АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Өзгелерге салық — 2 теңге, өзімізге — 200 теңге…»[:]

[:kz]

Бүгін алманы тексердік деген аты болмаса, қасымдағы инспектордың тексеру жұмыстары өте шала болды. Яғни өзінің «полномочиясы » бар екенін мықты білетін маман.

Мысалы: Ресейге өтер кезде алманың сертификаты мен қоса қорапта жабыстырылған индентификациялық қағазына қарайды. Одақ деген аты болмаса, ол жаққа өткізген өніміңе заңды түрде жауап бересің, салығы тағы бар.
Қырғызстанда алма егетін бау бір қалада болуы мүмкін, бірақ бүкіл Қазақстанға алмамен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Яғни Қытайдың паразитті, бактериялары бар алмасын біз жеп отырмыз. Ал Қырғызстан соны біздің аузымызға салып беріп, өздері миллиондап пайдасын көріп отыр.  Егер өз өнімдерін өз елінде өткізе алмай отырса, біздің елдің экономикасы қайдан жақсарсын?!

Бәсекелестік емес, бұл деген өз еліңдегі кәсіпкерді тонап, өзге елдің кәсіпкерін байытып экономикасын көтеру болып табылады. 

 

Сол себепті біз ең бірінші өзіміздің өнім өндіретін кәсіпкерлердің жағдайын жасау үшін, тұтынушы яғни «біз таза өнім жегіміз келеді»- деп үкіметке талап қоюымыз керек!

Айгүл Орынбектің фейсбук парақшасынан 

 

[:]