[:kz]
Павлодар облысы Ақсу қаласына қарасты сауналардың бірінде туған күн атап өткен 9 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды inbusiness.kz .
Белгілі болғандай, 24 тамызда үш отбасы мүшелері туған күнді тойламақ болып, моншаға барған. Бассейнде шомылған тоғыз адам хлормен уланды. Олардың бесеуі – бала. Дәрігерлердің қарауынан соң 1,3-сынып оқушылары мен Германиядан келген 14 жасар қонақ ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар, екі қыз бен төрт ересек адам дәрігерлердің қарауынан соң үйлеріне жіберілді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір зардап шеккен азаматтардың жағдайы тұрақты. Үш бала жақын күндері ауруханадан шығарылады.
[:]