АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Аралас экономиканың мазмұны

 

 

 

МАЗМҰНЫ:

 

Кiрiспе ……………………………………………………………………. 3

 

1 ТАРАУ. Дамыған елдердегi аралас экономика

          және сол туралы ғалымдарының iлiмдерi………………………6

 

2 ТАРАУ. Аралас экономиканың мазмұны………………………..……7

2.1. Аралас экономиканың белгiлерi ………………………….……9

2.2. Аралас экономиканың ерекшелiктерi …………………………11

2.3. Аралас экономиканы мемлекеттiк реттеу……………………13

 

3 ТАРАУ. Ғылыми-техникалық прогрестiң тигiзетiн әсерi …………19

 

Қорытынды ……………………………………………………………. 24

 

Қолданылған әдебиет ……………………………………………….... 25

 

Кiрiспе

 

Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек; жаңаның бәрi емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы, бұл тауарлы өндірістiң заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі — аралас экономика.

Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс — аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист ғылымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргiзудің екі түрі, аралас экономиканың алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең тереңдігі шын нақты қатынастарды айкындайды. Аралас экономика өзiнiң бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінiң екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтаған.

Аралас экономикада ешкiмді, ештеңенi ешқандай қыстау, қинау жоқ. Мұнда табиғи эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс «ескертуімен» өзгерiп, жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндай жаңа өндіріс әдісінің пiсiп-жетiлуiнде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінiң екіншісіне өту кезеңі емес.

Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңалануы, мәндік қатынастары өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. 

Қазақстанда және басқа да тәуелсiз мемлекеттер қатарында әмiршiлдiк экономикадан нарыққа өту кезеңiнде мүлде басқа жағдай қалыптасуда, экономикадағы мемлекет рөлiнiң басымдалағы бiзге өткен күннен  мұра болып қалды, нарқы одан бiртiндеп босатып, өзiн-өзi реттеу механизмiн енгiзу үшiн тұтас  реформалар бағдарламасын қабылдау қажет. Қазақстан экономикасының дамуының өткен жолы бiздiң мемлекетiмiздiң  объективтi заңдылықтары мен ерекшелiктерi аса мол күштi және өндiрiстi ұйымдастырудың таза нарықтық үлгiсiне көшу үшiн, ұзақ тұрақтандыру қажет ететiндiгiн айқын көрсетiп отыр. Бұл орайда соңғы 10-жылдықта экономика саласында маңызды нәтижеге қол жеткiзген басқа елдердлiң тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру тәжiрибелерiн есепке алу шарт. Сонымен қатар, экономикада ұлттық дәстүрдi, Қазақстанның халықаралық нарықтағы болашағы мен қазiргi жағдайын есепке алмай басқа бiр елде тәжiрибеденг өтькен жалпы схемамен iс-әрекет жасауға әсте болмайды. Бiр әлеуметтiк-экономикалық жүйеден басқасына ауысу тек ұйымдастыру шараларын ғана талап етiп қоймайды, мемлекет азаматтарыың қоғамдық санасының түбегейлi өзгеруiн, меншiк саласында жаңа қарым-қатынастардың қалыптасуын және iлкiмдi адамдардың тұтас тобының пайдав болуын талап етедi. Осының бәрi табиғи түрде жүзеге аспаса, қоғамның барлық саласында жаңа нарықтық қарым-қатынас қалыптаспаса, бiздiң бiр жүйеден екнiшi жүйеге ауысу кезiнде тұрғанымыз. Қазiргi кезде Қазақстан үкiметi нарықтық қарым-қатынастарға кедергi жасамастан қоғамның әлеуметтiк-саяси және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты белсендi де, мақсатты саясат жүргiзуде.

Егер Қазақстан экономикасын бүгiнгi әлемдiк қауымдастықтағы қазiргi үлгiмен егжей-тегжейлi салыстырсақ, онда маңызды айырмашылықтың бiрi өндiрiс құрыл-жабдықтарын жеке иемденетiн адамдар тобының аз екендiгiне көз жеткiземiз. Сондықтан да экономикалық реформа бағдарламасында мемлекеттiк меншiктi бiрте-бiрте азаматтар қолына көшiретiн кең көлемдi жеке меншiктеу ерекше орын алады.

Қазiргi кезде қазақстандағы экономиканың дерлiк толығымен, нарыққа өту жағдайларында үкiмет алдында түрған басты проблема бүкiл дерлiк ұлттық байлықтың мемлекет меншiгiнде болып отырғандығында.

