АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат: «Ауыл шаруашылық машиналары» пәнінен «Егістікті қатар аралық өңдеуге арналған машиналар» тақырыбына әдістеме жасау

Реферат

Шабдукароимова Ғ. Алматы облысы, М.Бейсебаев атындағы Талғар бизнес және менеджмент колледжі жағдайында  «Ауыл  шаруашылық  машиналары»  пәнінен  «Егістікті қатар аралық өңдеуге  арналған машиналар»  тақырыбына  әдістеме  жасау.-Дипломдық  жұмыс,  Алматы,  Қаз ҰАУ, 2009,            -бет.

Жұмыстың  бірінші  тарауында  Алматы облысы, М.Бейсебаев атындағы Талғар бизнес және менеджмент колледжінің  оқу   өндірістік  жағдайларына  қысқаша  сипаттама  берілген.

Методикалық  тарауда  кәсіптік  мектептің  оқу  процесін  ұйымдастыруға  арналған «Ауыл  шаруашылық  машиналары»  пәніне арналып  төменгі  оқу  құжаттары   жасалынды:  күнтізбелік- сеткалық  график  құрылымдық-логикалық  сұлбасы,  пәнаралық  байланыс,  перспективалық  -тақырыптық жоспар,  звенолардың  алмасу  кестелері  жасалды.

Дипломдық  жұмыстың  сонғы  тарауында  ауыл  шаруашылық  өндірісінде  техникаларды  пайдаланғанда  сақталатын  еңбек  қорғау  шаралары  мен  өртке  қарсы  ережелер  берілген.

 

Пайдаланған  әдебиеттер; Қорытындылар

 

 

-сурет;                                -кесте;                                     -әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

Реферат………………………………………………………………………………………………………..

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………….

1.1 М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқу – өндірістік сипаттамасы………………………………………………………………………..

1.2 Колледждің жетекшілері мен педпгогикалық құрамы……………………………..

1.3 Колледждің оқу – материалдық және әлеуметтік базасы…………………………

1.4 Жаңа технологияны енгізу……………………………………………………………………..

  1. Әдістемелік тарау……………………………………………………………………………………

      2.1. «Ауылшаруашылық машиналары» пәні бойынша күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру………………………………………………………

      2.2.  Құрылымдық логикалық талқылау……………………………………………..

      2.3. «Қатараралық өңдеу машиналары» тақырыбы бойынша перспективалық – тақырыптық жоспарын жасау…………………….

      2.4. Сабақ жоспарын жасау әдістемесі…………………………………………………..

      2.5. Пәнаралық  байланыс картасын  жасау…………………………………………

      2.6. Лабораториялық ,   практикалық   сабақты   өткізу   әдістемесі  оны  ұйымдастыру………………………………………………………………………

      2.7.Кіріспелік нұсқауға қысқаша мазмұндама жасау…………………………..

      2.8.Жұмыс орындары бойынша оқушылар звеноларын орналастыру кестесін жасау……………………………………………………………………………….

      2.9. Жұмыс орындарының оқу материалдары мен құрал сайман,аспаптары, жабдықталған жұмыс орындарының тізімі…

 

   2.10. Лабораториялық – практикалық техникалық циклына арналған                   технологиялық нұсқау картасын құрастыру әдістемесі…………………………….

  2.11.Берілген кәсіп бойынша тақырыптың оқу процесінде алатын

   орны мен мазмұны………………………………………………………………………………..

3 Конструкциялық тарау……………………………………………………………………………

      3.1. Арнайы табанды культиватор…………………………………………………………

      3.2. Культиватор тірегінің беріктік есебі……………………………………………….

4 Еңбек қорғау тарауы……………………………………………………………………………….

      4.1. Тракторды  пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары…………………

      4.2.Ауыл шаруашылық машиналарында жұмыс істеген кездегі   қауіпсіздік шаралары……………………………………………………………………..

      4.3. Өртке қарсы шаралар……………………………………………………………………..

      4.4.Техникаларды пайдаланғанда қоршаған ортаны қорғау шаралары………………………………………………………………………………………

Қорытынды………………………………………………………………………………………………..

Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………………………………….

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың  қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.

  Н.Назарбаев: … Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім  беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. «Қазақстан халқына  2008 жылдың 6 ақпанындағы  Жолдауынан»

   Ендігі міндет — әр азамат, әр ұжым, осы Жолдаудан туындайтын өзінің жауапкершілігін сезіне білуінде. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ұжымы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін заман талабына сай білікті мамандар даярлай отырып, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуді, оларды өндірісте кеңінен пайдалануға жәрдем беруді өзінің басты мақсаты деп санайды.

   Президенттің Жолдауында көрсетілгендей, еліміздің ауыл шаруашылығында азық-түлік өнімінің жылдық өсу деңгейі жоғары қарқынмен өсті. 2002-2007 жылдар аралығында  ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 557 млрд. теңгеден 1050 млрд. теңгеге дейін өсті.

   2007 жылы дәнді дақыл өнімдерін жинау рекордтық  деңгейге, яғни 20,1 млн.тоннаға жетті. Мұндай өнім еліміздің ішкі тұтыну мөлшерін жаңа өнім алғанға дейін қамтамасыз етеді және өнімді сыртқа шығару мүмкіндігін 10,0 млн. тоннаға жеткізе алады.

   Өнімдердің басқа да түрлерін, атап айтқанда, май өнімдерін – 459,4 мың тоннаға, көкөністі – 2196,4 мың тоннаға, картопты – 2414,8 мың тоннаға, мақта өнімдерін 438,7 мың тоннаға көтеруге қол жеткізілді.

   Ауылшаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайды. Соңғы 7 жылда 26,5 мың ауылшаруашылық техникаларының негізгі түрлері, оның ішінде, алыс және жақын мемлекеттердің жоғары өнімді, қуатты техникалары сатып алынды, осының нәтижесінде

 

 

2002 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылығының қуаттылық көрсеткіші 19,5% артуға мүмкіндік туғызады.

   Осыған қарамастан, ауылшаруашылығын жабдықтандыру төмен деңгейде, ауылшаруашылық техникаларын пайдалану мөлшері – 13-14 жыл. Дүниежүзілік  банктің есебі бойынша кредиттік қорды тұтыну жылына шамамен  1 млрд. АҚШ долларымен бағаланады.

   2006 жылдан бастап ИСО мен ХАССП  халықаралық менеджменті мен сапа жүйесін қолданатын кәсіпорындары шығындарының 50% субсидиялауға арналған бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Аталған жүйені 100-ден аса кәсіпорындары енгізді.

Көлік инфрақұрылымын  өркентеуге арналған үлкен жұмыстар жүргізілуде. Каспий теңізі арқылы астықты экспортқа шығарудың альтернативті бағыты анықталды. Мұның өзі отандық астықтың Кавказдың арғы бетіндегі мемлекеттер нарығына шығарып, тасымалдау тиімділігін арттыруға мүмкіндіктер береді.

   Мемлекет басшысы ауылдың әлеуметтік саласына, оның өркендеуіне баса назар аударған және аудара береді. 2007 жылы оның өркендеуіне 107,2 млрд. Теңге жұмсалуы соның белгісі. Елді мекендердегі ауызсу тапшылығын шешу мақсатында Ислам Даму Банкі және Азия Даму Банкімен несие алу жұмыстары іске асырылуда.

   Еліміздің азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі бекем қолға алынған. Бүгінгі таңда халықтың тұтынатын тағамдары мен азық-түлік өнімдері толықтай отандық өнімдермен қамтамасыз етілуде.

   Аграрлық ғылым мен білім берілген болатын. Бұл аралықта оң өзгерістер болып жатты. Аграрлық ғылымды қаржыландыру көлемі 2001 жылдан бері 4,2 есе ұлғайтылса, ал ғылымға бөлінген бюджеттік шығын 2,5 есеге өсті.

   Дегенмен, аграрлық ғылымда жедел шешуді қажет ететін мәселелер де баршылық. Жүргізіліп жатқан зерттеулердің инновациялық деңгейінің төменділігін, ғылыми-зерттеулердің өндіріс мұқтаждығына сәйкестендірілмеуін, инновацияны коммерциялауға бағытталған механизмдердің жоқтығын атап кеткен жөн. Әлемдік қауымдастықтың елімізді нарықтық мемлекет деп мойындауына қарамастан, қазіргі күнге дейін ғылыми өнім нарығы жоқ. Аграрлық ғылымның дамуына тәжірибелік базаның жұтаңдығы, ғалымдардың өздерінің тәжірибелері мен сынақтарын өткізетін арнайы зертханалар мен шағын технопарктер желісінің жоқтығы да кері әсер тигізуде.

   Жағдайды өзгерту мақсатында Президенттің Жолдауында көрсетілген бағыттарды ескере отырып, экономиканың аграрлық саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру, аграрлық ғылыми мекемелер жұмысын басқару және қаржыландыру істерін үйлестіру, ғалымдарды жалақысын көтеріп, өзінің ғылыми идеяларын таратуға, зерттеулерінің тиімділігі мен нәтижелілігін  арттыруға ынталандыру мәселелері жан-жақты ойластырылуы қажет. Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау жұмыстары да жетілдіруді қажет етеді.

   Біздің еліміздің қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бүкіл қазақстандықтардың да, жеке тұлғалардың да материалдық және рухани өміріне шешуші әсер етеді, білім инфрақұрылымын жасауды тапсырды. Ерекше айтатын жәйт: Президенттің әр Жолдауында білім беру саласына басты назар аударылады. Егер алдыңғы Жолдауларда күрделі міндеттер жоғары білім беру жүйесінің алдына қойылса, соңғы Жолдауда негізгі назарды Елбасы мектепке дейінгі тәрбиелеу ісіне көңіл аударды, дәл осы мектепке дейінгі жаста тұлғаның негізгі адамгершілік қасиеттері қалыптасатынын атап өтті. Үздіксіз білім беру ісінде «Балабақша – мектеп – жоғары оқу орны» жүйесінің алғашқы және соңғы элементтері өте маңызды болып табылатыны белгілі. Білім беру үздіксіздігі қамтамасыз етілу үшін білім беру жүйесін құрғанда тұлғаның субъективті мұқтаждығы ескеріліп, мәдени құндылықтарды саналы түрде меңгеруге жағдай жасалу керек.

Адам баласы  бүкіл өмір бойына пайдаланылатын математикадан жағрапияға дейінгі базалық білімнің негізі ең алдымен мектепте қалатыны баршаға аян. Қазақстан халқы санының өсуі көптеген  аймақтық қиындықтарды туындатуда, солардың бірі – мектептердің жетіспеушілігі. Қазақстан азаматтарының  әлеуметтік жағдайының жақсаруы білім беру саласының сұранысына, республикада мектеп құрылысының өріс алуына сөзсіз ықпал етеді. Биыл 68 мың орынды 88 мектеп салынады, ал 2009-2010 жылдары 69 мың орынды 102 мектеп салынатын болады.

   Жолдауда әсіресе кәсіптік техникалық білім беру ісіне ерекше көңіл бөліну керектігі баса айтылды. Өндірістегі инновациялық жобалар жоғары технорлогиясыз және кәсіптік бағытта  білім алмаған мамандарсыз жүзеге аспайды.

   Қазіргі күні 830 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында  558 700 адам оқып жатыр.Сондай-ақ  175 жоғары кәсіптік оқу орындары ашылмақ. Қазақстанның   30 ауданында  бірде-бір кәсіптік мектеп  жоқ. Қазақстан 50 елдің қатарына кіреміз десек, кәсіптік-техникалық мектептер мен жоғары оқу орындары ашылу керек.

   Кәсіптік техникалық мектептердің материалдық техникалық базаларына техникалық машиналар – яғни автомобильдер мен  тракторлар жатады.Қазіргі нарықтық заманда ең тиімді көліктердің бірі – автомобиль  көлігі.  Бұл қоғамда автомобильсіз жүру мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқу – өндірістік сипаттамасы

 

     Жетісу жұмысшы және солдат депутаттарының 1918 жылғы 12 – қыркүйектегі Қаулысымен Верный төменгі ауылшаруашылығы мектебінің негізінде Жетісу ауылшаруашылығы училищесі құрылды.

     1936 жылдан бері Талғар ауылшаруашылығы техникумы деп аталды. Қазақстан Республикасының Білім Министрлігінің 1995 жылғы 11 – желтоқсандағы бұйрығымен талғар ауылшаруашылығы техникумы Талғар ауылшаруашылығы колледжі деп аталды. Қазақстан Республикасы Білім және Мәдениет Министрлігінің 1997 жылғы 3 – маусымдағы №200 бұйрығымен Талғар ауылшаруашылығы колледжі Талғар ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру колледжімен біріктіріліп, «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» деп аталды. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1997 жылғы 3 – қарашадағы № 1485 Бұйрығымен Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне М. Бейсебаевтың есімі берілді. Алматы облыстық білім басқармасының 1999 жылғы 24 – наурыздағы бұйрығымен Талғар агробизнес және менеджмент колледжі Мемлекеттік қазыналық білім кәсіпорны болып қайта құрылды.

