АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Адам санасының физиологиялық негізі, ырықты сезім, сананың жоғарғы мәні

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы  

ҚАЗАҚ   ҰЛТТЫҚ   МЕДИЦИНА  УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Қалыпты  физиология валеология курсымен кафедрас

 

Тақырыбы: Адам санасының физиологиялық негізі, ырықты сезім, сананың жоғарғы мәні.

 

 

                            

                         

   Орындаған: Жарылқасынова К.М.

        Факультет: Жалпы медицина

        Курс: II

        Топ: 2028

        Қабылдаған:  Шайқынбекова Р.М.               

 

                         

                           Алматы 2008жыл

 

 

 

Тақырыбы: Адам санасының физиологиялық негізі, ырықты сезім, сананың жоғарғы мәні.

 

Жоспары:

     I Кіріспе. Сана- болмысты бейнелеудің ең жоғарғы сатысы.

II Негізгі бөлімі:

    1.Сана, ырықсыз сана-сезім.

2.Жоғарғы сананың қалыптасуындағы есте сақтаудың,     эмоцияның, мотивацияның, әлеуметтік мұқтаждықтықтардың маңызы.

III Тұжырым. Адам санасының пайда болуы — психика дамуының жоғарғы сатысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Қазіргі таңда дүние жүзінде әртүрлі үлкен-үлкен жаңа ашылулар мен жаңалықтар жарыққа шығуда. Әрбір ғылым саласындағы қызметкерлер: ғалымдар, академик-профессорлар, оқытушылар барлығы әлі сыры толығымен ашылып болмаған Жер бетінің жұмбақтарын зерттеп, анықтауға атсалысуда.

Сондай жұмбақ жаратылыстардың бірі- адам. әрине, Қазір осыдан 1-2 ғасыр бұрынғыға қарағанда жеке  адам туралы біршама көп білеміз. Дегенмен де адамның жаратылысы туралы түсінбейтін, білмейтін жақтарымыз да көбірек.

Адамның жеке мүшелері, олардың құрылысы, дамуы, өсуі, қызметтерінің реттелуі, патологиясы, мүшелердің регенерациясы , тағы басқа туралы бірнеше ғылым салалары зерттеп, оқытады. Мәселен, анатомия, гистология, физиология, биохимия, психология, антропология, т.т.

Физиология (грекше physis-табиғат, logos-ілім ) тірі организм мен оның жеке жуйелері , ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым.ол тіршілік үрдістерін, олардың реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды.

Жалпы адам іс-әрекеттері ми арқылы реттеліп отырады. Әсіресе адамның үлкен ми сыңарлары бір секундта 200-300 дейінгі тітіркендіргіштерді қабылдап, оларға жауап береді.Осы  үлкен мидың оң және сол жақ жарты шарларында орналасқан сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана, ұйқы, месл, психикалық әсерленістердің қызметін білудің маңызы зор.

Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар.Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық – еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі –адамның санасы пайда болады.Адамның санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы – бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев өзінің “Іс-әрекет.Сана. Жеке тұлға.” атты еңбегінде берген болатын.

П.К.Анохин 1968жылы  салалы  іс  —  қимылды  түсіндіру  үшін  арнайы  функциялық  жүйе  сызбасын  ұсынды.

 

Ми қыртысының маңдай алды бөлігі

 

 

Торлы құрылым   

Ми қызметін белсенді ету

Ішкі орта

(физиологиялық қасиеттер)

 

                                                                           Эфференттік қозу

                                                     
     
                                         
 
     
         
 
 
 
 

 

 

 

 

Афференттік талқылау

Әрекет акцепторы

Әрекет бағдарламасы

Шешімі

Әрекет

                                                                   
                                                                   

 

 

 

Кері  афферентация                                      Әрекет кезеңдері

 

Саналы іс-әрекет

 

Ол  функциялық  жүйені  белгілі  бір  нақты  бейімді  пайдалы  нәтижеге  қол  жеткізуге  бағытталған  іс  —  әрекеттерді  іске  асыратын  орталық  жүйке  жүйесінің  тиісті  бөлімдері  мен  атқарушы  мүшелер  бірлестігі  ретінде  қарастырды

Сана- психика дамуының сапалы ерекше түрі.Адамның саналы іс-әрекеті айырмашылығы негізігі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішінде біріншісі – адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысы міндетті емес. Кей жағдайда адамның саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағынбайды, олармн қарама- қарсылықта болады және оларды басып тастайды.

Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшелік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.

Үшінші ерекшелігі- адамның білімі мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи жинақталған және оқуда берілетін жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасады.

 Сана қоғамның жемісі ретінде тек адамға ғана тән. Жануарларда сана болмайды.

Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынасында қоғамдық еңбңек үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі.

Сана- болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы. Сана арқылы адамның қоршаған әлеммен қарым-қатынасы  мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу , түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс-әрекетінен құралады. Сана адам миы қызметінің жемісі. Материяның әрбір қасиеті сияқты сияқты сана тек ақиқат заттар мен құбылыстардың өзара әрекетінен туады .

Адам мен жануарлар болмысты сезімдік тійсіктер арқылы бірдей таниды және бағалайды. Алайда адам жануарларға қарағанда ақиқат дүниені ақыл-оймен бейнелеу және дерексіз ойлау, тіл арқылы түсінеді.

Адам санасы (саналы психика ) белгі жүйесі (әріп, сөз ) арқылы атқарылады, логика заңдарын пайдаланады. Мұны сол жақ ми сыңары қамтамасыз етеді. Санаға дейінгі психика бейне, рәміз (символ ) жүйесіне негізделген, оған оң жақ ми сыңары қатысады.

 

Тіл- сананың (ойдың ) материалдық көрінісі, негізі.Тілсіз сана жоқ, ал санасыз адам жоқ. Сана-қоғамның өзге мүшелерінің сөз арқылы, көркем шығармалары арқылы және т.б. берілетін ерекше қасиеті болып табылатын білім. Сана жеке адамның өзіндік әсерленушілігі. Жалпы сана сезіну және сана-сезімнен  құралады. Сезіну дегеніміз ақиқат болмысты жинақталған біліммен салыстыру  және адамның  тәжірибесін молайту. Сана арқылы басқа адамға білім беріледі.

Адам өзіндік сана (сарасана ) арқылы өзін-өзі сезініп, “МЕН” деген  қасиетін ұғынады. Саналылық дегеніміз- адамның өзін-өзі  және өзінің психикалық күйін түсінетін арнайы кісілік  ерекшелігі.

Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық санамен  тығыз байланысты. Сондықтан саналылық- адам өзін-өзі түсінгеннен гөрі кең ұғым.Өйткені, өзін сезіну мен қоршаған болмысты сезінудің бірлігі арқылы, адамның кісілік қасиетіне тән өздігінен реттелудің жоғары түрі жүзеге асады.Сөйтіп әрбір сана қоршаған  әлемнің нәрселерін сезіну мен адамның  өзін-өзі және өзінің ішкі дүниесін сезінуден тұрады.

Адам санасы әлеуметтік түрткілердің ықпалынан- еңбек іс-әрекеті мен қатынастан қалыптасады. Сана-сезім бір жағынан танымдық, екінші жағынан әпекеттік рухани құбылыс. ­­­Өзін түсіну арқылы адам өзін-өзі жөнге салады, өз ісіне баға береді, мінез-құлқын реттейді, тәрбиелейді.Саналы істер психиканың 10%-ын құрайды.

Алайда адамның көптеген психикалық әсерленісі (90%-ы ) оның санасына жетпей атқарылады. Оларды П:В:Симонов екі топқа бөледі.