Яғни республикада нарықтық қатынастар дамуының қазiргi кезеңiне барынша тән ерекшелiктер мiне, осындай. Оларға жан-жақты баға берiлдi деген ойдан аулақ бола отырып, ең алдымен нарықтық қатынастар механизмiн белгiлеуде  принциптi позициялар ұқсастығын атап өту қажет. Осы салада ғылыми және практикалық тәжiрибе алмасудың республикада өтпелi кезең мiндеттерiн шешу үшiн пайдалы болатыны күмәнсiз.

 

 

 

І ТАРАУ.     ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДЕГI АРАЛАС ЭКОНОМИКА ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ IЛIМДЕРI

Әр түрлі елдердiң қазіргі экономикасын аралас зкономика деп сипаттауға болады, бірак АҚШ-тың немесе ГФР-ның экономикасын өтпелі деп айтуға келмейдi. АҚШ-тың, ГФР-ның экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жаткан қоғамдық-экономикалық кұрылыстың экономикалық укладтары жоқ.  Сондықтан, бiз АҚШ-тың немесе ГФР-нің экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономмкалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсiнiгi бойынша айқындайды. Ғылыми әдебиетте олар монополистік капиталлизмнің немесе индустриалды қоғамның, болмаса басқа бір концепцияның белгiлi сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас ұғымын анықтайды және оның мынадай белгілерін атап өтуге болады. Алдымен аралас экономика өндірістегі тауарлы және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды. Аралас экономика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гэлбрейт «Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиіс» деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч. Макмиллан жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді: «Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен қателіктерінің бірі — бизнесмендерді қорғаушы күш қызмет көрсетумен тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өндірістерді дамытудагы бірден-бір мүдде сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды. Оның дамуы үшiн мемлекеттік реттеуді енгізу керек». Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері әлі де болса ұжымдық өндірістiң экономикасында классикалық тауар өндірісінiң жоқтығын білдіреді.

 

 

ІІ  ТАРАУ.  АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ

 

Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс — аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист ғылымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргiзудің екі түрі, аралас экономиканың алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең тереңдігі шын нақты қатынастарды айкындайды. Аралас экономика өзiнiң бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арассындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынасгарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінiң екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтаған. Аралас экономикада ешкiмді, ештеңенi ешқандай қыстау, қинау жоқ. Мұнда табиғи эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс «ескертуімен» өзгерiп, жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндай жаңа өндіріс әдісінің пiсiп-жетiлуiнде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінiң екіншісіне өту кезеңі емес. Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңалануы, мәндік қатынастары өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнiнде өтпелі кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалган кезге қамтымайды.

Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек; жаңаның бәрi емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы, бұл тауарлы өндірістiң заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі — аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелi экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ БЕЛГIЛЕРI

 

Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердiң өсуі азамат коғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатпарларына да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей ғалымдарын мынандай қорытындыға итермелейдi: «Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән жалпы адамзат құрылымның интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа өтудің күәсі болар… ол экономикалық тиімділiкгі түсінгені iзгiлiкпен қосуға бағытталган» мәселенің бұл қойылысында қазіргі дүниедегі өзгерісті, мәнді мойындау бар.

Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар жай ғана модификация емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу ірі өнеркәсiптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндiрiстiң индустриаландыруы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістiң өмірге объективті келуін қамтамасыз етті. Нәтижесiнде өмірге, қоғамдық машинаға сүйеніп өз бойына қарама-қарсы екі тенденция қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың қоғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндiрiстiң бұл өтпелі жағдайы нарық қатынас дамуының жаңа сатысын — аралас экономиканы туғызады.

Тауарлы өндiрiс — аралас экономика, өйткенi мұнда ұжымдық өндiрiс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірiстiң заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлi формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсiлi табиғи жолмен басқа тәсiлiне ауысып отырады.

Аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістері арасындағы кедергі, ол мемлекеттік жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек. Аралас экономиканы көп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі   укладтар түрлі дамыған өндiрiс әдiстерiнде болады. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың қалдықтары болды; бірақ осының себебінен капиталистiк өндірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өндірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық өндіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесінде орын табылмағаны белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстірт қараудан шығады. Егер бұл құбылыс капитализм де емес, социализм де емес десек, онда ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

 

Аралас экономиканың алғашқы көрінісі — экономика реттеудің мемлекеттiң араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттiң экономикалық қызметінің күшеюінен көрінеді. Бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т.б шаралар кіреді. Аралас экономикаға тән белгінің бірі — мемлекетпен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұнда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін бiлдiрiп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлерi мен саяси лоббизм жолымен реттеуге қатысады.

