АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Ерік

ЕРІК

Жоспары:    

  1. Ерік жөнінде түсінік.
  • Ерік теориялары.
  • Ерікің физиологиялық негіздері.
  • Ерік құрлымы.
  • Ерік салалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ерік жөнінде түсінік

        Қандай да іс-әрекетің қажетгігін білумен, адам соған орай керекті шешім қабылдайды, бірақ оны орыынау үшін     кейде ешбір қимыл жасай алмайды Мұны орынды түрткілердің        кемдігімен ғана түсіндіріп болмайды. Кейде адам тіпті өз өмірі үшін қажетті болған жұмыстарды да аяқсыз қалдырады. Теңдей билік пен білімге, ортақ көзқарас пен сенімге ие бола тұра, адамдар өз алдарында тұрған міндеттерді бірі сылбыр, бірі шапшаң, әртүрлі қарқынмен орындайды, неиесе кей адам іске байланысты қандай да қиыншылық кездесе қалса,  жұмысыз қоя салады,  ал екіншісі мұндай кезде қуатына қуат қосып, өршелене әрекетке кіріседі. Адамдағы бұл   құбылыстардың   бәрін   психология  ерік  көрішсімен байланыстырады..

Ерік — бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы және ішкі кедергілерді жеңумен байланысты өз қылық әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті ерік өмірдің ауыртпалық түскен жағдайларында белсенділік көтеріп, өзін-өзі реттеудің көзі болумен түгелдей сана басқарымында болады. Адаиның өз әрекет-қылығын реттестіре алу қабілетінін негізінде жүйке жүйесінің өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру, немесе ынталандыру және реттеу қызметтерін де атқарады.

Ерік, яғни ырықты әрекеттер — ырықсыз қимыл -қозғалыстар негізінде пайда болады. Қарапайым ырықсыз қимылдар қатарына жататындар, мысалы, көз қарашығынан тарылуы мен жайылуы, жыпылықтау, жұтыну, түшкіру т.б. құсаған рефлексті әрекеттер. Ыстықтан қолды тартып алу, шу шыкқан тарапқа бас бұру т. б. сияқты қозғалыстар де осы топтан. Біздің сезімдік, көңіл-күй таныту әрекеттеріміз.

Сонымен бірге, әрекетіміздің жалпы мақсатынан тыс, ниеттенбеген импульст қозғалыстар да осы ырықсыз қимылдар тобына кіреді, мысалы, сырттағы шуға мойын бұру, қандай да затқа бір көргеннен әуестену т.б. Еріктік қылықтың ерекшелігі оның «мен қалаймын» емес, «мен міндеттімін» толғанысының жетегінде болуы. Дегенмен, кейде адам өзінің еріктік: бағдары мен тума қылықтарын біріктіре алады, мысалы, «Мен өз борышымды орындауды қалаймын» — «борыш» – еріктік, «қалаймын» — импульстік. Осыдан, біздің барша өміріміз ұдайы еріктік әрекеттер мен әдеттегі қылықтарымыздың өзара байланысты қатынасынан тұрады. Ырықсыз қозғалыстарға қарсы қойылатын саналы әрекеттер адамға тән бола келіп, ниетгелген мақсатқа жетуге бағдарланады. Еріктік қылықтың басты көрсеткіші дс осы нақ мақсатқа бағытталған саналы әрекет. Бірақ әрқандай ниет өзінін құрылымдық күрделігінен көздеген мезетте іске аса бермейді, осыдан еріктік әрекет өз ішіне жеке бірліктер ретінде көп қайталанудан бастапқы саналық сипатын жойып, автоматтасқан қимыл-қозғалыстарды қамтауы мүмкін.

Кейбір еріктік әрекеттер күрделі сипатта болуынан, оның орындалуы ұзақ мерзімге созылуы мүмкін, мысалы, тау шыңын ерттеп мінем деген альпинист, көрмеге дайындалған оқушы т.с. өз ойларын ақтауы үшін талай жұмыстарға мандай терін төге, ерік күшін сарп етуі керек.

