз нар тұлға!

Ермұрат Бапи

dalanews.kz

[:]