Аралас экономиканың басты белгісі — мемлекеттік меншiк. Айталык, жеке сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында, атом энергетикасында, космостық техникада игеруде ерекше бiлiнеді. Қазіргі ондірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның барлық күш-жігерiн қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.

Мемлекеттік меншіктің пайда болуы — тауар қатынастарында жаңа лептің, ұжымдық өндірістің үстемдiгін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктің көп түрлiлiгi тән, мұнда жеке-дара ұжымдық мешінктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерінің пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Оларды қолдану баскарудың мемлекеттік және басқа да органдарда жүреді, бұлар кеңістік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын сәйкестендiретiн мемлекеттік жоспарлау органдары Жапониядағы индустриалды құрылысының кеңесі сияқты стратегиялық жоспарлау принципі негізінде «тұрақтандыру саясатына салық, ақша және сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолданылуы».

Жапония аталған шаралардан басқаларын да жүргізеді. Олар: «бүкіл экономика үшін ұзақ мерзiмдi индустриалдық құрылымды жан-жақты жасайды. Бұл құрылымдар әлем экономикасында әрекет ететін нарықтық күштермен анықталады». Жапонияның, мысалы, индустриалдық дамуы жоғары және посиндустриалдық жағдайына көшуі анығырақ болған сайын экономикада жоспарлылық та жоғары болады. Әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда олар түрлі көріністер табады.

Аралас экономиканың мәнді бір сипаты — микро-макро деңгейіндегі экономикалық процестерді ұйымдастырудың, баскарудың ролінің артуы. Ұйымдастыру қатынастары ролінің артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процестердiң салдарынан болады. Қарастырып отырған аралас экономиканың белгiлерінің тағы бір жағы жекеленген кәсіпорындардың трест, концернге, диверсификацияланған кәсіпорындарға, фирмаларға ауысуы. Олар микро деңгейдегі ұйымдастыру мен басқару қызметін түбірінен өзгертеді. Ірі кәсіпорындардыц көлемі, олардың өндірістік тұтынуы, транспорттық және ақпарат мүмкіндiктерiне қарап өкім шығаруы — бәрі баға белгілеуге, сұранысты, ұсынысты бақылауға, нарықтық берекетсіздігін жоюға жағдай  жасайды, еркін бәсеке дәуіріне тән қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Аралас экономиканы қазіргі қоғамның индустриалдық даму дәуiрiндегi экономикалық жүйе сипаттайды, оған белгілi бір заңдылықтар тән. Ол заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндірістің заңдарына тәуелді. Аралас экономика шаруашылықты жүргізу жүйесі ретiнде пайда болып, тек қана ұжымдық өндірісті дамытып қана қоймайды, ең алдымен тауарлы қатынастар жүйесін тереңдете түседі. Бұл шеңбердiң ұлғаюы тауарлы қатынастардың жер шарындағы көптеген елдерді қамтуынан айқын білінеді. Олар тауар эаңдылықтарының дамуынан, оның заңдары әрекетінiң күрделенуімен, элементтерінiң жаңа түрлерінен көрінеді және олар ұжымдық өндірістің тең заңдылықтары болып табылады.

 

 

2.3. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

 

Экономика өзiмен-өзi бола алмайды деп санаған Джон М.Кейнс. Ортақ ерiктi бiлдiрiтетiн экономикалық саясат – бұл тәуелсiз айнымалыларға: тұтынуға бейiмдiлiк, капиталдың шектi тиiмдiлiгi және пайыз мөлшерi, ал ол арқылы жұмыспен қамтылуға және ұлттық табысқа әсер ету үшiн құрылған мемлекеттiк реттеу. Кейнс ақша-несие және салық саясатына iш тартады, ал мемлекеттендiруге скептикалық түрде қарайды.

Мильтон Фридмен жағымды экономикалық бiлiмдердi нормативтi саяси iс-әрекет құрылатын iргетас ретiнде бағалайды. Саясат әсiресе шешiм қабылдауда ғылымнан гөрi өнерге жатады.

Вальтер Ойкен экономикалқы саясатты экономикалық үрдiстерге әсер ететiн мемлкеттiк шаралардың жиынтығы ретiнде түсiнген. Экономикалық саясаттың шешушi мақсаты қажетсiз, қатерлi тенденциялардың пайда болуына әкелмейтiн жағдайларды туғызудан тұрады деп көрсеткенг В.Ойкен.

