АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

 

  Тіркелген  неке  ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.

Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.

 Қолданылып жүрген заңда текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқығы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды.

    Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды.  Қазақ ҚСР-інің неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді   «Неке және отбасы туралы» Заңның 30-бабында жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.

   Қызмет пен мамандықты ерікті таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орынның табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддессін ойластыра отырып жүзеге асыратын ісі.

Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың жеке тұруларына болады, немесе әртүрлі тұрғын үйлерді иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұрғандықтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтан өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек.

     Заң ерлі-зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және бірінің басқа бір тұрақты мекенге көшуі жағдайында екіншісінің де сонда баруына мүмкіндік туғызады (қоныс аударушының жұбайына және отбасының басқа мүшелеріне көтерме ақы жәрдемін тілеу (мыс.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 желтоқсандағы «Ақмола қаласына қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерді материалдық жағынан ынталандыру шаралары туралы» 1471-санды қаулысын қараңыз), жас мамандарды бөлу кезінде отбасының мүддесі ескеріледі және т.б.).

Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізу, туған-туысқандарымен бірге немесе бөлек тұру міндеттері ерлі-зайыптылардың бір-бірімен келісімі бойынша шешілетінін белгілейді. Ерлі-зайыптылардың  ешқайсысы да өзінің еркін екіншісіне таңуға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір мәселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін Заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлі-зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен тек таңдауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шеше алады.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті меншіктену және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның «Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екіншісі – Заңның  «Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері» деп аталатын 18-тарауындағы нормалармен реттеледі.

Ерлі — зайыптылардың меншік құқығының регламентациясы немесе басқаша айтқанда олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа заңда ерлі-зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.

Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданылып жүрсе де, көп жағдайда ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі —  олардың ортақ бірлескен меншік режимі қолданылады.

Бұған дейін де айтылғандай, «Неке және отбасы туралы» Заңның 2-бабы ерлі-зайыптылардың  отбасындағы құқығының тең болу принциптерін айқындайды. Осы ортақ принциптің пайда болуына ерлі-зайыптылардың некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқылығы ықпал етеді. «Неке және отбасы туралы» Заңның 32-бабына сәйкес ерлі- зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылар мұндай меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдалана алады. Нақты өмірде белгілі бір заттарды әйелі тұрақты пайдаланса, екінші бір затты ері тұтынады, үшінші бір затты олардың екеуі де пайдаланады. Бірақ, сырт көзге олардың ортақ мүлкіне жататын заттардың барлығы да ерлі-зайыптылардың екеуіне бірдей болып саналады.

Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі) және т.б. жатады.

Жалпы тәртіп бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған, немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.

Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптылардың әрайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді. Мұндай жеке дара мүліктерге ері мен әйелінің некеге тұрғанға дейінгі немесе ерлі-зайыптылардың, некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған, немесе мұрагерлік жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім, т.б.) ерлі-зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқаның бәрі жатады. Мысалы, әйелінің құндыз мантосы, ерінің алтын сағаты т.б. ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады.

Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заңның 34-бабы»).

Жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікке ерлі-зайыптылардың  өзара келісім бойынша иелік ете алады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлікке байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуі бойынша басқа жұбайдың келісімін алуы қажет. Ортақ мүлікке байланысты нотариалды рәсімдеуді талап ететін мәміле жасау үшін (мәселен, тұрғын үйді сату кезінде) екінші жұбайдың жазбаша келісімі қажет.

Ерлі-зайыптылардың, әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ  некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті  бөлісуді  талап етуге  құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске  салғанда олардың  үлестері  тең болуы тиіс.  Жоғарыда  көрсетілгеніндей,  отбасының жалпы  табысына  ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесінің  көлемі  жалпы ереже  бойынша  ескерілмейді.  Сонымен бірге  жекелеген  жағдайлар да сотқа кәмелетке  толмаған  балалардың  мүдделерін  немесе  ерлі-зайыптылардың  үлестерінің  теңдігі   негізін ескермеу  құқығы  берілген  («Неке және отбасы туралы» Заңның 37-бабы).

Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа ортақ мүлікті бөлу  несие беруші  ерлі-зайыптылардың біреуінің  үлесінен өндіріп алу  үшін ерлі-зайыптылардың  ортақ мүлкін  бөлу туралы кредит  берушінің  талабын  мәлімдеуі  жағдайында  да жүргізілуі мүмкін.

Ортақ мүлікті  бөлген   кезде  ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай  заттың   берілетінін   сот айқындауы керек.

Егер ерлі-зайыптылардың  біріне  берілетін  зат құны  жағынан  оның   үлесінен  артып  кетіп жатса,  онда   екіншісіне  бұл  үшін  тиісті  өтемақы  төленеді.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 133-бабында  көрсетілген ерлі-зайыптылардың, бір-бірін  асырап  бағу  жөніндегі  міндеттеріне  сәйкес  олар  бір-біріне  материалдық  қолдау  көрсетуге  міндетті.  Ерлі-зайыптылардың  бірі мұндай қолдау  көрсетуден бас тартқан  жағдайда  еңбекке  жарамсыз  жұбайының,   сондай-ақ  жүкті кезінде  және  бала туғаннан бастап үш жыл  бойы  әйелінің   алиментті  сот арқылы  алуға құқы бар,  бұл үшін  жұбайының  қолдау  көрсетуге  қаражаты  болуға  тиіс.

Алимент  алушы  жұбайдың еңбекке  жарамсыздығына   зейнетақы  жөніндегі   заңдарға  сәйкес анықталады. Бұл  заң  бойынша  мүгедектердің  барлық  үш тобы  да (І,  ІІ,  ІІІ)  сондай-ақ  зейнет  жасына  жеткен  азаматтар  еңбекке  жарамсыз  деп  танылады.  Бұл  адамдар  зейнетақы   алатын,   алмайтындығына  қарамастан  еңбекке  жарамсыз  деп танылады.

Алимент  алуды  талап етудің  екінші  шарты – мұқтаждық,  яғни   бұл дегеніміз еңбекке жарамсыз жұбайдың  өмір сүруге  жетерлік   қаражатының   болмауы  деген  сөз.

Бұрынғы  заң бойынша,  еңбекке   жарамды  болғанмен де  мұқтаждық  көріп   отырған  жұбайдың, басқа   жұбайдан  алимент  алуға  құқы  болмаған.  Жаңа  заңда   мұқтаждық  көріп отырған  жұбайының  (еңбекке  жарамды  болса да)  мүгедек  ортақ  баланы  бағып  күткені  үшін  жұбайынан  алимент  алу мүмкіндігі   қарастырылған.

Материалдық  қолдау  көрсету  талап  етіліп отырған  жұбайдың   қаражат  жағдайы  соған  лайық  болуға   тиіс.  Егер оның  қаражат  жағдайы  бұған сай  болмаса,   талап етуші  жұбайының   еңбекке  жарамсыздығы   мен мұқтаждығы  дәлелді  болғанына  қарамастан,  ол  одан материалдық  көмек ала  алмайды.  Алдыңғысының   материалдық  қолдауы   оның   қолда бар  мүлкі,   табысы,  отбасылық  жағдайы   есепке  алына отырып  әрбір  нақты   жағдайға  орай белгіленіп  отырады.

Алимент  алушы  жұбайдың  материалдық  жағдайы  да  дәл  осылайша  анықталуы  керек,  өйткені,  алынатын   көмектің   мөлшері де  материалдық  және отбасылық  жағдайларға   байланысты  болмақ.   Оның  мөлшері  алиментті  төлеу  кезінде  белгіленген  айлық  есептік   көрсеткіштің   еселік   қатынасымен  бекітіледі.

 

Некені  тоқтату

Неке   жұбайының  (зайыбының)  қайтыс  болуы және   оны  өлді немесе  олардың  біреуі  хабар-ошарсыз  кеткен  деп  жариялау  салдарынан   («Неке және отбасы туралы» Заңның  15-бабы).

