АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2009 ж.

 

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

 

Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері

Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі — Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Бұл адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірдегі қоршаған ортамен таныстыру арқылы қалыптасады. Қоршаған орта жеткіншектерді адамдармен, туған жерімен байланыстырып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді. Бұл ықпалдың түпкі тамыры — өз халқының тілінде.

Қазақстан Республикасында тұратын әрбір ұлттар мен ұлыстардың тілдік қызмет саласына ешбір кедергі қойылмайды. Сондықтан да кез келген халықтың ана тілі рухани мәдениетінің өзіне тән ұлттың ерекшелігінің көрсеткіші болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қазақ тіліне үйрету маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі:

  • адамдардың рухани өмірінің үйлесімді болуы барлық халықтың қазақ халқының мәдени құндылығына қолжеткізуі үшін мүмкіншіліктерді кеңейтеді;
  • білім мен мәдениеттің одан әрі көтерілуін қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың жақындасуының жан-жақтыдамуына, Қазақстан халқының тарихи қауымдастық ретінде ынтымақтастығының нығаюына мүмкіндік туғызады.

Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды.

Қазақ тілі — әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім-тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде. Қазақ тілін (кез келген басқа да тілді) сөздерді, сөйлемдерді, диалог, монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек.

Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.

Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.Ал бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ..

Ойын дегеніміз не? Ойын — қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру.

Заман талабы екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, сол сияқты балабақшаларда қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттері қойылады: Қазақ тілі сабақтарында көздейтін-мақсат балаларға жалаң сөз жаттау емес әрбір сабақта үйренген сөздерді ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрамын дұрыс қолдана білуге үйрету.

Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс. Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.

 

Қазақ тілін оқытудағы рөлдік ойындардың орны

Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор.Ойын — балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де,бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп,сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы болады.

 

Рөлдік ойындардың негізгі талаптары

  1. Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн.Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады.
  2. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.
  3. Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады.
  4. Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.

 

Рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай?

Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.

  1. Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.
  2. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.
  3. Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын.
  4. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап,жұмысына жәрдем беруіне болады.
  5. Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.
  6. Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек.

Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі қазақ тілін өзі қаншалықты біледі, соғаң орай өздеріде рөлді тез тандайдьі. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде ттәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Өйткені, баланың ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет.

Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына жазып алған жөн. Артынан балалармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда тәрбиеші ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындарда осындай кемшілікгерге жол бермейді,есте сақтайды.

 

Драматизацияланған ойындар

Қазақ тілі сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді.Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнайды.

Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы: драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:

а) шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою;
б) мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап,сахнаға қою.

Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.

  1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.
  2. Балаларды сөйлеуге үйрету.
  3. Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.

Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай жағдайда баланың қызығушылығы төмендейді.Қандайда болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген жөн.

Осы ұсынылып отырған ойын түрлері қазақ тілін меңгеруде балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, оқу-тәрбие үрдісін іске асыратын ұтымды бір жолы. Сонымен қатар ойын балалардың еркін, өзін ұстауға байланысты этика дағдыларын, сондай-ақ балаларды еңбекке, ұжымдық қызметке дайындайды.

Сіз қандай ата-анасыз?

  1. Кез келген өзіңіздің бар ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?
  2. Балаңыздың жасын ескермей онымен ақылдаса аласыз ба?
  3. Балаңызбен қарым — қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
  4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
  5. Өзіңізді балаңыз жасаған ісі ашу шақыртқан кездің өзінде ұстай және игере аласыз ба?
  6. Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
  7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
  8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айта аласыз ба?
  9. Балаңыз уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?
  10. Баланың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
  11. Балаға өзіңіз қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамайтындай бір күн еркіндік бересіз бе?
  12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
  13. Баланың көз жасына еркелеген дөрекі мінезіне уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

  1. Әрқашан жасаймын, келісемін — 3 ұпай
  2. Кейде ғана келісемін — 2 ұпай
  3. Келіспеймін — 1 ұпай

Сауалнаманы бағалау өлшемдері:

0-16
Бала тәрбиесі сіз үшін үлкен мәселе. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30
Сіз үшін балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ тәжірибеде бір қалыпты ретпен, бір қалыптағы мақсатпен қолдануды әрқашан жасайсыз. Кейде қатал, кейде мүлде жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39
Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

 

Баланың мектепке дайындалуына қалай көмектесу керек?

Әр ата — ана баласының темпераментін білу керек.

Бұл баланы оқытуда негізгі кілті болуы мүмкін.Егер бала флегматик болса, балаға барлығын көрсетіп, қайталатып отыру керек.