Авторитарлық тәртiп тәуелсiз нарықтық саясатын жүзеге асыра алатындығы туралы мифтi туғызған чилилiк тәжiрибе, ереженi растайтын ерекшелiк болыр табылады. Диктатура нарықтық жүйеге қайшы келедi, өйткенi  бiрiншiсi көндiруге, екiншiсi ерiктiлiкке негiзделедi. ХVII ғ. меркантилистерi – нормативтi экономикалық теорияның пионерлерi, үкiмет жағынан жете басқару шаруашылық аймақта тәртiптi қамтамасыз етуi мүмкiн деп жазды. Олар мемлекеттiк басқару әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қамтамасыз ететiн құрал деп таныды.

ХХ ғасыр мемлекеттiң экономикаға қатысуының жаппай дерлiк нығаюымен белгiленген болатын.

ХIХ ғ. екiншi жартысынан ұлттық өндiрiс бұрын-соңд болмаған масштабқа жеттi. Ғасырдың соңы ғылыми-техникалық дамудағы жарылыспен, өрлеумен және бiрқатар жаңа салалардың пайда болуымен, яғни қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен байланысты. Осы жағдайлардың бәрi үйлестiруде, пропорционалды макродеңгейде ұстауда, антициклдiк реттеуде сұранысты туғызды.

Монополиялық құрылымдардың жағынан: картель, синдикат, олигополиялардың нарыққа басып кiруi басталды. Осы жағдайларда бәсекелестiктi қамтамасыз ету үшiн антимонополиялық заңдарды шығару және оларды мемлкеттiк құралдармен iске асыру қажет болды.

Мемлекеттiк реттеу әлеуметтiк саясатты жалпы кең мағынада әлеуметтендiру стратегиясын iске асыру үшiн қажет болды. Ұйымдық тұтыну немесе қоғамдық қажеттiлiктердi (денсаулық сақтау, бiлiм беру, кедейлерге көмектесу және т.б.) қанағаттандыру мемлекеттiк тетiктер мен ұйымдастыруларды пайдаланусыз мүмкiн емес. Бүгiнгi күнде iргелi ғылыми зерттеулердi, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттiк қолдауды үйымдастыру қажеттiлiгiн ерекше атап кеткен жөн.

Мемлекеттiк реттеу, нарық өзiнiң табиғаты бойынша қамтамасыз ете алмайтын жаңа экономикалық қажеттiлiктердiң пайда болуымен байланысты.

В.Ойкенге сәйкес экономиканы келесi түрде бейнелеуге болады:

  • экономикалық үрдiстердiң жиынтығы
  • экономикалық тәртiптердiң әр түрлерi
  • экономикалық саясат

Тарихи тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша өндiрiстiң дамуы, жаратылыстану мен қолданбалы ғылымдардың, бiр жағынан және экономикалық тәртiптердiң жағдайының, екiншi жағынан, арасында теңсiздiк бар, экономикалық тәртiптердiң артта қалуы қалыпты жағдай саналады.

Вальтер Ойкен экономикалық тәртiп деп нарықтық шаруашылықтың шектеулi жағдайын бiлген, яғни шаруашылық жүргiзушi субъектiлер шешiм қаьылдауға және қайнда да бiр iс-әрекеттердi орындауға қабiлеттi болу үшiн қажеттi мәлiметтер жиынтығын беретiн институциялар жиынтығы.

Шаруашылық тәртiп – мемлекет қандай мөлшерде экономикалық дамуды реттеп, көмектесiп отыратындығыны және шектеулi ресурстар кезiнде, қалайша мемлекет органдары шаруашылық тәртiпке енгiзiлетiндiгiн көрсетедi.

Экономикалық тәртiптiң құрамына сонымен қатар ережелер және жарлықтар шығаратын кәсiпкерлiк одақтар кiредi.

Тарихи тәжiрибенi жүйелей келiп В.Ойкен экономикалық саясаттардың келесi типологиясын ұсынды: iс-әрекеттер еркiндiгi, экономиканы орталықтандырылған, толық немесе жарым-жартылай басқару саясаты; орташа жол саясаты; бәсекелестiк түрiндегi саясчат және үзiктi саясат.

