АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Экономикадағы сараптау жүйелері

Қазақстан Республикасының білім және ғылым

Министрлігі                       

 

 

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

 

 

 

                                       Қолданбалы информатика кафедрасы

 

 

 

 

 

Тақырыбы : « Экономикадағы сараптау жүйелері»

 

 

 

 

                                         Тексерген: Салимова Г.Е.

                                         Орындаған: Желдибаева Ж.Т.

                                                                             Топ: АЖ – 304

 

 

 

 

 

 

 

                                             Алматы 2008 ж         

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының                      2006 – 2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бұдан әрi — Жоспар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес әзiрлендi.

Жоспарда сыртқы және iшкi факторларға қарай 2006 – 2008 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындары негiзделедi және орталық және жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау саласындағы iс-қимылы айқындалады.

Стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу және басымдықтарды iске асыру үшiн экономика салаларын дамыту саласындағы 2006 – 2008 жылдарға арналған мiндеттер және оларды шешу жолдары Жоспарда айқындалады.

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2005 жылға арналған дамуын бағалау

 

2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) 9,4 %-ға өсті және 5542 млрд. теңгені құрады.

Экономиканың өсуіне өнеркәсіп елеулі үлес қосты, мұндағы жоғары даму қарқынын оның құрамдас секторларының тұрақты дамуы қамтамасыз етті.   2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің өсуі 10,1 %-ды құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі – 12,7 %-ға, өңдеуші өнеркәсіп – 8,9 %-ға, өндіріс және электр энергиясын, газ және су тарату – 3,5 %-ға өсті.

2003 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі                  0,1 %-ға өсті және 694,7 млрд. теңгені құрады.

Қызметтер секторындағы неғұрлым ауқымды өсу байланыста қамтамасыз етілді, мұнда кәсіпорындар мен ұйымдар көрсететін қызметтер көлемі                 2003 жылғы деңгейден 32 %-ға асып түсті және 150,8 млрд. теңгені құрады.

2003 жылмен салыстырғанда көліктің барлық түрлерімен тасымалдау              9 %-ға өсті және 1840 млн. тонна жүкті құрады.

2004 жылы инфляция деңгейі орта есеппен 6,9 %-ды құрады.

Қаржы рыногының барлық сегменттерінің тұрақты дамуы елдің ішкі кредит рыногын едәуір жандандыруға және өндірістік сектор мен қызметтер секторын дамытуға бағытталатын ақша қаражатының мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына кредиттік салымдары 2005 жылғы желтоқсанның аяғында 1484,3 млрд. теңгені құрады және 2003 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 51,8 %-ға өсті.

2004 жылы қазақстандық өнім экспорты барлық тауарлар номенклатурасы бойынша 2003 жылмен салыстырғанда 55,5 %-ға ұлғайды. Нақты көлем құны мен индексі бойынша шикі мұнайдың және мұнай өнімдерінің (газ конденсатын қоса алғанда) экспорты 2003 жылдың деңгейінен тиісінше 61 %-ға және 19 %-ға жоғары болды.

Темірден жасалған жалпақ илек экспорты 7 %-ға ұлғайды, бұл ретте сатудан түсетін түсім 15 %-ға, тазартылған мыс – 4 %-ға және 64 %-ға, өңделмеген мырыш – 14 %-ға және 42 %-ға, өңделмеген қорғасын – 21 %-ға және 86 %-ға ұлғайды.

2004 жылы Қазақстанға тікелей шетелдiк инвестициялардың нетто-ағымы 5,5 млрд. АҚШ долл. асты, бұл 2003 жылғы осыған ұқсас көрсеткіштен                 2,5 есеге көп.

Шетелдік қарыз капиталының мол ағылуымен қатар экспорттан түсетін валюталық пайда түсімдері ішкі валюта рыногында шетелдік валютаның шамадан тыс ұсынылуына себеп болды. Ішкі валюта рыногына көрсетілген қысым салдарынан АҚШ долларына қатысты теңгенің айырбас бағамы номиналды қымбаттады. 2004 жылғы қаңтар-желтоқсанда теңгенің орташа өлшенген айырбас бағамы бір доллар үшін 136,04 теңгені құрады, жыл басынан бері АҚШ долларына қатысты номиналды мәндегі теңге 9,30 %-ға нығайды.

2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы халықтың нақты есептелген кірісі 13,2 %-ға көтерілді. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы бір жұмыскердің орташа жалақысының нақты өсуі 13,9 %-ды құрады.

2005 жылғы бірінші жарты жылда сыртқы экономикалық жағдайлар мен елдегі жүргізіліп отырған экономикалық саясат экономика дамуының жоғары қарқынын сақтауға мүмкіндік берді.

         Экономика өсуінің жоғары қарқынын сақтауға әсер еткен негізгі факторлар мыналар: әлемдік тауар рыноктарындағы шикізатқа жоғары бағалар, негізгі капиталға едәуір көлемде инвестициялар тартуға мүмкіндік берген елдегі қолайлы экономикалық ахуал және тікелей шетелдiк инвестициялар, халықтың ақшалай табыстарының өсуі есебінен ішкі сұраныстың кеңеюі және бөлшек сауда тауар айналымының ұлғаюы; тұтыну рыногында бағалардың және негізгі валюталарға теңге бағамының күрт ауытқуларының болмауы. 

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бағалауы бойынша        2005 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ-нің өсуі 9,1 %-ды құрады. Өсудің жоғары қарқыны өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында өнім шығарудың есебінен қамтамасыз етілді. Құрылыс индустриясы экономиканың өсуіне едәуір үлес қосты. Қызметтер секторында көрсетілетін қызметтердің көлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда жоғары болды.

Ағымдағы жылғы бірінші жарты жылда өнеркәсіп өнімдерін (тауарларын, қызметтерін) өндіру көлемі 2294,6 млрд. теңге құрады және өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 7 %-ға ұлғайды.

Ауыл шаруашылығында  өнім өндіру 4%-ға ұлғайды және 167,2 млрд. теңгеге жетті.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 240,4 млрд. теңге құрады және өткен жылғы деңгейден 33,8 %-ға асты.

Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 2,8 %-ға өсті, бөлшек тауар айналымының көлемі 10,8 %-ға ұлғайды, байланыс қызметтерінің көлемі 21,2 %-ға өсті.

2004 жылғы желтоқсанға қарағанда инфляцияның жалпы көлемін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі маусым айында 3,5 %-ды құрады. Инфляцияның орташа жылдық мәні 7,3 %-ды құрады.

