АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Агробизнес

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕСИТЕТI

 

 

 

 

               Экономика және бизнес факультетi

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: Агробизнес

 

 

 

 

 

      Тексерген:

                                                Орындаған: Асанова К.Қ.

                                                               Мамандығы:ФиК05

                                     Тобы: К1

                                  Курс: I

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2006 жыл

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

  • Бизнес ұғымы, мәні және экономикалық мазмұны …………………….2
  • Агробизнес және агроөнеркәсіптік бизнестің жұмыс істеуі………..4

 

Негізгі бөлім

  • Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары..7
  • Алыс шетелдегі экономиканың аграрлық секторының жұмыс істеуі мен дамуының ерекшеліктері…………………………………………..10
  • Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері…………………………………………………………………………………..12

 

Қорытынды

Агробизнесті мемлекеттік реттеу тегерішіндегі салықтық құралдар….14

 

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………….16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

  • Бизнес ұғымы, мәні және экономикалық маңызы

 

Нарықтық экономика – еркін іскерлік экономикасы және бизнестің оның барлық салаларында жұмыс істеуі. Нарықтық қатынастарға көшу тұрғындарды бизнеске кеңінен тарту арқылы ғана мүмкін болады.

Экономикалық реформаларды іс жүзіне асыру, бірте-бірте нарықтық қатынастарға көшу, дамыған елдердің тәжірибесін жан-жақты оқып үйрену, қоғамды иделогиядан босату сияқты факторлар уақыт өте келе біздің отандастарымыздың санасында адамдардың өзара пайдасы және жалпы игілік жолында бизнестің өндірістік, жасампаз қызмет ретінде қабылдауына мүмкіндік береді.

Бизнес – бір жақты анықтауға бағынбайтын, барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Қоғамда өндірістің үш факторы бар, олар – жер, еңбек және капитал. Американдық экономист И. Шумпетер бизнесті өндірістік төртінші факторы ретінде қарастырады, ол бұл жерде іскерлік қасиеттерді, оған қатысушылардың белсенділігін өндірістің қозғаушы күші ретінде, әлгі негізгі үш фактордың іы-қимылын күшейтуші факторлар ретінде түсінеді.

Бизнесті пайда табу немесе басқадай әдіспен олжалы болумен байланысты қызмет ретінде анықтайды. Мұның өзі бизнестің ең басты белгісі және оның негізгі мақсаты болып табылады.

Бизнесмендердің экономикалық қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз араласып кеткен өркениетті рынок жағдайында жекелеген іскер тек қана өзінің жеке пайдасын, оның үстіне бизнеске қатысушы басқалардың есебінен пайда табуды ойлайды. Ол өзінің қызметін тек өзіне ғана пайда қылмай, сонымен қатар ортақ іске қатысушы басқа да бизнесмендердің пайдалы болуын көздеп, ұйымдастыру керек. Алғашқыда экономика туралы бизнес жеке адамдардың, кәсіпорындардың немесе ұйымдардың бірлесе отырып, табиғат байлығын игеру, өндіру, тауарларды сатып алу және сату немесе басқа тауарларға қызмет көрсету сияқты жұмыстар атқару арқылы мүдделі адамдар мен ұйымдардың өзара пайда табуына бастайтын қызмет ретінде қарастырылады. Сонымен, бизнес басқа жақтың шығынға немесе алдауға түсіп қалу есебінен тек қана бір жақтың пайда табуына жол бермейтін адал қызмет ретінде көрінеді.

Бизнестің өзіне тән белгісі – ол жеке меншікке, өндіріс факторына негізделеді. Себебі, жеке меншік өзіндік, отбасылық, топтық және акйионерлік, яғни ұжымдық сияқты әр түрлі болп келеді. Бұл мемлекет іскерлік қызметпен айналыса алмайды дегенді білдірмейді. Бюджеттін қаржыландыратын мемлекеттік тапсырыс ретінде мемлекет қаржысына бизнесмендер орндай алады. Мемлекеттік әлдебір іскерлікті немесе жекелеген бизнеммен топтарды қолдау жолымен бизнеске қатыса алады. Экономикасы дамыған көптеген мемлекеттерде, мысалы, мұндай мемлекеттік қолдауды, бизнесті жүзеге асыру үшін жеңілдік жасауды ұсақ іскерлер, шаруа қожалықтары немесе тұтастай агробизнес пайдаланады.