Психиологиялық қорғаныс механизмдерін пайдаланып, кейбір ұнамсыз қылықтар төркінін басқаларға білдірмеу мақсатымен адам өзінің ішкі кедергілерін сырт, объектив етіп көрсетуге тырысады. Мысалы, сабаққа кешікенін оқушы ұйқысырап қалғаны (субьектив кедергі) мен жауапкерсіздіктен емес, мың сан жалған объектив кедергілернен байланыстыра салуы мүмкін әжем ауырып қалды, дәрігер шақырдым; автобус уақыьтында келмей қалды, асығудан жығылып, үстімді бүлдіріп, үйге барып, қайта киіндім т.с.с. Әрқандай ниетгелген мақсаттың орындалуында түрлі объектив сипатқа ие сыртқы кедергілер кездеседі. Бірақ кедергіні жеңуге  бағытталған көрінген әрекет еріктік бола бермейді. Мысалы, иттен қорқа қашқан бала, кейін өзі таң қалғандай, былайғы күнде қолынан келмес әрекеттерді жасайды: биік дуалдан секіріп өткен, жалаң аяқ жантақты  жерден жүгірген, сулы кең арықтан секіріп өткен т.с.с.

ЕРІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

   Ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалатын жан қуатының белсенділігін және адамның өзің меңгере алу қабілетін айтамыз. Ерік алға мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адамға айқын, ашық саналы түрде түсінікті болуы қажет. Алға тұтқан мақсаттарын жүзеге асыру үшін, адам алдындағы ұшырайтын бөгеттерді, қиындықтарды жеңіп отырмаса болмайды. Ерік — саналы әрекеттен туындайды. Мысалы, адамда өзінен-өзі пайда болатын қимыл (жатқанда козғалу, дене мүшелерінің қимылдауы т. б.) еріксіз қозғалысқа жатады. Мұндай қозғалыстардың ерік-жігерді көрсетуге қатысы жоқ. Адамның ерікті әрекеті жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет:

 а) алға тұтқан мақсатты орындау қайткенде де соған жету;

 ә) жолда ұшырайтын кедергі, бөгеттерді женуі;

 б) мақсатқа жету жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық көрсету, қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу т. б.

 в) қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу, қорықпау т. б.

Міне, осы шарттар орындалған уақытта ғана адамды ерік-жігері жеткілікті, қажыр-қайраты бар кісі деп айтуға болады

Мақсатқа жетуде қандай да қиыншылықтарды жеңу сол мақсаттың мән-мағынасын терең түсіне білуге және адамның өз борышын саналы байыппауына тәуелді мақсат неғұрлым маңызды болса, адам соңғұрлым қандай да кедергіден қаймықпайды. Кей жағдайларда мақсаттан өмірден де қадірлі болуынан, адам ол үшін жан пидалықка барады. Аяулы ару бауырларымыз Мәншүк пен Әлияны еске түсіріміз.

Ерік теориялары

Еріктік әрекеттер табиғаттың түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген (П Л. Тульчинский). Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнвна «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Адамның қылық-әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан, Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалы қорытындыларда туындайды. Ал өзінің «Нигомахов этикасы» еңбегінде: «дәмдінің бәрін жеу керек» және «бұл алма дәмді» деген пікірлер санада «Бұл алманы жеу керек’ деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді» — деп жазған. Ерік табиғатына болған  мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ  емес. Ш. Н. Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындалаған деумен еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір «ерік» терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тарысады.

Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис — жын-шайтан қуу үрдісінен аңдауға болады. Бұл үрдісте адам шылғи да енжар астама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын «ұя» ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтан, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер туріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсатгар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген. Осы күштерді (тіпті нақты періште мен шайтан есімін білуге дейін) танудан адамның «шын» қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады-мыс.

Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі — сол заманда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен ізі ғана деп қабылданған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыратылуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы хәне ол дүниеиен тілдесетін бақсы- балгер (шаман), от пен металды бағындырған –терімші өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы – қанішер т.б

Мүмкін, ерік түсінігінің жааа «Қайта тіктелу» заманында жеке адам проблемасынан бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты  жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, тіпті қателер жіберуте де бейім» дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек ортасынан бөлшумен адам жеке адамдық кемелденуге жетіседі Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе — ерік бостандығы..

