Мазмұны
Кіріспе
1.1.Кәсіпорынның экономикалық-қаржылық жағдайын талдаудың ақпаратты жүйесін жобалау
1.2. Экономикадағы менеджмент стратегиясы
1.3. Рынок сыйымдылығы және өткізу көлемін жоспарлау
1.4 Рынок туралы деректерді талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қаржы секторының өзі нарықтың әлемдік экономикалық өзгерістеріне барынша сезімталдықпен қарайтын сегменттерінің бірі. Соның ішінде Қазақстанның қаржы секторы халқаралық қаржы жүйесімен көбірек интеграциялаанған себепті ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда әлемдік экономиканың құбылыстарына көбірек байланған.
Сондықтан осы қаржылық дағдарыстардың алдын алып, үйлестірілген саясат жүргізу үшін 2007 жылдың аяғында Үкімет, Ұлттық банк және Қаржылық бақылау агенттігі қаржы тұрақтылығы мәселелері бойынша мемарандумға қол қойған болатын. Желтоқсан айында Ұлттық банк ақша-несие саясаттының 2008-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарын мақұлдады. Бұл саясаттың негізгі мақсаты жылдық инфляцияны 7,9-9,9% және 2009 жылы 7,5-9,5%көлемінде ұстап тұру болып табылады.
Әлемдік экономиканың келеңсіз үрдістерінің мемлекеттің макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсіміне қысым дәрежесін азайту үшін Үкімет елдің әлеумменттік- экономикалық дамын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар енгізіп жатыр. Бұл қатарда елбасының қатысуымен былтырғы қазан айында болған кеңесте «Қазына» қоры мен Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы 2007 және 2008 жылдардағы республикалық бюджеттен елдің ипотекалық рыногын қолдау үшін 4 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінгенін айта кетуге болады. Басқаша айтқанда, ол тұрғын үй құрлысын қаржыландырады. Сонымен қатар, ол үлесшілердің құқын қорғауды қамтамасыз етеді.
«Салықтар және басқада міндетті төлемдер туралы» кодекс 2002 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Оның тұжырымдамасы халықты салық жүйесімен әділ қамтамасыз етуге бағытталды және оның тұрақтыллығы мен ықтималдылығы анықталған, салық салмағының барлық категориядағы салық төлеушілерге теңгерімдігі қарастырылады. Бірақ кейінгі жылдары кодекске енгізілген толып жатқан өзгерістермен толықтырулардың кесірінен ол көптеген жеңілдіктер мен преференцияларға толып кетті. Мәселен, қандай да бір мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысы оған қатысушыларға салықтың преференциялар берумен қосарланып отырды. Ерінбегендердің бәрі де Салық кодексіне сілтеме жасай отырып, өзгеруіне әйтеуір бір жеңілдіктер мен преференциялар талап етті. Соның салдарынан 170-тен артық преференциялар мен жеңілдіктер пайда болды.ал экономиканың нақты секторындағы салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен мүлдем шаршады. Шынында да, Кодексенгізілген кезден бері оған 60-тан арттық өзгерістермен толықтырулар енгізілген екен. Сондықтан Қазақстан дамуының жаңа кезеңі жаңа Салық кодексін әзірлеуді талап етті. Мен оған өзгерістермен толықтырулар жылына бір-ақ рет енгізілгені дұрыс дер едім. Жыл бойына түскен ұсыныстарды жинап және жүйелеп негіздегеннің нәтижесінде Парламентке енгізілетін жаңа заң жобасын әркім емес, депуттатардың бастамаларынан басқа экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі ғана дайындауы керек.
Кәсіпорынның экономикалық-қаржылық жағдайын талдаудың ақпаратты жүйесін жобалау
Кәсіпорынның экономикалық-қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесіндегі негізгі мәселе — дер кезінде кәсіпорынның қазіргі жағдайы жайлы мәліметтерді алып отыру.
Қаржы – бұл ақша қатынастары. Қаржы ылғи да ақша түрінде көрінеді: бөлу түрін, әртүрлі табыстардың жасақталуын және пайдалануын, шаруашылық субъектісінің қорын, мемлекеттің өндірістен тыс сфера құрамының инвестициялық және қаржылық іс-әрекетін көрсетеді.