Бизнес экономикалық қызметтің басқа тұрақты түрлерімен салыстырғанда өзінің жандылығымен және инициативалығымен ерекшеленді. Бизнеспен үнемі жаңа өнімді, технологияны, сапаны, рынокты, бағаны, сондай-ақ тұтынушыларды, материалдарды, құрал-жабдықты, транспортты, ғимараттарды, ақпараттарды, байланысты және тағы басқаларын іздестіру үстінде болады. Бизнесменнің іскерлігі жөнінде француздық бір оқулықта бизнесменді бір орында қозғалыссыз тұра алмайтын, әйтпесе құлап қалатын велосипедшімен теңейді.

Бизнестің аталмыш қасиеттері шығармашылыққа жетілдіруге, жұмыстың тиімді әдістерін іздестіруге итермелейді, ал мұның өзі өз қоғамды экономикалық және әлуметтік өркениетке алып келеді. Адам Смит іскерліктен түскен пайданы жекеменшік иесі – бизнесмен оның қым-қиғаш қызметі мен коммерциялық идеяларын іс жүзінде асыру жолындағы тәуекелі үшін қоғамның берген ақысы деп атайды. Басқару саласындағы ірі маман Макс Вебер бизнесті ақыл-ойдың дәнін себуші ретінде бағалаған. Йозеф Шумпетер іскерлікті экономиканың басты факторы, оның дамуының негізгі қозғаушысы деп санаған.

Белгілі ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейс іскердің бойында болуы тиіс төмендегідей негізгі қасиеттердің астын сызып айтқан: абайлау білу, алдын болжай білу, есептей білу, өркениетке ұмтылу, алдағы күнге сенімменқарау, ілікімшіл болу, ұқыптылық, жиған ауқатын мұрагерлеріне қалдыру ниетінің болуы.

Бизнес немесе іскерлік – бұл өзіндік инициативалық, өз мүлкінің жауапкершілігі аяасында жүзеге асатын, жекелеген азаматтардың немесе олардың топтарының пайда немесе олардың топтарының пайда немесе басқалай түрінде экономикалық олжа табуға бағытталған кез келген қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

 

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салаларымен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығында экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнестің жүзеге асырудың теориялық әдістемелік оқып үйрену қажеттілігі туады. 70-жылдарда ғылымда ауыл-шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеп, дами бастады. Бұл кезде «агроөнеркәсіптік кешен» атауы пайда болды. Оның үш саласы  — қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу, тасмалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салаларға байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді.

 

Агробизес кешені

                                             І сфера. Реурсурстар:

                                               техника, жем, тұқым,

                                                 тыңайтқыш, улы

                                             химикаттар, несиелік

                                                   ресурстар

 

        IV сфера. Агросервис:                                              ІІ сфера

           мемлекеттік                                                  Ауыл шаруашылығы

          кооперативтік                                                   егіншілік, мал

          жеке                                                                шаруашылығы, жем

                                                                                             өндірісі

                                                 ІІІ сфера. Маркетинг:

                                                  жинау, сақтау, өңдеу,

                                                  тасмалдау, сату.

 

 

Агробизнес комплекстің  басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйытқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық фактормен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс- несие де кіреді.

Сфералардың үшінші тобы егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетингтік сфераны құрайды. Бұл сала тамақ өнеркәсібінің болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және тұрғындар қажеттілігінің өсуі мен азық-түлік сервисінің дамуына байланысты ол одан сайын өсе түсуде.

Төртінші сфера агробизнесті толықтай және оны жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады. Оның негізгі ерекшелігі агросервис мемлекеттік құрылымдарында. Сондықтан да, міндеттерді шектеуден басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің техникалық қызмет көрсету, агротехникалық және агрохимиялқ қызметтер. Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрлымымен өте ұқсас және ол үш негізгі үш сфераның басын құрайды.Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген сфераға бөлу процесінің экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік өнімнің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфераларды рациональді арақатынасынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе-теңдік құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің Республикамызда маркетингтік сфераның дамымай артта қалуының басты себебі ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түліктің көп асырапқа ұшырауы болып табылады. Кейбір жылдары жалпы өнімнің 25-35% ысырап болған. Біздің еліміздегі агроөнеркәсіп кешені түпкі өнімнің құрылымын Америка Құрама Штаттарындағымен салыстыру көрсеткендей, бұл жердегі айырмашылық бізді аса қуанта қоймайды. АҚШ-та агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімнің 70 проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10 процентке жуығы ауылшаруашылығының үлесіне тиеды. Ал, біздің Ресспубликамызда ауыл шаруашылығының үлесі 50 проценттен асып кетіп отыр. Батыс елдері агроөнеркәсіп кешені құрылымның қозғалысына тән бір жайт, мұнда азық-түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз-өзіне реттеу жолымен ғана жасауға болады.

Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болмайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да теңдей қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

  • Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары.

 

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзнің шешуші кезеңінен енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің негізгі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндірісқұлдырауы тоқталып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: «… барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді…». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.

Мемлекет басшысының идеяларын, қабылдаған заңдар мен Республика үкіметінің қабылдаған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады. Ішкі көздердің есебінен өндіріс құлдырауын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауыл шаруашылық өнім өндіруді арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін Бағдарламада мына төмендегідей шаралар қарастырылған:

  1. меншік қатынастарын қайта құру, жекешелендіру тәсілдері мен қарқыны, бәсекелестік қатынасты дамытуды қамтамасыз ететін көпкуладты экономиканы қалыптастыру жәнге агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру жөніндегі экономикалық реформалар бағытына түзетулер енгізу.
  2. агроөнеркәсіп кешенінің еркін баға белгілеуге көшуін қамтамасыз ететін тиісті қаржылық-несиелік және баға жүйесін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнім ұсынушыларды мемлекеттік қолдаудың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін, монополист-кәсіпорындар өнімнің бағасын шектеуді, шетелдік инвестицияны тарту және біріккен бизнесті дамыту мәселелерін жасау және жүзеге асыру
  3. тауар қорларын қалыптастырып, реттеуге мүмкіндік беретін және соның негізінде рынок сыйымдылығы
  4. агроөнеркәсіп кешенінің терең құрылымдық жаңғыруын төмендегідей бағыттарда жүзеге асыру;
  • республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциалын олардың экологиялық жүйе тараптарына, экономикалық мақсаткерлігіне, өзін-өзі қамтамасыз етуіне, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары егіс көлемі құрылымның әлемдік рынок конъюнктурасына сәйкестедіріледі.
  • ауыл шаруашылығындағы мал басының генетикалық потенциалын әрбір табиғи аймақтағы жем-шөп базасының мүмкіндіктеріне орай толық пайдалану.
  • агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік негізгі қордағы қажеттілікетерін қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық машиналарын жасау салаларын құру.
  • қуаты және орналасуы жағынан тиімді өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру.
  • экономиканың көпактуалдылығы және жеке меншіктің пайда болуын есепке ала отырып, селодағы әлуметтік инфроқұрылымды дамыту.
  1. агроөнеркәсіптік кешен араласқан экожүйелердің барлық элементтерінің эколгиялық қауыпсіздігіне экономикалық, құқықтық және техника-технологиялық кепілдік беретін жүйелер құру.

а) Егіншілік салаларын дамыту

Республикадағы егіншіліктің негізгі саласы астық өндіру болып табылады. Тың және тыңайған жерді игеру Қазақстанды астықты ірі өндірушілердің қатарына қосты. Қазақстан жан басына астық өндірк жөнінен де дүние жүзінде күні кешеге дейін Канададан кейінгі екінші орынды иеленіп келеді.

 

Қазақстандағы егіс көлемінің, астық өнімділігі мен жалпы түсімнің өсу қозғалысы

 

жылдары

егіс

Алқабы млн.га

топырақты

өңдеу млн.га

өнімділік

ц/га

өнімділік

өсуі ц/га

жалпы өнім млн.т.

жалпы өнімнің өсуі млн.т.

