АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Перзентін тастап кететін, махаббатшыл келіншектер көбейді[:]

[:kz]

 

Кеше бір жігіт хабарласты. Оның өтініші ойымнан кетер емес.
Ол Алматыда тұрады. Бір әйелді күйеуінен ажыратып, тартып алуға көмектесіңіз дейді.
Естімеген елде көп деп бекер айтпаған.

Жұрттың арыз-шағымын естіп, кейде мұндай оқиғалар бұрын болған ба, әлде өмір салтымыз, көзқарас өзгерді ме деп өзіме жиі сұрақ қоямын.
Әңгіменің арқауы болған келіншек 4 баланың анасы, ерінен ажыраспаған . Үшінші күйеуі екен.
Келіншек шағымданушы еркектің үйін екі апта паналайды.Қайынсіңлілері бөтен үйде жүрген жеңгесін алып кетіпті. Мына жігіт ері бар қатынды бермеймін деп, солармен бір сағат шайқасыпты.
Келіншек үшінші күйеуіне оралады. Бірақ оның ері қайда? Ынжық біреу шығар деп ойладым. Өз жарын неге іздемейді? Адам мал жоғалса ұйықтамайды.

Ал 4 баланың анасы неге қаңғып жүр? Қысқасы бұл ерлі-зайыптының шаруасы , ұстанымы , өмір сүру салты болар. Араласуға ешкімнің хақысы жоқ. Көмек көрсетуден бас тарттым.
Ешкім әйелді еркінен тыс мәжбүрлеп алып кетпеген.

Бірақ шағым айтқан жігіт «біреудің жұбайын бәрібір тартып аламын» дейді.
Ал қаңғып жүрген әйелдің 4 перзентін кім бағу керек?

Мұны махаббат деуге аузым бармайды. Осындай перзентін тастап кететін, махаббатшыл келіншектер көбейді.

facebook.com парақшасынан 

[:]