Ағымдағы жылғы алты айда теңгенiң орташа өлшенген айырбас бағамы бiр доллар үшiн 131,21 теңгенi құрады, жыл басынан берi АҚШ долларына қатысты номиналды мәндегi теңге 3,84 %-ға құнсызданды.

Ұлттық қордың ақшаларын (5,2 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 13,2 млрд. долл. құрады.

2005 жылғы алты айда ақша массасы 11,1 %-ға ұлғайды және                   1833,3 млрд. АҚШ долл. құрады.   

2005 жылы қаңтар-маусымда Қазақстан Республикасының сыртқы тауар айналымы 21,2 млрд. АҚШ долл. құрады және өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 49,2 %-ға ұлғайды. Экспорт көлемі 53,1 %-ға өсті және 13,1 млрд. АҚШ долл. жетті, тиісінше импорт – 43,4 %-ға және 8,1 млрд. АҚШ долл.

Жұмыссыздардың саны маусым айында 640,6 мың адамды құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 %-ға ұлғайды. Жұмыссыздардың деңгейі  экономикалық белсенді халықтың 7,7 %-ын құрады.

2005 жылғы маусымда жұмысшыларға аударылған орташа айлық номиналды жалақы 3215,2 теңге құрады және 2004 жылғы маусым айымен салыстырғанда 14,4 %-ға өсті. Нақты жалақы 6,0 %-ға артты.

Қаржы секторының тұрақты дамуы мен халықтық нақты табыстарының өсуі халық салымдары өсуінің негізгі факторлары болды, бұл 2005 жылғы алты айдың нәтижелері бойынша 13,7 %-ға ұлғайды және 509,5 млрд. теңгеге жетті.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бағалауы бойынша 2005 жылы 2004 жылға қарағанда ЖІӨ-нің нақты өзгеруі 8,8 %-ды құрайды.

Экономикалық өсу өнеркәсіптегі өндіріс қарқынының 6,7 %-ға өсуімен қатар жүреді.

Тұтастай республика бойынша егіс алаңының құрылымы өткен жылғы деңгейде сақталады және 17,9 млн. га құрайды, оның iшiнде 14,3 млн. га. жерге дәндi дақылдар (күздiк дақылдарды есепке алғанда) егiледi.

2004 жылмен салыстырғанда астық өндiру 4,8 %-ға ұлғаяды және                13,0 млн. тоннаны құрайды, оның iшiнде бидай 10,0 млн. тоннаны құрайды.      Ауыл шаруашылығында өндiрiс көлемiнiң өсуi 100,5 %-ды құрайды деп күтілуде.

Құрылыс қарқыны 2004 жылғы қарқыннан 9,5 %-ға жоғары болады. Саладағы өсу, негiзiнен, тұрғын үй құрылысын кеңейту есебiнен қамтамасыз етiледi.

2005 жылы 61 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты өндiрiледi, бұл            2004 жылғы деңгейден 2,7 %-ға артық.

Қазақстандық өнiмдердiң экспорты 2004 жылғы деңгейден 24,9 %-ға асып түседi және 26,8 млрд. АҚШ долларын құрайды.

2004 жылмен салыстырғанда импорт 20,1 %-ға ұлғаяды және 18,6 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Бағалау бойынша орташа жылдық мәндегi инфляция 5 – 7% аралығында сақталады.

 

         Экономиканың 2006 – 2008 жылдары жұмыс істеу жағдайлары

 

 Сыртқы жағдайлар

 

Әртүрлі халықаралық қаржы ұйымдарының бағалауы бойынша                     2006 – 2008 жылдары әлемдік экономика бірқалыпты қарқынмен дамиды. Әлемдік экономиканың өсуінде АҚШ, Қытай, ЕО елдері және Жапония айқындаушы рөл атқарады.

Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша 2004 жылы әлемдік экономиканың өсуі 4 %-ды құрады. Банк 2005 – 2006 жылдары әлемдік экономиканың жыл сайын 3,2 % өсуін болжап отыр. 2004 жылмен салыстырғанда өсу қарқынының бәсеңдеу болжамы әлемдік экономиканың теңгерімсіздігін ескере отырып жасалды, бұл АҚШ-тағы қосарлы жоғары тапшылықтың, еуропа елдеріндегі экономиканы қалпына келтірудің созылып кетуінің; Қытай экономикасындағы белгісіздіктің және оның қызып кету ықтималдығының, сондай-ақ мұнайдың болжанбайтын бағаларының әсерінен пайда болып отыр.

Банк мамандарының бағалауы бойынша орта мерзімді перспективада осы факторлардың әлемдік экономиканың өсуіне әсері сақталады.

Валюта рыногында америка долларының әлсіреуімен сипатталатын өткен жылдардағы үрдіс жалғасады деп күтілуде. 2004 жылы негізінен екі фактор – АҚШ бюджетінің тапшылығы мен сауда теңгерімінің күшеюі доллар бағамының өзгеруіне келеңсіз әсерін тигізді. Көрсетілген факторлардың салдарынан АҚШ доллары бағамының әлсіреуі евроға қатысты 8,7 %-ды, жапон йеніне қатысты 3,7 %-ды құрады.

Халықаралық валюта қорының (бұдан әрі – ХВҚ) болжамы бойынша 2005 жылы әлемдік экономиканың өсуі 4 %-дан астам болады.

Қор мамандарының пікірі бойынша мұнайдың қымбаттауы, инфляцияның жеделдеуі және ағымдағы шоттардың теңгерімсіздігі әлемдік экономиканың өсуі үшін айтарлықтай қауіп төндіреді.

ХВҚ бағалауы бойынша Азияның дамушы елдеріндегі ЖІӨ-нің өсу қарқыны 2004 жылғы 8 %-дан 2005 жылы 7 %-ға дейін бәсеңдейді. Өңірдегі экономиканың өсуі, негізінен, ішкі сұраныстың айтарлықтай кеңеюі есебінен болады деп күтілуде.

Азия Даму Банкінің мәліметтері бойынша 2004 жылы Азия – Тынық мұхиты өңіріндегі дамушы елдердің жиынтық ЖІӨ-сі 7,3 %-ға ұлғайды. Бұл 1987 – 1988 жылдардағы валюта-қаржы дағдарысы уақытынан бергі өңірдегі ең жоғарғы өсу қарқыны. Рекордтық көрсеткішке белгілі бір дәрежеде халық кірістерінің жоғарылауы және ішкі сұраныстың өсуі, Қытайдың серпінді экономикалық дамуы, өңірдегі сауданы және экономикалық ықпалдасуды одан әрі жандандыру сияқты факторлардың есебінен қол жеткізілді.

