Ғұндар
Тарихта ғұндар аты кеңінен белгілі. Осынау жоғалып кеткен халық аты-жаугерліктің, қаталдық пен тағылықың бейнесіндей көрінеді. Атилла бастаған Еуропа елдеріне жортауыл-жорық жасап, оларды құлазытып кетеді, олар халықтардың ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа тарихынан таныс оқиғалар. Ал б.з дейінгі дәуірдің соңғы ғасырлары мен б.з. алғашқы ғасырларында Орта Азияны, оның ішінде Қазақстан жерін мекендеген Азиялық ғұндар татйпалары онша мәлім емес. Тарихи әдебиетте олар ғунну немесе сунну деген атпен белгілі.
Деректерде ғұндар мен қаңлылардың өзара қарым-қатынас жасағаны жайлы мәліметтер сақталған.
55-жылы аса құдыретті ғұн мемлекетті –оңтүстік және солтүстік болып-екі елге бөлінеді. Солтүстік Батыс Монғолиядағы Қырғыз Нұр-көліне таяу жерден теріскен ғұндардың билеушісі Чжичжи өз ордасын орнатады. Осы арадан ол үйсіндердің көрші тайпаларына жорық жасап тұрады. Чжичжимен Қытай да жауығып, ала көз болып жүреді, әсіресе ғұн билеушісі қытай шенеунігі мен елшісін өлтіру жайлы бұйрық бергенен кейін, бұл қатынас мүлде ұшығып кетеді. Чжичжи мен оңтүстік ғұндар билеушісірасындағы бәсеке-тартыс та күшейе түседі. Жағдай осылай шиеленісіп тұрғанда, Сырдария бойын еркін жайлаған мелекеті иесін Үйсін мемлекеттеріне қарсы одақтасып, бірге күресу жөніндегі ұсыныс-сәлемі дәл мерзімінеде жасалған ұсыныс болды. Ол Чжичжиді өзінің Шығыстағы иелігіне-Талас алқабына шақырып, оған қаңлы атты әскеріне қолбасшылық құқын берді. Мұның үстіне ол шаньюге өз қызын әйелдікке беріп, оған бірнеше мың түйе мен жылқыны, есекті сыйға тартқанда, қаңлы билеушісі:Чжичжи көп ұзамай үйсіндерді талқандап, олардың қарауындағы Іле мен Шуалқабын басып, алады деп үміттенеді. Алайда Чжичжи үйсіндерді күйрете алмайды. Сол себепті де кесілген қаңлы ақсүйектері мен билеуші арасында тартыс туады. Бұлар ат құйрығының кесіседі. Шежірешілер сөзіне қарағанда, шанью, қааңлы лардың әдет-ғұрыпын мойындаудан бастартады да, ашу үстінде қаңлы бекзатының қызын өлтіреді, бұған қоса бірнеше атақты кісілерді, жүздеген қаймана халықты қырып салады, яки оларды далай өзеніне лақытырып тастайды. Бұл үшін Чжичжи қаңлы билеушісінің қосыннан қуылып таластың жоғарғы жағына кетеді, сол жақтан өзіне Шаһар сала бастайды.
Чжичжидің күшейе түсуі және үйсіндерді дүрліктіріп, шапқыншылық жасай бергені қытай империяясының төзімі таусылды. Чжичжиді елшілік жолмен бейтарап қалдыру әрекетінен ештеңе шықпайды да, қытайлар соғысқа дайындала бастады.
Ұзамай қытай әскері жорыққа шықты. Ол екі жолмен жүреді.Үш қол оңтүстік жолмен, Қашғар мен Ферғана арқылы Шапқал қыратындағы Шанаш ауылын және Талас тауындағы Қарабура асуын басып өтеді; үш қол Шығыс Түркістаннан шығып, солтүстік жолымен, шамасы Бедел асуы арқылы үйсіндер ордасы бар Чигучен шаһары тұрған Ыссық көл алқабына шығып, сосын Шу алқабы мен Таласқа барады. Қалың қол бір-брімен Чжичжи қаласының түбінде қосылады.