Кәсіпорын қаржысы жалпы қаржы жүйесі қатынастарының бір бөлімі және қаржы жүйесінің бөлімдері әртүрлі деңгейдегі бюджетпен, бюджеттен тыс қорлармен, сақтандыру т.б. бөлімдермен, сонымен қатар қаржынарығы қатынасушыларымен тығыз байланысты.
Қаржылық қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік, инвестициялық жұмыс жүргізу барысында ақша қатынастары арқылы кәсіпорынның өз қаражаттарын жасақтау, олардың табыстарының және қарызға алынған жасақтарынан қор жинау және тұтынуға бөліп жұмсауымен байланысты.
Кәсіпорынның жұмысын қаржыландыру және оның жасақталу көздері.
Қандай да болмасын кәсіпорынның бастапқы капиталы құрылтайшылардың қаражаттары есебіне құрылады. Ал салынымның түрлері: ұзақ пайдаланылатын объектілер, өндірістік запастар, бағалы қағаздар, мүліктік құқық, сонымен бірге белгілі бір сома ақша болуы қажет.
Кәсіпорынның бірден–бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды.
Негізгі қаржылық коэффициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:
- өтімділік (төлем қабілеттілігі);
- пайдалылық (табыстылық);
- активтерді басқару тиімділігі.
АЖ ендірілгенде ақпаратты өңдеу үрдісіне қызметкерлер жұмысының тиімділігін жоғарылату талабы қойылады.
Жүйені ендірудің негізгі мақсаты:
- есеп беруді жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және бөлуді айналым ведомосты түрінде автоматтандыру;
- АЖ-нің ақпараттық және программалық қамтамасыз етуді жаңарту;
- нақты уақыттағы Басқарманың қаржы — несие шаруашылығын толық талдау;
- алынған дұрыс ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолдану;
- есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;
- бірегей МБ құру.
Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:
- жұмыс жеделділігі;
- ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;
- қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы — кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар
Экономикадағы менеджмент стратегиясы
Жапон менеджерлері 70-жылдың орта тұсында өздеріне мынадай сұрақтар қойды: «Компанияның ұзақ мерзімдік мақсаты қандай?», «Компания орта өзгерісіне қалайша бейімделеді?», «Жұмыскерлерді қалайша тиімді пайдалануға болады?».
Қойылған сұрақтардың жауаптарын мынадай негізгі қағидалардан аңғаруға болады:
1.Тиянақты шешім стратегиясы. Америка мен Жапонияның таңдаулы фирмалары өндірісті ұдайы жетілдіріп, жұмысты ең жаңа және таңдаулы әдістермен орындау үшін ақша бөледі, берілген, жақсы үйретілген ұжымның өсуі мен дамуына күрделі қаржы жұмсайды.
- Тәуекел стратегиясы. «Біз ең таңдаулы адамдарды таңдап аламыз жәнеде олар қателескен жағдайда көмектесіп, іскерлікті одан әрі дамытуға ықпал етеміз».
- Менеджмент идеясының стратегиясы. Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы.
Инновациялық фирманың жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда шыдамдылық танытады.
- Стратегия әсерлілігі фирмаға тамаша жұмыс қабілетін сақтауға мүмкіндік береді. Менеджерлердің ықпал етушілігі тиімді басқару шешімдерін қабылдай білуіне байланысты. Бұл жағынан қарастырғанда жапондықтар ең тиімді шешім қабылдайтындарға жатады. Американдық немесе европалық шешім қабылдаудан, жапондық шешім қабылдаудың басты өзгешелігі – мұнда шешім қабылдау дегеніміз, қойылған сұраққа жауап беру.
- Машықтанған мамандарды таңдау стратегиясы – қарапайым адамдарға әдеттен тыс жұмыстарды орындауына ықпал ету.
Менеджмент тиімділігінің және машықтанған мамандар стратегиясы тиімділігінің басты мақсаты – мақсат айқындалғаннан оның өлшем әдісі мен ақы төлеу әдісі белгілегеннен кейін фирманың әрбір қызметшісінің дербес әрекет етуіне ықпал ету, яғни фирмада тиімді жұмыс істейтін машықтанған қызметшілер құрамының болуын қамтамасыз ету.
- Жеңілдету стратегиясы – барлық жағдайды мүмкіндігінше қарапайым қалпында сақтау, төрешілдікке жол бермеу. Басқару құрылысын оңайлату.
