АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Полиция 3 сағат қоршауда ұстаған: Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды[:]

[:kz]

 

Алматыда мереке күндері қатаң карантинге қарамастан жұмысын тоқтатпаған тағы бір мейрамхана анықталды. Мониторингтік топ пен қалалық штабтың мамандары бірлесіп, көңіл көтеретін орынның ішіне 3 сағат дегенде әзер кірген. Ең қызығы, карантин талаптарын сақтамаған қонақтардың арасында елге танымал әнші Қайрат Нұртас болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеп хабарлайды. 

Оқиға Медеу ауданында орын алды. Қаладағы барлық тексерушілер аяғынан тік тұрып, есікті ұзақ уақыт ашпаған мейрамхананы 3 сағат қоршауда ұстады. Бір қарағанда мейрамхана жабық сияқты. Терезелерін жарық көрінбейтін етіп қараңғылап тастаған. Бірақ сыртта көлік көп. Біреуінің иесі, темір тұлпарын қалай болса, солай қоя салыпты. Жол ережесі өрескел бұзылғандықтан, мамандар эвакуатор шақыртып, машинаны алдыртып тастады.

 

Күтпеген жерден іштегі қонақтардың бірі есікті ашып берді. Барлық келуші әр бұрыш-бұрышқа, тесікке тығылып үлгеріпті. Алайда ешкім құтыла алмады. Ең қызығы олардың арасында танымал әнші Қайрат Нұртас та бар.  

Қайрат Нұртас

Кейін мамандар жарықты қосып, іштегі барлық бөлмені аралап шықты. Бұл жерде туған күн кешінің өтіп жатқанын байқауға болады. Сонымен қоса, қатаң түрде тыйым салынған қор-қор да шегілген. Іздеу жұмыстары аяқталған соң келушілерді қызметтік көлікке тиеп, полицияға біртіндеп алып кетті. Сонда да қарсылық танытқандар болды.

«Өздеріңіз көргендей, бұл мейрамханада адам саны өте көп. Олар карантин талаптарын бұзғаны аздай, жол ережесін де сақтамаған. Көліктерді жолға дұрыс қоймаған. Қазіргі таңда қалада тексерістің күшейтілгенін тағы да ескерткім келеді. Денсаулығымызды ойлап, үйде отырайық. Рейд жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді», – деді СЖҚК агенттігі жанындағы арнайы республикалық мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов.

Анықталғандай кәсіпкерлік нысанда 200-ден астам адам болған. Барлығы Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтың 425-бабына бойынша хаттама толтырылды. Келушілер мен мекеме қызметкерлеріне 87 мың көлемінде, кәсіпкерге 670 мың теңге шамасында айыппұл салынды.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде Семей мейрамханаларының біріндегі тойдың видеосы тараған еді. Желі қолданушыларының айтуынша, мерекеде Қайрат Нұртас болған. Кейін бұл видео әлеуметтік желіден алынып тасталды.

 

[:]