Экономиканы жоспарлы-орталықтандырылған басқару туралы айтатын болсақ, орталықтандырылғагн тәртiптiң құлдырауынан кейiн қалған қорғаныс өнеркәсiптерiн мұзды тасқын қойтастарымен, өткен селдермен салыстырған. Оның ойынша билiк туралы мәселе проблемалы болып табылады. Өйткенi орталықтандырылған шаруашылықтағы билеушiлер қабаты өзiнiң мүддесiн, еркiндiгiн табанды өткiзетiн, бақыланбайтын топтардан тұрады. Көптеген жеке тұлғалардан тұратын қоғамдық мүде командалық экономикада iске асырылуы мүмкiн емес.

Орта жол саясаты мемлекеттiң нарықтық экономикаға араласуының белгiлi бiр деңгейiн, нарық пен жоспарлы шаруашылық арасындағы ымыраға келудi болжайды. Осыған жататындар: үйлестiрушi мақсатта мемлекеттiк араласу, толық жұмыспен қамтылу саясаты, коньюнктуралық реттеу.

Бәсекелестiк тәртiп кезiнде мемлекет жасайтын шектеушi жағдайлар бәсекелестiктiң жоғары дамуына мүмкiндiк туғызады. Ағымдағы экономикалық саясаттың мақсаты экономикалық билiктi (монополиялау үрдiстерiн) және экологиялық зардапқа әкелетiн нарық формаларын шектеу немесе шоғырлану тенденциясына жол бермеу; оның өтемақы төлеу жолдарын ойлап шығару болып табылады.

Үзiктi (пунктир) экономикалық саясатқа жеке мәселелердi шешу, нақты орталықтандырылғандық мүддесiн қорғауға бағытталған саяси-құқықтық iс-әрекеттер жатады. Осының терiс жағы жинақылықты, экономикалық жол табу амалының бүтiндiгiн бұзуы мүмкiн. Осы мағынада белгiлi бiр топтарды қолдауға бағытталған табыс саясаты жиынтық төлемқабiлеттi сұраыснты қисайтуы мүмкiн.

Кең мағынада мемлекеттiк реттеу – бұл саяси құрылымдардың ұлттық шаруашылыққа макроэкономикалық ықпал етудiң таралуы. Бiрақ осындай iске ұлттық дiл және дәстүрлердi, «жұмыссыздықты» күтудiң ұтымды деңгейiн, мемлекеттiң iс-әрекеттерiне сенiмдiлiктi және т.б. қосатын әлеуметтiк-психологиялық факторлар кiредi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттiк реттеудi болжайық.

Осында жеке таңдаудың ерiктiлiгi көпшiлiктiң мүддесiн бiлдiру еркiмен ауыстырылған. Ең жақсы жағдайда мемлекеттiк реттеу игiлiктер мен қызмет көрсетулердi көбейтпей-ақ иiмдi қайта таратуы мүмкiн. Монымен қатар тарих, өкiнiшке орай, экономикалық таңдаудың құқығын ұзақ мерзiмдi шектеу азаматтардың енжарлығын, дербес iс-әрекеттерге қабiлетсiздiгiн, билiктiң құдыреттiлiгiне үмiтiн туғызатындығын дәлелдейдi.

Жоғарыда айтылған экономикаға белсендi мемлекеттiк араласудан қашық болу керек дегендi бiлiдре ме? Әрине, жоқ. Қалай болғанда да ол бiрге пайдаланатын тауарлар және қызмет көрсетулерге қатысты және төрешiлдiк бассыздығын шектейтiн заңдардың болуы қажет.

Нобель сыйлығының лауреаты Дж.М.Бьюкенен «Еркiндiктiң шектерi: анархия және Левиафанның арасында» еңбегiнде бiр-бiрiн толықтыратын тауарлар мен қызмет көрсетудi басқару жөнiндегi азаматтық келiсiм түрiндегi қажеттi мемлекеттiк реттеудiң нұсқасын белгiлейдi.

Мемлекеттiк реттеу жүйесiн жетiлдiрудiң деңгейi бойынша екi қарама-қарсы бастама бар:

  • казыналық, нұсқаулық саясаттардың қысымы. Оны көндiру және оны iске асыру аумағындағы монополиялық шенеунiктер жүзеге асырады;
  • индикативтiк әскер ету шаралары. Ол экономикалық субьъектiнiң мемлекеттiк мүдделерге сәйкес келетiн жолды өзi таңдауы үшiн жағдай жасауға бағытталған несие-ақша саясаты арқылы iске асырылады.

Басқарылатын (әмiр берумен) экономикада әкiмшiлiк жоғары билiкке ие, олар тәуелдiлерге бағдарланады, бiрақ ол ресурстардыың шектеулiгiн есептеуiне, тауар өндiрушiлер және сатып алушылардың көп миллионды жиыны жағынан сұраныс пен ұсыныстың тиiмдi келiстiруiне қабiлеттi емес. Бұл жүйе адамдарды экономикалық таңдау ерiктiгiнен айырады, сонымен қатар, қай уақытта да кедейшiлiктi туғызатын жауапкершiлiктен босатады.

