[:kz]
Stan.kz тілшілері бүгін екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған оқиға орнында болып, ондағы қазіргі ахуал туралы біліп қайтты. Айтуларынша, марқұм болған тәртіп сақшыларының әріптестері сұхбат беруге құлықты болмаған.
Естеріңізге сала кетсек, 25 мамырда, сағат 05:26-да, BMW көлігінің жүргізушісі, 1992 жылы А. есімді туған азамат, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ықшамауданындағы Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында орналасқан № 4 өткізу пунктімен соқтығысып, алдымен бетон қоршауға кірді, содан кейін патрульдік көлікке соғылды, оның салонында екі полиция қызметкері болған.
«Өкінішке орай, патрульдердің бірі — 42 жасар полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев жедел жәрдем келгенге дейін ауыр жарақаттардан көз жұмды. Оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр жағдайда қаладағы жақын ауруханаға жеткізілген. Ол да көп ұзамастан бақилық болды» — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы блок-бекетте қаза болған полицейлердің отбасыларына көңіл айтып, бұл күллі қазақ елі үшін орны толмас қайғы екенін жеткізді.
[:]