Банк мамандарының болжамы бойынша мұнайдың жоғары бағаларына және 2004 жылғы желтоқсандағы апатты цунами салдарларына қарамастан, 2005 жылы Азияның дамушы елдеріндегі экономикалық өсу қарқыны жоғары болады және 6,5 %-ды құрайды. 2006 – 2007 жылдары олардың экономикалық өсу қарқыны орта есеппен 6,6 – 6,9 %-ға жетуі мүмкін.

Азия – Тынық мұхиты өңіріндегі дамушы елдердің экономикалық өсуіне індеттер, террорлық қауіп, энергия тасығыштарға бағалалар өсуінің жалғасуы және АҚШ-тағы зор сыртқы сауда тапшылығының салдарынан валюта бағамдарының тұрақсыздығы теріс әсерін тигізуі мүмкін.

 

Тауар рыноктары

 

         2004 жылы қазақстандық экспорттың негізгі тауарларының әлемдік бағалары сақталды. Энергия тасығыштар мен металдардың әлемдік бағаларының жоғарылауын көп жағдайда, Қытай мен басқа да дамушы елдердің шапшаң дамуы, шикізат өндіру мен жеткізудегі зілзала апаттары және биржа трейдерлерінің алып-сатарлық белсенділігі нәтижесінде туындаған үзілістер айқындап берді.

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылында әлем рыногында негізгі экспорт тауарларына қолайлы конъюнктура сақталды. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша 2004 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда «Вrent» маркалы мұнайдың әлемдік орташа бағасы 47,2 %-ға және ұлғайды және бір баррель үшін 49,63 АҚШ долларын құрады. Мыстың әлемдік бағасы 20,6 %-ғағ мырыштыікі – 23,4 %-ға, қорғасын  — 18,9 %-ға ұлғайды.

Халықаралық энергетика агенттігінің (ІЕА) болжамы бойынша                   2005 жылы әлемдегі мұнай тұтыну деңгейі тәулігіне 84,27 млн. баррельді құрайды. Қытайда шикізат тұтынудың азаюы, АҚШ-та тауар запастарының өсуі және Таяу Шығыс елдерінде мұнай өндірудің ұлғаюы бағалардың төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.

ІЕА мәліметтері бойынша Қытайда мұнайға сұраныстың өсу қарқыны 2004 жылғы 21 %-бен салыстырғанда 2005 жылдың басында 5,4 %-ға дейін азайды.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (бұдан әрі – ОПЕК) 2005 жылы шикі мұнайға жаһандық сұранысқа қатысты өз болжамын күніне 80 мың баррельге ұлғайтты. Әлемдік мұнай картелінің веналық штаб-пәтерінде жарияланған ОПЕК-тің сараптамалық баяндамасында аталғандай, 2005 жылы мұнайға жаһандық сұраныс күніне 1,73 миллион баррельге өседі.

2005 жылы әлемдік тауар рыногында мыс тапшылығы байқалатын болады.

Intеrnational Copper Studi Group (ICSG) бағалауы бойынша 2005 жылдың аяғына қарай рынокта мыстың жетіспеуі 260 мың тоннаны құрайды.

Soсiete Generale француз банкінің талдаушылары 2005 жылғы мыстың құнына қатысты қаңтардағы болжамды қайта қарады. Осылайша, мыстың орташа бағасы бір тонна үшін 2980 АҚШ доллары деңгейінде болжанып отыр, бұл алдыңғы болжамнан 9,7 %-ға жоғары. Банктің бағалауы бойынша 2005 жылы металға сұраныс 3,9 %-ға – 17,4 млн. тоннаға дейін ұлғаяды, соның нәтижесінде 50 мың тонна мөлшерінде тапшылық пайда болады.

Орта мерзімді жоспарда мыс рыногына қатысушылар металдың биржалық запастарының азаюын және Қытай тарапынан сұраныстың ұлғаюын болжап отыр.

Қорғасын бағасы ұлғаюының жалғасуы әлемдік экономиканың дамуымен, Қытай сұранысының өсуімен, сондай-ақ шикізат өндіру жағдайларының күрделенуімен түсіндіріледі. 2005 жылғы наурызда Лондон металдар биржасында қорғасынның орташа құны бір тонна үшін                         1004,6 долларды құрады және 11,3 %-ға ұлғайды. Бұл ретте қойма запастары  34 мың тоннадан 33-ке дейін азайды.

Ұзақ мерзімді перспективада Қытай, АҚШ және Жапония тарапынан сұраныстың одан әрі өсу үрдісі, сондай-ақ әлемдік тауар рыноктарында қорғасын запастарының азаюы ықтимал. Қорғасын рыногына алып-сатарлық фактор зор әсерін тигізеді, талдаушылардың бағалауы бойынша бүгінде қорғасын бағасының шамамен 20 %-ын «алып-сатарлық үстеме» құрайды.

Қорғасын құнына қатысты болжамдарда бағалардың 2005 жылы жоғарылауы және 2006 жылы төмендеуі күтіледі.

2005 жылы жалпы әлемдік сұраныстың ұлғаюы және мырыштың биржалық жоғары бағасының сақталуы болжанып отыр. Goldman Sachs талдаушыларының болжамдары бойынша Қытай тарапынан сұраныстың өсуі және жаңа металл көздерінің болмауы салдарынан 2005 жылы мырыштың орташа жылдық құны 28 %-ға өсуі мүмкін. Тұтастай алғанда, өткен жылмен салыстырғанда сұраныстың 2 %-ға ұлғаюы болжанып отыр.

Лондон металдар биржасының мәліметтеріне сәйкес, қаңтар-маусымда мырыштың орташа айлық бағасы бір тонна үшін 1294 АҚШ доллар деңгейінде белгіленді. 2005 жылдың басынан бері мырыш 23,5 %-ға қымбаттады.

Әлемдік экономиканың бүгінгі жалпы өрлеуіне байланысты барлық өзге металдарға сұраныстың өсуі сияқты алюминийге әлемдік сұраныс өседі. Бұл ретте алюминий тапшылығы байқалатын болады, бұл глиноземның ірі импорттаушысы болып отырған Қытай тарапынан болатын жоғары сұраныспен байланысты. Қазіргі уақытта Қытай әлемдегі бүкіл алюминийдің 20 %-ынан астамын тұтынады.

