[:kz]
Маңғыстауда 4 млн теңге жоғалтқан жолаушы ақшасын тапты.
Шымкент қаласындағы үйін сатып, бір бума ақшасымен «Алматы-Маңғыстау» пойызымен жолға шығады.
Қолындағы қаражаттың 50 пайызына Ақтау қаласынан баспана сатып алуды жоспарлаған. Қалған жартысын ауырып жүрген баласын емдетуге жұмсамақ болған. Асқар таңда пойыздан түскен бойда сөмкелерін перронға жинап қойған. Кейін көлікке салғанда бір сөмкемнің жоқтығын байқапты. Жоғалған сөмкенің ішінде сатқан үйімнің ақшасы 4 000 000 теңге және керекті құжаттары бар. Өзі сөмкені іздеп таба алмаған соң бірден Маңғыстау станциясындағы Желілік полиция бөліміне келіп, ақшасымен бірге жоғалғанын айтып арыз қалдырған.
«Маңғыстау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел іздестіру кезінде жоғалған сөмкемді және 4 000 000 теңгесімен бірге құжаттарымды тауып берді. Күн-түндемей белсенділік танытқан Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің ұжымына алғысымды білдіремін»,– деді жолаушы Асқар Жолананов.
[:]