1946-1955

1956-1965

1966-1975

1976-1985

1986-1990

7

24,6

23,8

25,3

24,1

6,9

15,3

22

22,6

5,6

7

8,9

9,6

10

1,4

1,9

0,7

06

3,9

17,2

21,2

24,3

24,1

13,3

4

3,1

0,2

Қазақстанның солтүстік облысындағы көптеген аудандардың топырақтық-климаттық жағдайы тұрақты астық өндіруді қамтамасыз етеді. 60-жылдардың ортасында топырақтың эрозияға ұшырауы егіншілік топырақ қорғаудың ғылыми негізделген жүйесін қолдану арқылы тоқтатылады. Алайда, Республиканың кейбір облыстарында дәнді дақылдар ішінара ашық қоңыр және сұр құба топырақты шөл далалық аймақта орналастырған. Бұл жерлерде өнімділік гекторына 5-6 центнерден аспайды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар және басқа кейбір облыстарда жеңіл механикалық құрамдағы топырақты жерлерді жырту да басы артық дүние болып шықты. Сондықтан да тұжырымдық бағдарламада құнарсыз жерлердегі дәнді дақылдар егістігі көлемін бірте-бірте қысқартып, геторына 8 центнерден өнім беретін жерлердің өзін-өзі ақтауы мен  шығынын жабу мақсатында астық өндірісі экономикасының қазіргі заманғы жай-күйіне жақындастыру қарастырылған.

   Астық қажеттілігінің балансы мен егістік көлемінің, өнімділіктің және жалпы түсімнің есебі Республика астық өндірісінің мүмкін нұсқауларын көрсетеді. Күш-жігер мен қаржылық-материалдық көздері барынша қолайлы аудандарда астық өндіруге шоғырлану арқылы дәнді дақылдар егістігінің көлемін қысқарту ішкі қажеттіліктерді толық қамтамасыз етуге, нарықтық экономика жағдайында анықтаушы күш болып табылатын саланың өзін-өзі жалпы ақтауы арқылы астықты шетелге шығаруға да мүмкіндік береді.

Егістік көлемін қысқарту нұсқасы бойынша егіс көлемі, өнімділігі, жалпы түсім және астық қажеттілігінің балансы

Нұсқаулар

 

 

 

Дәнді дақыл алқабы мың га

Өнімді-

лік ц/га

Жалпы өнім млн.т

Шығындар, млн. т

тұ-

қым

азық-

түлік

нақты

ақы

жем

сақ.

қоры

экс-

порт

Бастапқы нұсқа

Алқап өнімділігі:

1.5ц/га кем

2.6ц/га кем

3.7ц/га кем

Облыстар бойынша алқап өнімділігі 6 және 7ц/га –дан төмен болғанда.

22,7

 

 

 

18,3

16,3

13,1

 

 

 

 

 

 

 

17

9,2

 

 

 

14,2

1409

16,2

 

 

 

 

 

 

 

14,4

20,9

 

 

 

26

24,2

21,2

 

 

 

 

 

 

 

24,5

3

 

 

 

2,8

2,4

2

 

 

 

 

 

 

 

2,6

3

 

 

 

3,4

3,4

3,4

 

 

 

 

 

 

 

3,4

1

 

 

 

1,1

1,2

1,3

 

 

 

 

 

 

 

1,3

6

 

 

 

7,5

7,5

7,5

 

 

 

 

 

 

 

7,5

2

 

 

 

2,1

2

2,1

 

 

 

 

 

 

 

2,1

5,9

 

 

 

9,1

7,7

2,1

 

 

 

 

 

 

 

7,6

 

 

 

  • Алыс шетелдегі экономикалық аграрлық секторының жұмыс істеуі мен дамуының ерекшеліктері.

 

   Қазіргі заманғы капиталистік ауыл шаруашылығының әлументтік-экономикалық жағдайында мемлекеттік шаруашылық жүргізудің сан қырлы ұйымдық тәсілдері мен әдістерін дамытуға әсер етуі барған сайын айрықша орын алуда. Агроөнеркәсіптік технологиялық, ұйымдық және басқару интеграциясының қажеттілігі сала аралық өндірістік жинақтауға және шаруашылық жүргізудің ассоциациялық тәсілін құруға әкелді. Бірақ, соған қарамастан агроөнеркәсіптік өндірістің негізгі күні бүгінге дейін фермерлік қожалықтар болып қалуда.

