АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. АДАМ ЭВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ. ӨТЕ ЕРТЕДЕГІ АДАМДАР

Қазақстан Республиаксының Ғылым және Білім министрлігі 

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

 

Реферат

 

Тақырыбы: 

Шет елде  Экономиканы мемлекеттік реттеу. Франция  .

                                                                                              Тексерген: ____________________ 

 

 

                                                                                                    Орындаған:  Мұратов А.

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  2007 ж.

 

 

Кіріспе

 

  1. Францияның мемлекеттік жоспарлау органы

 

  1. Жоспарлау әдісі

 

  1. Қазақстан жағдайына қолайлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Франция дүние жүзіндеге ең дамыған мемлекеттердің бірінші бестегіне кіреді. Мемлекет трриториясы (551 мың кв м) және халық саны (58 мың адам) бойынша Франция Европадағы ең ірі мемлекеттердің қатарына кіреді. ЖҰӨ көлемі бойынша АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орынды иеленеді. Банк қызметінің көлемі мен дүние жүзіндегі сауда бөлінісі бойынша үшінші орында.

Мемлекет басшысы – Президент. Президентті сайлауы туралы Үкімет жария етеді. Президенттің уәкілдігі өте зор. Ол Конститутцияның орындалуын қадағалай отырып, басқару буындарының өзара қатынастарының арбиторы, ұлттық тәуелсіздіктің, территориялық тұтастық пен халықаралық келісімдердің гаранты болып келеді.

Заң шығарушы билік.

  Франция республикасының Парламенті 2 палатадан тұрады: Ұлттық жиналыс және Сенат. Ұлттық жиналыс 5 жылға жасырын тікелей қатысып дауыс беру арқылы сайланады. Ұлттық жмналыс пен Сенаттың атқаратын қызметі – Заң қабылдау.

Парламент және Үкімет Есеп палатасымен қатар қаржы заңдарының орындалуын қадағалайды.

1958 жылғы Конституцияға сәйкес мемлекет саясатын белгілеу және жүргізу, әкімшілікті және әскери күштерді басқарушы – Үкімет (Министрлер Кеңесі) болып табылады. Үкімет қызметін Премьер-министр басқарады.

Мемлекеттік бюджеттің табыстардан құралған бөлігі салық түсімдерінен (90%), қару-жарқ сатудан түскен түсім  және т.б. құралады.

Ақша-несие саясаты.

 Францияның ақша-несие жүйесінің құрылымы 6 несие ұйымдарының категорияларын бөліп көрсетеді: банктер, өзара және кооперативтік несиелеу банктері, қаржы ұйымдары және мамандандырылған қаржы институттары. Барлық несие ұйымдары бір кәсіби ұйымға біріктірілген  — Франциялық несие ұйымдарының ассоцияциясы. Францияның банк жүйесі 400-ден астам банктерден құралады. Сонымен қатар елде шет ел банк ұйымдарының филиалдары қызмет етеді. Орталық банк статусына Франция Банкі ие. Банктің негізгі атқаратын қызметтерінің бірі – мемлекет қазынасын несиелеу және мемлекеттік есеп операцияларын жүргізу. Франция банкікінің міндетіне сонымен қатар эконоиканы ақша-несие реттеуін қайта қаржыландыруы мен ұйымдастыруы кіреді.

Құқықтық статусына байланысты Франция банктері екі үлкен топқа бөлінеді. Бірінші – несие-қаржылық ұйымдары (коммерциялық немесе акционерлік қоғамдар, коммандиттік бірлестіктер немесе біріккен ұйымдар). Екінші – корпаративтік банктер, өзара көмек көрсету кассалары, халық банктері және т.б.

  1. Мемлекеттік жоспарлау

Францияның әлеуметтік-экономикалық процестерді жоспарлау тәжірибесі мол.