Бірінші  жағдайда  неке  өздігінен  тоқтатылады,  қосымша  әрекет  етілмейді.  Екінші  жағдайда ерлі-зайыптылардың  (екеуінің  немесе  бірінің)  өз  еріктерімен  тоқтатылады.

Адам  өлімі  некелік   және  отбасылық   барлық  қатынастарды  тоқтататын  заңды   себеп   болып табылады.   Қайғыны  көтере  білген   жұбайы   жаңадан  некеге  отырғысы  келсе,   онда ол  бұрынғы   некені  тіркеген  АХАЖ  органдары  берген  зайыбының  қайтыс  болғандығы  жөніндегі   куәлікті   көрсетсе  болғаны.

 Заң мен сот  практикасы  әкелікті талап арызбен  белгілеудің  салдарына  ұқсас,  заңды  салдар туғызатын, әкелік фактісі  айрықша  жағдайда   белгіленуі  мүмкін  жағдайларды  қарастырады.

Азаматтың  әке  екенін  тану  фактісі  ол  қайтыс болып  кеткен  жағдайда  азаматтық  іс жүргізу заңдарында   белгіленген  ережелер  бойынша  сот тәртібімен  белгіленеді («Неке  және отбасы туралы» Заңның  48-бабы).

Әкелікті  «Неке  және отбасы туралы»  Заңның  46, 47 және 48-ші  баптарында  көзделген  тәртіппен,  яғни  баланың  ата-анасының бірлесіп  арыз беруі,  сондай-ақ  әкелікті  сотпен  белгіленген   жағдайда,  балалардың ата-аналары мен олардың туыстарына  қатысты  бір-бірімен  некеде  тұратын адамдардан туған  балалардағы  сияқты  құқықтары   мен  міндеттері  болады («Неке және отбасы туралы» Заңның  51-бабы).

Заң баланың  ата-аналарын  туу  туралы  жазбалар   кітабына  жазу  тәртібін  белгілі  ережелерге  бағындырады.

Бір-бірімен  некеде   тұрған   әке мен  ана туу  туралы  жазбалар   кітабына  олардың   кез   келгенінің  арызы  бойынша  ата-анасы  болып  жазылады.

Егер баланың ата-анасы  бір-бірімен  некеде тұрмаса, баланың  анасы  туралы  жазба – анасының  арызы  бойынша, ал  баланың   әкесі  туралы  жазба  баланың  әкесі  мен  анасының  бірлескен  арызы  (немесе  жалғыз  әкесінің) бойынша,   немесе соттың  шешіміне  сәйкес  жазылады.

«Неке және отбасы  туралы»  Заңның  49-бабына  сәйкес  бала  некеде  тұрмайтын  анадан   туған  ретте,  ата-ананың    бірлескен  арызы  болмаған  жағдайда  немесе  әке  болуды  анықтау  туралы сот  шешімі  болмаған  жағдайда  туу  туралы  жазбалар  кітабында бала  әкесінің  тегі  анасының  тегі бойынша  бала әкесінің  аты-жөні  бала   анасының   көрсетуі  бойынша  жазылады.

Некеде жоқ  адамдардан  туған  балалардың  тегін  белгілеудің  жоғарыда  көрсетілген  әдістерінен  ерекшелігі,  аталған  жазу  тәртібі  баланың  тек анасына  қатысты  құқықтары мен міндеттерін  туғызады.

Тіпті әкесі  туралы мәліметтер  баланың  әкесінің, немесе  соның  атын,  тегін  алып жүрген  басқа  адамның   шын атымен  кездейсоқ  сәйкес келсе де  баланың  анасының  айтуымен  жазылған   әкесі  туралы  жазбалардың  ешқандай да  құқықтық  салдар-себептері  болмайды.