   Ауыл шаруашылығының өндірістің машиналық технологиясына көшуінен кейін ол адамдардың жаппай айналысатын саласы болды. Соғыстан кейін онжылдықтар ішінде дамыған капиталистік елдердің ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің саны 3-4 есе және одан да көп қысқарады. 80-жылдардың ортасында барлық дамыған елдердегі ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер үлес салмағы 10% аспады, ал көптеген елдерде бұл көрсеткіш 3-5% деңгейде сақталып қалды.

   Дамыған елдердің агралық секторындағы негізгі өндірістіе бірлік өз қызметінде толық экономикалық бостандығы бар тәуелсіз тауар өндірушілер фермерлік қожалықтар болып табылады. Әдетте, ферма аясында нақты тапсырс берушілер үшін ауыл шаруашылығы өім өндіру мен тарату процессінде оның қожайыны қатысу нәтижесінде жұмыс істейтін, мамандалынған жоғарғы тауарлық шаруашылық айтылады. Фермерлік шаруашылқ қызметінің базасы негізінен қожайындар мен лоардың отбасы мүшелерінің еңбегі болып табылады. Дамыған елдердің мемлекеттік саясатының негізіне қаланатын фермерлік шаруашылықтардың құрылу және жұмыс істеу принциптері баршаға белгілі және төмендегі жалпы заңдылықтардыан туындайды:

  • «фермерлік » — бұл тек қана өһндірістік іскерлік қызмет емес, сонымен қатар, сонымен бірге әлументтік бірлік, өмір салты;
  • Фермерлікпен отбасы айналысу тиіс;
  • Жердің иесі оның өндірушісі болып табылады;
  • Кімде-кім фермер болғысы келсе, оны фермер болуға мүмкіндігі болуы керек;
  • Фермер өзіне өзі қожайын болуы керек;

Жекелеген дамыған елдерде фермерліе өндірісті дамытудың жалпыға бірдей заңдылықтарымен қатар оның көлеміне, жер мен еңдекті пайдалану мазмұнына, мамандануы мен тауарлығына, ішкі және сыртқы байланыстардың интенсивтігіне қатысты мәнді айырмашылықтары да бар. Ғылым-технологиялық өркениеттің нәтижесінде, қатаң бәсекелестік жағдайында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көлемі өсіп, фермалардың мамандануы деңгейі артып, өнімнің құн сыйымдылығы көбейгенімен, олардың саны үнемі қысқарып келеді.

   Фермалардың негізгі бөлігі өз меншігіндегі жерде дамиды. Алайда, жерге деген бағаның тұрақты өсуі және рыноктегі конъюнктураның өзгеруі. Толық меншіктегі жердің үлесін қысқартуға мәжбүр етеді. Мұндай жағдайда жалға алатын жердің үлесін қысқартуға мәжбүр етеді.

   Шаруашылық ұйымдастырудың дәстүрлі тәсілдеріне әр түрлі үлгідегі отбасылық фермалар, оның ішіндегі қожайынның толық қатысуындағы фермалар жатады. АҚШ-тағы, Ұлыбританиядағы фермерлер өз шаруашылқтарында аптасына 55-65 сағаттан жұмыс істейді. Зерттеу мәлеметтері көрсеткендей, Еуропалық Экономикалық Қауымдастық елдерінің ауыл шаруашылығындағы еңбек шығынының жартысына жуығы фермерлердің өздері, 30-40% олардың әйелдері мен отбасының басқа мүшелері, ал қалған бөлігін жалдамалы жұмысшылар қамтамасыз етеді.

   Компаниялар, орталықтар мен кооперативтер агробизнесті реттеп, фермерлерге тікелей және жанама қызметтер көрсетіп, фирмалар мен қызметтердің арасында бәсекелестікті төмендетіп, сол арқылы ауыл шаруашылығы мен өздерінің қызметтірін пайдаланылатын өз мүшелернің ортақ мүдделерін қанағаттандырып отырады. Сондағы кооперативтерді қалыптастыру мен дамыту азық-түлік сферасының қазіргі заманғы ифроқұрылымын құрауға әсер етіп, өнімді өткізу және өндірістік құралдарын сатып алумен байланысты қиындылқтардан құтқарып, фермерлік шаруашылықтардыңғ, жалпы агралық сектордың тиімділігі артуға мүмкіндік жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері.

   Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықты экономиканың экономикалық процессіне мемлекеттік араласу болмауы керек деген тұжырым барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, дамыған елдердің тәжірбиесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің қажетті буыны болып табылады.