Алюминий бағасының 2005 жылға арналған болжамдарының басым көпшілігінде осы металл бағаларының өсуі болжанады. Мысалы, Soсiete Generale француз банкі алюминийдің орташа бағалары болжамын 6 %-ға – бір тонна үшін 1950 долларға дейін көтерді. Болжамды бағалардың жоғарылауы алып-сатар инвесторлар тарапынан металға сұраныстың шапшаң ұлғаюы салдарынан болды.

Тұтастай алғанда, Morgan Stenley сарапшыларының бағалауы бойынша 2005 жылы болаттың бағасы 2004 жылғы орташа көрсеткіштен асып түседі. Мысалы, 2004 жылғы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 2005 жылы ыстықтай басылған рулонды болат құны 9 %-ға ұлғаяды және бір тонна үшін 480 долларды құрайды. Сонымен қатар, талдаушылар ыстықтай басылған болат құны 2006 жылдың өзінде 15 %-ға – орта есеппен бір тонна үшін 409 долларға дейін азаяды деп күтуде.

Қазақстан, бүгінде әлемдік экономикалық жүйеге біріккен шағын рынокқа ие бола отырып, өзінің негізгі сауда-саттық жасайтын әріптестерінің тұрақты дамуына мүдделі.

Сарапшылардың бағалауы бойынша жалпы алғанда, АҚШ пен ЕО-дағы қалыптасқан экономикалық ахуал Қазақстанның экономикасына теріс әсер етпейді. Қазақстандық экспорттық тауарларға деген сұраныс едәуір жоғары және жақын перспективада бұл елдермен сыртқы сауданың көлемі сақталады.

АҚШ долларына қатысты теңгенің нақты нығаюы және кірістердің өсуі кезінде инвестициялық және тұтушылық сұраныс негізінен алыс шетелдермен болатын импорттың есебінен қамтамасыз етіледі.

Қытайдың қарқынды дамуы сыртқы сауда операциялар бойынша  көрсеткіштердің жақсаруын болжауға мүмкіндік береді және бұл елдің қаржы рыногында қазақстандық экспорттың кеңею және жылжу мүмкіндіктерін күшейтеді.

Жақын перспективада республиканың негізгі сауда әріптесі Ресеймен тауар айналымы төмендемейді деп күтілуде.

Мұнай рыногы бағалардың жоғары деңгейімен және өндірудің, сол сияқты тұтынудың тұрақты өсуімен сипатталады, бұл мұнай экспорттаушылар үшін барынша қолайлы. Жалпы, әлемде мұнай тұтынудың ұлғаюы және бағаның жоғары болуынан мұнай, Қазақстанның сыртқы саудасының экспорттық құрамына қолайлы әсер етеді.

Астықтың, сондай-ақ әлемдік запастар өндірісінің, оның ішінде республиканың негізгі сауда әріптестерінің бірі Қытайда төмендеуі алдағы жылдарда қазақстандың бидайдың экспорт көлемінің тұрақты сақталуында негізгі фактор болмайды.

Қытай, АҚШ, Жапония, Германия, Оңтүстік Корея, Италия, сондай-ақ бірқатар елдердің тарапынан түсті металдарға сұраныстың және оны тұтынудың ұлғаюы Қазақстанның металлургиялық кешенінің дамуына оң әсер етеді.

Қара металдар рыногындағы кейбір ахуалдың нашарлауына қарамастан автомобиль өнеркәсібі мен кеме құрылысы үшін болат өніміне Қытайда қажеттіліктің өсуі бұл өнім экспорты көлемінің ұлғаюы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.   

 

                                                     Ішкі жағдайлар

 

         2006 – 2008 жылдары экономиканы дамытудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін экономиканы өсірудің барлық негізгі факторларын  жедел дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі осы аралықтағы инфляцияны ұстап тұру мақсатында ақша-кредит саясатын қатаңдату жөніндегі шараларды қабылдайтын болады. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасының реттеуші функцияларын күшейту үшін практикаға тоқсан сайын қайта қарауды және қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйіне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция мен инфляциялық күтілімдердің деңгейіне қарай белгілеуді енгізу жоспарланып отыр.

Теңгенiң айырбас бағамының серпiнi сыртқы жағдайлармен де, Ұлттық Банктiң бағамды iшкi валюта рыногына шетел валютасының ағынына байланысты қалыпты өзгеруiн қамтамасыз ете отырып, теңге бағамының күрт ауытқуларын болдырмауға бағытталған саясатымен де айқындалатын болады.

Алдыңғы жылдардағыдай, бұл жылдары да өнеркәсіпті дамыту негізінен басты екі стратегиялық құжатта: Қазақстан Республикасы Президентінің             2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығымен бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында (бұдан әрі — Стратегия) айқындалатын болады.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес 2003 жылға қатынасы бойынша 2005 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемін 2,7-3 есе ұлғайту ұйғарылып отыр.

Мұнай-газ секторын тұрақты дамыту Қазақстандағы экономикалық өсуді қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.

Экономиканың бәсекеге қабiлеттілігiн қамтамасыз ету үшін Стратегияның екiншi кезеңiн iске асыру жалғасатын болады. Экономиканың басым салаларында кластерлік бастамаларды дамыту үшiн негiз құру бұл кезеңнiң негізгі қорытындысы болады.

Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөнiндегi  жоспарларды бекiту бұл міндетті шешудегі бірінші қадам болды және бұл перспективада экспортқа бағдарланған жаңа өндірістер құруға мүмкіндік береді. Аталған Жоспарға жеті пилоттық кластерлер енгізілді: туризм, құрылыс материалдары, тоқыма өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, металлургия, мұнай-газ машиналарын жасау, көліктік логистика. Қабылданған шаралар кейінгі жылдары экономиканың осы салаларына кластерлік ұстанымды кең ауқымда енгізу үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Кластерлік бастамаларды дамытуға бағытталған жекелеген басым инвестициялық жобалар, сондай-ақ инновациялық сипаты бар жобалар даму институттары арқылы қаржыландырылатын болады.

Қаржы даму институттарының инвестициялық жобаларының портфелі қаржыландыруда даму институттарының 530 млн. АҚШ долл. астам қатысу үлесі бар жалпы сомасы 1776 млн. астам АҚШ долл. қаржыландыру үшін  мақұлданған 96 инвестициялық жобалардан тұрады.

