[:kz]
Қайрат Әділгерей Tungi Studio жобасының шындығын ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zhenis Show бағдарламасына сілтеме жасап.
Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерей өзі жүргізетін «Түнгі студия» бағдарламасына қалай келгенін айтты. Өнер иесін бағдарламаның бұрынғы жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевтың өзі ұсынғанға ұқсайды. Әзілкеш жүргізуші ретінде шақырғанда таңқалып қалғанын айтты.
«Бұл бағдарлама мен үшін шығармашылық жолда үлкен белес болды. Қаңтар айында Әсел Сәдауқасованың киносына түсіп жатқан едім. Қуаныш Сұлтанов хабарласып, Ерлан Қарин ертең кабинетінде күтетінін айтты. Мен түсірілімнен бір күнге сұранып ұшып кеттім. Астанада боран болып жатқан еді. Ол кісі біраз әңгіме айтып, «Түңгі студия» бағдарламасын сізге жүргізуге ұсынбақшымыз» деді», — дейді Қайрат Әділгерей.
Бастапқыда эфирден қорқып, өзін жеккөрген Қайрат Әділгерей кейін келе үйреніп кеткенін айтып берді. Алғашқы алты ай бойы көрермен тарапынан пікірлерді оқымаған ол, егер оқыр болсам, сынға сынып кетер едім дейді.
«Бірнеше ұсыныс тастады. Қоянбаев анонс беріп, мені орнына отырғызып кетсін деп айттым. Сол кезде маған да, халыққа да оңай болады деп ойладым. Бірақ болмады. Бірінші бағдарламада өзімді жеккөрдім. Көңілім толмайды, сөзім үйлеспейді. Күнде көріп жүрген бағдарламаға мен шыққан кезде өзімді жеккөрдім. Неге келістім деп ойладым. Бірінші бағдарламада жаңа туған бұзау сияқты болдым», — дейді Қайрат Әділгерей.
[:]