Францияның ұлттық экономикасының басты ерекшелігі болып мемлекет секторының  басымдығы болып табылады. Ұлттық фирмалар акционерлік қоғамның құқықтық формасына, түріне ие, олардың құнды қағаздары (акциялары) мемлекетке тікелей немесе ұлттанған банктер мен қаржы ұйымдары арқылы  тиіселі

Мемлекеттік компаниялар автомабиль жасау, әуә-космостық, электронды, химиялық, мұнай-газ өндірісінде, қара металургия  жеке компаниялар қамтамасыз ете алмайтын, инвестицияларды көптеп талап ететін салаларда басымды қызмет атқарады. Өнеркәсіпте 446 мемлекеттік компания жұмыс істесе, қара, түсті металургия, химия, көлік жасау, транспорт және байланыс саласында -194 компания, энергетикада —  32 компания, қаржы сферасында – 280 компания. Мемлекеттік компаниялар өндіріс алуандығы (концентрация) мен еңбек күшінің жоғарғы өнімділігімен және белсенді сыртқы саудамен ерекшеленеді.

Францияда тарихи 3 негізгі кәсіпорын типтері қалыптасқан:

  • Бірінші тип – мемлекеттік компания құрамына тікелей кірмейтін, бірақ онымен кәдімгі әкімшілік ретте басқарылатын және мемлекеттік заңи құқығы шегінде жұмыс атқаратын ұйым;
  • Екінші тип – бұл компаниялар түгелдей мемлекетке қарасты, бірақ бұлардың қызмет атқаруы жеке меншік құқығына сай. Олар: мұнай өңдеу мен шығаруды зерттейтін компаниялар, Париж аэропорттарын басқару, теңіз порттары және т. б.
  • Үшінші тип – аралас экономикада қызмет атқаратын компаниялар, бақылаушы (басты) акциялар пакетін мемлекет иемденеді. Бұларға мемлекет секторының бақылаушы компанияларының жартысынан көбі кіреді.

Франция экономикасының келесі өзгешелігі болып, экономиканы мемлекеттік реттеудің кең диверсификацияландырған жүйесі мен индикативтік жоспары болып табылады.

              Және де мемлекеттің экономикаға араласуы соңғы он жылдықта күшейіп келуде. Солай мысалы, ХІХ-ХХ ғ.ғ. ЖІӨ құрамындағы мемлекеттік сатып алулар, шығындар 10-15%, ал 90 жылдары 45% құрады. Францияның экономикалық саясатын анықтап, белгілеу үшін бұл саладағы негізгі қызмет, міндет Экономика, Қаржы және бюджет Министрлігіне жүктелген.

Франция нарығындағына әсер етуші басты құрал  — бюджеттік реттеу, ол тиісті салық саясатын жүргізу мен нақты мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға қаржы бөледі. Мемлекет салық жүйесі арқылы тек қана бюджеттің табысын ғана емес, сондай-ақ ұлттық экономиканың офис приоритетін практикалық атқарылуын қамтамасыз етеді. Орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін арнайы мелекеттік орган – Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді.

Бірқатар мемелекеттерде Индикативтік жоспарлау өзінің мемлекеттік реттеудегі оңтайлылығын дәлелдеді. Сол мемлекеттердің ішіне Франция да кіреді., себебі Германия мен Англияның макрожоспарлауына француздық жүйе қалыптастырушы әсерін тигізді. францияның дүние жүзіндегі салмағының болуына Шарль де Голльдің саясаты әсер етті, оның маңызы индикативтік жоспарлаудағы мемлекеттік меншіктің жалпы халықтық шаруашылықта үлкен орын алуы ықпалын тигізді.

ХХ ғ. 40 жылдарын да-ақ Францияда «жоспарлаудың демократиялық жүйесі қалыптасты», ол жүйенің маңызы шаруашылық процесстерді мемлекеттің реттеуіне мүмкіндік береді. Қалыпты «жоғарыдан төменге» иерархиялық жүйенің орнына келісушілік пен ақылдасуға негізделген «төменнен» жоспарлау жүйесі қолданылды, ол әртүрлі топтардың теңдік дәрежеде бастапқы қызығушылығын орнатты.

