АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Полиция Бірғаным Әйтімованің атынан жәрдемақы туралы жалған хабар таратқандарды іздеп жатыр[:]

[:kz]

Нұр-Султанның полиция қызметкерлері сенатор Бірғаным Әйтімованың атынан жалған хабар таратқандарды жазаламақ, деп Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы туралы жалған дыбыстық ақпарат тараған еді. 

ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Бірғаным Әйтімованың арызымен Нұр-Сұлтан полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

«Зерттеу қорытындысы бойынша жалпы дыбыстық жазбадағы дауыс парламент сенатының депутаты Әйтімоваға тиесілі емес», — деп атап өтті департамент.

Белгісіз жалған мәліметтерді тарататын тұлғаларды анықтау туралы өтінішке байланысты тергеу органдары қылмыскерлерді анықтап, оларды әділ сотқа тарту үшін барлық шараларды қолданады.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде аудио файлдың таралды. Онда көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы туралы айтылды. Әйтімова мұның өз даусы емес екенін айтты

Stan.kz 

[:]