АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Рамзан Қадыров Шешенстан басшының лауазымын өткізіп берді[:]

[:kz]

Шешенстанның басшысы Рамазан Қадыров өзінің уақытша қызмет ете алмайтындығына байланысты 13 қаңтардан бастап аймақ басшының міндетін атқарушысы қылып Мүслім Хучиевті тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Шешенстан басшының ресми сайтында жарияланды.

«Шешенстан Республикасының Конституциясының 76-бабы бойынша Шешенстан басшының міндетін атқарушы қылып Хуичев Мүсілім Мағомедұлын тағайындаймын. Ол бұл лауазымға менің уақытша еңбек етуім қиын болғандықтан 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап ие болды», — деп жазылған ресми құжатта.

Құжат 13 қаңтарда бекітілген. Өткен жылдың ақпан айында да Қадыров өзінің уақытша қызмет ете алмайтындығына байланысты Хучиевке міндетін табыстаған еді. 

Бұған дейін  Ресей үкіметі отставкаға кеткені айтылған еді.

[:]