Ірі өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің қатарында Франциядағы экономиканы мемлекетік басқару жүйесі қазірге дейін ерекшеленеді.Бұл экономикалық саясат «дирижизм» деп аталды. Бұл икемділік Жоспарлау бойынша бас комисариатының құрылымының оңай өзгерісімен бейнеленеді.

   Француздық жоспарлаудың тұрақты функциялары

Француздық жоспарлаудың 3 тұрақты функциялары бар:

  1. қоғамның күшті және осал жақтарын ұжымдық жүйеде анықтау, мәселелерді идентификациялау (жекешелендіру), экономикалық және коғамдық дамуға қойылады және нақты шешімдер ұсынылады.
  2. экономиканың және нарықтың жетілдірілген қызмет атқаруының ережесін қалыптастырады.
  3. мемлекттік саясаттың ұзақ мерзімге жоспарлауының ортақ орта мерзімдік жүйесін қалыптастырады.

Жоспар құру – ол алдағы анықталмаған, мүмкін болатын мәселелерді болжау. Орта және ұзақ мерзімге даму жоспарлау мемлекеттік институтты белгілейді, ол өз қызметінде Үкіметтің өзгертілмейтін шешімдерін қарастырады, ЖБК басты кеңесші болып табылады.

 Жоспардың басты бөлімдері экономикалық өсуге, қаржылық инвестициялық ағымға, экономиканың тұрақтылығына, инфляция мен бәсеклестікті рететуге  негізделеді.

Францияның Индикативтік жоспарлауды құру технологиясы келесідей болады. Жоспар Парламентте құрылады және бекітіледі, бұл оны ведомстволық шешімдерден және ішкі министрлік бөлімдердегі құрылымдардын тәуелсіз етеді.

 

 

 

ЖБК өзара біріккен және өзара тәуелді 3 негізгі роль атқарады:

  • жоспар жасау
  • Үкіметке кеңес беруші
  • Ұзақ мерзімді құрылымдық зертеу немесе даму болжауы.

Бұл рольдер негізгі мақсатпен тығыз байланысты: француздық қоғамды модернизациялау.

Оларға тоқтала кетсем, біріншіден, жаспарды даярлау. ЖБК қабылданған жоспарды басқармайды, бірақ орындаушы органдардың жоспарды орындауын тексереді. Екіншіден, Премьер-министрдің қоластында экономикалық саяси кеңесші ролін атқарады. Үшінші ролінде, ЖБК ұзақ мерзімді құрылымдық мәселелер мен болжамдармен айналысады, олар конъюнктуралық мәселелерді шешуде негіз бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 2. Францияда жоспарлау әдісі бірнеше тарихи эволюциялық жолмен қалыптасты. Оны мен мынадай негізгі этаптармен көрсетіп отырмын:
  2. алғашқы жоспарлар экономиканың қайта құруы мен жаңартылуна бағытталды. Бұл тек салалақ жоспарлауды ғана кіріктірді, негізгі 6 өндірістік қуаттарды – көмір, электроэнергия, қорғасын, цемент, транспорт, өндірістік құралдану және ауылшаруашылық машина жасауды ғана қарастырған болатын.
  3. халықаралық келісушілік пен сыртқы экономикалық баланстың теңдігі сақталу үші, ендігі жерде салалық жоспарлау артта қалып макроэкономикалық сипат алды. Бұл этап жоспарлаудың әдісін нақты қолдануға әкелді. ЖБК экономикалық басшылыққа – Ұлттық статистика және экономикалық зерттеу институтына (INSЕЕ) жоспар құру мен болжамдар жасауға тапсырыс берді.
  4. Ұлттық статистика және экономикалық зерттеу институтының ұсынысы бойынша «динамикалық көпсалалық» модель құрылады. Бұл жоспар құрудың жылдық макроэкономикалық траекториясын белгілеуге мүмкіндік берді.
  5. жоспарлау бойынша Бас комиссариат Ұлттық статистика және экономикалық зерттеу институтынан экномикалық болжамдарды ала отырып, жеке институттардың да болжауын қабылдай бастады.