     Уақытша Мемлекеттік лицензияны Білім министрлігінің БМ №0000432 сериясымен 1998 жылдың 22 – мамырында Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі берген. Лицензияның күші 2001 жылдың 1 – қыркүйегіне дейін жарамды.

     Құрылғанына 83 жылдан бергі уақытта колледж Қазақстан Республикасының 18047 мыңда        й ауылшаруашылығы орта мамандарын даярлады.

     Қазіргі уақытта колледж төмендегідей мамандар даярлайды:

  1. 4406002 – Агроном мамандықтары (күндізгі, сырттай)
  2. 4409002 – Өсімдіктерді қорғау жән агроэкология (күндізгі, сырттай)
  3. 4412002 – Шаруа қожалығын (фермерлік) ұйымдастыру және енгізу (күндізгі)
  4. 4405002 – Жерге орналастыру (күндізгі)

 

 

 

 

 

 

  1. 4402002 – Ауылшаруашылығын механизациялау мамандықтары (күндізгі және сырттай)
  2. 4432002 – Ауылшаруашылығын электрлендіру мен автоматтандыру (күндізгі және сырттай оқу)
  3. 3706002 – Есептеу техникасы мен автоматтандыру жүйесін программалаумен қамтамасыз ету (күндізгі оқу)
  4. 0705002 – Ауылшаруашылығындағы экономика мен бухгалтерлік есеп (күндізгі және сырттай оқу)
  5. 0703002 – Қаржыландыру мамандығы:
  • Салық және салық төлеу (күндізгі, сырттай және кешкі оқу)
  1. 0719002 – Кеден істері (күндізгі, сырттай)
  2. 0205002 – Құқық істері (күндізгі, сырттай)
  3. 4238002 – Жемістер мен көкөністерді сақтау мен қайта өңдеу (күндізгі, сырттай оқу)
  4. 3002002 – Автомобиль көліктерін жөндеу және эксплуатациялау
  5. 3005002 – Автомобиль көліктерінде тасымалдауды ұйымдастыру мен басқару (күндізгі және сырттай оқу)

     1998 жылы колледждің жанынан жоғарыдағы мамандықтарға сәйкестендіріліп лицей ашылды. Колледжде бітіруші мамандарға негізінен жұмыс щаруа (фермерлік) қожалықтары, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу цехтары, аудандық электр жүйесі, жеміс – көкөніс базалары, сауда базалары, өсімдіктерді қорғау станциялары, облыстық немесе аудандық жер комиттетері, пестицидтер мен тыңайтқыштарды қолданаты арнайы фирмалар, техникалық қызмет көрсету станциялары, бухгалтерлік және аудиторлық қызмет саласы, салық инсекциясы т.б. табылады. Сонымен бірге, өз істерімен шағын және орта бизнеспен (автомобиль электр жүйесімен жөндейтін цехтар, тұрмыс элетротехникасын жөндеу, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу цехтарын ашу және тағы басқалармен) айналысуына болады.

     Колледжде оқушыларға білім беру үшін жалпы білімдік пәндер, құқықтану және компьютерлік техника пәндерінен Талғар қаласының мектептерінен мұғалімдер келіп дәріс береді.

 

1.2 Колледждің жетекшілері мен педпгогикалық құрамы

 

Колледждің жетекшілері (басшылары) 6 адам, олардың колледжде жұмыс істеу тәжірибелері мол.

  1. Директоры – Үмбетова Н.Б. колледжде директор болып 7 жыл жұмыс істейді, педагогикалық стажы 22 жыл. РУМОК председателі. Нәйля Бейсенбайқызы «Әйел басқарған озық мекеме» атты конкурста Семья және әйелдер ісі жөніндегі Республика Президентінің Ұлттық комиссиясының дипломымен наградталған.
  2. Директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары – Бағисов Ш.А.

Колледжде 16 жыл жұмыс істейді, педагогикалық стажы 30 жыл.

 

 

  1. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары – Паршина В.Г. колледжде 20 жыл жұмыс істейді, педагогикалық стажы 19 жыл.
  2. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары – Төлегенова Г.Н колледжде 17 жыл жұмыс істейді, педагогикалық стажы 23 жыл.
  3. Бөлім меңгерушісі – Хамраева А.А. коллежде 22 жыл жұмыс істейді, педагогикалық стажы 18 жыл.
  4. Колледждің сырттан оқыту бөлімінің меңгерушісі – Ноғаева Б.Т.
  5. Алғашқы әскери даярлық жетекшісі – Сугурбеков Р.К. колледжде жұмыс істейді, педагогикалық стажы 33 жыл.
  6. Бас бухгалтер – Жуковская Н.И. колледжде 6 жыл жұмыс істейді, педагогикалық стажы 21 жыл.

     Барлық жетекшілер құрамы негізгі мамандықтары бойынша жоғары білімді, орта жас мөлшері 47 жас.

     Колледжде штат бойынша 60 мұғалім жұмыс істейді, яғна сабақ берушілердің 86 пайызы.

     Мұғалімдердің 76 пайызы бірінші және екінші категориялы ұстаздар. Барлық мұғалімдер жоғарғы білімді, педагогикалық стажы 3 жылдан 39 жыл. Мұғалімдердің негізгі бөлігі колледжде 15 жыл істеген.

     Колледжде мұғалімдердің білім деңгейін көтеруге үлкен көңіл бөлініп отырады. Соңғы 5 жылда мұғалімдердің 85 пайызы, ал 1998 – 1999 оқу жылында 27 пайызы білімін көтерді. Мұғалімдер білімдерін Алматы қаласының, жоғарғы оқу орындарында, өндірістерде, шет елдерде, сонымен қатар колледжде көтеріп отырады.

     Мәселен, КИМЭП-те экономикалық пәндер бойынша 6 адам (Королева В.Д., Азатбекова О.Ж., Жүнісова С.С., Амаров Х.А., Лавренова Н.Д., Усунов Ж.У.) «Қазақстан» АҚ-да аудит мамандығы бойынша Мусина М.У., «Центр-аудит» АҚ-да Рудикова И.В. білімдерін жетілдірді. Қазақ Ұлттық университетінде компьютер жүйесі бойынша Қарынбаев Қ. Білімін жетілдірді.

     Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетінде техникалық пәндер бойынша Тукаев А.Т., Ералиев Қ.А., Төлегенова Г.Н., білімін көтерді.

     Баранова О.Н. Талғар аудандық жер бөлімінде сынақтан өтті. Оқушы Төлбаев Ә.Ә Қазақ Аграрлық университетінде сырттай аспирантурада оқиды.

     Қазақ Мемлекеттік Аграрлық университетінде «Фермерлік шаруашылықты енгізу» курсы бойынша Гуськова Л.М., Азатбекова О.Ж., Амаров Х.А. оқыды.

     2000 жылдың мамыр айында колледждің 30 мұғалімі және 2 колледж бітіруші оқушысы «Методологикалық мәдениет және кәсіби қызмет» базасында курстан өтті. Бұл курсты жүргізген Қарағанды кәсіпкерлік және менеджмент мәдениеті институты қызметкерлері.

     Колледждің 2 оқытушысы – (Хамраева А.А., Иванова О.А.) Қарағанды Мемлекеттік техникалық унмверситетінің «Кәсіпкерлік және басқару» факультетінде 2 апталық білім көтеру курсынан өтті.

     Колледжде «Жас педагог мектебі» жұмыс істейді, мұнда жас мұғалімдерге тәжірибелі ұстаздар сабақ оқыту әдістерін үйретеді.

     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Бұйрығына сәйкес мемлекеттік Аттестация комиссиясы Алматы су шаруашылығы колледжі, Алматы политехникалық колледждерінің қызметіне талдау жасау кезінде колледждің тәжірибелі оқытушылары Гадомская Л.И., Паршина В.Г., Баранова О.Н. қатынасты.

     Колледж шетелдік орталықтармен және ауылшаруашылығы ұйымдарымен мұғалімдердің білімін көтеру мақсатында байланыстар жасап тұрады.

     1989 жылы колледж Польша мемлекеті Легница қаласының ауылшаруашылығы колледжімен ынтымақтастықпен тәжірибе алмасты.

     1995 жылдың тамызында колледжде Германияның мамандары З.Пулман мен А.Шольце «Ауылшаруашылығы өндірістен жекешелендіруді күшейту және мемлекеттен бөлуге» байланысты курс өткізді.

     Колледж Израильдің Қазақстандағы елшілігімен тығыз байланыс жасайды. Оның айғағы, 1994 жылдан бері колледждің бірнеше оқытушысы Израиль мемлекетінде болып, халықаралық курстарға қатынасты, сонымен қатар колледжде Израиль мамандары ауылшаруашылығы дақылдарын өндірудің жаңа технологиясы жайлы лекциялар оқыды.

     1994 жылдан бері Израильдегі халақаралық курстарға колледж директоры Үмбетова Н.Б., оқытушылар – Паршина В.Г., Баекешова Н.Ш., Қалибекова С.Қ., Лавренова Н.Д., Жоламанова С.К. қатынасты.

     1997 жылы колледж негізінде ЮСАИД – пен ынтымақтастық байланыс арқылы МАЩАВ – тың бастамасымен Консультациялық агробизнес орталығы құрылды. Консультациялық орталықтың жұмысының мақсаты жеке қожалықтар (фермерлер) мен ғылыми зерттеулердің орталық жүйесін құру, байланыстыру, Израиль мемлекетінің Қазақстандағы жаңа технологиясының жеке шаруашылықтарға қолдануын топтастыру болып табылады.

     1998 жылдың наурыз айында колледжде Израилт мемлекетінің мамандары Финхаз Корен мен Еммануел Либин «Еркін нарықтық экономика жағдайындағы шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыру» деген тақырыпта 1 – апталық семинар – курс өткізді. Бұл семинар —  курста  23 оқытушы мен фермер қатынасып, сертификат алды. Сонымен қатар, «Сүт өндіру технологиясы» деген тықырыпта курс өтті. 1999 жылдың желтоқсанында Израиль мамандары «Қазіргі жапырақты бау – бақша өндіру әдістері мен жеміс – көкөніс шаруашылығын басқару» деген тақырыпта апталық курс өткізді. Онда 12 оқытушы мен 33 оқушы оқыды.

     1995 жылдан бері колледж ауылшаруашылығын дамыту проблемаларымен шұғылданатын Винрок Халықаралық институтымен (АҚШ) «Фермер — фермерге» бағдарламасы бойынша ынтымақтастықта байланыс жасауда.1995 жылдың желтоқсанында аталған институттың маманы, ауылшаруашылығы ғылымының докторы, ауылшаруашылығы экономикасын дамытудың кеңесшісі  Аллан Дж Уэб пен ауылшаруашылығы маманы Брет Руттерфорд колледжде «Ауылшаруашылығының нарықтық бағыт — бағдары» деген тақырыпта апталық курс өткізді, оған 14 оқытушы қатынасты. Соның нәтижесінде нарықтық экономика мен өндірісті жоспарлау жайлы білімін көтерді.

     1996 жылдың сәуір айында Мэрилэнд университетінің ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты, фермер шаруашылығын ұйымдастырудың маманы Дейл Джонсон мен осы университеттің ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты Майкл Белл ауылшаруашылығындағы нарықтық қатынастардың бағыт – бағдары жайлы апталық курс өткізді, оған 13 адам қатысып, бухгалтерлік есеп, компьютерде жұмыс істеу мен бизнес – жоспар жасауға байланысты білімдерін көтерді. 1996 жылдың қыркүйегінде осы мамандар «Ауылшаруашылығында компьютнрді қолдану» деген мәселеге байланысты курс өткізді, оған 15 оқытушы қатысып, білімін көтерді. 1998 жылдың ақпан айында АҚШ – тың волонтерлері, ежелден фермерлер Даян Риттер, Ховард Риттер ауылшаруашылығының нарық жағдайындағы бағыт – бағдары жайлы курс өткізіп, фермерлер шаруашылығын ұйымдастыру, жүргізуге байланысты тәжірибе алмасты.

     1999 жылдың наурыз айында философия докторы, Батыс Иллинойс университетінің жанындағы колледждің деканы Родни Дж Финг ауылшаруашылығы факультеттерінде оқудың батыстық әдістері жайлы апталық семинар – курс өткізді, бұл семинарға 5 облыстың аграрлық колледждерінің директорлары мен Талғар агробизнес және менеджмент колледжінен 21 оқытушы қатынасты.

