АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Президент карантин кезінде балаларға ертегі оқып беруді бастады (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Президент оқитын кітапта көршілермен тату болу керектігі жайлы жазылған.

Израиль президенті Реувен Ривлин карантин кезінде балаларға онлайн түрде ертегі оқып беруді бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл ісі туралы президент Facebook парақшасында ақпарат жариялаған.

 Ол мұндай әрекетті ата-аналар таңертеңнен кешке дейін балаларына қарап шаршайтындықтан, олар карантин кезінде бір сәт демалсын деген оймен жасапты.

Фото: facebook.com/pg/ReuvenRivlin

«Қазір оңай кез емес, балалардың барлығы үйде. Егер біз отбасымызбен бірге болғанды жақсы көрсек те, бұл жағдай қиынға соғады. Мен сіздерді маған қосылуға және бірге уақыт өткізуге шақырамын. Мен Леи Гольдбергтің «Пәтер жалға беріледі» деген тамаша кітабын оқудамын. Менімен бірге оқыңыздар, отбасыңызбен немесе жай ғана балалармен бірге отырып оқыңыз», — деді Израль президенті.

Айтпақшы, Равлин оқып жүрген кітапта көршілермен тату болу керектігі жөнінде жазылған.

Skifnews.kz

[:]