Экономика бойынша Нобель сыйлығының иегері Милтон Фридман: «экономикалық миллиондардың қызметін координациялануыдың екі әдісі ғана бар. Біріншісі, орталықтандырылған басшылық, армиялық және қазіргі тоталитарлық мемлекет әдісі. Екіншіден, индивиттердің ерікті бірлестігі, бұны нарық қолданады.» деген екен. Францияға бұл әдістің екіншісі тиіселі.

Айта кетсек, француздық жоспарлау жүйесі қазіргі таңға дейін өзгеріссіз. Ол экономикалық-саясатты бейнелеу, экономикалық рететуші инструменттінен бизнесті қолдаушы жүйеге айналды. бұл жағдайларда мемлекет нарықты реттеуші жүйе құзіретінен таймады. Батыс эксперттері Францияның экономикалық саясатын «дирижизм» деп атауда, өйткені: мемлекттің  ірі меншігі сақталуда және бизнесстік қызметтер қатаң бақылануда. Және осыған байланысты ХХ ғасырдың 2-ші жартысында әлемдегі жан басына шаққандағы ЖҰӨ бойынша 5-ші орынды иеленген. Батыс Европаның экспортында 4-ші орынды иеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстанда әлеуметтік-эконмиклық даму жоспарының қажеттігі сөзсіз үлкен. Бірақ, жоспарлаудың ғылыми-методологиялық және ұйымдастырушылық негіздері бұрынғы әкімшілік-директивті мәнінен айырылуы қажет және ұсыныстық-реттеушілік, мемлекеттік және жеке меншікке негізделген белсенді шаруашылық жүргізуді ынталандыру рөлдерін атқаруы тиіс.

  Бұл жердегі негізгі мәселе мақсатқа жету, жеке және мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық жоспарға ендірілуі (салалар және әкімшілік аумақтар). Әрине Қазақстан жағдайына Францияның жоспарлау әдістерін толығымен көшіріп алу мүмкін емес, ол оншалықты қажет те емес (бұған бірнеше себеп бар: халқтың өзіне тән минталитеті болуы; Франциядағы аралас экономика жағдайы; салалық бөлінісі мен тарихи даму жағдайлары және т.б.). бірақ, жоғарыда айтылып өткендей Францияның мемлекеттік реттеу мен жоспарлауда  тәжірибесі мол. Біздің міндетіміз алға даму мен экономикалық өсудің басты құралы ретінде қолданылатын жоспар құрудың тәжірибесін зерттеп, өз жағдайымызға икемдеу.

Енді өз ұсынысыма көшер болсам, ол мынадай этаптарды құрауы мүмкін:

  1. салалық даму жоспарын құру. Басты салалар ретінде көмір, электроэнергия мен ауылшаруашылық машина жасау, көлік кешенін дамытуды қарастыру;
  2. Қазақстан республикасының статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенген болжамдармен қатар, тәуелсіз болжам жасау мақсатында алдын ала құрылған жеке институттардың да мәліметтерін қолдану;

Францияның индикативтік жоспарлау жүйесі көптеген елдерде тәжірибе ретінде өткізіліп, қазір толық жоспарлау әдістерін қолданып, алға дамуы да бар. Сондықтан, осы жұмысымды аяқтай отырып Францияның мемлектік реттеу жүйесі мен жоспарлауының маңыздылғы біздің елде экономиканың дамуына әсері зор екенін айта кеткім келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

тізімі

 

  1. бибатырова «Государственное регулирование национальной

экономики» / «Қазақ университеті» Алматы, 2004

 

  1. архангельский В.Н., Бобков В.Н. «Государственное регулирование рыночной экономики»/ «Экономика» Москва,2000

 

  1. Сансызбаева «Зарубежный опыт планирования»/ Алматы,2002

 

 

  1. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О. «Экономиканы мемлекеттік реттедің маңызды мәселелері»/ «экономика» Алматы,2002

 

  1. http//www.yandex/frence.ru