     Колледж ауылшаруашылығын оқытудың Американдық орталығымен тығыз байланыс жасайды.

     2000 – 2001 оқу жылының наурыз айында ауылшаруашылықты дамыту  бойынша Халықаралық Винрок институтының (АҚШ) ауылшаруашылық дақылдары және топырақтану бойынша мамандығы, лектор Уолтер Брэдди Баретт мырза «Агробизнесті басқару және лабораториялық зерттеу  жүргізудің әдісі және техникасы» тақырыбында біліктілкті жоғарылату үшін апталық курс өткізді. Оған қатысқан 36 оқытушының 10-на шаруа қожалығын ұйымдастыруға немесе топырақты химиялық талдауы бойынша жеке лабораториясын ашуға мүмкіндік беретін Халақаралық сертификат берілді.

     3 қыркүйек 2001 жылы колледж 2001 – 2002 жылдар мерзімінде экономикалық білімді дамыту және шағын бизнесті қолдау бойынша Қазақстандағы АҚШ-тың Әлемдік Корпусымен келісімге отырды. Ол келісімге сәйкес колледжде әлемдік корпустың волонтері Мистер Чен оқушыларға ағылшын тілінде нарықтық экономика негіздерінен сабақ береді.

     Колледж Түркия мемлекетімен байланыстар жасап отырады.  Түркия елшісі Аттиле Эрбильдің араласуымен колледжде түрік тілін оқытудың курсы өткізілді. 1999 жылдығ шілде айында колледж директоры Үмбетова Н.Б. Түркияда өткен «Түркия мемлекетінің білім және мәдениет жүйесімен танысу» деп аталатын семинарға қатынасты.

     «Жастарды бастауыш және орта кәсіптік білім негізінде кәсіпкерлікке оқыту, олардың еңбек нарығына енуі» атты жоба шеңберінде өткен «Кәсіптік мектеп және колледж оқушыларының жұмыс іздеуі, орналасуы және кәсіптік

 

 бейімделуі» семинарында колледж директоры Үмбетова Н.Б. өте жақсы оқығандығы үшін сертификатқа ие болды. Ол сертификат арқылы басқа мамндарды оқыту құқығына ие болды.

 

1.3 Колледждің оқу – материалдық және әлеуметтік базасы

 

     Колледждің оқу корпусы Алматы облысының Талғар қаласында Т.Рысқұлов көшесінде 68 үйде орналасқан. Колледждің оқу – тәжірибе шаруашылығы қаладан тыс, оқу корпусына 2 шақырым жерде. Оқу корпусы 1951 жылы салынған. Ал, «Жастар» жатақханасы 1964 жылы, гимнастикалық спорт залы 1951 жылы, ойын спорт залы 1971 жылы салынған.

    Колледждің ғимараты мен құрылыстарының жалпы жер көлемі – 112603 кв м,

  • Оқу лабораториялық ғимараты – 6101 кв м, құны 1357 мың тенге;
  • Жатақхана ғимараты – 3907 кн.м.., құны 416 мың т.

     Оқушылар сабақ оқуына барлық жағдайлар бар (100 пайыз).

     Колледждің материалдық – техникалық базасы жақсы, 20 лаборатория, 11 кабинет бар. Барлық лабораториялар мен кабинеттер қажетті құралдармен жабдықталған, сабақ өтуге барлық мүмкіндіктер бар.

     Оқу белгіленген бағдарламалар мен жоспарлар арқылы өткізіледі. Колледжде Pentium процессорларымен жабдықталған 44 орындық 4 компьютер сыныбы бар. 360 орындық клубта үйірмелер, хор, ұлт – аспаптар оркестрі, вокальды ансамбль жұмыс істейді. Спорт залда (көлемі 901 кв.м) барлық спорт құрал – жабдықтары бар. Екі жазғы спорт алаңдары, футбол алаңы оқушылардың бос уақытында және сабақ өтуге сәйкес жасалған. 300 кв.м. гүлдер, көлемі 2840 га оқу – тәжірибе шаруашылығы, машина – шаруашылық алаңдары бар. Колледждегі автокөліктер:

5 – жеңіл автомобиль;

8 – жүк машинасы;

2 – автобус бар.

     Колледждің оқу – тәжірибе шаруашылығында техникаларды жөндеу, сақтау үшін шеберханалар мен гараждар бар. Сол секілді колледжде шағын – диірмен, шағын – наубайхана, теплица жұмыс істейді.

     Республиканың барлық оқу орындарында болып жатқан нарықтық қиындықтарына қарамастан, колледждегі оқу кабинеттері мен лабораториялар (зертханалар) сақталып, қажетті деңгейде ұсталады және негізгі материалды – техникалық өндірістік – оқу базасы болып саналады.

 

 

2000 – 2001 жылдар аралықтарында колледж кітапханасы барлық мамандықтар үшін 225 дана (180 940 тг) әр – түрлі оқу кітаптары және көрнекті оқу – құралдарына толтырылды. Жыл сайын Республикалық басылымдарға 100 000 теңгеге жазылу жүргізіледі.

 

1.4 Жаңа технологияны енгізу

 

     Колледждің педагогикалық ұжымы оқу процесіне жаңа оқу технологиясын енгізу мәселелерімен айналысады. Бұл жаңа оқу технологиялары оқудың интерактивті түрінде оқытушыға тән, оқу процесінің активті әдісін қолданады. Оның сапалық түрлері негізінде төмендегі әдістер қолданылады.

  • Іскерлік ойындар ідісі
  • Шаруашылық жағдай әдісі
  • Практикалық жұмыстарды орындау
  • Бақылау тестері әдістері

     Мәселен, экономикалық пәндер мұғалімдері: «Фирма ашу», «Нарық экономикасының әлемі», «Кәсіпкерліктің үш түрі және салық инспекторы» ойындарын жүргізеді. Менеджмент негіздері бойынша «Еңбек қатынастарының технологиялық негіздері» тақырыбы бойынша жеке тұлғаның белсенділігін анықтау үшін психологиялық ойын жүогізіледі.

     Колледжде мұғалімдер оқушылардың білімін тексеру үшін күнделікті және қорытынды тестер енгізді. Барлық жалпы кәсіби пәндер мен арнаулы пәндер бойынша талдаулар, әдістеме, тестер бар.

     Үстіміздегі оқу жылында мемлекеттік және курстан көшу емтихандары бойынша оқушылардың білімін тексеру үшін компьютерлік бағдарламалар жасалып енгізілді. Бухгалтерлік бөлімде оқу процесінде «Бухгалтер 1С» компьютерлік бағдарлама енгізілді.

     Республикалық оқу – әдістемелік бірлестігінің басшысы Н.Б.Үмбетованың жетекшілігімен колледж мұғалімдер ұжымы 1997 жылы Орта кәсіптік білім бойынша мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарды жасады және төмендігідей мамандықтар бойынша типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасады:

  1. «Шаруа қожалығын (фермерлік) ұйымдастыру»
  2. «Жерге орналастыру»
  3. «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»
  4. «Ауыл шаруашылығын электрлендіру мен автоматтандыру»
  5. «Өсімдікті қорғау және агроэкология»

 

  1. «Жемістер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу»
  2. АӨК-нің менеджменті
  3. «Ихтиология және балық өндірушілік»
  4. «Қаржыландыру мен салық және салық салу» (кешкі оқу түрі), 1999 жылы жоғарыда көрсетілген жалпы міндетті мемлекеттік стандартпен оқу жоспарлары 9 – сыныптан бастап оқуға оқушылар қабылдайтын болғандықтан қайта өзгертіліп жасалды. Сонымен қатар төмендегі мамандықтар бойынша мемлекеттік стандарттар мен оқу жоспарлары қайта жасалды:
  5. «Агрономия»
  6. «Шарап жасау»
  7. «Орман және орман шаруашылығы»
  8. «Гидромилиоратор»
  9. «Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану»
  10. «Мал дәрігерлік»
  11. «Мал дәрігерлік санитария»

     Бұл оқу құжаттарымен Қазақстанның 31 аграрлық колледждері қамтамасыз етілген.

     2000 жылдың сәуір айында колледж орта кәсіптік білім берудің жалпы міндетті мемлекеттік стандарттарын жасауға байланысты Республикалық конкурсқа қатысты.

     12 – 13 қазан 2001 жылы Алматы қаласында өткен «Қазақстан білімін информатизациялау: ХХІ ғасырға қадам» атты Қазақстандық халықаралық Форумында колледж оқытушысы Қарынбаев Қ.Б. «Білімді информатизациялаудың мемлекеттік стандартына сәйкес оқушылардың білімін бақылауды ұйымдастыру, осы заманғы компьютерлік технологияны қолдану» тақырыбына баяндама жасады.

     2000 жылдың 15 және 19 – мамыр аралықтарында колледж базасында Қарағандылық кәсіпкерлік және менеджмент мәдениеті институтымен ұйымдастырылған «Кәсіби қызметтің методологиялық мәдениеті» курсы өткізілді. Бұл курсты 25 арнаулы пән оқытушылары оқып шықты.

Кәсіпорындар, салық мекемелері, жұмыспен қамтамасыз етушілер және оқу орныдарымен байланыс

 

     Колледж өзімен сабақтас жоғарғы оқу орындарымен, ғылыми – зерттеу мекемелерімен және өндірістік кәсіпорындарымен тығыз байланыста бола отырып, дипломға рецензия жазу кезінде жоғарғы оқу орындарының тәжірибелі оқытушылары, мықты мамндармен байланыс жасайды. Мәселен, өткен оқу жылында осындай шараларға байланысты төмендегі адамдар шақырылды:

Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының докторы, Нәбиев К.А.

Ауылшаруашылығы ғылымдырының кандидаты – габрельян В.З.

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент – Исахагов М.И.

Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент – Балгабаев А.

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент – Бекенов А.И.

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент – Байжұманов С.

Алматы облыстық, ауылшаруашылығы департаментінің бастығы Ұзақов Т.У.

Алматы облыстық, кадрлардың кәсіби шеберлігін дамыту институның директоры Баймолдаев Т.М.

Алматы облыстық, қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Айтжанов А.А.

Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының кафедра меңгерушісі, экономика ғылымының кандидаты – Мерьякупова С.Т.

Есік өндірістік басқармасының бастығы – Бақбергенов М.

ТЭЛМЗ бас инженері – Шакиров Б.М.

Алматы к/х – кооперативі төрағасы – Смыков А.И.

Аудандық жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – Иванов Ю.К.

Облыстық, жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасының орынбасары – Красмик В.К.

     Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 1996 жылдың 24 қазанындағы №324 бұйрығына сәйкес ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамндығы Республикалық методикалық бірлестігі құрылды. Ол 15 мамандықты біріктіріп отыр.

     Методикалық бірлестікке бір – бірімен тығыз байланыс жасап отырған 31 колледж кіреді.

     1997 – 2000 жылдары үнемі әрбір жыл сайын маркетинг, менеджмент, бухгалтерлік есеппен компьютер мамндықтары бойынша аграрлық колледж мұғалімдері білімдерін көтеріп отырады.

 

 

 

2 Әдістемелік тарау

 

2.1 «Ауылшаруашылық машиналары» пәні бойынша күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру

 

Күнтізбелік-сеткалық кесте оқу жоспарларының және оқу бағдарламаларының жүйелігінің тақырыптарды үйренудің кестелік түсіндірілуі болып есептелінеді. Күнтізбелік-сеткалық кестені жасау алдыңғы қатардағы педагогикалық тәжірибе.  Күнтізбелік-сеткалық кесте күнтізбелік мерзімді, лабароториялық-практикалық сабақтармен және басқа тақырыптармен байланысты анықтауға мүмкіндік туғызады.

Күнтізбелік-сеткалық кесте сабақтардың тақырып бойынша күнтізбелік мезгілді сабақтардың формуласын (саны және сабақтардың ұзақтығын, олардың алмасуын) анықтауға, теориялық және лабораториялық – практикалық сабақтардың аралығындағы байланысты анықтауға болады.

Оқушыларға оқу информациясын жеткізу үшін алдымен оқытушы сол материалдардың мазмұнын анықтап терең білуі керек. Бұл дайындық жұмысы алдын-ала, яғни, оқу материалын оқып үйренуге дейін жасалады. Оған мынадай элементтер кіреді:

-бар материалдарды теріп,оқып, жүйелендіру;

-оқу және көрнекі құралдарды даярлау және пәнаралық байланысты анықтау.

Күнтізбелік-сеткалық кестені құрастырғанда оқу жоспарына сүйенеді. Оқу жоспары дегеніміз-оқу орындарында оқылатын оқу пәнінің құрылымын, оның оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілемейтін мемлекеттік құжат.