Бірінші топ–шаласана (подсознание). Оған санадан тыс шығарылған автоматты қимыл дағдылары, ішкі ағзалардың қызметі мен реттелуі, эмоция реңкі мен олардың  сыртқы көрінісі, мотивациялық келіспеушілік жатады. Шаласана адамды артық энергия шығынынан сақтайды, оны ышқынудан қорғайды. Шаласана немесе бейсана (бессознательное ) бірінші деңгейі-адамның өз денесін, тіршілігін психикалық санасыздықпен бақылауы. Екінші деңгейі- адамның ұйықтамай жүрген кезеңіне ұқсайтын үрдістер. Оның үшінші деңгейі адам рухының жоғары сергектігінде жетілетін көркемдік ғылыми және басқа сезімталдық психикалық  үрдістерден көрініс табады.

Биоэлектрлік белсенділігіне қарай танылған және танылмаған реакциялардың айырмашылығы ми белсенділігінің глобалдық деңгейіне және ми құрылысының реакцияға қатысуына байланысты.

Сананың белсенділігіне ортаңғы ми бөлімдері өте күшті әсер ететіні дәлелденген.Ми бөліктерінің белсенденуінің минималды периоды 100-300мс сигналды қабылдайды.

Екінші топ – асқынсана (сверхсознание ) немесе интуиция. Асқынсана жаңа ақпараттың, тұжырымдамалардың, жаңалықтардың көзі ретінде жоғарғы шығармашылық үрдісін қалыптастырады. Оның нейрофизиологиялық механизмі жақын бейнелер мен ұғымдардың, естегі іздердің трансформациясы, олардың негізінде жаңа комбинациялық ассоциациялары, логика бойынша жаңа уақытша байланыстар құру. Ол сана  бақыламайтын шығармашылық нұрлану (инсайт ), болжам, жорамал, аңғару, шамалау қасиеттерін қалыптастыратын тетіктерден тұрады.

Инсайт- адам өзі ұзақ уақыт табандылықпен нәтижесіз еңбек еткен немесе көп ойлаған ісінің шешімін кенеттен тауып  аңғаруы .

Асқынсананың негізі — зерде іздерін өңдеп, жаңаша құрамыстар амалдар табу, жаңа уақытша байланыстар жасау, аналогтар құрастыру. Ол ғылыми жаңалықтар ашуға, көркем шығармалар жазуға, өнер туындыларын жасауға ықпалын тигізеді.

Сана мен таным үрдісінде эмоцияның маңызы өте зор.Адам  эмоция мен сезім арқылы ақиқат болмысқа өзінің арнайы ыңғайын білдіреді. Сонымен бірге адам қоршаған болмысты жандандыруға саналы іс-әрекет  жасайды. Сананың практикалық қимыл- әрекетке  бағытталуы, оның маңызды бір саласы –адам ырқын құрайды.

Ырық дегеніміз — қиындықтарды жеңуге  арналған саналы, мақсатты психикалық іс-әрекет . Ол адамның талаптарын, мақсат- мудделерін, істерін жүзеге асырады.

Көп жылдар бойы сана үлкен ми сыңарлары қыртысы, ал шаласана  орталық жүйке жүйесінің төменгі бөліктері арқылы атқарылады деген пікір болды.Алайда  олар мидың барлық құрылымының бірлестірілген  іс-әрекеті, яғни ми қыртысы барлық рефлекстік әсерленістерге  қатысады.

Мидың бірлестіру (интеграция ) іс-әрекеті үш негізгі әрекеттік жүйенің  өзара әсерлерінен құралады. Бірінші – ақпарат қабылдайтын және өңдейтін  сезім жүйесі (талдағыштар ). Екіншісі – жүйке жүйесін белсендіретін мидың түрлендіріс жүйесі (модуляция ) жүйесі (лимбия жүйесі, торлы құрылым ). Үшіншісі – мінез- құлықты бағдарлайтын, іске қосатын және бақылайтын – қимыл-әрекет жүйесі (қозғалыс талдағышы ).

Әрбір шартты рефлекстік әсерленіс, оның ішінде екінші сигналдық жүйеде, шаласана денгейінде іске қосылады. Кез келген  ақпарат жетпестен, мидың тиесілі бөліктерінде талдаудан өтеді. Бұл адамдарда жоғары жүйке , психикалық іс -әрекетінің, саналы және шала саналы,көріністеріне мидың тұтас қатысатындығын көрсетеді.

