АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Пайдалы өнім шығармыз келді»: Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты[:]

[:kz]

Бір жарым жыл бұрын алтыншы сынып оқушылары Аңсар Құрманалиев пен Елнар Сәлпеков өздерінің кәсібін ашуға бет бұрыпты. Бір күні Youtube желісінде видео көріп отырған олардың ойларына жаңа бизнес жобасы келіпті. Осылайша жеткіншіктер картоп қытырлағы секілді (чипсы) жемістен тіскебасар әзірлеуді шешіпті. Бұл тағам түрін дайындау оңай көрінеді: жемістер кез келген дүкенде сатылса, қытырлақтың өзін қысқа толқынды пеште жасауға болады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz басылымына сілтеме жасап. 

«Жеміс қытырлақтары — өте дәмді әрі пайдалы тағам. Біз оқушылардың зиянды емес өнімді тұтынғанын қаладық. Алғашында өзіміз дайындаған қытырлақтарды мектепте сата бастадық. Кейбір ұстаздар біздің бұл ісімізді жақтыртпады. Бірақ бір оқытушымыз бізге көмектеспекші болды. Бір күні мектепте жәрмеңке ұйымдастырып, біздің қытырлақтарымыз бүкіл оқушыларға танылды», — дейді Елнар. 

 

Жазғы демалыстар кезінде олардың кәсібі біразға тоқтап қалған. Бұған қоса оларға көмек қолын созатын демеуші деп керек болыпты. Сөйтіп жүргенде бір күні Аңсар Алматы мейрамханаларының бірінде отырған Parmigiano Group ұйымының басшысы Алмас Әбдіғапардан көмек сұраған. 

«Жазда мен Аңсармен кездестім. Олар маған бұған дейін менің Instagram-дағы парақшама жазыпты. Шыны керек, желідегі хатарды қарамаймын да, өйткені мұндай ұсыныстар жіберетіндердің саны жетерлік. Алайда мен жаңа кәсіпті бастамақшы болғандардың жасын білгенімде қатты таңқалдым», -дейді кәсіпкер. 

Сөзінше, оқушылардың еңбекқұмарлығы кәсіпкерді қайран қалдырған.

«Олар маған өздерінің бизнес-жоспарын таныстырғанда қатты қызықтым. Өйткені балақайлар кәсіби менеджерлер секілді дайындалған. Сөйтіп оларды сынау үшін бір тапсырма бердім. Бір аптадан кейін өздерінің жобаларын толықтырып қайтадан келіп тұр. Бұл балаларға енді қалай сеңбей қоймайсың?», — деп қосты Алмас Әбдіғапар.

Осылайша екі тараптың арасында келісім орнап, кәсіпкер мен оқушылар түскен кірісті 50 де 50 қылып бөліп аламыз деген шешімге келіпті. Демеуші маркетинг, өндірістің жұмысы мен инвестицияға жауапты болса, Аңсар мен Елнар өнімнің сапасына мен құрамының сақталуын өз қадағалауларына алған. Жас кәсіпкерлер өзара міндеттерін де бөлісіп алған. Мысалы Аңсар жеміс қытырлақтарының өндірісіне, ал Елнар оның сатылымына жауап береді екен. 

Жеміс қытырлақтары ашық сатылымға осы жылдың жазында түседі деп күтілуде екен. Қазіргі кезде брендтің мұқабасы мен логотипі дайындалып қойған. 

Кәсібімізден түскен ақшаны болашақта ЖОО-да білім алуға жұмсаймыз деп қосты жас бизнесмендер

[:]