 

 

 

 

Күнтізбелік-сеткалық кесте кесте түрінде құрылады. Кестенің сол жақ бөлігінде пәндердің реті көрсетіледі, жоғарғы бөлігінде курсқа, жарты жылдыққа, аптаға бөлінген уақыт беріледі. Әр пәнге аптаға сәйкес, қарама-қарсы жағында сағаттар саны көрсетіледі.

Күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру жүйесі:

-курстағы апталық оқу сабақтарының санын анықтайды;

-тақырыпты қай курста оқитындығын анықтайды;

-оқу жоспары бойынша аптадағы оқу сағаттарын анықтайды;

-пәннің тақырып жоспарына сәйкес тақырыптың графикалық бейнесін көрсетеді;

-техникалық және практикалық оқу байланысын көрсетеді.

Күнтізбелік-сеткалық кестенің мүмкіндіктері:

-тақырып бойынша күнтізбелік сабақ мерзімін анықтау,яғни қай тақырып, қай уақытта, қай күні, мерзімі мен өткізілетіні нақты белгіленеді;

-теориялық және лабораториялық-практикалық сабақ арасындағы байланысты анықтайды. Яғни, теориялық және лабораториялық-практикалық сабақтарды бекіткен кезде оқытушы оқушыларға тақырып материалын тереңірек оқытады;

-сабақ формуласын анықтайды.

 

 

2.2  Құрылымдық логикалық талқылау

 

Құрылымдық логикалық талқылау дегеніміз-оқу элементтерін және олардың дәрежелерін, байланыстарын, қарым-қатынастарын анықтау. Оқу материалдарының логикалық құрамында байланыстар мен ұсыныстар өздігінен болмайды, олар оқу элемент терінің арасындағы қатынастарды анықтайды. Сондықтан құрылымдық логикалық талқылауды сол түсініктерді анықтаудан бастаймыз. Ол үшін оқу элементтерінің алгоритімін білу, яғни тақырыптың оқу материалының құрылымдық логикалық сұлбасын түсіруінің бірінші кезеңі.

Әрбір оқу пәні білімінің бір тобы немесе топтардың бірлігі болып келеді.

Техникалық білімдердің тобына төмендегілер жатады:

1.Түсінік, объектінің қызметі.

  1. Объектінің жұмыс істеу негізіне жататын құбылысы, заңдылық қасиеті, жұмыс істеу принципі.
  2. Объектінің құрылымы, құрылысының топтасуы.
  3. Құрылым ерекшеллігі.
  4. Объектінің жұмыс істеу көрсеткіштері, белгілері, техникалық сипаттамасы.
  5. Объектіні күту.

Әрбір блоктың мазмұны, саны және сапасы жағынан әр түрлі және оқыту мазмұнына бағынышты болады, бірақ блоктарға кіретін сұрақтарды кез-келген оқып үйренетін объектілерге ұсынылған жүйелілікпен ғана атау керек.

Оқу элементтерін таңдау оқу материалы мазмұнының құрылымдық логикалық сұлбасын жасаудың екінші кезеңі болып табылады. Түсініктерді қалыптастырудың деңгейін анықтау үшінші кезең болып саналады.Түсініктің маңызы, демек оны игеру және қызықтау мақсатымен деңгейі осыған тиісті төрт деңгейде, яғни «танысу-еске түсіру-іскерлік-трансформация» бойынша атқарылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                 Тақырыптың оқу элементтерінің спецификациясы

 

Блок нөмірі

Негізгі оқу элементтері жэне негізгімен бірге оқылатын басқа оқу элементтері

I

 Қатараралық өңдеу машиналары туралы түсінік пен анықтамалар

II

Қатараралық өңдеу машиналардың жұмыс істеу құбылысы, заңдылық – қасиеті және жұмыс істеу принципі

III

Қатараралық өңдеу маиналарының құрылымы

4-культиваторлар;

а- КПШ-9; жалпақ тілгіш культиватор. КПШ-5; бақша культиваторы .5. КПГ-2,2; ; 6. а- ОПТ-3,5; б-КПН-4,2; 7.КПС-4; 8. а-КЛ-2,6; б-КА-2,6; в-КСГ-5; 9.а-КШ-3,6А;б- КПЭ-3,8; в-КШ-3,6.

IV

Қатараралық өңдеу машиналарының құрылым ерекшеліктері

V

Қатараралық өңдеу машиналарының  жұмыс істеу көрсеткіштері

VI

Объектіні күту

 

» Ауыл шаруашылық машиналары »  пәні бойынша күнтізбелік-сеткалық кесте

Сабақтардың оқу тәртібі мен түрлері

Оқу аптасының номері

 

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

Теория-

лық сабақтар

Апта

лық сағат саны

3

3

3

3

3

3

3

 

 3

 3

 3

 3

 3

 3

 3

 3

  3

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

2

 

 

2

 

 

2

 

 

2

 

 

2

 

 

2

 

 

2

 

 

2

 

 

 

 

2

2

 

 

2

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқи

тын тақы

рып номе

рі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лабора

тория

лық практи

калық сабақтар

Апта

лық сағат саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

3

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

6

 

 

 

6

 

 

 

 

6

 

 

 

6

 

 

 

6

 

 

 

6

 

 

6

 

 

6

Оқи

тын тақы

рып номе

рі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл  шаруашылық машиналар»  пәні  бойынша  құрылымдық-логикалық    талдау.                      2-кесте

I

 

II

 

III

 

IV

 

V

 

VI

 

 

 

2.3  «Қатараралық өңдеу машиналары» тақырыбы бойынша перспективалық – тақырыптық жоспарын жасау.

 

Теориялық оқытуды жоспарлайтын негізгі құжаттар,олар:перспективалық тақырыптық жоспар және сабақ жоспары болып саналады.

Сабақты ғылыми — әдістемелік деңгейде өткізу  үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлау тиіс.

Оқытушы оқу пәнінің тақырыбын оқу жоспары мен бағдарламасына сүйеніп, перспективалық тақырыптық жоспар алдын ала құрастырылады, яғни тақырып бойынша сабақ жүйесін анықтайды.

Перспективалық тақырыптық жоспарының негізі-тақырып бойынша сабақ жүйесін құрастыру. Ал, сабақ жүйесіне тақырып бойынша оқу процесінің мынадай негізгі элементтері: жаңа білімді хабарлау, білім мен білікті бекіту, білімді жүйелендіру және қорытындылау, бақылау және тағы басқалары кіреді.

Перспективалық тақырыптық жоспардың құрылымын үш компонентке бөлуге болады:

  1. Тақырыптың оқу материалын сабақтарға бөлу (1,2,3,4 графалар)
  2. Әрбір сабақтың әдістемесі(5,6,7,8,9 графалар)
  3. Оқу тәрбие процесін жабдықтармен қамтамасыз ету(10 графа)

Перспективалық тақырыптық жоспарының тақырып бойынша сабақ жүйесі тақырыптың мазмұнын логикалық байланыстырады.

Перспективалық тақырыптық жоспарда оқу материалы сабаққа рационалды бөліне отырып, келесі сұрақтарды қарастыру керек:

-оқыту жұмысын ұйымдастыру формасы;

-сабақ барысындағы оқушылардың өзіндік жұмысы;

-пәнаралық байланысты іске асыру;

-тәрбиелік жұмыспен байланыс;

-көрнекі оқу-құралдарын, дидактикалық материалды және техникалық оқу құралдарын пайдалану жолдары;

-оқушыларға үй тапсырмасын беру;

-тақырып бойынша оқу және әдістемелік әдебиеттерді пайдалану.

Мұғалім перспективалық тақырыптық жоспардың компоненттерін өзі жасайды. Жоспардың компоненттері оқу пәніне, тақырыптың мазмұнына, кәсіптік мектептің оқу-материалдық базасына, оқушының білім деңгейіне байланысты жасайды. Перспективалық тақырыптық жоспар әдістемелік комиссияда қаралып, бекітіледі.

 

2.4. Сабақ жоспарын жасау әдістемесі

Сабақ жоспары перспективалық тақырыптық жоспарға сүйене отырып, оқулықтар мен оқу құралдары негізінде жарты немесе толық оқу жылына құрастырылады. Сабақ жоспары- бұл әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі формасы. Жасалған жоспар бойынша мұғалім: сабақ

тақырыбы бойынша оқулықты, оқу құралын және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, өз білімін тексереді және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, алдын-ала жаттығуларды дайындап, сабақ міндеттерді шешіп және тәжрибелерді орындайды, жабдықтарды тексереді.

Сабақ жоспарында сабақтың оқу-тәрбие мақсаты мен тақырып көрсетіледі. Негізгі оқу элементтері мен құрылымы, уақыты, сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы, оқытушының жұмыс мазмұны, сабақтағы өзіндік жұмыстың мазмұны, үй тапсырмалары және тағы басқа сұрақтар қарастырылады.

Сабақты жоспарлау негізінде өткен сабақтардың нәтижелерін есепке алып, мұғалім әрбір сабаққа дайындалады. Сабаққа дайындалудың басты компонентерінің бірі-оқу материалын таңдап алу.Бұл жерде сабақтың идеялық-теориялық бағыты анықталады, сабақта негізгі идеялар, ұғымдар, заңдылықтар, тарихи және политехникалық мәліметтер айтылады. Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды ойластырады, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен функцияларын пайдаланады.

Сабаққа дайындалу үшін өткен сабақты талдау қажет, ол үшін мына мәселелерді еске алған жөн: тақырып мазмунын оқытушылар қалай игереді, сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі, сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешіледі, сабақтың жетістіктері мен кемшіліктері, сабақ процесінде болған кемшіліктерді келесі сабақтарда болдырмау жолдары.

Сабақты осындай тәсілдерді пайдаланып өткізу мұғалімнің ғылыми-әдістемелік, педагогикалық шеберлігін сипаттайды. Ал педагогикалық шеберлік дегеніміз-оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекше өнері.

 

АШМ   пәні   бойынша  сабақ  жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қатараралық өңдеуге арналған машиналар құрылымы.

                                         Культиваторлар.

Сабақтың мақсаты: Қатараралық өңдеуге арналған машиналардың құрылымы мен  түрлерін оқып-үйрену.

Сабақтың түрі:         аралас.

Сабақтың көрнекілік жабдықталуы:плакат және диафильм «культиваторлар»

Сабақтың уақыты:  2 сағат.

Сабақ барысы:         

1.Ұйымдастыру бөлімі                                                                              3-4 мин.

   (оқушылармен амандасып,кабинеттің және топтық сабаққа дайындығын тексере-

    мін,кезекшінің ақпаратын тыңдап,журналға белгілеймін)

2.Өткен сабақ тақырыбы бойынша фронталді сұраймын.                     5-6 мин. 

   Сұрақтар:

1.Қатараралық өңдеуге арналған машиналар туралы не білесіз?

 

2.Олардың жұмыс істеу ерекшеліктері деген не?

3.Қатараралық өңдеуге арналған машиналардың конструкциясы.       8-9 мин.

3.Жаңа тақырыпқа арналған сұрақ жазамын.

1.Қатараралық өңдеуге  арналған машиналар түрлері.                           6-7 мин.

2.Культиваторлардың  жұмыс істеу процесі және оларды

    плакатпен түсіндіру.                                                                               9-10мин.

3.Қатараралық өңдеу машиналарына қойылатын талаптар.                  7-9 мин.

 

                                    Сабақтың 2-ші сағаты

4.Оқушылардың өзіндік жұмысы                                                              9-10мин

5.Сұрақ қою                                                                                                 8-9 мин

6.Диафильм,плакат                                                                                     9-10 мин

7.Сабақты қорытындылау                                                                          5-7 мин

8.Үйге тапсырма беру                                                                                 3-5 мин                                                                          

9.Қызықтыру кезеңі                                                                                  3-4 мин  

2.5 Пәнаралық  байланыс картасын  жасау

 

Пәнаралық  байланыс  педагогика   ғылымында  философиялық , психологиялық ,  дидактикалық  және әдістеме  жағынан          қарастыратын    күрделі     кешенді     сала.    Пәнаралық      байланыс    жалпы       білім  беру  кәсіби   техникалық   цикл   дәне   өндірістік           оқыту  пәндер  арасында   органикалық   үйлесімді  қалыптастыруға мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  оқу  процесін  ұйымдастыруға  зор  әсер  етеді.

Пәнаралық  байланыс бүкіл  жұмыстың  мәнін  оқушыларға   кез-келген теориялық  және  практикалық  сабақта оқыған  кезде                 бүкіл  жинақтаған  білімдерді , дағдаларды  қолдануды  білу  үшін  мазмұнымен  құрылымы бойынша  тиімді  дидактикалық  бірыңғай       білім  жүйесін  қалыптастырған.