Қазақстанның инвестициялық қоры үш жоба бойынша — құны 269,15 млн. АҚШ долл. табақ шыны, құны 80 млн. АҚШ долл. электрмен пiсiру тiк жiктi құбырлар және Қарағандыда құны 269 млн. АҚШ долл. сортпрокат өндірісінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді бастады. Өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған, перспективалы жобалар болып табылатын құны 150 млн. АҚШ долл. Шар-Өскемен темір жол желісін салу жөніндегі жобалау жұмыстары жүргізілуде.

2005 жылы даму институттарының 21,5 млн. АҚШ долл. қатысу үлесімен 

қаржыландыру үшін 525,2 млн. АҚШ долл. сомасында 29 жоба мақұлданды.

«Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» АҚ қатысуымен 2004 — 2005 жылдары Қарағанды, Орал және Алматы қалаларында жарғылық капиталдарының жалпы сомасы миллиард теңгеден асатын үш өңірлік технопарк құрылды.

Технопарктер қызметінің негізгі мақсаты отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді және перспективалы шетелдік технологиялар трансфертін енгізудің тиімді тетігін жасау арқылы экономиканың нақты секторының технологиялық дамуына жәрдемдесу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі                   № 387 қаулысымен    Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

 Бағдарлама мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен конкурстық негізде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық гранттық қаржыландыру жүйесін енгізуді көздейді.

Республикада инвестициялық преференциялар беру 2003 жылғы                       8 қаңтарда қабылданған «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. 2005 жылғы мамырда «Кейбір заңнамалық актiлерге инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Онда бірқатар басымдықтарға ие инвестициялар беруді мемлекеттік қолдау шараларының жаңа тетігі қаланған.Олар:

  • отандық, сол сияқты шетелдік инвесторларды тең деңгейде қолдау және ынталандыру;
  • инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімдерді қарау мерзімдері едәуір қысқартылған (отыз жұмыс күніне дейін);
  • оларды беру тәртібі және инвесторларға инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінетін жабдықтар мен оған құрамдауыштардың импорты кезінде кедендік баждарды төлеуден босату тетігі оңайлатылды;
  • 10 жылға дейін корпорациялық салықтан босату түрінде салық преференциясының әрекет ету мерзімі Салық кодексіне сәйкес келтірілген;
  • келісім-шарт бойынша инвесторлардың инвестициялық міндеттемелерді орындау мониторингінің барынша ашық және нақты рәсімдері белгіленді;
  • мемлекеттік заттай гранттар беру схемасы өзгертілді.

«Инвестициялар туралы» Заң инвестициялар көлемінің төменгі шегін белгілемейді, ол қызметтің басым түрлерінде инвестицияны жүзеге асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қоса алғанда, оны қолдану аясын кеңейтеді.

Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында активтерді басқару жөніндегі бірқатар мемлекеттік функцияларды рыноктық ортаға беру арқылы мемлекеттік меншіктің құрылымын оңтайландыру жүргізіледі.

2006 — 2008 жылдары әлемдік рынокта мұнайға қолайлы баға конъюнтурасының сақталуы экономика өсуінің негізгі факторларының бірі болады.  

Тауарлар мен инвестициялық ресурстарға ішкі сұраныстың кеңеюі инвестициялық ресурстардың импортын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету

 

 Макроэкономикалық саясат және 2006 — 2008 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы

 

Қазіргі уақытта экономиканың «қызып кету» болдырмау проблемасы елдің тұрақты макроэкономикалық дамуын қолдау бөлігінде ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы уақыттарда Қазақстанның экономикасында белгілі бір үрдістер бар, олардың дамуы орта мерзімді перспективада экономиканың «қызып кетуіне» әкелуі мүмкін.

Қазақстанның экономикасы жоғары қарқынмен өсуде. 2000 жылдан бастап ЖІӨ өсуінің орташа қарқыны 10,3 %-ды құрады. Алайда, экономикалық өсу ең бастысы әсер етуі күшейіп бара жатқан шикізат секторының дамуына байланысты. 

Инвестициялардың құрылымы олардың басым бөлігінің экономиканың шикізат және  сатылмайтын салаларына бағытталатынын көрсетті. Елдің жалпы экспортындағы мұнай мен газ конденсаты экспортының үлесі ұлғаюда.

2005 жылғы бірінші жарты жылда өткен жылмен салыстырғанда кейбір инфляциялық процестердің күшеюі байқалады. Бұл экономика «қызып кетуінің» басталуының басты белгілерінің бірі болып табылады.

Ағымдағы жылғы жарты жылдың қорытындылары бойынша қаңтар-маусымда инфляцияның деңгейі 3,5 % құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайыздық пункт жоғары. Ал жылдық мәнде 2005 жылғы қаңтар-маусымда инфляция деңгейі өткен жылғы осы кезеңіне қарағанда орташа 7,3 % құрады (2004 жылы 6,9).

Инфляцияға монетарлық фаторлардың үлкен әсер етуі жалғасуда.  Соңғы жылдары экономикаға қысым жасай отырып, ақша массасы жоғарғы қарқынмен өсуде. Ақша ұсынысы экономиканың өсуі қарқынынан едәуір оза отырып, қарқынды өсуін жалғастыруда.

Сыртқы рынокта қарыз алушылар ретінде банктердің белсенді қатысуы банк секторының экономиканы кредиттеу көлемінің өсуіне ықпал етті. Өз кезегінде банктердің сыртқы қарыз алуының өсуі ссудалық капиталдың төмен құнымен сипатталатын сыртқы рыноктағы қолайлы жағдайға негізделген.

2000 жылмен салыстырғанда екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздары 2004 жылы 34,5 есе өсті, 2001 жылмен салыстырғанда банктік емес жеке сектордың қарыздары 4 есеге өсті.

Сыртқы қарыз алудың және кредит беру көлемінің өсуімен қатар банктердің тәуекелдері де өсуде және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасы нашарлауда.

1999 жылмен салыстырғанда  2004 жылдың соңында ақша массасы                  6 есе, экономикадағы екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 10 есеге өсті, ал номиналды ЖІӨ 2,7 есеге ғана өсті.

«Либералды» ретінде сипатталатын, соңғы уақыттарда жүргізіліп отырған фискалдық саясаттың елдің макроэкономикалық жағдайына белгілі бір әсері бар. Экономиканың «қызып кетуі» туындауы үшін белгілі бір алғышарттар байқалуда, атап айтқанда мемлекеттік бюджет шығыстары өсуінің орташа қарқыны номиналды ЖІӨ-нің өсу қарқынын басып озуы.