Ғұндардың қаһармандықпен қарсы тұрғанына қарамастан, қытайлар сыртқы ағаш қабырғаны өртеп, қамкесектен тұрғызылған дуалды опырып тастап, қалаға басып кіреді де, ішкі қамалды алады. Чжичжи төңірегіндегі көптеген ағайын-туыстарымен, қамалды алады. Чжичжи төңірегіндегі көтеген ағайын-туыстарымен, бала-шаға, қатын-қалашымен, текті бекзаттарымен бірге-небәрі 1518 адам-тұтқынға алынады. Олардың түгелдей басы кесіледі.
Ғұндардың қоныс аударуының екінші толқыны б.з 93 жылы басталады. Олар бірқатар тайпаларды бағындырып, екіншілерін соңынан ертіп, Сырдария бойы мен Арал өңіріне орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. VI–ғасырда олар Европадан бой көрсетеді.
Зерттеушілердің басым көпшілігінің пікіріне үңілсек, ғұндар түріктердің арғы ата- бабалары, олардың Қазақстан жеріне келіп кіруіне байланысты, шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. І мыңжылдығының бірінші жартысынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпаларының антропологиялық тұрпаты өзгереді де, моңғол тұрпаттылар пайда бола бастайды.
Ғұндардың шаруашылығы. Ғұндардың өмір-тіршілігінде мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарған. Жылқы болмаса, көшпелі мал шаруашылығының өзі өмір сүре алмас еді, әскери жортауыл-жорықтарда ат әскердің өзін ғана алып жүрмей, оларды аспен де қамтамасыз етіп отырған. Ғұндардың аттарының көпшілігінің шоқтығы аласа, жатаған, дене бітімі тығызда дөрекілеу, басы үлкен болып келеді. Олар жүріске төзімді, жарлауыт тау қыраттарына емін-еркін шығып, өзен-сулардан қиналмаай өте беретін болған. «Тау жоталарына шығып, олардан түсерде, тау өзендерінен көктей өтіп, олардан шығарда Кіндік патшалықтың аттары сюннулар аттарына ілесе алмай қалады»-деп жазған қытай бекзаты Час Ко.
Ғұндардың қойы да көшпелілердің күллі қажетіне жараған.
Ғұндар шаруашылығының жүйесін алғашқы қауымдық немесе экстенсивті мал шарашылығы деп атауға болады. Оларда отырықшылық пен егіншілік те болған. Деректерде «терістік жерлерінде ызғар ерте түседі, бірақ тары себу қанша қолайсыз болғанымен, ғұн жеріндегілер оны сеуіп отырады»-деп хабарлайды.
Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Бұл жөнінде деректерде: «Балалардың қойға мініп, садақ тартып, құстар мен тышқандаарды атуына болады; біраз өскеннен кейін олар түлкі мен қоянды атып алып, олардың етімен ауқаттанады. Олардың әдет-ғұрыптары бойынша тыныш кездері малын жайып келе жатып, жолай аң мен құстары атып тіршілік қажетіне жаратады»-деп жазады.
Кәсібі мен саудасы. Ғұндардың арасында қолөнер кәсібінің өркен жайғаны металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан жасалған бұйымдардың көп табылатыны белгілі.
Қабырғаларда кездесетін қолдан немесе шеңберінде жасалған керамика, құмыралар мен көзелер, саптыаяқтар-құмырашы өнерінің жоғары дәрежеде өркендегенінің дәлелі. Қазба жұмыстары кезнде ғұндар қабырларынан жергілікті өндіріс заттарымен бірге, шетелдік заттар да кездескен. Олардың бір бөлегі:жібек маталары, қытайдың ағаштан, лактеп жаасалған қымбат мүліктері, айналар мен нефриттен бұйымдар сауда-саттық арқылы келген.
Ғұндардың қоғамы. Ғұндар қоғамындадаа патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Деректердегі мәліметтерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген, олардың басында ұрпақ ұлықтары (ағамандар) тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Деректер: «Ғұндардың жыл сайын үш рет Лунциде бас қосатын әдеті бар еді, онда жылдың бірінші, бесінші және тоғызынша айында «сюй» деп аталатын күні тәңірі рухына құрбандық шалған… осындай жиналыстарда ұрпақ ұлықтары мемлекет істері жөнінде кең отырып кеңескен, ат жарыс пен түйе бәйгелерін қызықта көңілдерін көтерген»-деп хабарлайды. Алайда рулық құрылым шеңберінде жаңа қоғамдық қатынас белгілері пісіп, жетіліп келе жатады. Бұл процестің негізінде өндріс пен өндірістік қатынастың өркендеуі жатқан болатын.Оның бір себебі айырбас пен сауданың дамығаны-тұғын. Қазбалардан табылған алтыннан жасалған бұйымдар, шетелдік қымбат тауарлары қоғам басындағылардың тұтыну қажетінің өскендігін көрсетеді. Деректер ғұндаардың арасындаа малға жеке-отбасының және жекебас меншігінің болғанын білдіреді. Малға деген жеккеменшікпен бірге, деректер жер-суға да жеке бас меншгі болғандығын мегзейді. «Сол сияқты әркімнің де бөлініп берілген тоқымдай жері болады»,-делінген деректе, кейбір зерттеушілердің ойынша, сол жер «сөзсіз жеке шаруашылыққа жатады».
Ғұндардың қарауында әскери тұтқындар қатарынан құрылған құлдары және қоластындағы облыстар халқы болған. Олар үй ішінің дәйекшілері ретінде, бақташы, кәсіпқой және егінші ретінде пайдалаанылған.
Жазба деректер сол сияқты ғұндар қоғамындағы өкметтің тұрпаты туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған, ол шексіз билеуші болған, оған іле-шала жалпы аты түменбасы деп аталатын бекзаттар жүреді. Жазба деректер куәлігіне қарасақ, оларда шаньюйдң ұлдары, аға-інілері немесе жақын ағайын-туыстары болған. Түменбасылар саны небәрі 24 екен, оларда әрқайсысының меншігінде көшіп-қонатын жер-сулары болған. Деректерде қара халықтарды қанау құралы ретінде, алым-салықтың да болғаны жөнінде мәліметтер бар.
Ғұндар арасында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, қанаудың бір түрі ретінде алым-салықты енгізу, жазу-сызудың таралуы сияқты құбылыстар өзімен бірге жаңа кезеңге –татық қоғам мен мемлекетке өту кезеңін ала келеді.
Үйсіндер туралы деректер. Қоныс тепкен жері.
Үйсіндер ежелден келе жатқан түркі тайпаларының бірі. Қазақ халқының қалыптасуынан негіз болған тайпалар қатарына жатады. Қытай жазбаларында «усун» атаулы б.з.д. II ғ. бастап кездеседі.
Ғұндардын күшеюінен қорыққан Хань әулетінің билеушісі У.Ди өзіне одақтас іздеп Батыс елдеріне Чжан Цзань бастаған елшілік жіберді. Ол үйсіндер туралы толық мәлімет жинауға және олармен тату көршілік қатынас орнатып қайту үшін келді. Б.з.д. 138-126 жж.б.з.д. 115жж. екі рет үйсіндерге келген бұл елшілік олардың жерімен ететін «Ұлы Жібек» жолындағы керуендердің де қауіпсіз болуын көздеді.
Чжан Цзань жинаған деректерде үйсіндердің адам саны 630 мың, тұрақты әскері, 30 мың атты жауынгер. Соғыс болған кезде 180 мыңдай жауынгер шығара алады делінген. Қытай дерегі үйсіндердің көзі көздесе, археологиялық деректер олардың европоидтық нәсілге жататындығын дәлелдеп отыр. Іле өзенінің бойында қазылған обалардан табылған 50 адамның бас сүйегінің 44-інде европоңдтық, ал 6-да монголоидтық белгілер бар.
Мекендер мен қоныстар. Ең алғаш үйсіндердің қай жерді мекендегендігі туралы деректер Қытайдың «Тарихнама» (Шицзи), «Хань хандығы кітабы» (Ханьчжу) секілді кітаптарында кездеседі. «Хань хандығы кітабында» үйсіндердің байырғы мекені Дунхуан, Цилянь-Шань өңірі, яғни қазіргі Гань судың оңтүстік — батысы делінеді. Үйсіндер б.з.д. 160 жыл өздерінен бұрынырақ Іле өңіріне келіп қоныстанған музейлерді бағындырғаннан кейін осында қоныс аударады.
Үйсіндердің территориясы батысында Шу, Талас өзендері, шығысында Тянь-Шань тауларының шығыс алқаптарына дейінгі, ал солтүстігі Балқаш көлінен, ал оңтүстігі Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына дейінгі аралықта созылып жатты. Үйсіндер шығысында ғұндармен, оңтүстігінде Шығыс Түркістанның отырықшы халқымен, оңтүстік-батысында Ферғанамен, батысында қаңлылармен көршілес болды.
Қытай ғалымы Су Бэйхай мен қазақ ғалымы Ә.Төлеубаевтың зерттеулеріне қарағанда үйсін мәдениеті Шығыс Қазақстанның Тарбағатай тауының баурайларына да тараған. Үйсіндердің қыстаулары мен жайлаулары Жетісу таулары мен олардың аласа беткейлерінде, Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында болған. Өзен атыраптарында егін шаруашылығы өркендеген.
Үйсіндердің билеушісі гуньмо (күнби немесе күндей биік әмірші) деп аталды. Үйсіндер мемлекетінде үштік жүйе болғанға ұқсайды. Олар үшке: шығыс, батыс, орталық бөліктерге бөлінген. Мемлекеттің астанасы Қызыл Аңғар (Чигу) қаласы болған. Ол бекіністі қала қазіргі Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауына салынған.
Археологиялық ескерткіштері. Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері Жетісу жерінде көп тараған. Негізінен сақобаларының маңайына орналасқан. Көлемі жағынан да, биіктігі жағынан да сақ обаларынан әлдеқайда кіші.
Обалардың көпшілігі диаметрі 6-20 метр, ал биіктігі жарты -1 метр үйінді болып келеді. Үйінді деп отырғанымыз тас пен топырақ аралас төмпешік. Кейде үйіндінің етегі немесе төбесіне жақын тұсы айнала кішігірім қазандай тастармен көмкеріліп қойылады. Ал үлкен обалардың диаметрі 50-80 метр, биіктігі 8-12 метр болатыны да кездеседі. Бірақ олардың көбісі тоналған. Үйсіндердің обаларын археологтар салынған уақытына қарай 3 топқа бөледі.
- Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлардағы ертедегі қорымдар (Қапшағай, Өтеген, Қызылауыз, Қызылеспе, Қызыл қайнар). Олардың ерекшелігі — қорымдар солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеліп салынған. Әр тізбекте бес, алты оба бар.
- Б.з.д. I ғ. — б.з. I ғасырындағы орта кезеңдегі қорғандар (Тайғақ, Талғар, Алтынемел, Ақтас) жүйесіз, үш обадан тізбектеліп салынған.
- Б.з. ІІ-ІІІ ғасырлардағы кейінгі кезеңдегі қорғандардың ерекшелігі-түгелдей «тізбексіз» қалай болса солай жүйесіз салынған. Қабірлер лақатталып қазылған. (Шолақ жиде, Үңгірқора, Қалқан).
Жетісу үйсіндері мәйітті шалқасынан жатқызып, басын батысқа қаратып қойған. Үйсіндердің қоныстары Шу алқабындағы бүгінгі Құлан ауылы маңында болған. Үйлерінің қабырғалары шикі кірпіштен соғылып, едендері балшықпен сыланған. Үй ортасында ас пісіретін ошағы бар. Бұл жерді мекендеген үйсіндер мал шаруашылығымен де, егін егумен де айналысқан. Мұны осы қоныстардан табылған үлкен қыш ыдыстардың сынықтары, дәнүккіш тастар мен кетпендер дәлелдейді.
Үйсіндердің қоныстары барлық жерде бірдей емес. Ақтас қонысының (Алматы облысында) ерекшелігі — археологтар тапқан бес тұрғын үй мен қора-жайдың қабырғаларының тастан қалануы. Қыстақ қасында егістік жер болған. Ол өзеннен тартылған арықпен суарылған.
Қаңлы туралы мәліметтер.
Қаңлы туралы мәліметтер б.з.д. ІІ ғасырда қытай деректерінде жазылған. Б.з.д. ІІ ғасырда «халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталатын оқиға нәтижесінде Орталық Азияда Бірнеше жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Соның бірі – Қаңлы мемлекеті.
Қазақстанның оңтүстігінде қаңлылардың тайпалық бірлестігі құрылды (б.з.д. ІІІғ. Немесе ІІ ғасыр соңы). Халқы – 600 мың, 120 мың үй. Билеушінің титулы – Хан. Бүкіл елді басқару ісін ханның 3 уәзірі атқарған.
Жазба деректерге қарағанда қаңлы елі 5 бөлікке бөлінген. Әр бөліктің кіші хандары болған, олар ұлы ханға бағынышты болды. Лауазымдық қызмет мұрагерлік жолмен берілді.
Соғыс тұтқындары құлға айналдырылды. Құл еңбегі ұсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеу, кейде қолөнер кәсібі және егін егуде қолданылды.3
Қаңлылар туралы мәліметтер Қытайдың «Шицзы», «Цянь Ханьшу» атты тарихи хроникалары мен деректерінде бар. Сол деректерге сүйеніп, Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасының қайда екенін, бас илігінің қай жерлер екенін, басқада маңызды мәселелерді анықтап, жобалауға болады.4
Қаңлы, Қытайша Канцзюй жазба деректерде б.з.д. ІІ ғ. айтылады. Қытай императоры Уди Батыс елдеріне Чжан Цянді бас етіп сауда елшілігін жібереді. 13 жылдан кейін талай қиыншылықтан өтіп, Чжан Цянь қайта оралады. Ол бастырған жазбаларда бұрын Қытайға беймәлім болып келген мемлекеттерге сипаттама беріледі. Солардың арасында Қаңлы мемлекеті де аталады, оның билеушісінің ордасында Чжан Цянның өзі болған екен.
Қытай елшісінің мәліметіне қарағанда, Қаңлы Дауанның (Фергана) солтүстік батысында 200 ме жерде. Осынау әдеп – ғұрпы жағынан юечжисылармен өте ұқсас, 90 мың әскері бар, бірақ өзі әлсіз болғандықтан, түскейінде юечжисылардың, батысында хұндардың өкіметін мойындайды. Яньцай Қаңлының айнымайды. 100 мыңнан асатын әскері жайпақ жағалы үлкен көл жағасында жатады екен. Солтүстік теңізі дейтіні соның өзі. Батыс өлке туралы хикаятта және Хань үлкен үйінің тарихында қаңлылар жайлы көбірек айтылады. Мәселен, қаңлы билеушісінің мекенжайы Люяни еліндегі Битян шаһарында, Билеушінің жазғы мекенжайы Люяниден жеті күндік жерде. Оның халқы 120 мың адам – деп жазады. Осынау деректен қаңлы сыртқы саясатының кейбір жәйттары белгілі болды, сонда ол б.з.д. 46-36 жылдары Чжичи бастаған ғұндарды қолдайды, кейін үйсін және қытайға бірігіп, оларға қарсы шығады. 85ж. қаңлылар Қашқардағы қытай уәлиі Бань Чаоға қарсы көтерілген ферганалықтарды жақтайды. Сол сияқты Қаңды менмен және қияңқы келеді, үлкендерге сәлем беріп, тәжім етуге қырсығып шиікпейді. Оған уәлилер жіберген шенеуніктерді үйсін елшілерінен төменге отырғызады. Билері мен ағамандарына ауқатты алдымен береді, уәли жіберген кісіге содан кейін ғана қояды – деп хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қаңлылардың ескерткіштері археологиялық тұрғыда едәуір зерттелген. Оңтүстік Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметті, Семен Ремезовтың «Сібірдің сызба кітабы» (1701) және оған қосымша ретінде 1737 ж. Ресей ғылым академиясы шығарған атлас береді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сырдарияның төменгі ағысынан Жетісуға дейінгі аралықтағы (А.К. Гейнс 1866, П. Лерх 1867ж.) және Арыс өзенінің орта ағысындағы Мамаев елді мекенінің маңындағы (Н.П. Остроумов 1893ж.) археологиялық ескерткіштерді зерттеу басталады. Осы кезеңде Түркістанның археологиямен әуестенушілер үйірмесінің мүшелері, арехологиялық қазба жұмыстарын бастады (1895 ж. бастап). Қазба жұмыстары Сауранның, Иассының, Қарнақтың, Испиджабтың (Сайрамның), Жаңакенттің, Женттің, Шардараның, Сүткенттің және Байырқұмның қирап қалған жұрттарында, Арыс өзенінің аңғарларында, Бадам өзенінің жағалауында жүргізілді. ХХ ғасырдың басында А.О. Руднев, көне қалалар мен елді мекендердің (Оксус, Ұзын-ата, Сүткент және басқалар) 11 қираған жұртын тіркеттіріп, зерттеген. Көне Отырардың қираған жұртында Қ.А. Кларе мен А. Черкасов қазба жұмыстарын жүргізген. Боралдай шатқалындағы петроглифтерді П.А. Комаров байқап, тапқан. Археологиялық зерттеулерді Н. Лыкошин мен И.А. Кастанье жасаған. Қазан төңкерісінен кейін 1925ж. М.Е. Массон Сайрам мен Түркістанда болған А.Н. Бернштамның басшылығымен кең көлемдегі қазба жұмыстарын, 1946-1951 жылдар кезеңінен бастап Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген. Осы қазба жұмыстарының нәтижесінде «Оңтүстік Қазақстанның этногенезі мен көне тарихының мәселелері», «Ежелгі Отырар» және басқа еңбектер сериясы жарық көрді. Осы экспедицияға қатысушы археологтар Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевич, өлкенің негізгі археологиялық мәселелері бойынша жинақталған кең көлемдегі археологиялық материалды бір жүйеге келтіріп: «Оңтүстік Қазақстанның қалалары мен отырықшы қоныстарының тарихынан» дейтін жалпылама еңбекті шығарды. Археологиялық мағлұматтар мәліметтері бойынша олар, керамиканы хронология бойынша сыныптаудың 6 кезеңін бөліп көрсеткен: сақтық (б.д.д. ҮІІ-ІҮғ.ғ.), ерте кангюйлік (б.д.д. III-б.д. І ғ.ғ.), соңғы кангюйлік (І-ІYғ.ғ.) кенгерестік (Ү-ҮІІІ ғ.ғ.), қарлықтық (ҮІІІ-ХІІ ғ.ғ.), шығыс қыпшақтық (ХІІІ-ХҮ ғ.ғ.). ХХ ғ. алпысыншы жылдарының басында Ақтөбе 2 қонысы, Жаушы құм төбе қалашығы, Ақтөбе, Жаушықұм, Жаман-тоғай, Төребай-Тұмсық қорған зираттары кешенді түрде зерттеліп, Шардараның көнеліктері кітабы шығарылды. Алпысыншы жылдардың ортасынан бастап Н.П. Подушкин басшы болған Шымкент пединститутының археологиялық тобы, Арыс өзенінің жоғарғы, орта ағыстарының алабын және Қаратау – Қаржантау тауларының өңірін зерттеді. Осы зерттеулердің нәтижесінде Ш. Уалиханов атындағы ТАЭИ-ның жарық көрген мақалалар сериясынан басқа «Арыс өзені аңғарының І-ҮІІІ ғ.ғ ерте отырықшы қоныстары» дейтін тақырыпқа диссертация жазылды. 1969 ж. бастап өлкеде Қ. Ақышевтің басшылық етуімен ОҚӘ археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, зерттеудің алғашқы жылдарының қорытындысы ретінде «Көне Отырар» еңбегі пайда болады.
Жоспар
І) Кіріспе:
ІІ) Негізгі бөлім
1) Ғұндар. Ғұндардың шаруашылығы
2) Кәсібі мен саудасы
3) Ғұндардың қоғамы
4) Үйсіндер туралы деректер
5) Қоныс тепкен жері
6) Қаңлы туралы мәліметтер.
ІІІ) Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан тарих очергі 52-53-54 беттер