Бойға бала  бітірудің  жаңа  әдісі   жағдайындағы  және  баланың   тууы  кезіндегі  ата-аналарды  жазу  тәртібі туралы  ерекше  айтуға  тура келеді. «Неке және отбасы туралы» Заңның  49-бабының 4-тармағында  қарастырылғандай, некеде  тұратын  және  бойға  бала бітірудің жасанды  әдісін  немесе  эмбрион  имплантациясын   қолдануға   жазбаша түрде өз  келісімін  берген  адамдар  осы әдістерді  қолдану  нәтижесінде  өздерінде  бала туған   жағдайда  туу туралы  жазбалар  кітабына  оның  ата-анасы  болып  жазылады.     

 

Ата-аналар мен балалардың құқықтары және  міндеттері

 

 Балалардың тууы олар мен  ата-аналарының   арасында  әртүрлі  құқықтар  мен міндеттердің  туындауына  алып келеді.

Бұл құқықтар  мен міндеттер  мынадай  жағдайларда  қолданылады:

а)  баланың  атын,  тегін,  әкесінің  атын және,  сондай-ақ  оның  ұлты мен азаматтығын  анықтау кезінде;

б)  балалардың құқықтары мен мүдделеріне  қорғау  кезінде  ата-аналарының  олардың   атынан өкілеттілік  алуды  жүзеге  асырғанында;

в)  ата-аналар балаларын тәрбиелеу  міндетін  жүзеге  асырғанда.

Жаңа Заң  баланың,  мәселен,  мына  сияқты  құқықтарын реттейді:  баланың  отбасындап  өмір сүру  және  тірбиелену  құқығын  (52-бап), баланың  ата-анасымен  және басқа да туыстарымен қарым-қатынас  жасау құқығын (53-бап), баланың  өз пікірін білдіру құқығын (54-бап).

Құқықтық  қатынастардың  бірқатары баланың ат  алуға, әкесінің атын және тегін алу құқығына ие  болуына  байланысты  («Неке және отбасы  туралы»  Заңның   55-бабы).

Балаға ат ата-анасының  (немесе  олардың  орнындағы  адамдардың)  келісімі  бойынша қойылады. Баланың аты-жөні  әкесінің  аты бойынша не ұлттық  дәстүрлер ескеріле  отырып беріледі. Некеге отырмаған шешеден туған баланың  аты-жөні,  егер ата-аналарының  бірлескен  арызы  немесе  әкелікті  белгілеу  жөніндегі  сот шешімі  болмаған  жағдайда  анасының  көрсетуі  бойынша  анықталады.

Баланың  тегі  ата-анасының  тегімен  айқындалады.  Егер  ата-аналарының  тегі ортақ  болса,  онда  сол тек  балаға  да беріледі.  Ал,  ата-анасының  тегі әртүрлі  болған жағдайда  балаға  ата-анасының  келісімі  бойынша  әкесінің  немесе  анасының   тегі  беріледі. Ата-анасының  тілегі  бойынша  балалардың  тегі ұлттық  дәстүрлер  ескеріле  отырып,  әкесінің  немесе  атасының   атынан  шығарылуы мүмкін.  Баланың   атына және (немесе) тегіне  қатысты ата-ананың арасында  туындаған  келіспеушілік  сот тәртібімен  шешіледі.

Егер ата-анасының  екеуі де белгісіз болса,  баланың  тегін,  атын,  аты-жөнін   қорғаншы  және  қамқоршы   орган  қояды.

Баланың ұлты ата-анасының ұлтымен  айқындалады. Егер  ата-анасының ұлты әртүрлі  болса, ол  баланың  қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі  берілген кезде әкесінің немесе шешесінің  ұлтымен  айқындалады. Одан әрі баланың  ұлты  оның  өтініші  бойынша  басқа  ата-анасының  ұлтына өзгертілуі  мүмкін («Неке және отбасы  туралы»  Заңның   57-бабы).

өзінің  заңды  құқықтары мен мүдделерін  қорғауға  баланың  да  құқы бар («Неке және отбасы  туралы»  Заңның   59-бабы).

Кәмелетке  толмаған  балалардың  құқықтары мен мүддесін қорғауға   олардың ата-анасының міндетіне  жатады.