- Сапа стратагиясы. 50 жылдары проффессор Деминг американдық бақылау саласындағы мамандықтарды американдық басқару амалдарына үйретті. Осы жылдары жапондық менеджерлер, өз кезегінде, басқару амалдарын орташа және төменгі деңгейдегі мамандарға үйретпестен бұрын әуелі фирмадағы барлық деңгейдегі қызметшілерге үйретті.
- Адалдық және берілгендік стратегиясы – жекелеген қызметкерлердің қойылған мақсатты түсінуіне және өз еркіме жүзеге асырылуына жәрдемдесу, әрі қызметкерлердің фирмаға адал, шын берілгендігін талап ету.
- Ынтымақтасу стратегиясы – барлық қызметшілердің шешім қабылдауға қатысуы.
Жапонияда еңбек өнімділігін арттыру үшін, бірлесіп әрекет ету мен бәсекелестікті тиімді пайдаланады. Компаниялардың өзара бәсекелесін, әлемдік рынокқа шығуы көтермелеп отырады, ал компания ішіндегі бәсекелестікке жол берілмейді
Рынок сыйымдылығы және өткізу көлемін жоспарлау
Батыс кәсіпорындары қызметінің осал тұстары, сату саласы болып саналады, сондықтан да кәсіпкерлік пен басқарудың барлық негізгі салаларында рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемін болжалдау негізгі роль атқарады.
Кез-келген қаржы жоспарының ақтық бағасы өнімді сату көлемінің мүмкіндігін болжалдауға немесе өткізуден түскен пайда көлемін болжалдауға байланысты. Сол себепте де рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемін болжалдау маркетингте және өткізу ісінде айрықша роль атқарып қоймай, басқа да іс-әрекет бағытында шешуші фактор болып саналады. Мәселен, өндірісте — өндірістік қуат ауқымын жоспарлағанда, жабдықтауда – шикізат қажетін, ал қаржы саласында – ақша айналымы мен күрделі қаржыны жоспарлағанда болжалдау ерекше қажет.
Маркетинг пен өткізу саласында жоспарлаудың ең шешуші пункт мынадай көрсеткіштерді анықтау болып саналады:
- қысқа мерзімдік: өнімнің әр түрін өткізу (көлемі және құны), географиялық бағыт бойынша өткізу (көлемі және құны), бәсекелестер бағасы, сауда қызметкерлеріне қойылатын мақсатты нұсқаулар, қор деңгейі;
- орташа мерзімдік: өнім категориясы бойынша өткізудің жалпы өткізу, бағалар, жалпы экономикалық жағдай, рынокқа тауар жеткізілуінің ерекшеліктері, жаңа өнімдерді енгізу;
- ұзақ мерзімдік: өнім категориясы бойынша өткізудің жалпы көлемі, рынок орындарына тауарды толтыру, жаңа өнімдерді енгізу, рыноктағы бұрынға өнімдерді әкету, маркетингті зерттеудің маңызды ерекшеліктері, т.б.
Болжалдаған кезе, тек қысқа мерзімді ғана емес, сондай ақ орташа және ұзақ мерзімді бағалау ма болжалдауды ескеру керек. Соңғы екі уақыт мүмкіндігіне жататын факторлар ішінара болуы мүмкін, алайда олар қысқа мерзімдік болжалдауға елеулі ықпал етеді (мәселен, технологияның өзгеруі, кез келген артық материалдардың қолайлылығы, т.б.).
Рынок сыйымдылығы, өткізу көлемі мен бюджет аралықтарындағы байланыстарды үш түрлі тәсілмен анықтауға болады:
— рынок пен өткізу болжамы дегеніміз, нақты тауар мен қызметтің заттай түрінде болашақта өткізілуі (өткізудің сандық көрсеткіштің болжамы) және нақты, әрі потенциалды клиенттердің белгілі бір уақыт аралығында (қысқа, орташа және ұзақ мерзімде) тауарды өткізуден түскен пайда құнының болжамы;
— бюджет дегеніміз, табыстардың, шығындардың және белгілі бір уақыт кезеңінде сатылған өнім санының болжамы (мүмкіндігі) туралы қаржы құжаты (документ);
— рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемінің болжамы сол уақытта бюджет болады, егер оны компаниядағы жалпы қызметке жауаптылар қарап, бекітетін болса.
Жоспар жасаудың алғашқы қадамы бастапқы ақпарат жинау болып саналады, өйткені мұның өзі рынок туралы толық мағлұмат береді.
