АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Пышақ алып келген»: күйеуі әйелін өлімші етіп сабап, суға батырып өлтірмек болды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Әйел үйінен қашып шығып, жақындарына хабарласқан.

Алматы облысында күйеуі әйелін соққыға жығып, артынша оны ваннаға батырып өлтірмек болды. Белгілі болғандай, отбасын құрған 15 жылдың ішінде ол әйелін үнемі ұрып келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Бұл жай ұрып-соғу емес. Ол әйелін өлтірмек болды және сол үшін балаларын әдейі әжелеріне апарып тастағанын айтты. Ол оны ұрып-соғып, ваннаға су толтырған. Тұншықтарған. Қолынан келмеген соң, пышақ алып келген», — дейді әйелдің әпкесі.

Әйел үйінен қашып шығып, жақындарына хабарласқан. Күдікті қамауға алынды. 

«Қылмыстық іс аясында тиісті тергеу амалдары тағайындалды. Күдікті екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Дегенмен, әйелдің жақындары бұған келіспей отыр. Олар бұл істі «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қарауды сұрайды», — дейді облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Skifnews.kz ақпарат

[:]