[:kz]
Ресей президенті Владимир Путин Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлескен кезде Украинамен жоғары деңгейде келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Қытай Орталық телеарнасы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Ресей Украинамен жоғары деңгейде келіссөздер жүргізуге дайын деп мәлімдеді Путин», — делінген Қытай сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасалған хабарда.
Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Украинадағы жағдайдың ушығуын талқылағаны айтылған. Сондай-ақ, ҚХР төрағасы әңгіме барысында Ресей мен Украина арасындағы мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуді жақтағаны айтылады.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді келіссөзге шақырғаны хабарланған болатын.
[:]