Ата-аналардың  қай-қайсысы  да балаларының  атынан өкілеттілік   алады.  Балалардың  мүддесін  қорғау  жөніндегі   ата-аналарының  өкілдігі «Неке және отбасы  туралы»  Заңның   63-бабына сәйкес  анықталады.

Ата-аналардың балалар тәрбиесіне  байланысты  құқықтары мен  міндеттері.   Бала  тәрбиесіне  байланысты құқық  ата-аналардың  ең маңызды  жеке  құқықтары  болып табылады.  Сонымен бірге бала тәрбиесі олардың міндеттеріне де жатады.  «Неке және отбасы  туралы»  Заңның   62-бабы ата-аналар  өз балаларын  тәрбиелеуге  құқылы  және  міндетті  де екенін,   олардың  денсаулығына  қамқорлық жасауға,  орта білім  алуын  қамтамасыз етуге  міндетті екенін  көрсетеді.

Бала тәрбиелеуді  ата-аналар  бірлесіп жүзеге  асырады. «Неке және отбасы  туралы»  Заңның   60-бабы ата-аналардың  өз балаларына  қатысты  мәндеттері  мен тең  құқықтары  принциптерін  жария  етіп отыр.  Бұрынғы   заңдарға  қарағанда  жаңа Заңда   ата-аналар  құқығының  тең  болу  принципі неке бұзылған кезде де  сақталатындығы  тікелей қарастырылмайды,  сонымен бірге  басқаша   болуы да  сөз болмайды.

Ата-аналар  құқығын  баладан  бөлек   тұратын  ата-аналардың  жүзеге  асыру  белгілі бір  ерекшелік ретінде  қабылданып отыр («Неке және отбасы  туралы»  Заңның   65-бабы).

Ата-аналар  заң немесе  сот шешімі  негізінсіз   баланы   өз қолында   ұстап  отырған кез  келген   адамнан оны  қайтаруды  талап  етуге   құқылы («Неке және отбасы  туралы»  Заңның   66-бабы).

Ата-аналар  құқығы  балалардың   мүддесіне  қайшы  келмейтіндей жағдайда  жүзеге  асырылуы керек.

Осы принциптің  негізінде  Заң  ата-ананы  құқықтарынан  айырудың  және оларды шектеудің  бірқатар жайларын  айқындап  беріп  отыр.

Ата-аналар немесе олардың бірі бала тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерінен  жалтаратын болса,  баланы  перзентханадан   (бөлімшеден) не өзге  де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе  басқа  да  мекемелерден  алудан   дәлелді  себептерсіз  бас тартса, өздерінің  ата-ана  құқықтарын  пайдаланып қиянат  жасаса,  балаларға  қатыгездік  көрсетсе,  сондай-ақ  ата-ана  заңда   белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және  уытқұмарлықпен   ауырады деп  танылған болса,   онда  ата-ана  құқығынан  айырылуы  мүмкін («Неке және отбасы  туралы»  Заңның   67-бабы).

Ата-ана  құқығынан  ауыру  сот тәртібімен  жүргізіледі.

Ата-ана құқықтарынан  айыру  балалармен   балалармен туыстық фактісіне   негізделген барлық  құқықтардан,   оның  ішінде  бала   тәрбиелеу   құқығынан,  баланың   мүддесін  қорғау   мен оның  атынан  өкілдік алу, баланы  бөтен  адамдардың   қысымынан қорғау,   кәмелетке  толған  балаларынан  алимент  алу,   олар  қайтыс   болған  жағдайда   зейнетақымен   қамтамасыз  етілу,   балаларының  мүліктерін  мұраға   алу  құқықтарынан  айырылуға   және т.б.   әкеп  соғады («Неке және отбасы  туралы»  Заңның   69-бабы).

Ата-анасының   бірі ата-ана   құқықтарынан  айырылған  кезде  бала  оның  екіншісінің  қарауына  беріледі.  Ал,  ата-аналардың  ееуін де   ата-ана  құқықтарынан   айырғанда  бала  қорғаншы  және  қамқоршы  органдардың  қамқорлығына   беріледі.