Пәнаралық  байланыс дегеніміз – жалпы  ғылымдар  жүйесінің  дидактикалық  мақсаттардан     туындайтын  оқу  бағдарламаларының  өзара  шартты  байланыстар.  Педагогика  ғылымында  пәнаралық  байланыстарды  белгілі  педагогтар , Коменский , Песталлоций , Ушинский. Пәнаралық  байланыс оқытудың  мазмұны  мен әдістері  жете  ұйымдастыру    арқылы  шектер  қоймайды.

Пәнаралық  байланыс  тұтас  бір  сабақ  немесе  сол  сабақтың      үзіндісі кино , диафильм , телекөріністер  арқылы  жүзеге  асырылады. Пәнаралық  байланыс  ең  маңызды  міндетті  оқу  процесінің  білім        беру , тәрбиелеу , дамытушылық  ақпараттар  арасындағы       байланыстарды  құру  болып  есептеледі.  Сонымен  пәнаралық  байланыстың    негізгілері   мыналар:

  • Оқу пәндер  арасындағы  байланыстың  болуы ,              ғылымдар  негізінің    білім    жүйесінің     дамуының     негізгі      шарты     деп   есептеу.
  • Пәнаралық байланыс  жан – жақты тәрбие , білім беру
  • жүйелерінің   барлық   салаларына    кешенді  жүйе    жасайды.
  • Маман даярлауда  білім  мазмұнының  барлық  құрылым  бөлшектерінің  байланысын  табады.
  • Пәнаралық байланыс  педагогикалық  еңбектің  ғылыми  негізінен  танымды    ұйымдастыруына  жатады.
  • Педагогикалық ұжымның   барлық    іс — әрекетінің  бір–бірімен   келісуі    және    демократиялық    негізінде     жүріп – отыруына  әсер  етеді.

 

2.6 Лабораториялық ,   практикалық   сабақты   өткізу   әдістемесі  оны  ұйымдастыру

 

Сабақ жоспары – нақты  бір  сабақты  өткізу  үшін  тақырып    бойынша  жасалатын  міндетті  құжат. Сабақ  жоспарының                міндетті  формасы  бекітімеген. Кәсіптік мектептерде  лаборатория , практикалық  сабақты  өткізудің  негізгі  ерекшеліктері  звено          бойынша  ұйымдастырылады.

Лабораториялық – практикалық сабақтың  негізгі  мақтасы – оқушылардың  тоериялық  сабақта алған  білімдері  мен  біліктілігін     қайта  жаңғыртып , бекітіп , жұмыс орындарымен   таныстырып , машиналардың құрылысымен реттеулерін  бөлшектеп , жинап            жөндеу   әдістерін   үйрету.    Сонымен    қатар      лабораториялық – практикалық сабақ  барысында оқушыларға мамандыққа                         деген  сүйіспеншілігін ,  қызығушылығын  тәрбиелеу  қажет. Лабораториялық – практикалық  сабақтың    жоспары    мыналарды   қамтиды:

  • Сабақтың тақырыбын
  • Мақсатын
  • Сабақтың материалдық – техникалық   жабдықталуын.
  • Уақыты

Сабақ барысы ұйымдастыру бөлімінен ( 5 минут ), кіріспе  нұсқаудан (25 – 30 минут ) оқушылардың  жаттығуларымен               ағымдык  нұсқау (5сағ) және        қорытынды  нұсқаулардан  (10 – 15 минут)  тұрады.

Кәсіптік  мектептерде  лабораториялық – практикалық сабақтарда арнайы  құрал – жабдықтармен жабдықталған  лаборатормяда                 және  шеберханада    өтеді.  Оқытушы  лабораторияда  әрбір жұмыс       онын  қажетті  жабдықтармен , құрал – саймандармен  қамтамасыз            ете отырып , жұмыстың  белсеңді  әдістерін  ұйымдастыруды           көздейді.  Лабораториялық – практикалық сабақты  өткізу  үшін      оқытушы  және оқу  шебері  төменгідей    құжаттарды  жасау  қажет :

  • Сабақ жоспарын;
  • Технологиялық нұсқау  карталарын;
  • Басқада дидактикалық  құрал – жабдықтарын;
  • Сабақтын тақырыбын , мақсатын;
  • Материалдық – техникалық жабдықтарын;
  • Оқушылардың жұмыс  орындарының  алмасу  кестесін.

Нақты цикл ЛПС бойынша оқу тәрбие процессін жоспарлау

Лабораториялық – практикалық сабақтың жоспарын жасау

 

Сабақ жоспары дегеніміз тақырып бойынша нақты бір сабақты жүргізу үшін жоспарланатын негізгі қажет. Ол педагог пен өндірістік оқыту шеберінің дайындық жұмысының нәтижесі болып табылады. Сабақ жоспарының стандартты міндетті жоспары бекітілген. өйткені жоспар формасы оның мазмұны, өткізу әдісі тақырып материалын ашу тереңдігі сияқты сабақ мазмұнына оның оқу және тәрбиелік мақсатына, онда тұрған жұмыс сипатына жаттығуларды ұйымдастыруға педагог пен шебер тәжірибесіне байланысты өзгеріп отырады.

Лабораториялық – практикалық сабақтың жоспары мыналарды қамтуы тиіс: сабақ тақырыбын, мақсатын сабақтың оқу материалы мен жабдықталуын.

2.7.Кіріспелік нұсқауға қысқаша мазмұндама жасау

 

Лабораториялық – практикалық сабаққа байланысты сабақ құрылымы да өзгеше болады. Кіріспелік нұсқаудың негізгі міндеті оқушылардың міндеті тұрған оқу өндірістік процессін, міндеттерін толық қалыптастыру, тапсырманы орындау, шарттармен, ерекшеліктерімен, әдістерімен, жабдықтармен және өздерін бақылау әдістерімен таныстыру.

Кіріспелік нұсқауға сабақтың мақсатымен және жүргізілетін жұмыстардың ретімен таныстыру. Оқушылардың МТА – ның құрылысы, техникалық күтімі туралы білімін тексереміз.

Оқушыларды мазмұнымен толық таныстыру. Оларға техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне көңіл бөлу, оқушыларды звеноларға бөліп, олардың жетекшілерін тағайындау, жетекшіге звеноның алмасу кестесінің орындауын талап ету. Әр звеноның жетекшісі өндірістік оқу шеберінің көмегі арқылы техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға арналған нұсқау беріледі.

Алдағы оқу өндірісінің міндеттері туралы оқушыларға толық және кең жайылған ұсынуды құру және оның жағдайларын, құралдарын, әдістерін және жасау ерекшелігін, бақылау және өзін өзі бақылау туралы мәлімет беру7

 

2.8.Жұмыс орындары бойынша оқушылар звеноларын орналастыру кестесін жасау

 

Лабораториялық – практикалық сабақтарды жүргізу үшін оқытушы теория және лабораториялық – практикалық сабақ бағдарламасын және олардың өзара байланысын таңдауы керек.

Тапсырмалардың көлемін және мазмұнын дәл анықтап лабораториялық – практикалық сабақтардың белгілі бір бөлімінің өткізілуін дұрыс жоспарлау қажет.

Оқытушы жұмыс орындарының санын әр бір тапсырма бойынша белгілі кәсіптік мектеп жағдайын есепке ала отырып, әр бір жұмыс

орнында 2-3 оқушыдан артық істемейтіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Оқу шеберханасының жабдықталуы 3 бөлімге бөлінеді:

  1. Оқушының жұмыс орны
  2. Шебердің жұмыс орны
  3. Жалпы пайдалану құрал саймандары

Оқушының жұмыс орны оқу бағдарламасының талаптарына сай кәсіптік оқытуға қажетті жабдықтармен, аспаптармен, приборлармен, құралдармен жабдықталынады. Оқушының жұмыс орны оқу бағдарламасының талаптарына сай кәсіптік оқытуға қажетті жабдықтармен, аспаптармен, приборлармен жабдықталады.

Оқушы жұмыс орнын қамтамассыз ететін жабдықтардан басқа оқу шеберханасы жалпы пайдалану жабдықтарымен де бейімделеді.

2.9 Жұмыс орындарының оқу материалдары мен құрал – сайман, аспаптары, жабдықталған жұмыс орындарының тізімі

 

Жұмыс орындары

Оқу материалдар мен құрал-саймандар, аспаптар

1

КПС-4

Балта, балға, шайба, ключ, отвертка, поршень, целиндр

2

КПН-4,2

Балға, шайба, ключ, поршень, целиндр, білік

3

ОПТ-4,2

Арнайы жиынтық кілттер

4

КЛ-2,6

Аспаптар жиынтығы, кілттер

5

КА-2,6

Монтажка, болттар, өлшеуіш аппараттар

6

КСГ-5

Темір сызғыш, болттар, донкрат, кілттер

7

КШ-3,6А

Аспаптар жиынтығы, балға, өлшеуіш аспаптар

8

КПЭ-3,8

Болттар, өлшеуіш, темір сызғыш

9

КШ-3,6

Темір сызғыш, болттар, донкрат, кілттер

10

КПШ-5

Аспаптар жиынтығы, балға, өлшеуіш аспаптар

11

КПШ-9

Болттар, өлшеуіш, темір сызғыш

12

КПГ-2,2

Арнайы жиынтық кілттер

 

 

2.10 Лабораториялық – практикалық техникалық циклына арналған технологиялық нұсқау картасын құрастыру әдістемесі

 

Өндірістік оқытуда оқушыларға ақпараттың маңызды қайнар көзі болып, ауызша сөз ғана емес, жазбаша сөзде (чертеж, техникалық жағдай, технологиялық нұсқау картасы) болып қызмет етеді.

Өндірістік оқыту процесінде баспалы мәтін мен жұмыстың ең маңызды түрі бұл оқушылардың технологиялық нұсқау картасының көмегімен жазбаша нұсқау. Олар оқушыларға лабораториялық – практикалық сабақтарында және сабақтардың басқа түрлерінде беріледі.

Оқушылардың өзіндік жұмысына арналған біртіндеп қажеттілікті ескере отырып, технологиялық нұсқау картасының көлемін біртіндеп азайтуға болады.

Технологиялық нұсқау картасы – бұл оқушының белсенді және өзіндік танымды іс әрекетін ұйымдастыру құралы. Мүмкін болса, қол және машина еңбек сөзбен сипаттауға сұлбалармен суреттермен ауыстыру қажет.

Технологиялық нұсқау карталары оқушыларға әр жұмыс орында нені және қалай жасау керек екендігін түсіндіреді. Олардың ішінде жұмыс тәсілдерінің мазмұны және орындау бірізділігі технологиялық операциялардың сапалығына талаптар, олардың орындау бірізділіктері, жұмыс өткізетін агрегаты, жұмыс сапасын өзін өзі бағалау қарастырылады.

ЛПС орындау үшін технологиялық нұсқау картасында жұмыстың аты, мақсаты, құралдар және материалдар тізімі, тапсырманы орындауға береілген уақыт, жұмысты өткізу тәртібі (бөлшектеу, реттеу, жинау) болуы керек.        Мәтіні қысқа және нақты болуы керек, оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділігін көрсете алу үшін, оқушылардың іскерлігін бағыттау қажет. Әр түрлі кемшіліктерді жою үшін технологиялық нұсқау картасында оқушылар үшін шығармашылық тапсырмалар қарастырылады. Осының барлығы оқушыларға шығармашылық практикалық сұрақтарға саналы шешуге көмектеседі және техникалық құжаттарды қолдану дағдысын алуға, олардың алу шарттарын өндірістікке жақындатады. Сонымен қатар технологиялық нұсқау картады монтажды, димонтажды жұмысты орындауға негізгі мәліметтер қарастырылуы маңызды, тағы да реттеу операцияларды өткізу өте маңызды.

Технологиялық нұсқау картасының бағалы элементі оқушылардың техникалық сауатын көтеретін, бұл оқылатын машиналардың сұлбалары. Білімдерді нақтылау және бекіту үшін карталарда бақылау сұрақтары қойылады.