Либералды фискалдық саясат жүргізуден ақша агрегаттарының жылдам өсуімен қатар экономика өсуінің жоғарғы қарқыны инфляциялық процестердің жылдам жүруіне ықпал етті.

Мұнайға жоғары әлемдік бағаға байланысты мұнай секторының шапшаң дамуы, белсенді фискалдық саясатын жүргізу, инфляциялық процестерді жеделдету және ақша массасының өсуі  2001 жылдан бастап АҚШ долларына қатысты теңге бағамының нығаюына ықпал етті. Өз кезегінде ұлттық валютаның нығаюы отандық қайта өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне және импорттың жаппай көбеюіне әкеліп соғуы мүмкін.

 

 

 

 

Экономиканың бұдан әрі «қызып кетуін» болдырмау және орта мерзімді перспективада макроэкономикалық тұрақтылықты арттыру мақсатында шаралар кешенін қабылдау қажет.

Зерттеулер жүргізу негізінде жаңа мұнай кен орындарын пайдалануға тартуды есепке ала отырып, ұзақ мерзімді перспективаға арналған мұнай мен газ өндірудің барынша    қолайлы кестесін әзірлеу қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанда мұнай өндіруді еңсеру орынсыз, түсетін кірістерді экономиканы реформалауға, оның шикізаттық бағытынан кету, іске асырылатын бағдарламаларға мұрындық болатын басқа да факторларды жұмылдыруға жұмсау қажет.

Бұдан әрі мұнайға жоғары әлемдік баға және шетел капиталының көп көлемде елге ағылуы жағдайында фискалдық, сол сияқты ақша-кредит саясатын қатаңдату қажет.

Ақша-кредит саласында ақша агрегаттарының өсуіне бақылауды күшейту, сондай-ақ пайыздық ставкаларды өзгерту арқылы ақша рыногына әсер етудің тиімділігін арттыру қажет.

Қаржы секторын дамыту саясаты халықтың еркін ақша қаражатын инвестициялардың көзіне айналдыру үшін бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамытуға бағытталуы тиіс. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыз алуының шамадан тыс өсу қарқынын тежеу жөнінде шаралар қабылдау қажет.   

Бәсекеге қабілетті экономика құру мақсатында Қазақстанның бәсекелі басымдықтарына сәйкес экономиканың секторларын дамыту, инфрақұрылым саласындағы реформалардың жалғасуы қажет. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы стратегияларды іске асыру жолымен өнімділігі жоғары жұмысшы күшін құруға көп көңіл бөлу қажет. Ғылым мен инновацияларды дамыту саласында жоғары білім мен ғылым жүйесін айтарлықтай жаңарту қажет.

Экономика дамуының жоғарғы қарқынын қамтамасыз ету үшін 2006-2008 жылдары экономика өсуінің барлық негізгі факторларын жедел дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

 

Қазақстан Республикасының 2005-2008 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы

Көрсеткіштер

 

   2005  

 бағалау

            Болжам

 

2006

2007

2008

ЖІӨ, млрд. теңге

6780

8065,4

9183,8

10471,6

Өткен жылға %-бен ЖІӨ-нің нақты өзгеруі

108,8

108,3

108,3

108,9

ЖІӨ-нің дефляторы, %

112,5

109,8

105,1

104,7

 

ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. ресми бағам бойынша

52,2

 

63,5

74,1

87,3

ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. сатып алу

қабiлетiнiң шамасы (САҚШ) бойынша

157,1

174,4

193,7

216,2

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ,  АҚШ долл. ресми бағам бойынша

3439,9

4147,0

4794,8

5608,7

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ,  АҚШ долл. САҚШ бойынша

10361,4

11391,4

12541,8

13899,1

Тұтыну бағаларының индексі,             %-бен

 

 

 

 

бір жылға орташа есеппен

5-7

5-7

5-7

5-7

Ақша базасы, млрд. теңге

778

962

1128

1280

Ақша массасы, млрд. теңге

2123,0

2760,0

3470,0

4200

Экономиканы монеталандыру

деңгейi, %              

31,3

34,2

37,8

40,1

 

 

 Тауарлар экспорты,

млрд. АҚШ долл. (ФОБ)

26,8

29,1

29,0

27,8

 Тауарлар импорты,

млрд. АҚШ долл. (ФОБ)

18,6

23,1

24,7

25,8

Негізгі капиталға инвестициялар

2143

2529 

2908

3315 

өткен жылға %-бен

140

118

115

114

Ауыл шаруашылығының

жалпы өнiмiнiң көлемi,

млрд. теңге         

722,5

774,7

823,5

886,4

өткен жылға %-бен

100,5

102

102,2

103

Өнеркөсiптiк өнiм

көлемi, млрд. теңге

4526

4915,4

5377,2

5929,9

өткен жылға %-бен

106,7

107,3

107,6

108,8

    мұнай және газ конденсатын өндiру, млн.тонна

61

62

66

72

оның iшiнде, экспорт,  млн. тонна          

54,4

55,1

58,7

64,4

Шикі мұнай мен газ конденсаты экспортының құны, млн. АҚШ долл.

15089

14735

14712

14664

Мұнайдың әлемдiк бағасы

(Вrent қоспасы), бiр

баррель үшiн АҚШ доллары

48

47

44

40

Мұнайдың экспорттық

бағасы, бiр баррель

үшiн АҚШ доллары  

36

35,3

33

30

 

 

 

 Қазақстан Республикасын дамытудың 2006 – 2008 жылдарға арналған мақсаттары, мiндеттерi және басымдықтары

                       Стратегиялық мiндеттердi шешу саласында

 

2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы ЖІӨ-ні екі еселеу Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауына сәйкес экономикалық саясат саласындағы Үкіметтің басты стратегиялық міндеті болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін орташа 8,5 %-ға жылсайын экономиканың өсуін қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Азаматтардың өмiр сүруiнің жоғары стандарттарын жасау орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі стратегиялық  міндеттерінің бірі болып табылады, бұл Қазақстанның әлемнiң тиiмдi дамушы елдерiнiң қатарына кіруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 2010 жылға қарай жан басына шаққанда                  5000 АҚШ долларынан асатын, ал 2015 жылға қарай 9000 АҚШ доллары деңгейіне дейінгі ЖIӨ-ге қол жеткiзу қажет.

