АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Перзенттерімен 9 қабаттан секіріп өлген келіншекті жер қойнына табыстады[:]

[:kz]

 

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйден секіріп өлген Бақтыгүл Қыдырбаева перзенттерімен жер қойнына табысталды. 4 адамның жаназасы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Үлгілі ауылындағы әйелдің келін болып түскен шаңырағынан шығарылды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бақтыгүл мен 3 перзенттің жаназасы бүгін түске таман келін болып түскен шаңырақтан шығарылды. Жерлеу рәсіміне ауыл имамы келіп жаназа намазын оқыды.

©ЭК/Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ
©ЭК/Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Әйелдің күйеуіне, туған-туыстарына жақындау мүмкін болмады. Қара жамылған үйдің кіре берісінде полицейлер күзетке тұрған.

©ЭК/Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ
©ЭК/Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Жаназаға келген жұрттың қарасы көп. Қаза болған әйел мен 3 баласы Үлгілі ауылы маңындағы бейітке жерленді.

©ЭК/Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ
©ЭК/Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Еске салайық бұған дейін үш бірдей кішкентай баласымен 28 жастағы келіншектің 9-шы қабаттан секіріп кеткенін жазғанбыз.

 

[:]