 

ЛПС-тың технологиялық нұсқау картасын құрастырудағы әдістемелік талаптар

 

  1. Оқу бағдарламаға сәйкестігі
  2. Технологиялық нұсқау карта маңызы бойынша аяқталуына қатысты болуы тиіс
  3. Пунк құрылымы бойынша жай қатысты болуы керек
  4. Технологиялық нұсқау картасының жақсырақ нұсқауы екі графадан тұрады: а) тәсілді орындау реті (не істеу керек?); б) құрылымдық нұсқаулар (қалай істеу керек?)
  5. Құрылымның мазмұны еңбек іс әрекетінің талдау негізінде анықталуы керек. Оқу процессінің шынайы жағдайларын ескере отырып кәсіпке сәйкес болуы қажет
  6. Оқытудың бірінші деңгейлерінде технологиялық нұсқау карталарды тереңірек пайдалану қажет
  7. Технологиялық нұсқау картаны құрастырғанда зейінді айқындылыққа, нақтылыққа, техникалық сауаттылыққа қалыптастыру қажет, бұлар негізгі дидактикалық құндалықтар
  8. Жазбаша нұсқаудың графикалық бөлімі (суреттер, сұлбалар, графиктер, фотолар, эскиздер) ауыртпалық болуы тиісті
  9. Технологиялық нұсқау картаның мазмұнына өзін өзі бақылау, өлшемі көрсетілуі тиіс немесе оқу өндірістік жұмыстарының соңғы нәтижелері
  10. Технологиялық нұсқау карталарының мөлшерлері, көлемдері оқушылардың жұмыс орындарында қолдану мүмкіншілігін қамтамассыз ету керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.11.Берілген кәсіп бойынша тақырыптың оқу процесінде алатын

орны мен мазмұны.

 

      Қазіргі таңда білімді,білікті,іскер маман жұмысшыларды дайындау арнайы пәндерді оқытудың маңызы үлкен.Оқу процесінде мақсаттың мазмұны,формасы білім беру пәндерімен салыстырғанда олардың жүйелілік спецификалық ерекшелігі бар.

Ауыл шаруашылық машина пәндерінің негізгі мақсаты белгілі бір саланың өндірістік процесін, олардың негізгі теориясы мен құрылысын, қолайлығын, білікті маман дайындау бағытын тереңдету болып табылады.Арнайы пәндерді оқытудың негізгі бағыты-оқушыларды механизмдермен, приборлармен, машинамен, аппараттармен және олардың жұмыс атқару технологиясын таныстыру және қалыптастыру.

Қатараралық өңдеуде жерді жырту, өнім алу біздің елімізде аса зор маңызы бар. Жайылымдар мен егістік алқаптарды өңдесек, соғұрлым астықты және де басқа салалар да жақсы өркендейді. Экономикалық жағдайымыз арта түседі.Ал бұл жерлерді өңдеу арнайы машиналар арқылы іске асады. Қатараралық өңдеуге арналған машиналардың құрылымын,құрылысын білу ауыл шаруашылық мамандардың міндеті. Қатараралық өңдеуге арналған машиналардың бірнеше түрлері бар. Культиваторлар 12 см тереңдікке дейін жыртуға қолданылады. Культиваторлардың барлық түрлері ерекше операцияларға пайдаланылады.

     Культиватормен жер толық аударылуы тиіс. Мұның өзі барлық арамшөп пен өсімдіктердің қалдықтарын, сондай-ақ минералдық, органикалық тыңайтқыштарды терең көму арнайы машиналар арқылы жүзеге асады.Жайылымдар тегістеліп, жарамды болады.

Культиваторлау дегеніміз топырақ қабатын аудармай.таяз ғана, арамшөптерда отаумен ұштастыра жүргізілетін қопсыту процесі.

     Культиваторлауды негізінен жерді тұқым себер алдында өңдеу үшін қолданады. Атқаратын жұмысына қарай топырақты жаппай өңдейтін және қатараралық өңдейтін культиваторларға бөлінеді.

Культиваторлар топырақты қопсытуға,арамшөпті отауға,тыңайтқыш шашуға, түптеуге арналған.

«АШМ»пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтың № 1-1 тақырыбы

бойынша технологиялық нұсқау картасын жасау

 

Тақырыбы: КПС-4тұқым себер алдында егістікті жаппай және тасы жоқ парды өңдеуге арналған культиватор.

Мақсаты:   КПС-4 аппараты бойынша теориялық білімді бекіту,бұзып-жинау, реттеу операцияларын меңгеру. Барлық бөлшектердің ерекшеліктерімен танысу.

Материалдық-техникалық жабдықтар:

                     КПС-4 жер өңдеу аппараты,кілттер жинағы, жұмыс  орындауға қажетті құрал-жабдықтар, саймандар, лом, темір сызғыш,

                    технологиялық нұсқау картасы,плакаттар және диафильм

«Культиватор», Ю.И.Воронов «АШМ», Алматы, 2005    99-113 бет.Уақыт:  6 сағат.

 

Технологиялық карта жасау

 

     Ауыл шаруашылық өнімін өңдіруде агробиология ғылымы мен практикасының жетістіктерін өндіріске енгізумен қатар техника пайдаланудың тиімділігін одан әрі арттырудың және комплекстік механикаландыруды дамытудың аса маңызды шарты прогрессивті технологияны қолдану болып табылады. Технологиялық карта жасау сияқты жоспарлаудығ жаңа формасын пайдалану өндірістік процестерді жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік туғызатындығын озат шаруашылықтардың тәжірибесі көрсетіп отыр. Технологиялық карталар барлық жұмысты нақта жағдайларды толық ескере отырып жоспарлауға, техникаға деген сұранысты дәл анықтап, оны ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жоспарланған өнімді алу үшін қажетті еңбек  және қаражат шығыны есептеп шығаруға болады. Технологиялық карталарды жасағанда оның негізіне озат агротехника мен өнімнің бір өлшемін өндіргенде барлық операцияларды еңбек пен қаражатты мейлінше аз жұмсайтындай етіп орындауға бағытталған технологиялық процестерге қойылатын арнаулы талаптар алынуы тиіс.

     Негізігі агротехникалық талаптарға жататындар: барлық операциялар үшін – жұмыстың орындалу мерзімі; топырақты өңдеу үшін өңдеу әдістері (аудара, аудармай, құрама әдіспен өңдеу); тұқым себу үшін – тұқымды біркелкі енгізу әдісі және тұқым енгізу тереңдігі, тұқым себу нормасы; астықты қатараралықты жаткамен орғанда – десте жасау әдісі, егінді ору биіктігі, сабақтарды түсіру сипаты, мүмкін болатын шығындар тағы басқалары. Операциялардың біреуіне қойылатын арнаулы талаптар, бүкіл процесті орындаудың ұйымдық және технологиялық ерекшеліктерін айқындайды.

     Алғашқы технологиялық карта егістік алқабының 100 гектарына есептеп әрбір ауыл шаруашылық дақылын егіп – өсіруге және жинауға арнап жасалады. Бұл 1 гектарға жұмыстың әрбір түрі бойынша жұмсалатын шығынды анықтауға мүмкіндік береді. Технологиялық процестер мен жекелеген операциялардың схемасын бірнеше вариант етіп жасаған дұрыс, бұл кейін талдау жасаған кезде оның ұтымдысын таңдап алуға мүмкіндік туғызады.

     1 гектарға жұмсалған шығынның алынған көрсеткіштеріне қарап отырып әрбір дақыл бойынша егістіктің қабылдап алынған көлеміне жоспарланатын шығын айқындалады. Егер қайсыбір дақыл орналасқан учаскеде жағдай әр түрлі болса, мәселен суарылатын және суарылмайтын, жазық жерде не

беткейде орналасқан, көлемі шағын әрі пішіні нашар және көлемі үлкен, әрі жазықтықта орналасқан тағы басқалары. Мұндай жағдайда технологиялық картаны өндірістің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір учаскеге бөлек жасау керек.

 Карта жасағанда жекелеген операцияларды жүзеге асыру үшін машиналарды таңдап алуға және агрегаттар құрастыруға айрықша көңіл бөлу керек. Агрегаттарды құрастырғанды машиналардың техникалық және пайдалану сипаттамаларын еске алу қажет, соның өзінде өнеркәсіп шығарып жатқан немесе жоспарлы кезең ішінде шығару көзделіп отырған машиналардың ішіндегі анағұрлым тиімділерін мейлінше кеңірек пайдалануды қарастырған жөн. Сондай – ақ осы кезең ішінде бракқа шығарылмайтын қолда бар машиналарды пайдалану да ескеріледі. Картаның ішіне агрегеттардың ерекшеліктері мен негізігі сипаттамалары көрсетілген  принципті схемалары да орналастырылуы мүмкін. Машиналардың конструкциясына оационализатор еңгізген жетілдірулер де картадан көрініс табуы тиіс.

          Карта жасауды оған жұмыстың әрбір түрі бойынша жалпы мәліметтер мен көрсеткіштерді енгізуден бастау керек: дақылдың, сорттың аты, егістіктің көлемі, алғы дақылдардың аты, тұқым мен тыңайтқыштар себудің, егін шығымдылығының, негізгі және қосалқы өнімдердің жалпы түсімінің нормалары, 1 га жұмсақ жыртылған жерді пайдалануға, тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналарын күнделікті жөндеуден өткізуге, техникалық қызмет көрсетуге және оларды сақтауға жұмсалатын шығындар, бір тонна – километр мен аткүнінің жоспарлы өзіндік құны, бұдан басқа  осы дақылды себуге арналған алаңның ерекшелігін айқындайды (пішіні, рельефі, арамшөп басып кетуі, құнарлылығы және тағы басқалары), жергілікті тыңайтқыштарды барынша мол пайдалану жөніндегі шараларды белгілейді, қолда бар ауыл шаруышылық техникасының жай – күйін тексереді, жаңа машиналар стап алу қажеттігін айқындайды,механикаландырылған жұмыстардың өнімділік нормасын айқындайды, шығындарды есептеуге және технологиялық картаның жекелеген графаларын толтыруға қажетті басқа да мәліметтірді дайындайды.

          Кестеде дақылды егіп – өсіру мен жинау жөніндегі барлық операциялар мен процестердің тізімі, топырақты әзірлеуден бастап егінді жинауға дейінгі оларды барынша механикаландыру мүмкіндігі ескеріле отырып беріледі. Егер шаруашылықта техникалық құралдардың қайсыбірі болмаса, онда тізімге көлік – қол күшімен атқарылатын операциялар кіргізіледі. Жұмыс көлемі жөніндегі мәліметтер (га,т, ткм)  кестеде жазылады.

      Кестеде әрбір операцияға қойылатын агротехникалық талаптар келтіріледі, мысалы: жерді жырту, культивациялау, тұқымды сіңіру тереңдігі, тырмалаудың саны және тағы басқалары. Агрегаттың құрамы – трактор мен машинаның маркасы, машина саны кестеде көрсетіледі. (  кестелер). Ауыл шаруашылық жұмыстарының қауырт кезеңінде (тұқым себу, егін жинау) жұмыс күнінің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан да кестеде жұмыс күнінің ұзақтығы сағатпен белгіленеді, кестеде – агрегаттың 1 сағатта істеген жұмысы, ал кестеде – бір жұмыс күніндегі істеген жұмысы көрсетіледі. Бір жұмыс күніндегі еңбек өнімділігі агрегаттың сағатпен есептегендегі жұмыс күнінің ұзақтығын көбейтілген сағаттық өнімділігіне тең.

     Технологиялық картадағы маңызды көрсеткіш жұмысты жүргізудің агротехникалық мерзімдері. Күнтізбелік мерзім ( кесте) операцияны бастау мен аяқтаудың агротехникалық жағынан анағұрлым қолайлы деген уақытын айқындайды. Осы мерзім ішінде жұмысқа қолайсыз күндердің (жаңбыр, аяз) сондай – ақ демалыс ж»не мереке күндерінің болуы мүмкін екендігін ескеріп, күнтізбелік күн санын күнтізбелік уақытты пайдалану коэффициентіне көбейту арқылы жұмыс күнінің санын анықтайды да ( кесте), тиісті түзету енгізеді.

     Жұмыстың бір өлшеміне жұмсалатын еңбек шығынын анықтау үшін (1 га, 1 т.) агрегатқа қызмет ететін адамдар санын агрегаттық сағаттық еңбек өнімділігіне бөлу керек ( кесте). Есепті алқапқа жұмсалған еңбек шығынын анықтау үшін алынған бөліндіні жұмыстың барлық көлеміне көбейтіп кестеде жазады. Белгіленген бүкіл мерзім ішіндегі бір агрегаттың істеген жұмысын оның бір күнгі өнімділігінің жұмыс жасаған күндерінің санына көбейту арқылы анықтайды.

     Қанша агрегат қажеттігін анықтағанда (тракторлар, комбайндар, машиналар) жұмыс көлемінің гектарға шаққандағы көрсеткіштерін агрегаттың жұмыс күндері ішіндегі істеген жалпы жұмысына бөледі, алынған нәтижені кестеге жазады. Орындалған жұмыстың бір өлшеміне жұмсалатын отын шығынының нормасы ( кесте) анықтамалық арқылы белгіленеді және егін алқабының 1 гектарын негізге алып есептеледі ( кесте). Агрегатқа қызмет көрсететін жұмысшылардың жалақысына жұмсалатын шығын ауыл шаруашылығы өндірісі қызметкерлерінің еңбек ақысы туралы ережеге сейкес айқындалады. Есеп айырысудың негізіне істегеніне қарай төленетін күндік тарифтік ставкалар және сандық көрсеткіштермен қатар орындаушының мамндығын, жұмыстың қандай жағдайда орындалғандығын да ескеретін тарифтық сетка алынады. Жекелеген элементтерге жатқызылған жалақыға жұмсалған шығынды кестеге жазып қояды.