 

                         Орта мерзiмдi мiндеттердi шешу саласында

 

2006 — 2008 жылдары әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары Президенттiң «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында, стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Бағдарламасында, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында айқындалған мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес болады.

Инновациялық экономика құру және экономиканың шикiзаттық емес секторын дамыту жөніндегi белсендi жұмыс экономиканың бәсекеге қабiлеттілiгін жоғарылатуға ықпал етуi тиiс.   

Жоспарланып отырған кезеңде бәсекеге қабiлетті экономика негiздерiн құру үшін мынадай мiндеттердi шешу ұйғарылып отыр:

2006 — 2008 жылдары ЖIӨ-нiң орта есеппен 8,5 %-ға орташа жылдық өсу қарқынын қамтамасыз ету;

инфляцияның орташа жылдық деңгейiн 5 – 7 %-дық межеде қамтамасыз ету;

сақтандыру жүйесiн дамыту;

кәсiпкерлiк ортаның бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

 металлургия, тоқыма салаларында, тамақ өнеркәсiбiнде, мұнай-газ машина жасауда, құрылыс индустриясында, туризмде, көлiк-логистикалық қызметтерде пилоттық кластерлердi құру және дамыту;

ауыл шаруашылығы шикізатын өндiру және өңдеу саласында кластерлік бастамаларды iске асыру арқылы аграрлық өндiрiсті индустрияландыру;

ауылдық аумақтардың әлеуметтік проблемаларын шешу және ауыл халқы мен қала халқының арасындағы өмір сүру деңгейінің алшықтығын азайту;

ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi және ғарыш қызметін дамыту;

болашақтың жоғары технологиялы және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстерi үшiн кадрлық әлеуетті қалыптастыру;

халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiнiң өмiрiн лайықты қамтамасыз ету;

тұрғын үй проблемасын жеделдете шешу;

белсендi, жан-жақты және теңестірiлген сыртқы экономикалық саясатты жүргiзу;

Алматы қаласында өңiрлiк қаржы орталығын құру тұжырымдамасын одан әрi iске асыру.

 Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006 – 2008 жылдарға арналған басымдықтары болып мыналар айқындалды:

ел экономикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын одан әрi iске асыру, жеке сектормен ынтымақтастықты тереңдету;

ғылымды, бiлiм берудi және халықтың кәсiби бiлiктiлiгiн дамытудың қазiргі заманғы және тиiмдi жүйесiн құру;

тұрғын үй құрылысын дамыту;

 денсаулық сақтау жүйесiн одан әрi жетiлдiру;

шағын кәсіпкерлiктi дамытуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенi;

халықты зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыруды одан әрi арттыру;

қоршаған ортаның ластану деңгейiн қысқарту;

мемлекеттің астанасы Астана қаласын дамыту.

 

                                   Қаржы секторын дамыту

 

Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау

 

Орта мерзімді перспективада қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау осы саладағы жаңа мемлекеттік саясат мүдделерін, ел экономикасының қазіргі заманғы дамуын және халықаралық ынтымақтастық жағдайларын ескере отырып жүзеге асырылады.

Халықаралық, оның ішінде Еуропалық одақ қабылдаған стандарттарға барынша толық жақындату мақсатында қаржы ұйымдарын реттеуді одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасын табады.

Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеудің және қадағалаудың бірыңғай жүйесін құруға бағытталған кешенді шараларды іске асыру мақсатында орта мерзімді перспективада:

қаржылық қадағалаудың жаңа басымдықтарын ескере отырып, оның заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

қаржы рыногының инфрақұрылымын дамыту, қаржы ұйымдарының қызметіне қойылатын талаптарды арттыру.

Қазақстанның банк секторын реттеуді халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) де Қазақстанның банк жүйесін Банктiк қадағалау жөнiндегi Базель Комитетiнің капитал барабарлығының «Капиталды есептеудің және капитал стандарттарының халықаралық конвергенциясы» (International Convergence of Capital Measurement and Capital Standards) (Базель ІІ) жаңа келісіміне көшіруді жүзеге асыруға шешім қабылдады. Көрсетілген келісімде кредиттік, рыноктық және операциялық тәуекелдерді бағалаудағы ұстанымдардың баламалылық қағидатының, яғни банктерді барабар капиталдандырудың және тұтас банк жүйесінің тұрақтылығын осылайша күшейтетін тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдірудің негізі қаланған.

Банк секторы

 

2006 – 2008 жылдардағы банк секторын дамыту саласындағы қызметтің басым бағыттары:

оның әлемдік рыноктарға жедел кіруі мен белсенді халықаралық ынтымақтастығы үшін ұлттық банк секторының ашықтығын және инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету;

тиiсiнше жылжымайтын мүлiкке және банк тәуекелдерiне кредит беру көлемiнiң шамадан тыс өсуiмен байланысты проблемаларды, оның iшiнде:

ипотекалық қарыз беретiн банктердiң өтiмділік деңгейiн жоғарылату;

сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруға қойылатын талаптарды неғұрлым қатаң жаңа сақтандыру сыныбы — ипотекалық сақтандыруды енгiзу мүмкiндiктерiн қарау;

қарыз алу шарттарының ашықтығы мен салыстырылуын қамтамасыз ету үшiн кредиттер бойынша сыйлықақылар ставкаларын белгiлеудiң бiрыңғай тәртiбiн айқындау;

ипотекалық кредиттер бойынша қамтамасыз етуді тәуелсіз бағалаушылармен жыл сайынғы қайта бағалау.

 

Бағалы қағаздар рыногы

 

Бағалы қағаздар рыногы қызметінің стандарттарын белгілеу, корпорациялық басқаруды жақсартуға ынталандыру және қаржы рыногының тәуекелдерге неғұрлым бейім салаларына қадағалау ресурстарын шоғырландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы                     24 желтоқсандағы № 1385 қаулысымен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтілді. Бағдарламада бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалады, ол рынокты жандандыруға және қазіргі проблемаларды кешенді шешуді қамтамасыз етуге арналған.

         Бағалы қағаздар рыногын (БҚР) дамыту тұтастай алғанда мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi алғышарт жасауға ықпал етедi. Бұдан басқа, белгіленген шаралар өтімді бағалы қағаздар тізбесін кеңейтуге, корпорациялық басқаруды, эмитенттердің және БҚР-ның басқа да қатысушыларының ақпаратты ашу тәртібін жетілдіруге ықпал етеді.

