[:kz]
Павлодарда Қазақстан темір жолы бөлімшесінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бөлімше басшысы жұмыста қызметкерлерге ерекше қарап, қамқорлық танытқаны үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырды деген күдікке ілінді.
ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімше басшысын Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ұстады.
«Сондай-ақ, ол орынбасарымен бірге төрт жыл бойы 100-ден аса қызметкерінен сегіз мыңнан 10 мың теңгеге дейін заңсыз ақша алып отырғаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат 201-бапқа сәйкес жария етілмейді», — делінген хабарламада.
[:]