Еркiн нарықтық шаруашылыққа тартылатын экономикалық жүйелердi қарастыра отырып, ғалымдар, бiр қарғанда оғаш шешiмге келедi: еркiндiгi жоғары және экономикалық билiгi ең төмен жүйе ең тиiмдi болып саналады.

Ойкеннiң жалпы қорытындысы: мемлекеттiк реттеу саласының таралуы орынды болып табылады. Өз ұстазының нұсқауларын түгел дерлiк iске асырған, соғыстан кейiнгi «германдық ғажайыпты» жасаушы Л. Эрхард оның пiкiрiне қосылған. Реттеу, бәсекелестiкке қарағанда, мөлшерлi болуы керек.

Мемлекеттiк реттеуге, дәлiрек айтқанда мемлекеттiк таңдауға қоғам да қатыса алады. Яғни артықшылықты дауыс беру арқылы анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ТАРАУ.   ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ  ПРОГРЕСТIҢ ТИГIЗЕТIН  ӘСЕРI

 

Мемлекеттердiң жоғары дамыған экономикаға жетуi, ғылыми-техникалық прогрестiң өрлеу нәтижесiнде болатынын басында сөз еткенбiз.

Адамзат баласы басынан әр түрлi қоғамдық өндiрiс әдiстерiн өткiзгенi тарихтан белгiлi. Осылардың даму дәрежесiн сипаттайтын ортақ көрсеткiш бар. Ол еңбек құралдары К.Маркстiң экономикалық дәуiрдiң айырмашылығы не нәрсе өндiретiндiгiнде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен өндiретiндiгiнде деген тұжырымы өз өмiршеңдiгiн әлi де жойған жоқ. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрежесiн анықтайды. Ұзақ мерзiмдi қамтыған қоғам дамуының тарихы десе де болады. Қазiргi ғылыми-техникалық прогресс сонау алыстан басталған еңбек құралдарының дамуының түпкi нәтижесi және шарықтау шегi.

Бiр кезде ең қарапайым еңбек құралдарына негiзделеген қоғамдық құрылыс, үстiмiздегi ғасырдың екiншi жартысында технологиялық өндiрiс ретiнде ең  жоғарғы дәрежесiне жеттi. Технологиялық өндiрiс әдiсi дегенiмiз – қоғамдық өндiрiстi дамытуға қажеттi еңбек құралы, материалдар, технологиялар, қуаттар, информациялар және өндiрiстi ұйымдастырудың жиынтығы. Бұл арифметикалық сандық қосынды емес, сапалық категория.

Технологиялық өндiрiс әдiсiнiң даму сатылары бар. Ол қоғам дамуының тарихымен ұласып жатады. Сондықтан жекеленген экономикалық формациялардың даму тарихы, технологиялық өндiрiс әдiстерiнiң дамуына тiкелей әсер еттi, және даму сатыларын  белгiлеп бердi. Демек қазiргi технологиялық өндiрiс әдiсi бiрден пайда болған жоқ, тiптi тарихи ұзақ мерзiмдi қамтитын күрделi процесс.

Алғашқы қауым тұсында адамдар ең қарапайым еңбек құралдарын пайдаланады. Сондықтан олар табиғатқа бiржолата бағынышты едi. Бертiн келе от жағу пайда болды. Осы бiр қарапайым құбылыс адам қоғамның дамуындағы тұңғыш революциялық қадам едi. Ол металлургия өнiдiрiсiнiң өмiрлiк өзегiне айналды. Тас, қола, темiр «ғасырлары» атағына ие болған әр түрлi технологиялық өндiрiс әдiстерi өмiрге келдi. Осы технологиялық өндiрiс әдiстерiнiң бәрi де бiр ғана энергетикалық күшке негiзделiп дамыды.