Ерік бостандығын бір жақты асыра діріптеу нәтижесінде экзистевциализм немесе «тіршілік философиясы» пайда болды. Экзистенциализм (М. Хайдегтер, К Ясиерс, Ж. П. Сартр, А. Камю т.б.) ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі-қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметік-мәдени ортадан бөлек, дерексізденген адам. «Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған» бұл адамның өмірі мағынасыз «қымм-қиғаш оқиғалар» жиынығы да, адамның өзі — «пайдасыз құмарлық». Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауалкершілігі жоқ.. Осыдан да ол адамтершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кекен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып-тәртіп (норма) ол үшін жайылу, басыбайлықка түсу көзі  Ж. П Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік — бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберінен оқшауланбаған, өздігінен туындайтын, себепсіз, «әлеуметтенуге» қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мадақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларын дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершілігнен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездойсоқ жауыздық ақылдан аулақ бастаулар тұңғиығына бір-ақ түсірді.

      Қылық иесі-адам қалыптасқан тағылым-талапарды жоққа шығара отырып, міндетті түрде қандай да басқа, өзіне ұнаған құндылықтарға ауысады. Егер адам бір мәдени қалыпты мойыңдағысы келмесе, онда оның бұл әрекеті екінші бір қыр-сырларын танылып болмаған қажеттілікті көздегені. Осыдан ежелден бүгінге дейін баршамыз қоғамға жят деп есептейтін пароқорлық пен нашақорлықтың бір жағы мәденитттіліктен шыққандығы  ғажап нәрсе. Бұл қоңамға ерсі болып көрінген қылықтардың өқздері де қандай да ұйымдасу негізіне ие, өздеріне сай талап , ережелері мақтан, тұтаты қырлары мен ғұрыптары баршылық.

            Осыған байланысты түсініктеме берген И.П.Павлов ерікті адам белскенділігіне ойлау  болатын кедергілерді жеңуде көрінген әрекетшеңдік  -«еркіндік инстикті» деп қарастырды.  «Еркіндік инстинкті ерік аштық пен қаіп қатерден мәнділеу. Егер осы қасиет болмаса ,-деп жазды Павлов –жануар алдынан шыққан елеусіз-ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді». Ал адам үшін мұндай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы  әсерлер ғана емес , өз қызығулары мен қажеттіліктерін  бақылауға алатын өзіндік  сана мазмұны болуы да мүмкін.

            З.Фрейд  Э. Фромның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде «ерік адам қылықтарына дем беруші еркше қуат» деген түсіік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша , адам қылықтарының көзі –психикалық формаларға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты.  Ал бұл қуат , ЗФрейдше , санадан тыс , ақылдан алшақ «либидо» (махаббат! –жыныстық құмарлықтың  психосексуалды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З.Фрейд адам қылы,ын олсы тіршілік  жалғастырушы яғни «либидоның «мәдениеттеестірілген» алғашқы көрінісі деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге ұмтылысыыңс белгісі екенін түсіндіріп бақты.

            З.Фрейд болжамдары оның шәкірттерінің еңбектерінде қызықты эволюциялық жалғасын тапты. Солардың бірі К.Лоренц ерік энергиясы  адамның әу бастан жыртқыш болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет қоғам  рұқсат еткен белсенділіктер түрінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлуметтік қатерге айналып , ырыққа келмейтін қарақшылық әрекеттерге ұштасуы мүмкін.

            Шынында келгенде , психоанализ бағыты өкілдерінің қай-қайсысы да қорытынды пікірлерін адам әрекеттерінің көзі –қажеттіліктердің мәнді  бірақ тұтастай емес , бір тарапын ғана дәріптуге бағытталған.  Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес , «адамның өз тіршілігін сақтау»  мен «тұтастығын қолдауы» қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіруі де ғылымдық көзқарасқа сай келмейді.

            Еріктік әрекет себептері адамның сыртқы ортамен қарым-қатынас келуінен туындайды. Еріктік себепті болуы адамды қандай да қылыққа мәжбүрлеп , көндіруді білмейді.  Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай , өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы –табиғат пен қоғамның жалпыланғңан заңдылықтарын терістеу емес , керісінше  адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білуі.

Еріктің физиологиялық негіздері

Психиканың басқа да көріністері сияқты ерік те мидың жүйкелік процестеріне негізделген заттасқан құбылыс.