     Технологиялық картаның барлық графаларын толтырып болғаннан кейін отын шығынын ( кестелер бойынша), еңбек шығынын (кестелер бойынша) және тікелей паййдалану шығындарын ( кестелер бойынша) жинақтап есептеп шығарады. Өнімнің бір өлшеміне жұмсалған еңбектің меншікті шығынын кестенің мәліметтері бойынша алынған қорытынды жоспарлы егін шығымдылығына бөлу арқылы айқындайды (ол картаның жоғарғы жағында тақырыпқа қойып көрсетілген). Ал өнімнің бір өлшеміне жұмсалған құралдың меншікті шығынын – кестеде алынғын қорытындының қосындысын тағы ды сол мәнге бөлу арқылы айқындайды.

 

 

 

4 Еңбек қорғау тарауы

 

4.1 Тракторды  пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары

 

          Дала қосында бірінші жәрдем құралдары бар аптечка, ол жуғыш, сабын, орамал,  ауыз суы құйылған  жабық кеспек қауіпсіздік  техникасы жөніндегі нұсқаулар, плакаттар, сақтандыру табличкалары  болу қажет.

          Тракторларда, өзі жүретін шассилерде және өзі жүретін комбайндарда жұмыс істеу жасы 18 ге жеткен, осы  машиналарды  басқару правосының  тиісті куіліктері бар  және қауіпсіздік  техникасы  жөнінде  нұсқау  алған  адамдарға рұқсат етіледі. Қауіпсіздік  техникасын  бұзған механизаторлар  жұмыстан босатылады  және  қосымша  нұсқаудан кейін оған қайта шығуына рұхсат етіледі. Тракторларды сыртқа және мас адамдардың жұмыс істеуіне  үзілді кесілді тыйым салынады. Тек түзу машиналарда жұмыс істеу  рұқсат етіледі.

          Шестерниялы, шынжырлы  берілістер , кардан және айналатын  басқа да  біліктер  қорғаныс құндақтарымен  жабылуы тиіс.

          Трактористтер қалалардың, елді мекендердің көшелері, жолдар, төселген жолдар және басқа да жол құрылыстары бойынша  транспорт жүрісінің қолданылып жүрген ережелеріне  бағынады.

          Уақыт өткен сайын жүргізушінің киіміне  мұнда  өнімдері сіңе береді және де ашық отты пайдаланғанда оның оңай  тұтанып кетуі  мүмкін, сондықтан оны мезгіл мезгіл жуып, кептіру қажает. Киім ыңғайлы  және  машина трактор агрегеттарының айналып тұрғанын тетіктеріне  оңай түсіріп кету мүмкін  желбіреп жүргетін бөлшектері болмау керек.

          Двигательді жүргізер алдында  тракторист оған  мұнай өнімдері мен су  құйылғанын тексереді, трактор кабинасын, май құятын  инвентарьды, аспаптарды тәртіпке келтіреді.  Берілістерді өзгерту  қорабының  және гидравликалық  жүйеның бөлгіш рычактарын бейтарап жағдайға қояды; қуат сұрыптау білігі  мен жетекші шкивті  ажыратады.

 

 

 

 Тракторға май құйғанда бактағы отынның мөлшерін өлшемді линейканы  пайдаланып анықтайды. Бұл мақсат үшін ашық  от қолдануға үзілді кесілді тыйым салынады: ол жарылысқа және  жазатайым оқиғаға апарып соқтырады. Ыстық радиатордың  қақпағын ашқан кезде қол мен бетті күйіктен сақтандыру үшін  қолғап киіп, радиатордың жел жағында  қол созым  жерде тұру керек. Радиатордағы  ыстық су мен картердегі  ыстық майды  абайлап ағызған абзал. Уақытша және жылжымалы май құйатын пунктке  трактормен ық жақтанкелу керек. Қоректендіру от алдыру  жүйесінің  ақауы бар двигательді май құятын пункттің аймағында  от алдыруға  тыйым салынады. Жұмыстан немесе май құйғаннан  кейін  тракторды май құятын пункттің  маңында қалдыруға тыйым саланады.

          Орнынан қозғалғанда  және тоқтаған кезде  тракторист жұмысшы тіркеушілерді сақтандыратын  шартты сигнал беруге, ал  қозғалуды тек жауап сигналы  алғаннан кейін басуға міндетті. Әрқашан қозғалардан бұрын  трактор  мен  машиналардың астында, сондай ақ  олардық  арасында адам жоқ екеніне, ал шынжыр табандар мен  қанаттарда бөгде заттар жоқ екеніне;  болжаған жолдың бос  екеніне көз жеткізу керек. Орнынан жылжытпай, жайлап қозғалады.

          Трактор жүріп бара жатқанда (жұмыс істегенде)  машиналардан түсуге  және оған отыруға,  трактордан  агрегат тіркемесін  немесе одан кайта өтуге, агрегатты майлауға, оны реттеуге  және техникалық күтім  жасаудың басқа  операияларын жүргізуге тыйым салынады. Двигатель істеп тұрғанда  агрегаттың  құрамына  енетін тарактор мен машиналардың  астында жұмыс жүргізуге,  желдеткіштің ремендерін кигізуге немесе алуға,  сондай ақ олардың  керілуін реттеуге тыйым салынады.

          Тік  беткейлерде трактордың көлденең жүру үлкен қауіп, өйткені ол аударылып кетуі мүмкін. Жол берілетін еңіс шегі сақталғанда ғана  трактор тауға  шығуы және одан түсуі мүмкін.  Өоден бірнеше немесе екінші беріліспен, двигатель шамалы жиілікпен  айналғанда тіркес  муфтасын қоспай түсу  рұқсат етіледі, мұның өзінде трактор кез келген сәтте тежелуге  әзір болуға тиіс. Тауға көтерілер алдында  трактор тоқтаусыз өрге шыға алатындай берілісті (ең төменгілердің бірін) қосу керек. Тауға қарай котерілгенде  тракторды мүмкіндігінше тоқтатпау (тіркес муфтасын қосу және берілістерді ауыстырып қосу) қажет, өйткені оның  кері кетуі  мүмкін. Егер тауға көтерілген кезде  двигатель сөніп, трактор артқа  қарай жүре бастаса, дереу тужеуішті басып, отын беруді толық ажырату қажет,  олай істемесе двигатель кері қарай жүріп кетуі мүмкін. Таудан тіркемелі  машиналармен түскенде  олардың жүрісін мұқият қадағалайтын, өйткені олар шетке шығып, трактормен соқтығысуы, оларды шынжыр табан немесе доңғалақ қармауы мүмкін. Машинанаң сынуыеа жол бермеу үшін уақытылы тежеп, тракторды тоқтатады. Тік таудан төмен түскенде тіркемелі машинаны да  тежеп отыру керек. Егер тежеуіштер болмаса, бір (немесе екі) доңғалақты рамаға байлайды. Төмен түскенде двигательді тежеуіш ретінде  пайдаланып қозғалу  жылдамдығын (трактордың екпіні мен сырғанауын)  төмендетуге болады, бұл  үшін тік  беткеймен түскенде тіркес муфтасы мен  төменгі берілістердің бірі  қосылып тұрған жағдайда отын беруді толық тоқтатады.

          Бір мезгілде бірнеше трактор бір бағытпен жүргенде олардың аралығы горизонталь жолда кемінде 30м, ал өтр көтерілгенде  немесе құлдиланғанда кемінде 50м болуы қадағалану қажет.

Тракторды транспорт жұмысына пайдаланғанда тіркемелерде адам тасымалдауға тыйым салынады. Реттелетін табаны бар  доңғалақты тракторлардың аударылып кетуіне жол бермеу үшін доңғалақтарды 1400мм кем болмайтын табанға  орнатады. Тайғанақ және мұз қатқан жолдармен жүргенде, лайсаңды, тұманды, су кедергілерінен өткен кезде ерекше сақ болған абзал. Мұндайа төменгі берілістермен жүріп, кілт тежелмеу керек,  қырындап ауытқығанда тіркес муфтасын ажыратпай тракторды сырғанап бара жатқан, жаққа қарай бағыттау керек, тұманда фарлар жағулы  болады.

Темір  жолдан жүріп өтуге  арналған орындарда  ғана ең төменгі беріліспен және семафор жабық болғанда  өтуге болады. Өткелде тоқтауға және берілістерд ауыстыруға тыйым салынады. Темір жол өткеліне жақындағанда жүріс жылдамдығы  баяулатып, рельске 10м жакындағанда  тоқтату керек, машнадан түсіп, жол бос екеніне көз жеткізген абзал.

 

4.2.Ауыл шаруашылық машиналарында жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік шаралары

 

Ауыл шаруашылық машиналарына қызымет көрсететін механизаторлар жарақаттан және басқа жазатайым оқиғалардан өз қауіпсіздіген көздейтін ережелерді  орындауға тиіс.

Жұмыс басталар алдында  агрегат мұқият бақыланады,  сақтандырғыш құндақтардың бар екені және олардың бекітілуі, орнатылуының дұрыстығы, трактор мен ауыл шаруашылық машиналарының  куәлігі тексеріледі.

Техникалық күтім жасағанда және машиналарды тексергенде тексерушілер орнықты тұруға, ал машиналар, егер олар тіреулерде тұрса, берік бекітілуі тиіс.

Егер механизімдерде конструкциямен көзделген сақтандырғыш құндақтар болмаса (немесе дұрыс орнатылмаса), агрегат механизімдері берік бекітілмесе немесе нашар реттелсе, ауыл шаруашылық машиналарында жұмыс істеуге тыйым салынады. Двигательді тек трактористке қағидалық  нұсқауларға сәйкес жүргізу  рұқсат етіледі.

Ауыл шаруашылық машиналарына техникалық күтім жасаудың барлық түрлері олар жерге  түсірілгенде, двигатель тоқтатылып, трактордың  жылдамдықтары ажыратылғанда ғана жүргізілуі тиіс.

Машина трактордан ажыратылғанда  ғана жұмыс органдарын ауыстыру рұқсат етіледі. Өткір аспаптарды немесе үшкір детальдарды алып бергенде  алушы оларды моқал жағынан алу үшін алап беруші өткір бөлігенен ұстауға тиіс.

Тіркемелі немесе аспалы машиналарға  трактор баяу жүріспен және жұлқынбай келуі керек, мұның өзінде тіркеуіш қауіпсіз жағдайда  болуға тиіс.

Трактор мен машинанаң қосқыш детальдары  берік болуға  тиіс.

Машинаны басқаруға бөгде адамдарға беруге сондай ақ жұмыс кезінде  тракторда  немесе машиналарда болуына, техникалық күтім жасауға, механизімдерді  майлауға немесе  реттеуге трактор мен машинаның ақауларын жөндеуге тыйым салынады.

Агрегат жүріп бара жатқанда бір машинадан екіншісіне өтуге, берілістер қосулы болғанда және бірінші берілістен жоғары жылдамдықпен еңіске  қарай жүрсе, агрегатты елеусіз беткейлерге көлденең жүргізуге, өткелдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей темір жолдан, тас және дала жолдарынан өтуге, түнгі уақытта жарығанда  ақауы бар агрегаттарды  жұмыс істеуге  және олармен жүруге  өткенде олардың арасындағы интервал 24м кем болмауға тиіс.  Агрегат өткелде тоқтауға мәжбүр болса,  оның тоқтаған орнын күндіз қызыл жалаушалармен, түнде қызыл лампалармен қоршайды.

Топырақ өңдейтін, егетін және отырғызатын машиналарда істегенде жұмыс органдарын топырақ пен өсімдіқ қалдықтарынан  бұрылыс жолақтарында базартады. Егер плугтардың  корпустары мен культиватор табандарына өсімдік қалдықтары  азын аулақ тығылып қалса, агрегат жүріп бара жатқанда олардық арнаулы қырғыш тазалағыштарымен тазартуға болады, ал қатты тығылған агрегатты  дереу тоқтату керек. Себу агрегаты  жүргенде түқым  себушілер аяқ басқыш  тақтада тұруға тиіс.

Себу және отырғызу агрегаты жүргенде мыналарға тыйым салынады: тұқым жәшіктеріне отыруға, сеялканың немесе отырғызғыштың рамасына тұқым жәшіктерінің алдында болуға,  сеялкада немесе оның тракторға, тіркемесіне отыруға, агрегаттың алдында, трактор мен сеялканың арасында, сондай ақ маркердің алдында тұруға.