Құл иеленушi, әсiресе феодалды қоғамда технологиялық өндiрiс әдiстерi көзге көрiнерлiк табыстарға жеттi. Олардың қозғаушы күштерi сол кездегнi мақсаттарға байланысты материалдық өндiрiстi дамыту қажеттiлiгi болды. Жаңа технология, техника пайда болды, өндiрiстi және еңбектi ұйымдастыруға өзгерiстер енгiздi.Мұның бәрi пайда болып келе жатқан жаңа қоғам – капитализм коғамының талаптарына сай келмедi. Капитализмге мүлдем басқаша технологиялық өндiрiс әдiстерi қажет болды. Ол тек қана құралының дамуының жаңа сапалық белгiлермен, iрi машина өндiрiсiне жетудiң жолдарымен белгiленедi. Ал, iрi машиналық өндiрiс бiрден пайда болған жоқ, оның тарихи даму және қалыптасу белгiлерi бар. Iрi машина өндiрiсiнiң құрылуы бiрнеше кезеңнен тұрады. Олар: жаңа кооперация, мануфактура, фабрика (машина өндiрiсi). Бұл капитализм өндiрiсiнiң үш сатысы. Әрбiр саты орасан зор еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және экономикалық прогрестiң ерекше даму белестерiне белгiленедi.

Өндiргiш күштердiң тарихи өркендеуiнiң нәтижесiнде қазiргi ғылыми-техникалық өрлеу. Сондықтан, қазiргi заман ғылыми-техникалық немесе технологиялық революция заманы. Олай болса осы құбылыстың басты көрiнiстерi және мәнi қандай? ХХ ғасырдың елуiншi жылдарынан басталған ғылыми революцияның өзiне тән қазiргi көрiнiстерi және ерекшелiктерi бар. Олар мыналар:

  • ғылыми-техникалық өрлеу кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмiрiнiң барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндiрiс фазаларына да ықпал еттi. Өндiрiс пен еңбектi ұйымдастыру және басқару жүйесiн мүлдем өзгерттi, сапалық жаңалықтар енгiзiлдi.
  • ғылым мен өндiрiстiң интеграциялық қатынасы жоғары дәрежеге жеттi. Экономикалық өсу-өрлеудiң факторлар мен қайнар көздерiн шаруашылық құрылымын және т.б. жағдайларды күрт өзгерттi.
  • қазiргi ғылыми, ғылыми-мехникалық өрлеудiң ерекшелiктерiнiң бiрi – микроэлектрониканың жедел қарқымен дамуы және пайдаланылуы. Микроэкономикалық техниканың негiiзiнде электрондық аппарат, жасанды интелектуалды элементердi бойына дарытқан электронды есептеу машиналары икемдi автоматтандырылған өндiрiс пайда болды. Бұл қазiрдiң өзiнде, әсiресе келешекте қоғамдық өндiрiстi дамытудың негiзгi факторына айналары сөзсiз.

— ғылыми-техникалық өрлеудiң қарқынды дамуы қоғамдық өндiрiстi алға бастауда ғылымның ролiнiң өскендiгiнiң айқын көрiнiсi. Ғылым мен өндiрiс қосылып бiртұтас процеске айналды. Демек, ғылымның өндiргiш күштердiң тiкелей негiзiне айналғандығы жөнiнде айтсақ онда осының негiзiнде:

  • өмiрге қалдықты аз қалдыратын, немесе тiптi қалдықсыз технология келiп кiрдi. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ерекше;
  • машина компонентiне жне элементтерiне жаңа сапалық өзгерiстер ендi. Бұл жағдай адамның өндiрiстегi орны мен ролiн мүлдем өзгерттi, жұмысты күрделендiрдi, жаңа биiк талаптар қойды;
  • қазiргi ғылыми-техникалық революция ғаламдық сипатқа ие болды, бүкiл дүниежүзiлiк құбылысқа айналды;
  • биотехника кең өрiс алды.

Ғылыми-техникалық прогрестiң тигiзер әсерi, әлеуметтiк-экономикалық салаларды және түпкi нәтижелердiң сипаты жекелеген қоғамдық-экономикалық формалардың бейнесiне тiкелей байланысты, сонымен белгiленедi.

Ғылыми-техникалық өрлеудiң өндiрiске ықпалы қарама-қайшы. Бiр жағынан, ол өндiрiстiң  өсуiн көтермелейдi. Жаңа табысқа, жаңа технологияға деген сұраным туғызады. Бұған сондай-ақнегiзгi капиталдың тез ескiруi, оны жиi-жиi жаңартып отыруды талап ететiн бәсекенiң күшеюi де көмектеседi. Екiншi жағынан, бұл процестер өндiрiстiк қуаттардың аса көп өсуiне, негiзгi капиталдың шамадан тыс қорлануына, демек, жаңа инвестицияларға деген ынталандырудың төмендеуiне әкелiп соғады.