Ырықты әрекеттердің негізгі алдынғы орталық жүйке сайларындағы ми қабықтарының бірінде орналасқан аумақты пирамидалы жасушалар қызметінде көрінеді. Әрекетке келтіретін импульстер осы жасушаларда пайда болады, осы арадан түдектелген жүйке талшықтары бастауын алып, миға тереңдейді, одан төмен түсіп, жұлынды (арқа ми) бойлай отырып, дененің қарсы тарапындағы бұлшық еттерге жетеді, яғни пирамидалы жол жүреді. Осы жасушалардың қай бірі жарақаттанса, адамның оларға сәйкес бір қозғалыс мүшесі істен шығады.

Алайда, ырықты әрекеттер бір-біріне байланысты өзара ықпалды әрі ниеттелеген қимылдардың күрделі жүйесінде пайда болады. Бұл процеске қозғалыс түйсіктерінің маңызы үлкен.

Аталған ми аймақтарынан басқа, ерікті іс- әрекеттер бағьты мен қуатын қолдап барушы құрылымдарды ескерген жөн. Мидьң маңдай профронталь бөлігі шығуынан қимыл-әрекеттер ырықты реттелуден ау қажетті бағдарламаға көнбей, ерік жоспарына қалады. Мұндай аппраксия жағдайьнда адам қандай да ісін бастағанымен, аяқтай алмайды, бастамай жатып, доғарып та қоюы мүмкін немесе еленбес себептерденак, жүмысьн басқа арнаға бұрьп жібереді Клинникалык тәжірибеде кездескен жағдай: аппрахсияға ұшыраған бір науқас ашық тұрған шкафтъң жанынан өте бере, ішіне кіріп алыпты да, енді не істерін білмей, жан-жағын, алақтап тұрған құсайды. Мұндай сырқатты адамньң әрекет-қимылыньң басы бірікпей, басқаруға келмейді.

 Ми сырқаты негізінде адам абулия (зақымды еріксіздік) ауруына ұшырайды. Мұндайда әрекет иесі өз қадамының қажеттігін біле тұра, оны іске асыруға ерік күші жетпей, керекті шешім мен әрекетке келе алмай, жан күйзелісіне түседі. Абулия ми қабығыңдағы шектен тыс (зақымды) тежелу мен мидан берілетін имдульстік ықлалдардың қажетті деңгейінің бәсеңдеуінен болады. Осыдан сырқат адам көбіне ырықсыз кылықтар шырмауьнан шыға алмай, қиналады.

Ерік әрекеттерін орындауда адамньң саналы әрі мақсатты қимыл-қозғалыстарын реттеуші екінші сигналдық жүйенің маңызы орасан. Екінші сигналдьң жүйе адамның қозғалыс қуатън арттырумен бірге, барша психикалық процестерінің: ойлау, қиял, ес, зейін, сезім — бастау көзі Осыдан, ырықты әрекет бас миы қабығының барша бөлікгерінң біркелкі қызметінің нәтижесі ретінде көрінеді (И. П Павлов).

Тұтастай алғанда ерік шартты рефлекстік сипатқа ие. Уақьтша жүйке байланыстарьньң негізінде әрқилы ассоциациялар жинақтальп, бекиді. Енді келіп түскен бұрыннан бар біліктермен салыстырылады. Егер келіп түскен хабар ми қабығында бұдан алдьн түзілтен сәйкес   келмесе, не  әрекет өзгереді, не  жоспар  жасалады.   Ерікті  реттестірудің  рефлекторлық  негізгі миындағы қажетті қозу ошағының пайда болуына тәуелді. Бұл жүйкелік қозу ұдайы энергиялық қуатты керек етеді. Мұндай ми қажетін ерекше аккумлятор сипатты ретукулярлы формация қамтамасыз етеді. Осы ретикулярлы формация қажетті қозу ошағының қуатын қолдауынан, адам қандай да жұмыс орындауда үлкен жігерлік танытып, көздеген мақсатына жетуге батыл қадам жасайды.

Ерік құрылымы

Әрқандай ерік әрекеті өзінің  күрделігімен ерекшеленеді. Ниеттелген мақсат анық больп орындалу жағдайларына сәйкес әрі тікелей іс-әрекетке өтетін болса, әңгіме қарапайым ерік әрекеті жөнінде болғаны. Ал күрделі ерік ықпал  жасаушыимпульстермен нақтыәрекеттерарасына қосымша ерік әрекеті мәнді кезеңдері мен бөліктерінің құрамы келесідей.1)ниеттің туындауы мен мақсаты белгілеу; 2)талдау талқылау кезеңімен түрткілер таласы; 3) шешім қабылдау;4) орындау.