Егер бала холерик болса, ата — аналар әрқашан жаңа тапсырмалар беріп отыруы керек. Егер тапсырмаларды бермей, жаңартып отырмаса баланың білімге деген құштарлығы сөніп , бала босап кетуі мүмкін.

Егер бала меланхолик болса, ол бәрін баяу және жете орындайды.Ата — ананың міндеті: уақытында баланы қолдап, мадақтап отыру.

Сангвиник — балалар алаңғасар болып келеді.Бұндай балаға ата — анасы оның зейінін әр бөліктерге әрқашан аудартып отыру керек.

 

Тест тапсырушы баланың ата — анасына кеңес

Бірінші. Күйгелектенбеу. Ата — ананың кернеулік жағдайы балаға ауысуы мүмкін.

Екінші. Ата — ананың бағдары көп кедергі келтіруі мүмкін.Бала анасының айтқан жауабынан аса алмай, өз жауабын ұмытып қалуы мүмкін.

Үшінші. Баладан жоғары нәтиже көрсетуін талап етпеу керек.

 

Кеңес

Баламен тест алдында мектепке бару, мектепті аралау, мұғалімдермен таныстыру. Бұл баланың тест беру барысында өзіне -өзі сеніп , жайлы сезінуіне көмектеседі.

Кейбір ата — аналар өз балаларын данышпан деп бағалайды, кейбіреуі балаларының жетістіктеріне көп көңіл бөле қоймайды.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Сіздің балаңыз ерте оқып үйренді, алты жасқа дейін: өздігінен — 7 ұпай, біреудің көмегімен 5-ұпай.
  2. Тез және көп оқиды — 2 ұпай.
  3. Өздігінен немесе біреудің көмегімен сөздік, энциклопедия оқуға қызыға бастады — 2 — ұпай
  4. Тез оқып үйренді ме? Бірақ оқу барысында қиындықтар туындайды — 1- ұпай
  5. Есікті жауып алып оқи ма? Оның достары өзінен жасы үлкен — 2 ұпай
  6. Ересектермен еркін сөйлеседі — 2 ұпай
  7. Көптеген тақырыптарда сұрақтар қоя ма? Сұрақтарға жауаптары әрқашан дайын ба? Күтпеген сұрақтар — 1 ұпай
  8. Кейде алаңғасар бола ма? Бірақ, қорытынды жасай алады ( мысалы, өзінің көрген киносы бойынша ) — 2 ұпай
  9. Қоршаған ортаға байланысты әңгімені жалғастырып әңгімелесуге тез араласады және өз бағасын бере алады — 1 ұпай
  10. Әділетсіздіктер өзіне қатысты болмаса да, әділетсіздіктерді тез сезінеді — 2 ұпай
  11. Әзілді түсінеді және әзілдесе алады -2 ұпай
  12. Сөздік қоры мол , сұхбаттасу барысында қолдана алады — 2ұпай
  13. Интеллектуалды қиын ойындарды ойнағанды жақсы көреді — 2 ұпай
  14. Музыканы қабылдауы жақсы дамыған — 2 ұпай

Жиналған ұпай санын қосып санаңыз 10-12 ұпай — Бойында жақсы қабілеттер бар және оқуға деген ынтасы жоғары. Ол сізден оқытуды сауатты, толық ұйымдастыруыңызды талап етеді.

 

Құрметті ата-аналар!

Ата-аналар,балалар және мұғалімдермен тығыз ынтымақтастық байланыста болу үшін төмендегі сұрақтарға жауап берулеріңізді өтінеміз.

  1. Балабақшадан нені күтесіз?
  2. Балабақшада не көңіліңізден шықпайды?
  3. Балаңыздың мінезіне тән қандай ерекшеліктер бар?
  4. Тәрбиешілер тарапы жағынан қандай ерекше жеке көңіл бөлуді талап етеді?
  5. Балаңыздың бойында қандай қабілеттер бар?
  6. Оның жасында ата-аналарының бойында қандай қабілеттер болды? Одан әрі қалай ақталды?
  7. Сіз баланыздың қандай пәнге бейімділігін байқадыңыз?
  8. Қай пән бойынша қиналады?
  9. Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды ұнатады?
  10. Психологтың көмегі керек пе? Қандай сұрақтар бойынша қажет?
  11. Жақсы білім деп нені есептейсіз?
  12. Мектепке, сыныпқа қандай көмек көрсетер едіңіз?
  13. Басқару саласындағы қызығушылыққа қайсысының рөлі басым а) ананың, б) әкенің?