Ғылыми-техникалыө өрлеудiң жаңа кезеңiнде еңбек материалы құрылымында сапалық өзгерiстер болады. Ескiлiктi жетiлдiрiп, жаңа өндiрiстiу материалдар жасалады. Бұл ғылыми-техникалық өрлеу әсерiмен жаңа өндiрiс құралдарын жасауға байланысты мүмкiн болаы. Мәселен, осы заманға сай шапшаңдатқан элементтер: сымдар мен жоғары кернеу кабельдерiн жасауға пайдаланылады. Халық шаруашылығының көптеген салаларының, әсiресе машина жасау саласының өркендеуiне тiкелей әсер ететiн болат және түстi металдар, барлық жерде дәстүрлi материалдарға айналып отыр. Алайда ғылым мен техника олардың, әсiрсе арнаулы болаттар мен құрыштардың сапасын жақсартудың барған сайын жаңа әдiстерiн табуда. Ғылыми-техникалық прогрестiң нәтижелерi өндiргiш күштердi дамытудың сандық-сапалық көрсеткiштерiн жақсартады. Сонымен қатар, жаңа проблемаларының бiрi: қоршаған ортаны қорғау болып табылады. Себебi ғылыми-техникалық прогрестiң дамуы, демек оның жетiстiктерiн тарату, жоғарыда айтылғандай, өнеркәсiптiң материалдық өндiрiстiң басқа да салаларының көбiне iрi ауқымда өсуiне байланысты. Бұл жерде ғылыми-техникалық өрлеу аса үлкен роль атқарады. Ол жаңа технологиялық жүйелер, тазарту және қорғау құбылыстары кешендерiн жасайды, осылардың бәрi табиғатты ластандыратын заттардан ойдағыдай қорғауға мүмкiндiк бередi.

Ғылыми-техникалық прогрестi тездету арқылы материалдың өндiрiстi өркендету еңбек өнiмдiлiгiн арттыру құр мақсат емес, түбегейлi әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешудiң шарты. Ғылыми-техникалық прогрестiң әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiгi ең алдымен енбектiң мазмұнын арттырумен өлшенедi. Ғылымның өркендеуi, техника мен техникалық прогрестiң дамуы еңбектi жаңартуға, оны барынша мазмұнды, жемiстi творчестволық етуге, ой еңбегi мен едене еңбегi арасындағы айырмашылықты жоюға, ауыл шаруашылықты жұмыстарын индустрияландыруға жеткiзедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келе, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар жай ғана модификация емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу ірі өнеркәсiптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндiрiстiң индустриаландыруы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістiң өмірге объективті келуін қамтамасыз етті. Нәтижесiнде өмірге, қоғамдық машинаға сүйеніп өз бойына қарама-қарсы екі тенденция қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың қоғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндiрiстiң бұл өтпелі жағдайы нарық қатынас дамуының жаңа сатысын — аралас экономиканы туғызады.

Тауарлы өндiрiс — аралас экономика, өйткенi мұнда ұжымдық өндiрiс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірiстiң заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлi формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсiлi табиғи жолмен басқа тәсiлiне ауысып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет:

 

Арнайы әдебиет:

  1. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Әлем экономикасы (оқулық) I-бөлiм Алматы: Дәнекер, 2003. – 251 бет
  2. Экономикалық теория негiздерi. Оқулық. Алматы: Санат, 1998 – 479 бет
  3. Шеденов О.К., Ядгаров Я.С. Экономика iлiмдерiнiң тарихы: оқу құралы. Алматы:Қазақ университетi, 2003 – 313 бет
  4. Борисов Е.Ф. Экономическая теория: учебник. М.: Юрайт-М, 2002 – 384 бет.
  5. Экономическая теория: учебник для студентов высших учебных заведений / под ред. В.Д. Камаева. 8-е изд., пер. и доп. М.:Владос, 2002 – 640 с.

 

Қосымша әдебиет:

  1. Курс экономической теории: учебное пособие./под ред. Чепурина М.Н. Алматы, 1994. – 480 с.
  2. Макконел Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. М., Республика, 2000.
  3. Ребнев Л. С., Нуреев Р. М. Экономика: Курс основ. М., 2000.
  4. Словарь современных экономических и правовых терминов / Авт.-сост. В.Н. Шимов и др.; Под ред. В.Н. Шимова и В.С. Каменкова. – Мн.: Амалфея, 2002.
  5. Экономика. Краткий словарь. – Ростов н/Д: Феникс, 2001. – 336 с. – (Словари XXI века).
  6. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика: Учебник – МГУ: Дис, 1997. 
  7. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика: учебное пособие Алматы: Бiлiм, 1997.