 

 Ерігтік әрекет желісінің бастапқы басқшьның негізгі мазмұны — ниет белгілеу мен мақсат қою. Ниеттің бәрі бірдей саналы болып келе бермейді. Қандайда бір  қажеттілік өз түсінік деңгейіне орай құмарлық немесе тілек сипатын алады. Егер тұлға өз жағдайына қанағаттанбаса, сонымен бірге, осыған байланысты қажеттілік толығымен өзіне әлі түсініксіз болса, оның мақсатқа жету жолы мен шараларының күңгірт болғаны. Бұл жағдайда оны іске итермелейтін әшейін кұмарлық, көрсеқызарлық. Құмарлықта адам өзіне бірдеңенің керегтігін сезінеді, бірақ сол нәрсенің не екеніне көзі анықк жетпейді, қажеттілігін нақты түсінбейді. Мұндайда «не керегін, өзі де білмейді» дейміз. Байыпталмағандығынан құмарлық іс-әрекетке бастау бола алмайды. Сондықтан да ол ауыспалы құбылыс, ондағы қажеттіңлік  бірде сөнеді, ал кейде анық-қанығы ашылып, нақты тілек, ниет, арманға айналады.  

Бірақ тілек ету де әлі әрекетке келу деген емес. Қажеттілік мәінін бейнелегенімен тіліекте белсенділік болмайды. Тілеу бұл алдымен әрекетке келтіруші себепші түсіну кезеңі. Әрқандай қылықтың түрткісіне, кейін мақсатына айналудан бұрын тілік сарапталып, бағаланды; оның орындалуына кедергі не қолдау беретін шарттар өлшестіріледі Тілек іс-әрекет түрткісі сияқты өзінің туындауында себепші болған қажеттіліктің айқындығымен ерекшеленеді. Ынталандырушы күшке негізделген адам санасын болашақ мақсатқа ойыстырып, жоспар түздіреді, сонымен бірге ол мақсаттың орыңдалу жолдары мен құрал-жабдықтарын ақылға сай нақгылайды.

Көрінген тілектің бәрі іске аса бермейді. уакытта әртүрлі, тіпті біріне бірі қайшы келген туындап, осыған қайсысына орай әрекет істеуін білмей күйзеліске келеді Мектепті бітіріп, қай жоғары оқу орнын таңдайтынын біле алмай, дағдарысқа түскен кешегі  осының мысалы.

Әрқилы қажеттіктер маңызының өзгеріске келуінен адамда түрткілер күресі басталады. Бұл талас-тартыстың мәні әлі бастамаған әртүрлі әрекеттердің оң не теріс тараптарын қай жағдайда қандай әрекетке кірісу қажетігін бағышталған  адамның  талқылау  ісінің  жүруі.  Түрткілер таласы жағдайында адам үлкен толғанысқа келіп, өз сана мен сезімінің, кара басы мен қоғам мүдделері арасындағы қарама-қарсылықтарды және алмай, өз «қалауы» мен сырттан қойылған міндет «талауына» туседі.

Түрткілер тартысының қорьггынды сатысы-шешім қабылдау; бір түрткіш қалаумен нақты мақсатқа жүгіну. Шешім кабылдай отырып, адам бұдан былайғы әрекеттігін оның өзіне тәуелді екенін сезеді, бұл өз кезегінде онда еріктің әрекеттің ерекше сипаты — жауапкершілік сезімін оятады. Батыл шешімге келудің бірнеше жолы бегілі (У. Джеймс):

  1. Саналы шешім түрткілер қарсыластығы бірте-бірте семіп, арасындағы бір мәнділеу баламаға аса зорлықсыз-ақ жол беруден пайда болады. Көзделген әрекет жайбарақат,өзінен өзі басталғандай сезіледі.
  2. Таңдау толғанысы мен   батылсыздық   ұзаққа созылып, тереңдей түссе, адам дағдарысқа келіп, ештеңеге кіріспегеннен гөрі,  бірін  бастай салайын деп, қателікке ұрынуы мүмкін. Мұндайда қандай да бір кездейсоқ әсердің ықпалдарын қалып, «не болса, сол болсын» деумен, адам өз басын
    «тағдырдың жазғанына» көндіреді.
  • Ықпалды-ынталандырушы күштердің жоқтығынан,өз батылсыздығынан іштей күйініп, адам қалай болса, солай,
    ойланбай, барады, тап осы мезетте істің ақыры не болатыны оны қызықтырмайды. Мұндай көзсіз батылдық өте
    әрекетшең, күшті көңіл-күйдегі темперамент иесінде болады
  • Ішкі толғаныстардың байыпқа келуі — алғашқы
    түрткілер құндылығынан өзгеріске келуіне де байланысты
    Мұндайда шешім адамгершілік көзқарас, намыс араласуын
    қабыдданады. Адам «маған осы не болды» деумен,
    жинақтап, қажетті бағыттағы әрекегке батыл кіріседі.

Еріктік әрекеттің орындалу кезеңі өзінің күрделі құрылымына ие. Шешімнің орындаулуы қандай да мерзімнен байланысты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімнен кейін қалдырылса, онда ол ниет қана. Ниет соңға ысырылған әрекетке дайындық ретінде танылып, шешімге байланысты көзделген мақсатты білдіреді. Мысалы, оқушы келесі жылдан бастап «беске» оқуды жоспарлайды, яғни ниет қояды. Мұндай ниет ерікті әрекет жасауға жеткілікті. Бұл әрекетте мақсатқа жетудің жоспарлау сатысын ғана байқаймыз. Жоспарлау күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді  әдістері мен құрал-жабдығын іздестіру кезеңі.

Жоспар әрқилы деңгейде, сапада болуы мүмкін. Кей адамдар бәрін өлшестіріп, пайымдаса, екіншілер жалпы, үстірт жоспармен шектеледі. Жақын уақытта орындалатыньш әрекеттер нақты, айқын қарастырылса, уақыт өтумен жүзеге келетін істер күңгірттеу болады. Жоспарланған әрекет өздігнен бола қалмайды, ол үшін ерік күші араласуы кажет. Ерік күші — бұл адамның қажыр-жігерін жинақтап, мақсатқа жетуге керек қосымша қуат, түрткілердің көзін ашатын, мақсатты мен істің орындалуына дейінгі ерік процесінің барша ыкпалды фактор. Орындау барысында адам өзінің кедергілерін ғана емес, сыртқы қиыншылықтарды да ерік күшімен жеңетінін нақты байқай аламыз,

           Адам орындалатын істің маңызын, оның моральдық
талапарға қайшы еместігін де түсінуі мүмкін, алайда бұл оған іс  барысындағы кедергі, қиыншылықтарға қарсы тұруға демеу бола алмайды. Түсінуден көптеген басқа ниет. Тілектерді  баса отырьш, қажетті ұмтылысты пайда етуі үшін, адам «осылай болуы тиісті» дегендей үлкен жан қалауы –борышы сезіміне бөленуі тиіс. Борыш сезімі — моральдық талаптарды
адамның ішкі жан дүниелік қасиетіне айналып, «мендік» пенде «оғамдык мүдделер тоғысында таңдалатын тиімді әрекет қылықын жол көрсеткіші        ‘

Көп жағдайда адам ерік күшінен өзінің мінез қылығындағы ырықсыз белсенділігін нақтылап, тоқтама келтруіне тура келеді, бұрыннан бекіген әдеттері, бойға сіңген келеңсіз қылықтарына қарсы шайқасқа түседі

Бірақ мұнысымен адам ырықсыз белсенділікті түбегейлі шектей  алмайды, тек түрін өзгертіп, не тысқы көріністерін басуы мүмкін. Сондықтан да, ерік – адамның  болмысын билей алу қабілеті, өз ұмтылыстары, сезімдері мен құмарлықтарынатоқтам беру касиеті

Ерік әрекеттерін іске асыру барысында, әсіресе орындаудан соң бағалау кезеңі келеді. Баға түрлі әлеуметтік-саяси, моральдық, эстетикалық т.б. бағыттардан беріледі, ал кей жағдайда аталған талғамдардың басы бірігіп, бір бағаға арқау болуы ықтимал. Баға теріс жеке адамның өлшемнен емес, хатысы бар көпшіліктің пікіріне де телінуі мүмкін. Осыдан ұжымдық баға әрбір дара тұлға әрекет-қылығының  өлшем бола алады. Орындалған іс-әрекеттің бағамы қабылдаған шешімдер мен іс әдістерін қолдау, ақтау не  сипапа көріледі.