         Мемлекеттік қарыз алу және акциялардың мемлекеттік пакетін басқару  тәртібін жетілдіру, халықтың инвестициялық мәдениетiнiң деңгейiн арттыру жөніндегі шаралар өткізіледі. Бағдарламада Қазақстанда сертификатталған халықаралық инвестициялық талдаушылардың келуiне қажеттi жағдайлар жасау, инвесторлардың құқықтарын қорғауды жоғарылату, бағалы қағаздар рыногына қатысушыларды қадағалау мен реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру көзделеді.

Мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен

борышты басқару саласындағы саясат

 

2006 – 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясаты мынадай екi бағытта iске асырылатын болады:

бюджеттің қалыптасқан мұнай емес тапшылығы мөлшеріне негізге ала отырып, жүргізіліп отырған жинақтар саясатын ескере, республикалық бюджет тапшылығы мен үкіметтік борыш өлшемдерін айқындау;

үкіметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыштың үлесін біртіндеп азайту.

Үкіметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыштың үлесін біртіндеп азайту республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымындағы сыртқы қарыздар есебiнен республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үлесiн қысқарту жолымен жүзеге асырылады.

Үкiметтiң қарыздар портфелiн әртараптандыру мақсатында бір мезгілде ішкі рынокта қарыз алу ұлғайған кезде сыртқы қарыз алу көлемін азайтылатын болады.

 

 Бәсекелестіктi қорғау және дамыту, табиғи

монополия субъектiлерінiң қызметiн реттеу

 

 Бәсекелестiктi қорғау және дамыту

 

         Экономиканың одан әрі өрлеуі мемлекетті дамытудың басты басымдығы болып қала береді және ол бәсекелестікті қорғау жағдайларында ғана болуы мүмкін.

         Тауар рыноктарында салауатты және адал бәсекелестікті дамыту мақсатында бәсекелестiктi қорғау әрі дамыту және монополистік қызметті шектеу қажет.

         Қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы қазіргі заман ақиқатына сәйкес келтіру үшін «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді, қазіргі уақытта ол Қазақстан Республикасы Мәжілісінің қарауында жатыр. Заң жобасы субъектілердің монополиялық мінез-құлқының алдын алуға бағытталған және жаңа компаниялардың пайда болуына, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар арасында салауатты бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін жағдай туғызады.

         Қолданыстағы заңнама шеңберінде заңи кесімдер әзірленуде. Мысалы, Республиканың тауар рыноктарындағы бәсеке жағдайын талдау мен бағалауды және бiр немесе бiрнеше рынок субъектiлерiнiң үстем (монополиялық) жағдайын белгiлеудi жүргiзу жөнiндегі нұсқаулық пен Монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағаны айқындау жөніндегі әдістеме сияқты нұсқаулықтар әзірленді.

         Сонымен қатар, бәсекелестікті қорғау мәселелерін реттейтін құқық нормаларын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру туралы мәселе өзекті болып табылады. Бұл, бірінші кезекте, қазақстандық экономиканы әлемдік экономикалық кеңістікке жоспарлы біріктірумен байланысты.

 

Дүниежүзілік сауда ұйымына кiру

 

         Сыртқы экономикалық саясаттың 2006 – 2008 жылдарға арналған басым бағыттарының бірі Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыстарды жалғастыру және Қазақстанның сыртқы саудадағы мүддесін кемсітудің алдын алу үшін аталған ұйымның тетіктерін белсенді пайдалану болып табылады.

         Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі қорытынды құжаттарды дайындауға көшу Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі көпжақты және екіжақты келіссөздер жүргізудің нәтижесіне айналуы тиіс, мұнда Қазақстанның экономикалық мүддесі барынша ескеріледі.

         Орта мерзімді перспективада Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процесін аяқтау және ДСҰ-ның тең құқылы мүшесі мәртебесін иелену күтіліп отыр.  Осыған байланысты барлық міндеттерді, оның ішінде өңірлік бірлестіктер шеңберінде қайта қарау және ұлттық заңнаманы ДСҰ нормаларымен сәйкестендіру жөнінде жұмыс жүргізіледі.

 

Халықаралық экономикалық бірігуге қатысу

 

         Елдiң әлемдiк экономикаға өзара тиiмдi бірігуі, оның халықаралық еңбектi бөлу жүйесiндегi рөлiн оңтайландыру үшiн жағдайларды қалыптастыру сыртқы экономикалық саясаттың 2006 – 2008 жылдарға арналған негiзгi басым бағыттарының бiрi болып табылады.

         Қазақстанның әлемдiк экономикаға трансформациясының аса маңызды шарты саудадағы әрiптес елдердi таңдауда икемдi саясат жүргiзу: үшiншi елдер арқылы транзиттi барынша азайту мақсатында Еуропа мен Азия елдерiнiң таяу рыноктарын неғұрлым толық пайдалануға, өңiрлiк одақтармен өзара iс-қимылды күшейтуге, epкін сауда аймағының артықшылықтарын барынша пайдалануға бағытталған өткiзу рыногын әртараптандыру болып табылады.

         Алдағы кезеңге арналған аса маңызды іс-шаралардың бірқатары:

         саудада преференциялық режимді белгілеу жөнінде екіжақты және көпжақты келісімдер жасау жөніндегі келіссөздерді одан әрі жүргізу;

         өңірлік бірлестіктер (ТМД, ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ және ОАО) шеңберінде экономикалық бастамаларды жылжыту;

         Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметіне қатысуымен байланысты мәселелер жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Попов Э.В. Экспертные системы.-М:Наука,1996.

 

  1. Гусаков А.А. Экспертная система в проектировании и управлении строительством.-М.:Стройиздат, 1995.

 

  1. Ж.-Л.Лорьер Системы искуственного интеллекта.-М:Мир,1991.

 

  1. Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С., Гагарина Н.Л. Экономикадағы ақпараттық жүйелері, Алматы:Нур,2001.

 

  1. Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С., Гагарина Н.Л. Бизнестегі ақпараттық жүйелері, Алматы:Ротопринт ҚазГАУ,1994.

 

  1. Наумова А.Н. Компьютерные технологии оброботки информации.-М:Финансы и статистика,1995.

 

  1. Нейлор К. Как построить свою экспертную систему-М:Энергоатомоиздат,1991.

 

  1. Марселуе Д. Программирование экспертных систем на ТурбоПрологе.-М:Энергоатомоиздат,1993.

 

  1. Попов Э.В. Искуственный интеллект справочник.Книга 1-Системы обучения и ЭС.-М:Радио и связь,1990.

 

  1. ИНТЕРНЕТ: