АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Есептік-талдамалы ғылымдарды саралау

                                     Экономика  және  құқық  академиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: “Есептік-талдамалы ғылымдарды саралау

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                Орындаған:  Атагулова Г

                                                              Тексерген:    Цагаанхуу Г.З                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

                                                                                                                                                               

 

 

                            Алматы  2007 жыл

 

       Есептік-талдамалы ғылымдарды саралау.

 

      Қалыптасушы  нарықтық тетік бизнестің жағдайы туралы мәліметтерді алу мен өңдеуді  ұйымдастырудың қажеттілігін тудырады. Экономикалық ғылым мен оның мазмұны осы заман жіктеліміне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ақпараттық, есептік-талдамалы  және бақылаушылық басқару міндетті істері (функциялары) бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және аудит үшеуінің аралас ғылыми пәндер түріндегі бірыңғай блокта беріледі. Бұл-тарихи, әдістемелік және ақпараттық аспектілерді өзін-өзі ақтаған ұғым. Нарықтық қайта өзгерулер тереңдеген сайын корпорация, компания және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінде бухгалтерлік есептің, аудиттің және экономикалық талдаудың рөлі мен маңызы арта түсуде.

    Бүгінгі танда басқарушылық құрылымды ақпараттық және бақылаушы-талдамалы міндетті істермен қамтамасыз етуді жүзеге асыру барысында еңбекті саралаудың объективті процесі жалғасын тауып отыр.

     Мысалы, бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды қаржылыққа және басқарушылыққа, ал аудитті-сәйкестіке орай, жалпыға, қаржылық есеп беруге, ішкіге, сыртқыға, операциондыққа, функционалдыққа, технологиялыққа және тағы басқаны бөлу болып табылады. Бұл бухгалтерлік есептің, Қаржылық-экономикалық  талдаудың аудиттің басқарушылық қызметтерін жүзеге асыру саласындағы дамыған елдердің алдынғы қатарлы тәжірибелері мен тұжырымдамаларын әлдеқайда тиімді пайдалану қажеттілігінен туындады.

      Кез келген бизнесті ойдағыдай сәтті ұйымдастыру қалыптасқан жағдайды жүйелі талдаусыз және бақылаусыз мағынасы болмайтын шешімдердің дұрыс қабылдануына байланысты.

     Бизнесті жақсы ұйымдастырудың резервтерін анықтау үшін басқарушылық шешімге орай қаржылық ресурстарының қозғалысы туралы шындыққа жанасымды ақпарат аса қажет. Құбылыстың мәні мен өзара байланысын түсіну, бизнестің жағдайы мен келешекте дамуын зерделеу аудит пен қаржылық-экономикалық талдаудың арнайы әдістерін кешенді пайдаланудың негізінде ғана мүмкін болады. Деректерді уақытылы бақылау саралап баға беруге мүмкіндік береді және әр түрлі қатысушылардың,атап айтқанда, инвесторлардың,қарыз берушілердің, жабдықтаушылардың, тұтынушылардың, меншік иелерінің, әкімшілік пен кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделерін қоса ескеру арқылы бизнестің тиімділігін артырудың жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Кешенді аудит пен талдаудың қажетті әдісін таңдау бизнесті басқаруда оңтайлы шешімдерді қабылдауды негіздеу және қамтамасыз ету бойынша алға қойылған мақсаттарға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Экономикалық ақпараттың көптеген зерттеу әдістерімен кешенді аудит пен талдауды жүргізу негізінде қаралатын объектінің жағдайын шындыққа жанасымды әрі объективті тұрғыдан бағалауға болады. (5.1.- суретті қараңыз).

     Экономикалық талдауды қаржылыққа және басқарушылыққа бөлу бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша халықаралық және қазақстандық стандарттардың талаптарына толық жауап береді. Мұнда қаржылық есептің деректері қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ретінде қызмет етеді, ал басқарушылық есептің көрсеткіштері басқарушылық талдаудың аясында қызмет етеді. Қаржылық-экономикалық  талдауды ұйымдастырудағы мұндай тәсілдеменің ұтымдылығын дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп берді және ол ғалымдардың, мамандардың, аудиторлардың, меншік иеленушілердің, инвесторлардың, бизнесмендердің, менеджерлердің және басқа да мүдделілік  танытатын тұлғалардың терең ғылыми және іс-тәжірибелік мүдделерін білдіреді. Сонымен бірге сыртқы қаржылық талдау мен ішкі немесе басқарушылық талдаудың арасында белгілі бір шеңбермен шектеліп қалатын, яғни нақты сызылған шекара жоқ, өйткені ішкі талдау сыртқы талдаудың жалғасы ретінде қарастырылады немесе осыған керісінше (64-68).

     Тек қаржылық есеп берушілердің мәліметтеріне ғана негізделетін шаруашылық қызметтердің қаржылық талдауы сыртқы талдаудың сипатына, яғни мүдделілік танытатын контрагенттердің, меншік иеленушілердің және мемлекеттік органдардың кәсіпорыннан тысқары жүргізетін талдау сипатына ие.

     Шаруашылық ішіндегі кешендік аудит бастапқы құжаттардың ақпарат көздері, бухгалтерлік тіркелімдер мен есеп, техникалық дайындық мәліметтерді, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін тексеру, нормалау менжоспарлау ретінде пайдаланылады. Мұндай қаржылық бақылаудың негізгі мазмұны бизнесті басқару жағдайының аудиторлық тексеруін тереңдете түсетін басқа да аспектілермен толықтырылуы ықтимал. Қаржылық талдау, маркетингтік, өндірістік, жабдықтаушылық, қаржылық-инвестициялық циклдерді тексеру және басқа да кәсіпорын қызмет түрлерінің қалыптасқан өзара байланыстарын толығырақ зерттеу операциондық аудитті өткізудің міндетті сатылары болып табылады.

     Кешендік аудит жүйесінде кәсіпорын ішіндегі процестар, циклдер және кезеңдер бойынша ресурстарды қалай қозғалатынын ең толық бейнелейтін өндірістік есептің мәліметтерін келтіру арқылы қаржылық тексеруді тереңдетуге мүмкіндік береді. Мұндай аудит барлық есептік ақпарат түрлерін, оның ішінде статистикалық, оперативтік-техникалық, бухгалтерлік, өндірістің техникалық дайындығы туралы мәліметтерді, нормативті,  және басқа да ақпараттарды қамтиды. Кешендік аудиттің негізгі мазмұны бизнесті басқару ісін оңтайландыруда мәні бар әр түрлі зерттеулермен толықтырылуы мүмкін. Мәселен, шаруашылық жүргізуші субъектінің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануы мен табыс айналымы шығындардың өзара байланысын тексеруді айтуға болады (75-80).

     Нарықтық қатынастардың дамуы түпкілікті қаржылық нәтижелеріне қол жеткізу үшін басқарушылық бағыттағы шешімдерге күш салмайынша мүмкін болмайтын кәсіпорын қызметін аудиттеу мен талдау ісіне жаңа міндеттер жүктейді. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы өз ішіндегі ресурстарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктеріне де, сонымен қатар сыртқы жағдайларға да, оның ішіндегі маңыздылары болып  табылатын нарық конъюнктурасына инвестиция мөлшеріне, инфляция деңгейі мен мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты.

     Бұрын халық шаруашылығы кешенінде басқарудың басты объектісіне салалық министірліктер жатса, бүгінгі таңда түбегейлі реформалар процесінде бұл объектіге днрбес шаруашылық жүргізуші субъектілер кіретін болды. Расында да, соңғысының (шаруашылық жүргізуші субъектілер) толық экономикалық дербестік алуына байланысты басқарудың иерархиялық  жүйесінің қажеттілігі болмай қалды, бұл өз кезегінде жоғары органдардың таралуына немесе олардың басқа статус иеленуіне әкеп соқты. әкімшіл-әміршілдік басқару экономикалық әдістер және серікткстік қатынастарға жол берді. Бұл <<төменнен жоғарыға>> немесе керісінше болатын ақпараттар ағынан едәуір азайтуға әкелді (66, 68, 73).

     Осыған қарай  кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржылық бақылау мен талдау мақсаттары түбірінен өзгерді. Бұрын заттық (натуралдық) көрсеткіштерге артықшылық беретін көптеген  көрсеткіштер бойынша жоспардың қалай орындалғанына баға беру алдыңғы орында болса, қазіргі нарық жағдайында құнды қаржылық көрсеткіштер бірінші орынға шықты. Нарықтық конъюктурасына орай қызмет түрлері мен өз бейінін жиі өзгертететін немесе көп салалы өндірісі бар шаруашылық жүргізуші субъектілері жаңа типтерінң (концерндер, корпорациялар, компаниялар) пайда болуы бизнесте басқарушылық шешімді қабылдаудың ақпаратын қалыптастыру мен бағалаудың жаңа амал-тәсілдерін  талап етеді. Тиісті ғылыми-техникалық және техникалық базаларысыз шешу еш мүмкін емес экономикалық ақпараттардың сенімділігін, объективтілігін және уақытылығын артыру көкейкесті мәселелерге арналып отыр. Алға қойылған міндеттерді шешудің амал-тәсілін анықтау үшін материалдық өндіріс саласындағы бизнесті басқару бойынша экономикалық ақпарат көздерінің жағдайын бағалау үшін кешендік аудиторлық тексеру

 

 

ШЕКТЕС СТАТИСТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ

 

 

 

Эконо-

мика-

лық

теория

 

 

Макр-

эконо-мика

 

Микро-

эномика

 

Мене-

джмент

 

Мар-

кетинг

 

Статис-

тика

 

Қаржы

және

несие

 

Салалар

эконо-

микасы

 

Эконо-

микалық

киберне-

тика

 

Эконо-метрика

 

 

Есептік-талдамалы және бақылау ғылымдарының қосалқы жүйесі

 

Ø  Жалпы

Ø  Сәйкестікке

            орай               

Ø  Қаржылық

Ø  Есептеме

Ø  Операциондық

Ø  Сыртқы

Ø  Ішкі

Ø  Басқарушылық

Ø  Міндетті

Ø  Жүйелі

Ø  Бастамалық

Ø  Экологиялық

Ø  Қоғамдық

      тексеру

 

 

 

Бухгалтер-лік есеп

 

Экономикалық талдау

макро

микро

 

Аудит

 

Қаржы-

лық бақылау

Қаржылық

есеп

 

Басқару

есебі

 

Басқару

талдауы

 

 

Қаржылық

  талдауы

 

Ішкі өндірістік

талдау

 

Шаруашылық ішіндегі

қаржылық талдау

 
   

 

 

 

Сыртқы

қаржылық

талдау

 

Форма ішіндегі

қаржылық

талдау

 

Жобаларды

талдау

 

Кешендік

аудит         

 

 

 

Ішкі

бақылау жүйесінің аудиті

 

Сату және табыс алу аудиті

 

Сатып алу кезеңінің аудиті

 

Өндіру кезеңінің аудиті

 

Қаржылық-инвестициялық циклдерінің аудиті

 

Страте-гиялық аудит

 

 

 

Актив-тердің аудиті

 

Міндетте-мелердің аудиті

 

Меншікті капитал-дың аудиті

 

 

Төлем қабілетін тексеру

 

Инвестиция-ның аудиті

 

 

Субьектілер қызметінің тиімділігінің кешенді аудиті