Әрбір адамның ерік әрекеті өзіндік; ерекшелікке ие, ол жеке тұлғаның тұрақты қасиеттерінің көрінісі. Еріктің саналы ұйымдастырылуы мен ретке келуі адамға сезімдерін, қыаыпты, танымдық процестерін басқаруға береді. Ерік аймағындағы жеке-дара ерекшелілер адам тұтастай да сипатын не ерік процесіндегі жеке бөліктердің мазмұнын құрауы мүмкін. Ерік сипаттарының бірігуін танытатын құбылыс — ерік күші. Ерік күші әрекеттін барша кезеңдерінде қажет, әсіресе оның  көрінісі кедергілерді жеңу’ мен қажетті нәтижеге жетуде көрінеді. Осы игерілген кедергілер сипатын талдай отырып адамның ерік күшінің обьектиб бағасын дайымдаймыз. Адамның өз құмарлығы мен көрсеқызарлығын бағалауы, өз сезімдерінің шектен тыс шарпуына жол бермей, ақылмен сараланбаған қылықтар жетегіне түспеуі — бәрі де осы ерік күшіне байланысты.

Еріктік әрекеттің жалпыланған сипаты мүдделі мақсатта көрінеді. Мүдделі мақсат – бұл жеке   тұлғаның өз іс-әрекетін белгілі бір нәтижеге бағыттай алуы. Осы қасиетке орай дамуының басқа да ерік салаларының мазмұны мен даму деңгейін анықтаймыз. Мүдделі мақсат өмірлік принциптер мен мұраттарды көздеген, стратегиялық не жақын, бөлектенген әрекеттерді орындауға бағытталған нақты қызметтік, коперативтік болып бөлінеді. Мүдделі мақсаты бар адам алдына анық та нақ меже белгілеп, майда-шүйдеге елеңдей бермейді Мұндай адамдар не қалайтынына қай бағытта қадам атқанына, не үшін күресетінше ешуақытта кумәнданбайды. Бұл тұлғалар — қоғамның нағыз жетекшілері, Ерік әрекетінің бастапқы, іске қосылу кезеңі көбіне ынталылық, дербестік, еркіндік сапаларымен байланысты.  Ынталылық — мол да жарқын идеяларға, байыпты «жоспар мен ұшқыр қиялға негізделеді. Көп адамдар үшін ең ‘қиыны өз енжарлығын жеңу, қалыптасқан іс-әрекет тәсілін өзгерту. Мұндайлар өз бетінше ешбір іске кірісе алмай, тысқы ықпал, нұсқуларды күтумен болады.

Дербестікке ие адам басқаның жәрдемінсіз-ақ тыңдай алады, соған орай мақсат белгілейді, өзгенің түрткісі мен  сыбырына алаңдамайды. Әдетте мұндай тұлғалар көзқарасын белсенді қорғап, мақсат, әдіс пен тәсіл саналы бағалаумен, жалтақсыз іске қоса алады. Ынталылық пен дербестік жеке адамның еріктік сапасы ретінде, жағынан, сезгіштік, иі бостық, енжарлық сияқты қасиетке қарсы; екінші тараптан, басқаның ой-пікрін, түгелдей жоққа шығарудан (позитивизм) аулақ қасиет.

Іс-әрекетке ниеттелу кезеңінде еріктігін ұстамдық қасиеті процеске қосылады. Ұстамдылық әрекеті — сезім пікір, калыптан тыс көңіл-күйді тоқтамға келтіріп, біраз тежейді ұстаиды адам орындалатын істің түріне қарап, оған қажетті өз белсенділігінң деңгейін барластырады. Сонымен. ол көздеген мақсатына асығып, ырықсыз әрекетіерге ұшырамай, байыппен жетеді.

