АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Павлодар тұрғыны өлген әкесінің денесін төрт ай бойы балконда сақтаған[:]

[:kz]

1492569-1Павлодар тұрғыны төрт ай бойы өлген әкесінің денесін балконда сақтап келген. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

1 май көшесіндегі №14 үйдің тұрғындары бесінші қабаттағы пәтерден шығатын жаман иіске байланысты шағымданады. Оқиға орынына келген полиция мен құтқарушылар есікті ешкім ашпаған соң бұзып кіруге мәжбүр болған. Үйдің ішінде болған мас ер адам тәртіп сақшыларын көре салысымен балконнан секіріп кетіп бірінші қабаттағы дүкен үстіне құлайды.

Секіріп кеткен ер адам үй иесінің 52 жастағы ұлы екен. Ол әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ал полицейлер мен құтқарушылар балконнан полиэтиленді қаптамаға оралған 77 жастағы үй иесінің денесін табады. Белгілі болғандай қария биылғы жылдың қаңтар айында қайтыс болған. Бірақ ұлы бұл туралы ешкімге хабарламай мәйітті балконда сақтап келіпті.

“Оның неліктен бұлай істегені қазір анықталып жатыр. Осыған байланысты сараптамалар жасалады”, – деді баспасөз қызметі.

Расталмаған ақпарат бойынша, ер адам облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады.

Источник: Stan.kz

 

[:]