1-схема. Кәсіпорындарда жоспарлаудың құрылымдық схемасы
Рынок туралы деректерді талдау
Рынок туралы деректерді алу өте қажет, өйткені бұрынғы өткізу қызметінің көрсеткіштері болашақта өткізілуге тиісті тауарларды бағалауға мүмкіндік бере қоймайды. Тек айналым көлемі мен рынок факторларының әрекеті арасындағы ара қатынасты талдау, оның болашақта дамуын нақты бағалауға мүмкіндік береді.
Батыс кәсіпорындарында мынадай көрсеткіштер талданады:
- аудандарға және жас топтарына бөлінген тұрғын халық санының динамикасы. Мұндай мәлімет халық тұтанатын тауарларды сатуда ұйымдастыруда айрықша маңызы бар;
- әр жан басына есептегенде тауар тұтынылуы. Мұндай деректерді талдау тұтынушылардың талғам тілегіндегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді;
- халық (сатып алушылар) табысының динамикасы. Мұндай мәлімет шығынның бір түрінен екінші түріне ауысуын көрсетеді;
- сатып алу қабілетінің динамикасы;
- рыноктағы барлық салыстырмалы тауарларға тұтастай сұраныс динамикасы. Мұндай деректерді нақты өнеркәсіптік саладағы өндірістік қуаттың пайдалану статистикасы бойынша алуға болады. Осындай талдау өзара алмасытырылатын тауарлардың пайдалануының ауысу мүмкіндігін көрсетеді;
- бәсекелестердің өндірстік қуатының немесе нақты салада жұмыс істейтіндер санының өзгеру динамикасы.
1-3 пунктер бойынша қандай мәліметтердің алғанына қарай, кәсіпорын өзінің өндірістік бағдарламасын өзгертеді.
4-6 пунткегі деректерді талдау, тауарларды 3-тпқа бөлуге мүмкіндк береді:
— өскелең сұранысқа ие тауарлар;
— бейтарап тауарлар;
— сұранысы кеміген тауарлар;
Рынок бойынша деректерді тұтастай талдау, оларды фирма ішіндегі деректермен салстыру, рынок динамикасы мен кәсіпорын меншігіндегі динамика аралығында қалыптасқан пропорцияны бейнелейді
Қорытынды
«Өойшы көп болса, ұой арам өледі» дегендей, толып жатқан актілермен реттелетін осы мәселені бір қалыпқа түсіріп, «мемлекеттік активтер туралы» кодекстті әзірлеу керек деп ойлаймын. Бұл құжаттқа «мемлекеттік кәсіпорындар туралы», «Қазақстанның даму банкі туралы» «Қазақстанның инвистициялық қоры туралы», «Акционерлік қоғам туралы», «Конценсиялар туралы» заңдар, жеркодексінің кейбір ережелерін, сондай-ақ Ұлттық қор, мемлекеттік холдингттер, даму инститтутары, әлеументтік-кәсіпкерлік коррпарациялар, т.б істерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер енуге тиісті. Осы актілердің бәрін кодтандыру экономикалық барлық саласында ықтималдық және мөлдір саясат жүргізуге мүмкіндік береді.
Осы жағдайдың бәрін ескерген елбасы өзінің биылғы жолдауында Үкіметке, Ұлттық банкке және Қаржылық бақылау агентігіне қаржы тұрақсыздығын тудыратын қатерлерге қарсы тактілерді тауып, оларды жүйелі және жедел қол берді. Мұның өзі халқаралық рыноктың Қазақстан экономикасына деген сенімін арттыра түсетіні дауысыз.
Кәсіпорынның экономика және өндіріс қаржы жағдайының тиімділігіне талдау жасау үшін түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның нарықтағы кәсіпкерлігінің белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы орнықтылығы және төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.
Нарықтық жағдайда әрбір кәсіпорын экономикалық дербес тауар өндіруші ретінде мемлекеттік шеңберде бекітілген салық аударымы және әлеуметтік шектеу, меншікті өндірісті дамыту тиімділігінің кез-келген бағалылығын пайдалануға ерікті болып табылады
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Нақысбеков Б. «Кономика негізлері»
- «Егемен Қазақстан» газетті 05.03.08 баспа
- Google интернет сайты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
«Қолданбалы информатика»
кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: «Экономикалық ақпарат жүйелері артықшылық үшін қолданылатын ақпараттық технологияны пайдалану»
Орындаған:Нұрғожаев Али-бек
Тексерген:Сулейменова Улжан
Алматы 2008