[:kz]
Нұр-Сұлтанда өзін ер адам ретінде таныстырып, зейнеткерді алдаған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар алаяқтық жасағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Әйел өзін ер адам ретінде таныстырып, өтіп бара жатқан адамдардан қоңырау шалу үшін телефон сұрап, оқиға орнынан жасырынған. Ер адамға сыртқы бейнесінің ұқсастығы, алаяқтық әрекетін жүзеге асыруына көмектескен. Ол ұрланған ұялы телефондарды кездейсоқ адамдарға нарықтық бағадан төмен бағамен сатқан», — дейді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
25 шілдеде сауда үйінің сыртында күдікті қарт әйелге жақындап, шұғыл қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Телефонды қолына алған бойда, қыз белгісіз бағытқа қарай жүгіріп кетіп, жасырынған. Зейнеткер ұрлықтан келген шығынды 30 мың теңгеге бағалады.
«Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабмен алаяқтықтың төрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның республика аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі» — деді полицияда.
[:]