АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Петропавлда дәрігерлер жарық пен шәйнек, телефон қуаттау үшін науқастардан ақша алған[:]

[:kz]

Дәрігерлер емделушілерге қонақ үйде жатқандай талап қойып, қолдарына әр қызметтің бағасы жазылған қағаз ұстатқан

Петропавлда дәрігерлер науқастардан жарық үшін ақша алған. Облыстық кардиологиялық орталықта телефон қуаттау, шай қайнату, теледидар көру қызметтері ақылы. Бұл туралы емделушілер шу шығарып, аталмыш төлемнің заңсыз екенін алға тартып отыр, деп жазды KYN.KZ 24.kz  сайтына сілтеме жасай отырып.

Шәйнек 50 теңге, телефонды зарадятау 50 теңге. Телевизор 100 теңге… Кардиологиялық орталыққа жата қалсаңыз есіңізде болсын. Теледидар көріп, телефон қуаттап, шай ішемін десеңіз, қалтаңыз қағылады.

Диана Құлмағанбетова осында маусым айында емделіп шықты. Оның айтуынша, медбикелер бір тілім қағазға қажетті қызметтердің құнын белгілеп берген.

 
«Олар былай түсіндірді: біз жеке меншік кәсіпорынбыз. Үкімет, мемлекет тек ғана дәрі-дәрмек үшін төлейді әрқайсыларыңыз үшін, ал мынау светті, сумен қолданғандарыңыз үшін төленбейді.

Сондықтан осылай әрқайсыларыңыз тәулігіне 50 теңгеден, мысалы шәйнекке 50 теңге, телефонға 50 теңге, ноутбукка 75 теңге деген сияқты мынандай кішкентай қағазға жазып берді. Бірақ ешқандай заңсыз құжаттарды әкелген жоқ»,- деді қала тұрғыны Диана Құлмағамбетова.

Кардиологиялық орталық қызметкерлері оны «сервистік қызмет көрсету» дейді. Бағаны бас дәрігер бақылау кеңесімен бірлесе бекіткен. Бұл туралы бұйрық та бар. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың 50 теңгесі емдеу мекемесінің шығынға батпауына септесіп отыр екен.

«Жиналған ақша коммуналдық қызметке төленеді. Мысалы, қазір 130 – 150 адам жатыр. Әрқайсы электр құрылғысын пайдаланады. Бұл бізге салмақ салады. Орталық шығынға батып жатыр»,-деді облыстық кардиологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Меңсұлу Көшекова.

Бұл баға қайдан шықты? Жарыққа жұмсалатын шығынды физика – математика ғылымдарының кандидаты Дина Құдабаева есептеп шығарды.

«Орташа есеппен ұялы телефонды күніне 1 сағаттан қуаттасақ, 6 тиын шығады. Айына 1 теңге 8 тиын, ал жылына 21 теңге 90 тиын болады»,-дейді физика-математика ғылымдарының кандидаты Дина Құдабаева.

Заңгерлердің айтуынша, бұл заңсыз тәртіп. Осыған байланысты бас дәрігер тағы да бұйрық шығарды. Енді науқастар ұялы телефондарын тегін қуаттайды. Ал шәйнек, теледидарға тыйым салынды.

[:]