   Мемлекеттік агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлер тіпті дамыған нарық жағдайынада бірқатар объективтік факторлармен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлументтік-экономикалық маңызы бойынша олар әректі болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әр түрлі даму кезеңінде бұл шаралар ауысып отыруы мүмкін, бірақ олардың мәні тұрақты болып қалады. Көп жылғы тәжірбиеде сыналған олардың көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірігіп кетті және қазіргі жағдайда нарықтық экономикалық теорияның тиісті тауарларының негізін құрайды. Сонымен қатар кейбір шаралар қалыптасқан саяси және әлументтік конъюктураның әсеріне ұшырады.

   Мемлекеттің реттеу шараларының бірінші тобы өндірістің әмбебап және тиімді реттеушісі болған нарықтық тегеріштің барлық жағдайда бірдей қуатты қару емес екендігі мойындауға негізделеді. Кез келген қазіргі заманғы экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын және мемлекеттік араласуды қажет ететін кең көлемдегі проблемалар бар.

   Мемлекеттің маңызды міндеті – монополияға қарсы реттеу және әділетті бәсекелестікті қолдау. Сыртқы тиімділкті реттеу мен қоғамдық тауарлады қаржыландыруға, яғни жетілген еріктік бәсекелестік жағдайында мемлекет орындайтын функцияларға қарағанда бұл міндет жетілдірілмеген бәсекелестіктің нақты жағдайда экономикалық теорияға негізделеді.

   Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің тағы бір маңызды ағыты әлументтік-экономикалық укладта болғандықтан фермерлікті қолдану идеясы болып табылады.  Оны жақтаушылар жеке отбасылық фермаларды ауыл шаруашылығындағы іскерліктің тиімді тәсілі ретінде әділетті қарастырады. Өмірдің фермерлік уклады бостандық, саяси әлуметтік тұрақтылық, еркін бәсекелестік сияқты әлументтік және экономикалық иеліктер ретінде қабылданады. Аталмыш концепциясының мемлекеттік саясатқа тікелей әсер етеді. Мәселен, АҚШ-тың 7 штатында ауыл шаруашылығы корпорациялары қызметін жүргізуге ресми тыйым салынуынан, 8 штатында олардың қызметін шектеуден көрінеді.

   Фермерлік табыстың қолдаудың басты бағыты өнеркәсіп және ауыл шаруашылығ арасындағы айырбаста бағалық притетті қамтамасыз ету болып табылады. Оның қажеттілігі фермерлік бағаның төмендеу тенденциясынан, сондай-ақ агробизнестің аралас салаларының бағаға монополиялық үстемділік жасау мүмкіндігіне туындайды.

   Ауыл шаруашылық кооперативтері қызметі ауыл-шаруашылық кооперативтер ұйымдастыруда консультациялық және техникалық көмек көрсетеді және олардың қызметінің статистикасын жүргізеді. Ауыл шаруашылық министрлігіне ұлттық ормандарды, сондай-ақ ұлттыұ маңызы бар шалғындар және жер учаскілерін қадағалайтын орман қзметі бағыфнады.

   Қазіргі заманғы агробизнес мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарына шолуды қорытындылай келсе, олардың маңызды ерекшеліктерін атап көрсету керек. Нарықтық тегерішті толықтыра және түзете келіп, реттеудің мемлекеттік тегерушісі оның негізгі сұраныс пен ұсыныстың негізінде баға белгілеуді бұзбайды. Өте сирек болып тұратын ерекше ситуациялар, төтенше жағдайлар айтпағанда рыноктың тегеріші оның негізгі сұраныс пен ұсыныстың негізінде баға белгілеуді бұзбайды. Өте сирек болып тұратын ерекше ситуациялар, төтенше оқиғалар, аракідік жағдайларды айтпағанда рыноктың төгершін бұзатын дерективтік тапсырма, бағаның өсуінен жаппай әкімшілік бақылау, өндірістік реурстар мен тұтыну заттарын натуралдық бөлу сияқты іс-қимылдарға жол бермейді. Шын мәнінде, дамыған елдердің агралық өндірістің тиімделігіболса керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Агробизнесті мемлекеттік реттеу тегерішіндегі салықтық құралдар.

