[:kz]
Пентагон Сирияның Дэйр-эз-Зор провинциясында АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалицияның әуе соққысынан бейбіт тұрғындар қаза тапты деген ақпаратты теріске шығарды. Бұл жөнінде АҚШ қарулы күштерінің орталық басқармасы сайтында жарияланды.
Онда 16-17 қарашада «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымына қарсы операция барысында бейбіт тұрғындар құрбан болған жоқ делінген.
Бірер күн бұрын Сирия үкіметінің SANA агенттігі Дейр-эз-Зорда халықаралық коалицияның әуе соққысынан кемінде 40 бейбіт тұрғын қаза тапты деп мәлімдеген.
АҚШ әскері Хаджин қаласындағы аудандарға өздері я одақтастары әуе щабуылын жасамағанын мәлімдеді. Осыған байланысты Пентагон Сирияда соғысқа қатысып жатқан барлық күштерге өзара келіспей шабуыл жасамауға шақырды.
Сириядағы Ресей мен АҚШ әскери күштерінің орналасқан жері Евфрат өзені бойында шектесіп жатыр. Былтыр ақпан айында АҚШ әскери күштері орналасқан аумаққа басып кірмек болған Ресейдің бірнеше жалдамалы сарбазы қаза тапқан.
azattyq.org/
[:]