Жұмыс істеген кезде тұқым және тыңайтқыш жәшіктерінің қақпағын ашуға болмайды, сондықтан оларды жауып, ілгектермен бекітеді. егер жәшіктерді  ашу керек болса,  оларды сақтандырғышқа (бекіткіштерге) қояды. Беріліс механизімдері  сақтандырғыш қалқандармен жабулы болады.

Агрегат жүргенде мыналарға тыйым салынады: Сеялкалардың механизімдерін реттеуге,  гайкалар мен болттарды тартуға, үйкелетін бөлшектерді майлауға, себуші аппараттарды металл шыбықтармен тазартуға, аударыстыру құралы қосулы болғанда сусымалы емес тұқымды қолмен араластыруға, жәшіктерге шөптердің сусымалы емес тұқымын құюға, шүмекиерді қолмен тазартуға.

Себуші аппараттар қақалып, тұқым себу тоқтатылғанда агрегатты дереу тоқтатып, ақауларды жояды.

Құрама сеялкамен тек қана дәнді дақылдар сепкенде шөп тұқымы, сондай ақ тыңайтқыш жәшіктерінің аударыстыру құралдары ажыратылады.

Агрегат кілт бұрылыстарға жақындағанда оның жылдамдығын баяулату керек.

Тұқым себушілер оз орындарына тұрып, тұтас агрегат жұмысқа әзір болғанда аға тұқым себушінің  белгісімен себу  агрегатын жұмысқа қосуға  болады.

Бір учаскеден екіншісіне ауысқанда сеялкалардың жүріс жылдамдығы секундына 1,25м (сағатына 4,5км) болуға тиіс, мұның өзінде қосылу рычагтарын сыммен  байлап қояды, ал қырғыларды тістерін  төмен қаратып  рамаға сыммен бекітеді. Қырғылардың сақиналарын шүмек көтергіштің ашасына кигізуге тыйым  салынады.

Егер себу агрегатында арнаулы сигнализация болмаса, қажетті жағдайда аға тұқым себуші ысқырықпен  белгі беруі тиіс.

Загонның аяғындағы бұрылыстың алдында, сондай ақ бір учаскеден екінші учаскеге ауысқанда  маркерлерді көтеріп, оларды көтерілген күйінде берік бекіту, шүмектер мен сіңіргіш құралдарды көтеру керек.

Маркерлерді  транспорттық жағдайға қойғанда шаппа тістерді вертикаль жағдайдан горйзонталь жағдайға ауыстырады.

 

4.3 Өртке қарсы шаралар

 

Мұнай өнімдері  ауыр және жеңіл сұйық отын, жағылатын майлар уытты, олар адамның организіміне түскенде уландыру мүмкін. Егер мұнай өнімдері теріге тисе, тітіркендіріп күйдіруі мүмкін.

Мұнай өнімдерімен уландырудан құтылу үшін арнаулы киім және аяқкиім киіп істеу керек. Тракторға майды жабық әдіспен құйған жөн. Ауызбен жанармайды  соруға және қоректендіру жүйесінің  жекелеген агрегаттарын және двигательдердің  майын үрлеп тазартуға тыйым салынады. Мұнай өнімдерін ақаусыз ыдыспен тасымалдап,  арнаулы жайларда сақтау қажет.

Мұнай өнімдерінің буы шоғырлануы мұмкін жайларда жұмыс істеуге жеке ара қорғаныш құралдарын (противогаз және басқалар) пайдаланк қажет. Мұндай жайларды мұқият желдету керек.

Этилденген бензинмен улану өте қауіпті. Уланудың бірден  бола қоймауы да мүмкін. Егер этилденген бензин  теріге тисе, оны керосинмен шайып, соңынан сабындап жылы сумен жуу қажет. Егер бензин көзге тисе, дереу жылы сумен жуып, дәрігерге көріну керек. Этилденген бензинді бояйды. Оны іштен жану двигалелі үшін отын ретінде ғана пайдаланған орынды.

Этилденген бензиннің  әсеріне тап болған киімді тұрғын үйге әкелуге  болмайды, оны  алдын ала кемінде екі сағат бойына желдетіп  алған жөн. Этилденген бензин сіңген  сүрткіш  материялды  жағып жіберген орынды.

Мұнай өнімдерінің қаціптлігі организмді  уландырып, тері  ауруларын қоздыратынында ғана емес, олардың буы оңай тұтанатынында және ауамен белгілі дәрежеде қысылғанда жарылыс қауіпі туғызатынында. Өрт немесе  мұнай өнімдерінің жарылысы кішкене үшқыннан да пайда болуы мүмкін.

Жарылыстан немес өрттен құтылу үшін мыналарға тыйым салынады: бензин немесе лигроин құйылған бөшкелердің тығынын металл заттармен соғып ашуға, мұндайда үшқын пайда болуы мүмкін; тракторға май құйғанда немесе отын  бактарын байқағанда ашық отты пайдалануға  немесе темекі тартуға; тракторға  май құятын және олар тұратын орынның  маңында от  жағуға және темекі тартуға; жұмыстан кейн немесе май құйғаннан кейін тракторды май құятын пункттің маңайына қалдыруға; май  құятын пунктен трактор мен машинаның шығару трубасы тұрған жағымен келуге.

Бактар мен бүкіл отын жүйесін байқағанда оларға жағармайдың бар жоғына қарамастан тек электр жарығын пайдаланған жөн.

Өнімді жинап, бастырғанда тракторды сенімді істейтін үшқын ұстағыштармен жабдықтап, олардың дұрыс істейтінін жүйелі түрде бақылау керек.

Мұнай өнімдері түтанғанда жалынды өрт сөндіргішпен сөндіру, сондай ақ  оған топырақ, құм тастау, киіз немесе басқа да тығыз материял жабу керек. Жанып жатқан мұнай өнімдеріне су құюдың пайдасыз екені былай тұрсын, ол қауіпті де өйткені су оларды шашыратып, өрт алаңына ұлғайта түседі.  Алайда жалынды сумен ұшырып түсіруге және өртене бастаған  двигательді немесе тракторды сндіруге болады.

4.4. Техникаларды пайдаланғанда қоршаған

ортаны қорғау шаралары

 

Қоршаған ортаны қорғау механизімінің дәл кезінде және мүлтіксіз іске қосылуы ауыл шаруашылық қызметкерлеріне,  оның ішінде мамандарға тікелей байланысты.

автомобил көлігін пайдалану барысында табиғатты қорғау шаралары атмосфералық ауаны былғанудан қорғау, адамды матор шуылынан қорғау, су көзін жуынды судан (моющая жыдкость) қорғаудан және т.с.с. тұрады.

 

Атмосфераның бұзылуына қарсы күресу проблемасы күрделі, һәм көп күш, мол қаржы  жұмсауды қажет етеді. йтседе ғылыми техникалық прогрестің бүгінгі күн деңгейі қауіпті қосылыстардың пайда болуын  шығар көзінен ақ (в сомом источнике их выделения) азайтуға, сөйтіп ауа бұзылуының алдын алу шараларын жүзеге асыруға  мүмкіндк береді.

Атмосфераны былғанудан сақтандырудың бірден бір шарасы ретінде  дұрыстап аймақ құрудың (залирование) яғни  санитарлық қоғаныш аймағын құрудың ролі басымырақ. Осыған сәйкес автомобиль кәсіпорны үстіртт (возвышкнное место), тұрғын массивінің ық (желден) жағында орналасқаны абзал. Ал тұрғын үй  мен көлік кәсіпорны аймағын көкалдандырады (озеление). Қазіргі кезде Автомобильде сұйық газ жағуды кеңінен  өндіріске енгізу жоспарланы қолға алынып та жатыр. Ондай автомобил бензинмен жұмыс істейтін көлікке қарағанда зиянды затты атмосфераға  мейлінше аз тастайды.Көлік жердің шуды аз шығуы, жұрттың демалуына қолайлы жағдай жасайды. Ол өзіне тұсетін дыбыс энергиясының 20 %-ын бойына жұтып, адамның денсаулығына үлкен зардап келтіретін  шуға  тосқауыл болады.

Маманның назарынан тыс қалуға тиісті емес, табиғатты қорғаудың басты  мәселелері мыналар: жерді ұжымды пайдалану және қорғау; ауыспалы егісті дұрыстап игеру; топырақтың жол және су эрозиясына үшырауға қарсы  агротехникалық, гидротехникалық және мелиорациялық шаралар кешенін қолдану; егіс даласымен жүк тасымалдау кезінде топырақтың құнарлығын сақтауды қамтамассыз ету және эрозиялық процестің дамуына жол бермеу.

Табиғатты қорғау мәселесінде  ауыл шаруашылық өндірісінің  женер механигіне мына шараларға назар аударғаны жөн.

  • техниканы ақаусыз ұстау және оны атқаратын қызыметіне қарай іске қосу;
  • топырақ эрозиясын болдырмау;
  • егіс басында машинаға ТҚК-де жерге май, пайдаланған сұйық жеткізбеу;
  • трактордан, комбайннан, автомобильден және жұмыс машинасынан отын, май тамбауын, өндіріс қалдығын топыраты, суды ластанбауын қадағалау;
  • атмосферадағы уытты зат атқылауын (токсичные выбосы) және мотор шуын барынша азайту;
  • иабиғатты қорғау шараларын жасау (разроботка) процесті механикаландыруды дұрыс қолданбау нәтижесінде туындайтын зиянды (ущерб) анықтау әдістемесін пайдалана білу;

 

Қорытынды

 

  1. Алматы облысы, М.Бейсебаев атындағы Талғар бизнес және менеджмент колледжінің оқу -өндірістік жағдайына талдау жасалып, оқу базасы, колледждің педагогикалық ұжымының сандық-сапалық сипаттамалары берілді.
  2. Колледждің оқу процессін ұйымдастыру жұмыстарына сараптама беріліп, оқу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында төмендегідей оқу-әдістемелік құжаттар жасалынып, ұсынылды:

— күнтізбелік – сеткалық кесте;

— құрылымдық — логикалық  талқылау;

— перспективалы – тақырыптық жоспар;

— сабақ жоспары;

— пән аралық байланыс әдістемесі;

— оқушылардың жұмыс орындарындағы алмасу кестесі;

— технологиялық нұсқау картасы;

 

  1. Соңғы тарауда ауыл шаруашылық өндірісінде тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналарының жұмыс істеу кезіндегі еңбек қорғау, өртке қарсы шаралары белгіленіп, тәртіп сақтау ережелеюрі көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Алшынбай М.Р. «Ауыл шаруашылығы машиналарының теориясы» (оқулық) – Алматы – КазМемагру 1999-203 бет.
  2. Алшынбай М.Р., Әлиев Б.А. «Ауыл шаруашылығы машиналары» — Алматы, Қайнар 1979-224 бет.
  3. Жақсыбаев Т.Ж., Усманов А.А. «Топырақ өндеуді механикалау» анықтамалық құрал – Алматы, Қайнар 1981-214 бет.
  4. Қоныспай Қ. «Агроинженердің орысша – қазақша сөз қоры» — Алматы Агроуниверситеті 1997-114 бет.
  5. Қоныспай Қ., Қозыбай А. «Ауыл шаруашылығында машина пайдаланудың анықтамалық деректері» (оқу құралы) – Алматы КазМАУ 1996-160бет.
  6. Қоныспай Қ. Қозыбай А. «Ауыл шаруашылығында машина агрегаттаудың теориялық негізі» (оқулық) – Алматы 2000-196 бет.
  7. Мухин А.А. «Машина, трактор паркін пайдалануды ұйымдастыру және жұмыс жүргізу технологиясы» (оқу құралы) – Алматы, Қайнар 1998-320 бет.
  8. Босай Е.А. «Теория, конструкция и расчет сльскохозяйственных машин» — М.Машиностроительские 1978.
  9. Справочник конструктора сельскохозяйственных машин в 2-х т. Под редакцией А.П.Красниченко. М.1961-862стр.
  10. Василевская А.Н., Морпелова В.А. «Проблемы оптимизации процесса теоритического обучения в СПТУ» — М., высшая школа 1980
  11. Пришина Л.Я., Левина Г.Г. к «Методике отбора содержание обучение по техническим причинам. Содержание и методика психолога педогогической подготовки инжинеров – педагогов» — Свердловский 1990 г. Стр.111-119
  12. Зотов Ю.Б. «Организация совершенного урока» — М.,Просвещение, 1984г. Стр.142
  13. Ю.И.Воронов, Л.Н.Ковалев, А.Н.Устинов «Ауыл шаруашылығы машиналар» — Алматы «НАЗ-9» ЖШС, 2005
  14. Преподование общетехнических и специальных предметов в училищах

           профтехобразования, — М. Высшая школа