Ата-ана құқығынан айыру  ата-аналарды өз баласын асырау  міндетінен босатпайтынын  есте  ұстау керек.

Ата-ана  құқықтарынан  айыру  ұзақ  мерзімге  белгіленеді.  Сонымен бірге   балалардың   мүддесі  қажет  ететін болса,  заң ата-ана құқықтарын  қалпына   келтіруді  көздейді.  Ата-ана  құқықтарын  қалпына  келтіру   тек сот  шешімімен  жүзеге  асырылады.  Сот  мұндай  істі  қараған кезде ата-аналардың   мінез-құлқы,   тұрмыс  салты  өзгергенін және   олардың   балаға  дұрыс   тәрбие  бере  алатынын   ескере отырып  шешім  қабылдауға  тиіс. Егер баланы басқа біреу асырап   алған  болса   және  асырап  алудың   күші   жойылмаса,   сондай-ақ  ол жарамсыз  деп танылмаса,  онда  ата-ана   құқықтарын  қалпына  келтіруге   болмайды  («Неке және отбасы  туралы»  Заңның   70-бабы).

Неке және отбасы  туралы Заңның  ата-аналарды  ата-ана  құқықтарынан  айырумен бірге,  оларды  құқықтарынан  айырмай-ақ,   оны шектеу  мүмкіндіктерін де  қарастырады («Неке және отбасы  туралы»  Заңның   71-73-бабы).

 

  Ата-аналардың, балалардың және отбасының басқа да мүшелерінің

арасындағы алименттік қатынастар

 

Ата-аналар мен  балалардың алименттік міндеттемелері. Республиканың Ата Заңының 27-бабы балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың құқығы  әрі міндеті деп тұжырымдайды.

«Неке және отбасы туралы»  Заңның 124 және 129- баптарында ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын және кәмелетке толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларын бағып күтуге, асырауға міндетті екендігі көрсетілген.

Бұл міндетті орындамаған ата-аналардан балаларды бағып-күтуге арналған қаржы өндіріліп алынады. Ата-аналардың 18-ге толмаған балаларды (кәмелетке толмағандарды) бағып-күтуі міндет саналады.

Тіпті кәмелетке толмаған балалар материалдық жағынан қамтамасыз етілген болса да, мәселен олар аталар мен әжелерінің  бағып-күтуінде болса да, немесе жұмыс істеп өздерін  асырап жүрсе де, ата-анасы оларға алимент төлеуге тиіс. Тек сот шешімімен кейбір жағдайларда алимент мөлшері өндіріліп алынады.

Алимент мөлшері  әртүрлі болып белгіленеді. «Неке және отбасы туралы»  Заңның 125-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға ата-аналарынан мынандай мөлшерде алимент өндіріп  алынады (алимент төлеу жөнінде  келісім болмаған жағдайда  сот арқылы): бір балаға – ата-анасы табысының  немесе өзге де  кірісінің – төрттен  бірін,  екі балаға – үштен бірін, үш және одан да көп балаға  тең  жартысын өндіріп алады.

Ата-ананың табысының  үлестік  қатынаста  алимент өндіріп алу  мүмкін болмаған немесе  қиындық  тудырған  жекелеген  жағдайларда  кәмелетке  толмаған  балаларына  сот  тұрақты  ақша   сомасында   алимент  мөлшерін  белгілейді («Неке және отбасы туралы» Заңның 127-бабы).

Еңбекке  жарамсыз  кәселетке  толған  балаларға ата-аналарының  алимент   төлеу мөлшері  сот алимент  төленетін  кезде  қолданылып  жүрген айлық  есептік   көрсеткішке  еселенген қатынасында,   тараптардың   материалдық және отбасылық жағдайлары мен   назар  аударарлық  басқа да  мүдделерін  негізге  ала  отырып  белгіленеді («Неке және отбасы туралы» Заңның 129-бабы).

Балаларға өз тұрғысынан  ата-аналары туралы  қамқорлық жасауға  және көмек көрсетуге   міндетті.  Еңбекке  жарамсыз,  көмекке зәру  болып  отырған  ата-аналарын  бағып-күту   кәмелетке   толған, еңбекке қабілетті  балалардың конституциялық  міндеті  болып  табылады («Неке және отбасы туралы» Заңның 131-бабы, Ата заңның  27-бабының  3-тармағы).

Әрбір  баладан  өндіріп  алынатын  алимент  мөлшерін  сот  бағып-күтуді  қажетсініп отырған  адамдар (ата-анасында кәмелетке  толған  бірнеше   балалары болған жағдайда) мен сондай-ақ  қамқорлық  жасауға  материалдық  және отбасылық  жағдайларын  негізге ала отырып,  алимент  төлеу  кезіндегі айлық есептік  көрсеткішке   еселенген  қатынастарда  белгілейді.

Отбасының  басқа мүшелерінің  алименттік міндеттемелері.  Ерлі-зайыптылар, ата-аналар және балалар бір-бірімен жақын  туыстық  қатынаста болады,  сондықтан да  отбасы  мүшелерін бағып-күту  жас деңгейіне  немесе  денсаулық  жағдайында  байланысты  өзін-өзі  қамтамасыз ету  мүмкіндігінен  айырылған   отбасы  мүшелерін  бағып,   күту  заң  бойынша   ең  алдымен   соларға  жүктеледі.

Жұбайынан,  ата-анасынан  немесе балаларынан  бағып,   күтуге  тиесілі  көмекті   алу  мүмкін  болмаған жағдайда  заң бойынша  бұл міндет  отбасының  заңда  көрсетілген басқа мүшелеріне  жүктеледі.  Біздің   республикамыздың  «Неке  және отбасы туралы» Заңның   белгілі бір  заңдылық   жағдайларында  алимент  төлеуге   міндетті саналатын отбасының басқа мүшелерімен бірге, ата-аналарға, әжелерге де, немерелерге де, бауыр-қарындастарға да, өгей әке-шешелерге де, өгей ұлдар мен өгей қыздарға да қатынасы бар.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 138-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларды бағып, күту жөніндегі міндеттеме олардың ата-анасынан мұндай көмекті алу мүмкін болмаған жағдайда бұған қаражаты бар аталары мен әжелеріне жүктеуі мүмкін.

Еңбекке жарамсыз, көмекке зәру болып отырған ата-әжелер өздерінің еңбекке жарамды, кәмелетке толған ауқатты деп саналатын немерелерінен осындай қамқорлық күтуге құқылы («Неке және отбасы туралы» Заңның 139-бабы).

Іні, сіңлілерін (қарындастарын) бағып, күту жөніндегі міндеттеме олардың кәмелетке толған, еңбекке жарамды аға-әкпелеріне жүктеледі («Неке және отбасы туралы» Заңның 137-бабы). «Неке және отбасы туралы» Кодекстің 88-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларды бағып, күту жөніндегі міндет олардың өгей әкесіне немесе өгей шешесіне жүктеледі, бұл жәйт осы ата-анасы қайтыс болғанға дейін өгей әкесінің немесе өгей шешесінің асырауында болса ғана, сондай-ақ балалардың ата-анасы жоқ, немесе ата-анасының оларды асырауға қаражаты болмаған жағдайда жүзеге асырылмақ. Егер өгей ұлдар мен өгей қыздар өгей әкелері мен өгей шешелерінің асырауында болған болса өз кезегінде олар да еңбекке жарамсыз, көмекке зәру болып отырған өгей әкесі мен өгей шешесін бағып, күтуге міндетті. Ал, егер өгей ұлдар мен өгей қыздар өгей әке-шешелерінің асырап бағуында бес жылдан аз уақыт қана болса («Неке және отбасы туралы» Заңның 140-141 бабы), онда олар өгей әкелері мен шешелерін бағып, күтуден босатылады.