Адамның мұндай екі сатылық құрылымы организмен ортаның уздіксіз қарым қатынасын қамтамасыз етеді.Сана мен шала сана тудыратын нейрофизиологиялық құбылыстардың арасында жылжымалы тепе-теңдік болады.

И.П.Павловтың айтуынша шала сана денгейінде пайда болатын әлсіз тітіркенудің сергітетін ықпалы ми қыртысының қызметін, жұмыскерлігін күшейтеді.Жаңа, көп ақпарат мидың шала саналық сатысы сананың бүкіл пәрменін қосатын бағдарлама жасайды.егер шеле сананы ақпараттық талдау мен өңдеудун айырса, саналық әрекет болмай қалады. Сол себептен психикалық ауытқулар немесе жағымсыз өзіндік әсерленушілер тууы мүмкін.

Дені сау адамда ішкі ағзалардың шартты рефлекстік реттелуі де шаласана деңгейінде атқарылады. Ішкі ағзалардың интерорецепторына әсер ететін үйреншікті тітіркендірулерден шығатын мәліметтер ми қыртысына жетіп талданады. Бұл ишаралар организмнің мінез- құлығын өзгертетін шартты- рефлекстердің негізі болуы ықтимал. Мұндай күйлер адамның өзіне түсініксіз болады (“күңгірт сезім ”). Осы тітіркендірістердің әсері күшейсе, ақпараттар санаға жетіп, организмнің сәйкнес аймақтарындағы жаман халді баяндайды.Ол науқастарда әртүрлі өзіндік сезулер мен шағымдар туғызады. Шаласана, әсерленіс мінез-құлықтық және психикалық іс-әрекеттің басқа түрлері сияқты, себеп пен салдар қатынасы заңдарына бағынады. 551 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұжырым

 

Қазіргі заманда ғылым мен техниканың, кибернетиканың жетістіктерін, радиоэлектрониканың жаңалықтарын, компьютерді кеңінен физиологиялық зерттеу жұмыстарында қолданып, жоғарғы жүйке жүйесінің, нерв импульстерінің кері байланыс тетігі жайлы қағида тереңірек зерттелуде.

Жүйке жүйесінің іс-әрекеті адамның күнделікті өмір сүруін, яғни оның бүкіл іс-әрекетінің орталығы болып табылады.

Адамдардың бір-бірімен өзара араласып, тілдесіп, бірге тіршілік етуін реттеп отыратын оның санасы. Оның адамды жер бетіндегі өзге жануарлардан ерекшелеп бөлетін қызметтері бар, мысалы ойлау, сөйлеу, кейбір іс-әрекеттерді жасау кезінде адам көбіне санасының жұмсауымен жүреді.(I, II сигналдық жүйелер, абстрактілі ойлау жүйесі, т.б.)

Адам санасының пайда болуы — психика дамуының жоғарғы сатысы.

Жалпы, өз ойымды қорытындыласам, адамның санасы- жалпақ  тілмен айтқанда — оның өміріндегі жолдасы. Бүкіл адамға ғана сәйкес іс-қимылдардың көбі дерлік ми қыртысындағы сана орталығында таразыға өлшеніп, мөлшерімен шеткі қозғалғыш мүшелерге беріледі. Адам санасының жоғарғы мәні дегеніміз оның адам үшін ерекше қызметі деп түсіндірсек те болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

  1. Сәтбаева Х.Қ, Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. Адам физиологиясы, Алматы 2005ж., 549-554 беттер
  2. Покровский В.М., Коротько Г.Ф. «Физиология человека» М., Медицина, 2003 ж., 606-617 беттер

3.Дүйсембин Қ.,Алиакпарова З.Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы, Алматы, 2003ж., 105-108 беттер

4.Сейталиев Қ. Жалпы психология, Алматы, 2007ж.,53-бет