АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтары

«Пәтерімнен қуып шықты»: Қызылорда тұрғыны TikTok желісіндегі қалжыңы үшін жауапқа тартылды

«Пәтерімнен қуып шықты»: Қызылорда тұрғыны TikTok желісіндегі қалжыңы үшін жауапқа тартылды

Қызылордалық келіншек жалға алу бағасы көтерілгендіктен пәтерден шығып қалғаны туралы ТikTik-ғы «әзілі»  үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны отбасымен табиғатқа шығып, «500 мың төлемесеңдер, квартираны босатыңдар, деп каналда түнеп жатырмыз» деген TikTok-та видео жариялады.

Бейнежазба бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде постағы мәлімет шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат бергені анықталды. Ол өзінің жеке үйінде отбасымен бірге тұратын болып шықты.

Бір сәтте мыңдаған адамдардың назарын аударған жас әйел бұл қарапайым әзіл екенін айтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы «арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру» әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды.