АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Полицейге гүл сыйлаған қыз баланың суреті желідегілердің жүрегін елжіретті[:]

[:kz]

Қазнетте қоршауда тұрған полицей қызметкеріне бақбақ гүлін сыйлаған бүлдіршіннің суреті таралып, желі қолданушыларының ықыласына бөленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жағдайдың қалай болғанын, суреттің желіде қалай таралып кеткен қыз баланың анасы Саяжан Досжанова Facebook парақшасында әңгімелеп берді.

Ол 9 маусымды қызының «адамдарға үміт пен нұр сыйлаған» күн ретінде есте сақтап қалатынын айтады.

«Бұл менің сөздерім емес. Бұл маған Instagram-да жекеме жазған адамдардың сөзі. Үлкен рақмет сендерге, достар! Қуаныштымын! Шынымды айтсам, суреттің түрлі топтарға, қауымдастықтар мен ақпараттық сайттарға, мен танымайтын адамдардың сторизында осынша лезде тарап кетеді деп күтпедім», — деп жазды келіншек әлеуметтік желіде.

Саяжан жағымсыз, тіпті, көңілге тиетін пікірлердің де болғанын алға тартты. Оны «баласын митингіге апарған ессіз ана» деп атап немесе «хайп» жасап, атын шығарғысы келетінін де айтқандар болған.

Алайда желі қолданушысы жағдайдың тіпті басқаша болғанын айтты.

 

«Біз анам екеуміз екі жасар қызыммен дауыс беріп, артынша кейбір жұмыстарымызды бітіру үшін үйден шықтық. Дауыс берген соң «Жастар сарайы» жаққа жүрдік. Біздің сайлау учаскеміз 4-ші мектепте орналасқан. Сондықтан, сол жерден шыға сала Жастар сарайы жаққа бет алдық», — дейді келіншек.

Жол жөнекей олар қоршауды көрген.

 

«Арнайы киім киген адамдар, ЕММЖ, қалқан, дүрліккен адамдар — барлығы митингтің белгісі. Ватсапқа кірсем, құрбыларым полициядан қашқан жүздеген адам мен қоршаулардың фото, видеосын жіберіпті. Осының бәрі біздің үйіміздің дәл жанында болды», — деп атап өтті ол.

Алайда ол артқа шегінбеген. Оған қоса қоршау дәл оның үйінің аумағында тұрыпты.

«Біз митингіге барған жоқпыз. Біз жұмыстарымызбан кетіп барап жатып, оның арасынан өттік. «Жастар» сарайына келгенде полиция қызметкерлері арбамызды көтеруге көмектесті. Сыпайы болды. Біз дау тудырмаған соң, ешкім тиіскен жоқ.
Жол жөнекей қызым гүл теріп алған. Кішкентай, томпақ қолдар бақбақты жұлып, оларды ұқыптап жинап, гүл шоғын арнайы киімдегі ағаларға апарды», — деп әңгімеледі қыздың анасы.

Оның сөзінше, бүлдіршіннің жасы 2-де. Ол әртүрлі жағдайда өзін қалай ұстау керек екенін білмейді.

«Ол әлі айналасындағыларға қуаныш сыйлап, гүл жұлып, күлгісі келетін бүлдіршін. Менің жүрегі кең адамым гүлді алып, бір-бірден ерекше мақсаттағы полция жасағына сыйлай бастады.

Осы сәтті суретке түсіріп алу ойыма келді. Сөйтіп, суретке түсіріп, Instagram мен Twitter-ге салып, жақын жандарыммен бөлістім. Бәрі осылай болды», — деп түйіндеді бүлдіршіннің анасы. 

KAZ.NUR.KZ.

 

[:]