Іс-әрекеттің сан алуал түрлерінің ішінее қажетті болғанын таңдау мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің батылдық қасиеті бой көрсетеді. Батылдық — бұл әрекеті іске байланысты еріктің жылдам, орынды әрі берік шешім қабылдау мен оны жүзеге келтіре алу қасиеті. Сырттай қарағанға, батылдық ешбір толғаныссыз өтетіндей, батыл адамның мақсат тандауы жеңіл де оңай болатын сияқты. Әдетте, олай емес. Батыл адамдар өз іс-әрекеттерінің мақсатын терең де жан-жақты, үлкен толғанысқа түсіп, ойлас-тырады, жоспарлайды. Ал іске кірісу кезеңі келгенде баяғы толғаныстың бәрін ысырып тастап, жедел шешім қабылдауға қабілетті.

Батыл қимылды адамдар іс шешімін қабылдаудан істің өзін орындауға жылдам ауыса алады. Кейде адам қандай да шешімге бел байлағанымен, істің өзіне келгенде босбелбеулік танытады, осыдан жұмыс басталмай қалады. Мұндайда батылдыққа тірек — ержүректік қорқыныштың бәрін басып, адамды тәуекелге келтіруші қасиет. Іс-әрекеттегі батылдьқ көзсіздікке тікелей қарсы. Егер іс-жағдайлары болымсызды танытса, батыл адам әрекетін кідіріп, кейін қалдыра алады.

Іс-әрекеттің орындалу кезеңінде шалттық пен табандылық үлкен маңызға ие. Шалт адамдар өздерінің күшін көзделген мақсатқа тез шоғырландыра алады Бірақ көптеген жағдайларда шалт әрекет істің бастапқы кезеңінде қарқынды болып кейін іс неғұрлым ұзаққа созылған сайын ол үдемелі кеми бастайды да тіпі байқалмайтындай деңгейге түседі. Осыдан, шалттық табандылықпен ұштасса ғана жеке адамдық қасиеттің ең жоғары көрсеткішіне айналады.

Табандылық — бұл адамның ұдайы, шалт әрекет-төмендетпей, көрінген қныншылықтарға төзе білуі.Өз табандылығынан адам қоршаған жағдайлар ішінен табуға шебер. Сәтсіздікте мүдіру, күмәнға берілу -табанды адамға жат қасиеттер,  басқалардың қарсылығын,

мінеп- шенегінен бұл өткір мінезді тұлғалар елей бермейді.     

 Табандылық та батылдық сияқты әртүрлі деңгейде көрініс береді, бірақ бұл екеуінің шектен тыс дауы кері сипатқа соқтыруы мүмкін. Мысалы, кейде ақылды, тіпті    дарынды адамдар өз шешімін қорғай алмай, алғашқы кедергі- ден-ақ сескеніп, оны жеңудің амалына көзін жеткізе алмай,    жалғастырайын десе, ерік күші жетпей, істен бас тартатыны   болады. Бұл жағдайда адамда қара басының мәндік мүддесі   басымдау болып ақыл, ой мен сыртқы жағдай талаптары далада қалады. Кейде адам бастаған ісінің тізгінін қолдан тындырып алып, әрекет нәтижесінің болымсыздығына көзі жетіп тұрса да, «болғаны болар» деумен, илеуге келмейтін, ақыл  қонымдылығы   жоқ  ерік   сапасы   —   өжеттік  пен қиқарлықты қару етеді.

Қабылданған шешімнің орындалуы үшін өзіндік бақылау мен өзіндік баға үлкен маңызға ие. Егер адам өз іс-әректіне орынды бақылау жүргізе алса ғана, көзделген мақсат іске асады. Олай болымаса, алға қойылған міндет пен оған қажетті қылық-әрекет арасында сәйкессіздік туады. Мақсатқа жету процесінде өзіндік бакылау жоғары мүдделерінің қарапайым ниеттіерден, жалпы принципердің мезеттік қалау мен құмарлықтан үстемдігін қамтамасыз етеді. Ая өзіндік бағаға байланысты бақылау сипаты мен дәлдігі өзгеріске келеді. Қаңдай да теріс бағадан адам өзінің кері, мінез бітістерін орынсыз, ұлғайта танып, осыдан өзіне деген сенімін жойып, істен бас тартады. Өзіндік ұнамды бағаның да зиянды тарапы бар. Мұндайда адам обьектив бақылауды өзіндік әсіре мадақтауға айналдырып жібереді.