 

Агралық секторды мемлекеттік реттеудің маңызды құралдарының бірі салықтық саясат болып табылады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылық өндірісінде жалпы алғанда оның ішінде агробизнесте салық салу жүйесінің ерекше қалыптасуына ұмтылу оның кең тараған түрі болып табылады. Мұндай ұмтылыс дамыған елдерге тән. Салық салу негізінен агралық секторда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға тікелей салықтық жеңілдіктер берумен ерекшеленіледі.

   Сондықтан да Қазақстанда және барлық қалған ТМД республикаларында реформаларының бастапқөы кезеңінде (1991-1993ж.)

Агроөнеркісіп кешені кәсіпорындары үшін салық саясатында көптеген жеңілдіктер жасауы кездейсоқ емес.

   Өркениетті салық саясаты экономикалық шешімдерді бұрмалауға жетекейтін принциптерге негізделмеу керек. Салық жүйесі әділетьті болуы шарт. Бұл талаптарға сәкестіктер сәйкес келу үшін, біріншіден, көлденең теңдікті және екіншіден, тігінен теңдікті сақтау қажет. Салық жүесі қарапайым және түсінікті болуы шарт. Салықтар нарықтық таңдауға қолбайлау болмауы керек және тиіс. Белгілі бір саладан немесе белгілі бір қызмет түрінен алынған табысты салықтан босату бейтараптық принципін ашық бұзғандық болып табылады.  Ауыл шаруашылықтан босату ең кем дегенде мынандай қиыншылықтар туғызады: қандай қызметті салықтан босатуға болады, ал қандай қызметті босатпау керек, шаруашылықтарды жүзеге асырылатынқызметін барлық түрін немесе ауыл шаруашылығы субъектілерін орындайтын жұмыстарын салықтан қалай босатуға болады деген сұрақтардың өзі бұл жерде орынсыз. Қызметтің салық салынатын және салынбайтын шығындарын бөлу маңызды факторлар болып табылады.

   Салық кодексі бойынша агроөеркісіп кешенінің кәсіпорындары үшін көптеген салықтық жеңілдіктер алынып тасталды. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының агралық мәні есепке алына отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін табысық салықтың 10 проценттік үстемесін сақтап қалу маңызды болып табылады.

   Салықтық есептеудің қалай жүргізу керек екнін мылалмен көретуге болады:

Табыс…………………………………………………………………1,000 000 долл.

Өнім өндіруге кететін шығын……………………………….500, 000 долл.

Баланстық пайда…………………………………………………..500,000 долл.

Рұқсат етілген шығарып тастаулар………………………….300,000 дол.

Салынған салықтың табысы……………………………………200,000 дол.

Салық үстемі………………………………………………………….30 процент

Ауыл шаруашылық өндірісі…………………………………….60,000 долл.

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

салықтық есептеу (5%*60,000)………………………………..3,000 долл.

Есептеуден кейінгі барлық салыққа төленетіні…………57,000 долл.

Осы көрсетілген арнаулы есептеу тікелей салынған салық бойынша жасалады және есептеу жүзеге асырылатын уақытты барлық кезеңіне салықтық міндеттемені айтады.

Нақты міндеттер ен реформалаудың кезеңдерін, елдің ерекшелігін, экономикалық жағдайын және салықтық әкімшілік деңгейін есепке апла отырып, әр түрлі нұсқаулар пайдалануға болады. Алайда, жалпы бағыт мемлекеттік салық саясматының агробизнеске өркениетті салық жүйесін енгізудің объективті принциптері толық есепке алынатын жағдайда жүргізілуін аңғартады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Қазақ совет энциклопедиясы, 1-том, Алматы, 1973, 173 б.
  2. «Континент» журнал из Казахстана №21 (131) 13-24 октября 2004
  3. «Континент» журнал из Казахстана №22 (134) 24 ноября — 7 декабря 2004

4.«National Business» журналы август 2005/№8(22)

  1. «Егемен Қазақстан» газеті 2005/(17)
  2. «Егемен Қазақстан» газеті 2003/(31)
  3. М.Т. Оспанов, Р.Р. Аутов, Х. Ертазин «Агробизнес» —                                           

       1997/103,118б.                                            

  1. Әкімбеков «Экономикалық теория»
  2. Б.Б.Байжұмаев
  3. Ф.Н.Жақыпова
  4. Т.П.Табеев