«Отбасының басқа мүшелері»  деген ұғымның шеңберіне кіретін жоғарыдағы адамдардан сот тәртібімен алынатын алименттің мөлшері алимент төлеуші мен алушының материалдық және отбасы жағдайы мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделері ескеріле отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген есептік көрсеткішке еселенген қатынаста белгіленеді («Неке және отбасы туралы» Заңның 142-бабы).

Неке-отбасы заңдарының маңызды тармақтарының бірі алимент төлеу жөніндегі келісімін тәртіптеп реттеу болып табылады.

Мұндай келісім арқылы кез келген алименттік міндеттемелерді (ата-аналары мен балалары арасындағы, ерлі-зайыптылар мен бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы, отбасының басқа да мүшелері арасындағы) ұстап қалуды анықтауға болады. Алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі көрсетілген алимент төлеу жөніндегі келісім алимент төлеуші мен оны алушы арасында (олардың заңды өкілдерінің  қатысуымен) нотариалдық куәландырылған жазбаша түрде жасалынады («Неке және отбасы туралы» Заңның 143-148 баптары).

Жоғарыда айтылғандай, мұндай келісім болмаған жағдайда алимент өндіріп алу сот жолымен жүзеге асырылады, бұл да неке-отбасы заңдары арқылы реттеліп отырады («Неке және отбасы туралы» Заңның 149-162-баптары).

 

Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбилеу нысандары

Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің негізгі нысандары, баланы асырап алу (қыз асырап алу) және оларға қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеу болып табылады.

Бала асырап алу (қыз асырап алу) бұл дегеніміз тегі жағынан бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ адамдардың арасында ата-аналар мен балалардың арасында болатындай құқықтық қатынастар орнату болып табылады.

Бала асырап алудағы мақсат — ата-анасы жоқ, отбасының қамқорлығынсыз қалған, материалдық жағынан қамқорлықты қажет ететін балаларды қамтамасыз ету. Өз  кезегінде балалары жоқ адамдар бала асырап алу арқылы өздерінің әкелік және аналық табиғи сезімдерін қанағаттандырады.

Бала асырап алу асырап алушының сотқа (ертеректе мұндай органдарға аудандардың немесе қалалардың атқарушы-жарлық беруші органдары жататын) берген арызы бойынша жүзеге асырылады. Баланы асырап алу үшін баланың туған ата-анасының (егер олар тірі болса) келісімі қажет. Заң ата-аналардың екеуінің де және ажырасуларына байланысты балалармен бірге тұрмайтыдарының да келісімінің болуын талап етеді. Бала асырап алу үшін «Неке және отбасы туралы» Заңның 82-бабында көрсетілген басқа да адамдардың келісімі қажет.

Бала асырап алу үшін ата-аналық құқықтарынан айырылған немесе белгілі бір тәртіп бойынша әрекетке қабілетсіздігі анықталған, сондай-ақ бала асырап алудың алдында бір жыл бойы олардың тұрағы туралы еш хабар болмаса, ата-аналардың келісімі талап етілмейді. Сондай-ақ бала асырап алу үшін алты айдан астам уақыт балаларымен бірге тұрмаған және ешқандай негізсіз балаларын бағып күтуге, тәрбиелеуге араласпай отырған ата-аналардың келісімі де міндетті емес («Неке және отбасы туралы» Заңның 83- бабы).

Бала асырап алушының отбасында баланың өсуіне, тәрбиеленуіне және білім алуына жағдайлар болғанда ғана бала асырап (қыз асырап) алуға рұқсат беріледі.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 80- бабына сәйкес екі жыныстың да кәмелетке толғандары бала асырап алуға құқылы, бала асырап алуға тек мыналарға тыйым салынады:

  • сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдар;
  • сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған ерлі-зайыптылар;
  • сот арқылы ата-аналық құқықтарынан айырылған немесе сот ата-аналық құқықтарын шектеген адамдар;
  • өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдар;
  • егер өз кінәлары бойынша сот шешімімен бала асырап алудың күші жойылса, бұрынғы бала асырап алушы адамдар;