АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Павлодарда 16 жастағы жігіт концерт кезінде Ерке Есмаханға сөз салды (видео) [:]

[:kz]

 

Әнші Ерке Есмахан Павлодардағы концерті кезінде қызықты оқиғаға тап болды. Өнер иесінің жанкүйері сахнаға шығып, оған көпшілік алдында сөз салған. Әртіс «иә» деп жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталмыш концерт кезіндегі видео Instagram желісіндегі парақшаларға бірден тарап кеткен. Онда жас жігіттің сахнаға шығып, Ерке Есмаханға сезімін білдіріп жатқанын көруге болады. Ол сүйікті әншісіне тіпті сақинасын ұсынып, сөз салған. Өнер иесі көпшілік алдында жанкүйерінің көңілін қалдырмас үшін оған «келісемін» деген жауабын береді.

Артынан жігітке бірқатар сұрақ қойып, оның жасын сұрайды. Белгілі болғандай, ол небәрі 16 жаста екен. Ерке Есмахан оның мектеп бітіруін күтетінін айтып қалжыңдайды. Желі қолданушылары бұл қызықты сәтті бірден қызу талқылап, өз пікірін жазды. «Еркенің кінәсі не? Енді сол жерде ұрысу керек па? Дұрыс әзілге айналдырып жіберді», «Мына бала батыл екен. Көпшілік алдына шығып, осындай ұсыныс жасау деген көптің қолынан келе бермес», «Қызық болыпты. Ерке таңғалып қалған шығар», «Бақытты болсын. Әр адам бақытты болуға лайықты», «Ол жігітті ешкім қинап ұсыныс жасатқан жоқ. Өз еркімен шығып, сөз салды», — деп жазуда көпшілік.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE’s 🇰🇿 (@zhuldyzdy_news)

kaz.nur.kz

 

[:]